Копоративтик этика

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 20:10, реферат

Описание работы

Бизнес қауымдастықтың, серіктестердің, мемлекеттік билік өкілдерінің және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ табысы мен оның дамуы соларға байланысты болатындардың сенімін және құрметін қамтамасыз ететін корпоративтік құндылықтар мен стандарттар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жемісті қызметінің негізі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Копоративтік этика кодексі.docx

— 96.13 Кб (Скачать)

Копоративтік этика кодексі 

  • шрифт:
  • Аа
  • Аа
  • Аа

Компания қызметінің барлық саласы корпоративтік құжаттармен регламенттелген

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар  кеңесінің  
2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді  
№ 9/2010 хаттама  
(хаттамаға № 2 қосымша)

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ ІСКЕРЛІК ЭТИКА КОДЕКСІ

Басшылықтың үндеуі

Құрметті әріптестер,

Бизнес қауымдастықтың, серіктестердің, мемлекеттік билік  өкілдерінің және «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ табысы мен оның дамуы соларға  байланысты болатындардың сенімін  және құрметін қамтамасыз ететін корпоративтік  құндылықтар мен стандарттар  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жемісті қызметінің негізі болып табылады. Олар «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ қызметкерлерінің мақтаныш сезімін  және өз жұмысында одан да жақсы  нәтижелерге жетуге ұмтылысты тудырады.

Корпоративтік басқару  және ашықтық қағидаттарын ұстану «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ-тың мұнай-газ саласында  мемлекеттік саясатты іске асыруға  анағұрлым белсенді қатысуына ықпал  етеді.

Осы мақсаттарға  қол жеткізу үшін «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ корпоративтік мәдениетке аса  зор көңіл бөледі, оның маңызды  құралы осы Іскерлік этика кодексі  болып табылады, өйткені алға қойылған міндеттер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлық қызметкерлерінің:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ миссиясын, оған қол жеткізу қағидаттарын білуін және оны ұстануын;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік мәдениет нормаларын ұстануын, корпоративтік беделдің маңыздылығын түсінуін;
  • өз әрекеттерінің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың миссиясына, сондай-ақ корпоративтік басқару мен іскерлік этикасының қабылданған қағидаттарына сәйкестігінің маңыздылығын түсінуін талап етеді.

Осы Кодекс атқарып  отырған лауазымына қарамастан «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ-тың барлық қызметкерлері үшін басшылық болып табылады және әрбір  қызметкер Кодексті назар салып  зерделеп, оның талаптарына сәйкес болуға ұмтылуы қажет деп есептеледі.

Кодексті ұстану оң корпоративтік мәдениеттің қалыптасуына және дамуына, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ беделі мен абыройының нығаюына ықпал етеді  және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ болашақта  табысты дамуының кепілі болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Іскерлік этика кодексін ұсынамыз, онда біздің жұмысымыз негізделетін құндылықтар мен этикалық қағидаттар бекітілген, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та әрекет етудің бірыңғай стандарттары анықталған.

Корпоративтік этика  қызметкерлерді бірыңғай әлеуметтік ағзаға біріктіретін негізгі элемент болып  табылады. Қызметтің құлықтылық бағдарын анық түсіну барлық бөлімшелердің реттелген  жұмысы үшін қажет. Жоғары этикалық стандарттарды  ұстану ұжымдағы және сыртқы серіктестермен, қоғаммен және мемлекетпен қарым-қатынастағы  сенімді сақтауға және нығайтуға  көмегін тигізетін болады.

Іскерлік этика  кодексінің нормаларын сақтау «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ-тың бүгінгі күнгі беделін  нығайтуда маңызды қадам болып  табылады және оның болашақта тұрақты  дамуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің  ортақ мақсаттарға жетуіне көмегін  тигізеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ табысы әрбір қызметкерге байланысты. Міне, сондықтан да Іскерлік этика кодексін дәл ұстану «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері  үшін ең жоғары басымдық болуы тиіс.

Директорлар кеңесінің  төрағасы  
Тимур Асқарұлы Құлыбаев

Басқарма төрағасы  
Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин

Кодекстің миссиясы

Іскерлік этика кодексі  ҚМГ-нің барлық мүдделі тұлғалармен  өзара іс-қимыл жасауының этикалық жағын, корпоративтік қарым-қатынастардың  этикалық нормаларын, сондай-ақ этикалық нормалардың ҚМГ және оның қызметкерлерінің күнделікті қызметіне әсер ету тетігін  реттейтін құжат болып табылады.

Кодекстің мақсаты

Іскерлік этика кодексі  ҚМГ корпоративтік басқару тетіктерінің тиімділігін арттыруға және оның мүдделі тұлғалармен табысты  өзара іс-қимыл жасауына ықпалын  тигізуге арналған.

Кіріспе

1. Осы Кодекс Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасының, ҚМГ Жарғысының және өзге де  ішкі құжаттарының, соның ішінде  іскерлік мінез-құлықтың және  корпоративтік басқарудың танылған әлемдік стандарттарын ескеріп Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес әзірленді және іскерлік этиканың негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаттарын, іскерлік өзара қарым-қатынастардың этикалық нормаларын белгілейді.

2. Осы Кодекстің мақсаттары:

  1. ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өз қызметінде стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да басшылыққа алатын негізгі құндылықтарды, қағидаттарды, іскерлік этика және мінез-құлық ережелері мен нормаларын бекіту;
  2. жоғары этикалық стандарттарға негізделген бірыңғай корпоративтік мәдениетті дамыту, ұжымда сенім, өзара құрмет және әдептілік атмосферасын қолдау;
  3. атқарып отырған лауазымына қарамастан ҚМГ-де барлық Қызметкерлер қабылдаған іскерлік этика нормаларын біркелкі түсіну және орындау;
  4. іскерлік қауымдастық тарапынан ҚМГ-ге деген сенімді арттыру және сақтап қалу, нарықтың ашық және әділ қатысушысының беделін нығайту;
  5. Мүдделі тұлғалармен өзара тиімді іс-қимыл жасауға ықпал ету болып табылады.

3. Кодекс өзге де ішкі  құжаттармен бірге қолданылады  және Лауазымды тұлғалар мен  Қызметкерлердің іскерлік этика  және іскерлік мінез-құлық нормалары  мен қағидаттарын қолдану бөлігіндегі  қызметін сипаттайды.

4. Көрсетілген нормалар  мен қағидаттар тізбесі жеткілікті  болып табылмайды және белгілі  бір алғышарттар немесе жағдайлар  туындағанда нақтылануы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

5. Кодекс ережелері атқарып  отырған лауазымына қарамастан  ҚМГ Лауазымды тұлғаларына және  барлық Қызметкерлеріне тарайды;

6. Кодексте мынадай анықтамалар  мен қысқартулар пайдаланылады:

  1. ҚМГ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
  2. Іскерлік этикасы – бұл ҚМГ, оның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын этикалық қағидаттар мен іскерлік қарым-қатынас нормаларының жиынтығы;
  3. Лауазымды тұлға – ҚМГ Басқармасының және Директорлар кеңесінің мүшесі;
  4. Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚМГ жоғары органы;
  5. Мүдделі тұлға – ҚМГ-мен құқықтық қарым-қатынасқа түсетін жеке және заңды тұлғалар;
  6. Кодекс – осы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі;
  7. Мүдделер қақтығысы – ҚМГ Лауазымды тұлғасының не Қызметкерінің жеке мүдделілігі лауазымдық міндеттердің риясыз орындалуына ісер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;
  8. Корпоративтік мәдениет – бұл ҚМГ тән құндылықтар, қағидаттар, мінез-құлық және қарым-қатынас нормалары;
  9. Корпоративтік хатшы – ҚМГ Директорлар кеңесінің не Басқармасының мүшесі болып табылмайтын, ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындаған және ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп беретін, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде ҚМГ Директорлар кеңесі отырыстарының дайындалуын және өткізілуін бақылайтын, Жалғыз акционердің қарауына шығарылатын материалдардың және ҚМГ Директорлар кеңесі материалдарының қалыптастырылуын қамтамасыз ететін, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайтын ҚМГ-нің қызметкері;
  10. Қызметкер – ҚМГ-мен еңбек қарым-қатынастарында болатын және еңбек шарты бойынша жұмысын тікелей орындайтын жеке тұлға;
  11. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік – ҚМГ-нің, мемлекеттің және бизнестің өзара мүдделеріне жауап беретін, өзіне еркін түрде алған міндеттемелердің орындалуы;
  12. Омбудсмен – ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындаған, ҚМГ-де іскерлік этика қағидаттарының енгізілуіне және сақталуына ықпал ететін тұлға (қызметкерлер арасынан болуы мүмкін).

7.ҚМГ Жалғыз акционермен,  Лауазымды тұлғалармен, Қызметкерлермен,  еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, серіктестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен  өзара қарым-қатынастарда стратегиялық  маңызды шешімдер қабылдау үшін  де, ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары  мен Қызметкерлеріне кездесетін  күнделікті жағдайларда да осы  Кодекстің ережелерін қабылдайды  және ұстанады.

1-тарау. Іскерлік  этика құндылықтары және қағидаттары

8. ҚМГ-нің қызметі солардың  негізінде қалыптасатын негіз  қалаушы корпоративтік құндылықтар  мыналар болып табылады:

1) Құзыреттілік  және кәсіпқойлық

Бірінші кезекте, ҚМГ жұмыс  нәтижесі кәсіптік деңгейден алғанда  мінсіз болуы тиіс. ҚМГ-нің Лауазымды  тұлғалары, Қызметкерлері сапалы білімге, жұмыс тәжірибесіне, салмақты және жауапты шешім қабылдау қабілетіне ие болуы тиіс. ҚМГ міндеттер қойып  қана қоймай, өз қызметкерлері үшін кәсіби білімі мен дағды деңгейін арттыруға, өзінің кәсіби, шығармашылық қабілетін іске асыруға, әлеуетін дамытуға, мансап жағынан өсу перспективасына  ие болуға мүмкіндік беретін жағдай жасайды.

ҚМГ өз Қызметкерлерінде және олардың жұмысында мыналарды:

  • ҚМГ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағыттануын;
  • өз қызметіндегі кәсіпқойлығын және өзінің кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылысын;
  • лауазымдық міндеттерді орындау кезіндегі бастамашылдығын және белсенділігін;
  • тәртіптілігін және жауаптылығын;
  • қызметкерлер арасындағы өзара қолдауды, ҚМГ жас мамандарына көмек және оның ардагерлеріне құрмет көрсетілуін бағалайды.

2) Адалдық  және алаламаушылық

Адалдық және алаламаушылық  – ҚМГ қызметінің, оның іскерлік беделінің «іргетасы». ҚМГ жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қақтығысқа жол бермейді. Алдау, жасыру және жалған мәлімдеу ҚМГ Лауазымды тұлғасының, Қызметкерінің мәртебесімен үйлеспейді.

3) Жауапкершілік

Жауапкершілік – ҚМГ қызметі  сапасының кепілдігі. ҚМГ заңнама, шарттық қарым-қатынас, іскерлік айналым  салттары және моральдық-құлықтық қағидаттардың  талаптарымен белгіленген міндеттемелер  бойынша жауапты болады. ҚМГ мемлекеттің  және қоғамның алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезінеді.

4) Ашықтық

ҚМГ барынша ашық болуға және ҚМГ, қызметтер және оның жетістіктері, қызмет нәтижелері туралы сенімді ақпаратқа  ұмтылады. ҚМГ Жалғыз акционерді және серіктестерін істің мән-жайы туралы шынайы, уақтылы хабардар етуге, Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік пен есеп сапасын жақсарту негізінде ақпараттың ашықтығы мен  қол жеткізімділігін арттыруға  бағытталған. Сонымен бірге, ҚМГ  Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпияны құрайтын ақпараттың және мәліметтердің  жария етілмеуін бақылайды.

5) Адам  тұлғасын құрметтеу

ҚМГ-нің Қызметкерлері  мен серіктестері нәсіліне, тіліне, саяси және діни көзқарастарына, жыныстық, ұлттық және мәдени тиесілігене қарамастан адал және әділ қарым-қатынасқа ие болуға құқылы.

6) Отан  сүйгіштік

Мемлекет тарапынан ҚМГ  жүктелген жоғары сенім мен оның әлеуметтік жауапкершілігі отан сүйгіштік  сезімін және ұлттық экономиканың дамуы  мен мемлекет үшін барынша көп  пайданы қамтамасыз етуге ықпал  ету ниетін тудырады.

9. Өз қызметін жүзеге  асыру кезінде ҚМГ:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтайды, Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және мемлекеттік органдардың, ҚМГ қызметіне қатысты өзге де құжаттардың шешімдерін орындайды;
  2. шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, тұрғын орнына немесе кез келген өзге жағдайға қарамастан адам және азамат құқықтарының, намысы мен абыройының сақталуын және құрметтелуін қамтамасыз етеді;
  3. мемлекет нышандары – Елтаңба, Ту, Әнұранға құрметпен қарайды;
  4. ҚМГ корпоративтік нышандарына құрметпен қарайды;
  5. жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, мемлекеттік және басқа да тілдерді, барлық елдердің салттарын құрметтейді;
  6. әділ және адал әрекет етеді, пара және ұқсас теріс іскерлік дағдыны, сондай-ақ іскерлік дағдыда қабылданғандардан басқа (бұл ретте осындай сыйлықтар маңызды болмауы тиіс және жиі сыйланбауы/қабылданбауы тиіс) сыйлықтар сыйлау және алу дағдысын қабылдамайды;
  7. Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлерге қатысты әділ, құрмет білдіреді және этикалық нормаларды сақтайды;
  8. оның мүдделі тұлғалармен барлық қарым-қатынастарының өзара тиімді болуына ұмтылады;
  9. 9) қоршаған ортаға құрмет білдіреді және құнтты болады.

10. Жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы  Қоғам мен барлық мүдделі тұлғалар  арасындағы өзара құқықтардың  орындалуына негізделген. Өзара  құқықтардың сақталуы – сындарлы  жұмыстың қажетті шартты.

2-тарау. Іскерлік  этика нормалары

2.1. Лауазымды  тұлғалардың және Қызметкерлердің  өзара қарым-қатынас этикасы

11. ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары  мен Қызметкерлері кәсіби функцияларын  мүдделер қақтығысын болдырмай,  ҚМГ мен Жалғыз акционердің  мүдделерінде адал және ақылға  қонымды орындауға міндеттеме  алады.

12. ҚМГ Лауазымды тұлғалары  ҚМГ-нің стратегиялық мақсаттарына  қол жеткізу үшін Іскерлік  этиканың негіз қалаушы құндылықтары  мен қағидаттарын ескере отырып  іскерлік шешімдер қабылдайды  және олардың алдына қойылған  міндеттердің іске асырылуы үшін  Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасында және ҚМГ-нің ішкі  құқықтық құжаттарында көзделген  жауапкершілікте болады.

13. ҚМГ Лауазымды тұлғалары,  Қызметкерлері лауазымдық міндеттерін  орындау кезінде жеке қарым-қатынасты  немесе жеке пайданы емес, ҚМГ-нің  мүддесін басшылыққа алуы тиіс.

14. Әрбір Қызметкер осы  Кодексте көзделген қағидаттарды  әділ ұстануы, еңбек және ұжымдық  шарттардың, ішкі еңбек тәртібінің, лауазымдық нұсқаулықтардың және  ҚМГ өзге де ішкі нормативтік  құжаттарының талаптарын сақтауы,  сондай-ақ оларды бұзу немесе  сақтамау үшін өзінің жеке  жауапкершілігін сезінуі тиіс.

15. Жаңа Қызметкерлерді  жұмысқа қабылдау кезінде ҚМГ  Қазақстан Республикасының заңнамасын  және ҚМГ ішкі актілерінің  талаптарын басшылыққа алады,  анағұрлым жоғары біліктілікке  және өндірістік тәжірибеге ие  үміткерлерге басымдық береді  және қандай да болмасын белгілер  бойынша ешқандай кемсітушілікке  жол бермейді. Кадрларды іріктеу  және көтеру ҚМГ ішкі актілеріне  сәйкес кәсіби қабілеті, білімі  мен дағдысы негізінде ғана, жыныстық, нәсілдік, саяси, діни және басқа  да ұқсас себептер бойынша  қандай да болмасын кемсітушіліксіз  жүзеге асырылады.

16. ҚМГ өз бетімен білім  алуға және кәсіби дамуға ұмтылған  Қызметкерлерді көтермелейді және  Қызметкерлерді оқыту және кәсіби  дамыту бағдарламаларына сәйкес  барлық деңгейдегі Қызметкерлердің  біліктілігін арттыру үшін тең  және оңтайлы жағдай жасайды.

17. Сыйақы саласындағы  саясат Қызметкерлердің кәсіби  сапасы мен қабілетін, олардың  еңбек нәтижелерін және қызметтің  негізгі көрсеткіштеріне қол  жеткізуін мойындауға және ҚМГ  ішкі құжаттарына сәйкес ынталандыру  мақсаттарында әлеуметтік пакет  ұсынуға негізделеді.

18. ҚМГ-нің еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау саласындағы  саясаты өз Қызметкерлері үшін  таза және қауіпсіз еңбек жағдайларын  қамтамасыз етуді және тұрақты  жақсартуды көздейді.

19. ҚМГ Лауазымды тұлғалары  мен Қызметкерлері өздерінің  жұмысқа деген көзқарасымен және  іс-әрекетімен ұжымда тұрақты  және оң жағдайдың қалыптасуына  ықпал етуі тиіс.

20. ҚМГ-де жекелеген Лауазымды  тұлғалар мен Қызметкерлерге  міндетті түрде барлығына тең  мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының заңнамасы  және/немесе ҚМГ ішкі құжаттары  негізінен басқадай, қандай да  болмасын артықшылықтар мен жеңілдіктер  ұсынуға жол берілмейді.

21. ҚМГ Лауазымды тұлғалары  мен Қызметкерлері жоғары білікті  жұмыс жасау үшін барлық күш-жігерін  салуы, ҚМГ-нің мүлігіні құнттылықпен  қарауы, оны ұтымды және тиімді  пайдалануы тиіс.

22. ҚМГ Лауазымды тұлғадан  бастап шешім қабылдайтын кез  келген Қызметкерге дейін осы  процестің кез келген кезеңінде  мүдделер Қақтығысының туындауынан  тәуелсіз шешімдердің қабылдануы  үшін жауапты болады.

23. ҚМГ Лауазымды тұлғалары,  Қызметкерлері өздерін оларға (немесе  олармен байланысты тұлғаларға) қатысты да, басқаларға қатысты  да мүдделер Қақтығысы туындауы  мүмкін жағдайды болдырмайтын  етіп ұстауы тиіс.

24. Лауазымды тұлғалар  мен Қызметкерлер құпиялылық  нормаларын бұзбай және Жалғыз  акционер мен Директорлар кеңесінің,  сондай-ақ ҚМГ ішкі құжаттарының  шешімдерін ескере отырып, бір  біріне уақтылы шынайы ақпарат  ұсынады.

25. ҚМГ Лауазымды тұлғаларының  шешімдер қабылдауы ашықтық және  барабарлық қағидаттарына негізделуі  тиіс.

26. Лауазымды тұлғалар  ҚМГ-мен немесе өзге мәселелермен  байланысты мәмілелердегі, шарттардағы,  жобалардағы кез келген коммерциялық  немесе өзге де мүдделілік (тікелей  немесе жанама) туралы ҚМГ-нің  ішкі құжаттарында көзделген  тәртіппен дереу хабарлауы тиіс.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан  Республикасының қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен  қадағалау агенттігіне аффилиирленген тұлғалар тізбесін беру үшін жауапты  ҚМГ-нің құрылымдық бөлімшесіне  басқа ұйымдарда жұмыстың орындалуы  және/немесе лауазымның (лауазымдардың) бос болмауы туралы, тұрақты (негізгі) жұмыс (қызмет, кәсіпкерлік қызмет және т.с.с.) орнының өзгеруі туралы жазбаша  түрде уақтылы хабарлауға міндетті.

28. Лауазымды тұлғалар  шешуіне мүдделі мәселелер бойынша  тікелей басшыны немесе жоғары  басшылықты уақтылы хабардар  етуі және оларды талқылауға  және олар бойынша дауыс беруге  қатысудан бас тартуы тиіс.

29. Лауазымды тұлғалар, Қызметкерлер  олардың мәртебесіне және лауазымына  қарамастан өздерінің функционалдық  міндеттерін орындаған үшін мыналарды:

олар тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдар мен жеке тұлғалардан  ақша, қызмет немесе өзге нысандарда сыйақы алуға;

ізеттілік пен қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына  сәйкес немесе хаттамалық және өзге де ресми іс-шаралар өткізу кезінде  мезіреттік ілтипат көрсету белгілері  мен мезіреттік кәдесыйларды қоспағанда, жұмыс бойынша оларға тәуелді  тұлғалардан сыйлықтар немесе қызметтер  алуға құқығы жоқ.

30. Лауазымды тұлғалар  мен Қызметкерлерге коммерциялық, қызметтік және заңнамамен қорғалатын  өзге де құпияны, осындай ақпаратты  ұсыну туралы талап Қазақстан  Республикасының заңнамасымен белгіленген  жағдайларды қоспағанда, жариялауға, сондай-ақ ақпаратты жеке мақсаттарда  пайдалануға тыйым салынады. Бұл  ҚМГ органдары туралы ішкі  ережелермен, коммерциялық құпияның  сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі  нұсқаулықпен және ҚМГ өзге  де құжаттарымен реттеледі.

31. Лауазымды тұлғалар, Қызметкерлер  ҚМГ ішкі құжаттарында көзделген  және ҚМГ құпия ақпаратының  қауіпсіздік режимімен және жұмысымен  байланысты ережелерді, тәртіп пен  рәсімдерді сақтауы тиіс.

32. Әрбір Қызметкер әріптестері  мен серіктестеріне қатысты жыныстық, жастық, нәсілдік, саяси, діни және  басқа да ұқсас себептермен  кемсітушілікке жол бермеуі тиіс.

33. Қызметкерлердің құқықтарын  бұзуға әкелетін кез келген  жағдай Қазақстан Республикасының  заңнамасына және ҚМГ ішкі  құжаттарына сәйкес қаралуы тиіс.

34. ҚМГ Лауазымды тұлғалары,  Қызметкерлері ҚМГ басшылығының  тікелей тапсырмасынсыз немесе  тікелей берілген өкілеттіктерінсіз  ҚМГ атынан кез келген тақырапта  көпшілік алдында сөз сөйлеуге, пікір білдіруге немесе сұхбат  беруге жол бермеуі тиіс.

35. ҚМГ Лауазымды тұлғалары,  барлық деңгейдегі құрылымдық  бөлімше басшылары Кодекстің  талаптарына сәйкес келетін басқарушылық  шешімдер қабылдауы тиіс, тіпті  керек болса Кодекстің ережелерін  ұстанатындығын өз әрекетімен  көрсетуге ұмтылуы, консультациялар  мен тәлімгерлікке, ұжымның ортақ  миссиямен, құндылықтармен және  қағидаттармен біріктірілген команда  болып ұйымдасуына уақыт бөлуі  тиіс.

2.2. Жалғыз  акционермен өзара қарым-қатынас  этикасы

36. Жалғыз акционердің  мақсаты ҚМГ-нің даму стратегиясының  өзегі болып табылады, оны әзірлеу  және іске асыру үшін ҚМГ  Директорлар кеңесі мен Басқармасы  жауапты болады.

37. Басқарма, Директорлар  кеңесі және Жалғыз акционер  арасындағы өзара қарым-қатынас  жүйесі Қазақстан Республикасы  заңнамасының талаптарына, ҚМГ  Жарғысы мен ішкі құжаттарына,  сондай-ақ Корпоративтік басқару  кодексінің ережелеріне сәйкестік  қағидаттарына негізделген. ҚМГ  өзінің Жалғыз акционермен өзара  қарым-қатынастарында нақты рәсімдер  орнатады.

38. ҚМГ Басқармасы, Директорлар  кеңесі және Жалғыз акционер  арасында ақпарат алмасу тәртібі  заңнамамен, ҚМГ Жарғысымен және  ішкі құжаттарымен реттеледі.

2.3. Мемлекеттік  органдармен өзара қарым-қатынас  этикасы

39. ҚМГ мемлекеттік органдармен  өзара қарым-қатынасты Қазақстан  Республикасының заңнамасына, ҚМГ Жарғысына және ішкі құжаттарына, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес, тараптар тәуелсіздігі негізінде жүзеге асырады. Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін ҚМГ мемлекеттік органдардың шешіміне заңсыз әсер ету әрекеттеріне жол бермейді.

40. ҚМГ мемлекеттік органдар  тарапынан да, ҚМГ Лауазымды тұлғалары  мен Қызметкерлері тарапынан  да сыбайлас жемқорлықты және  басқа да заңсыз әрекеттерді  болдырмау үшін барлық күш-жігерін  салатын болады.

2.4. Еншілес  және тәуелді ұйымдармен өзара  қарым-қатынас этикасы

41. ҚМГ еншілес және  тәуелді ұйымдармен өзара қарым-қатынасты  заңнама талаптарына, ҚМГ Жарғысына  және ішкі құжаттарына, ҚМГ  еншілес және тәуелді ұйымдарының  жарғыларына, сондай-ақ Корпоративтік  басқару кодексінің ережелеріне  сәйкес жүзеге асырады.

2.5. Іскерлік  серіктестермен өзара қарым-қатынас  этикасы

42. ҚМГ іскерлік серіктестермен  өзара тиімділік, ашықтық және  шарт талаптарына сәйкес өзіне  қабылдаған міндеттемелер бойынша  толық жауапкершілік қағидаттарында  өзара әрекет етеді.

43. ҚМГ іскерлік серіктестермен  жасалған келісім шарттардың/шарттардың  талаптарын сақтайды және өздерінің  оларға қатысты міндеттемелерін  орындайды.

44. ҚМГ серіктестердің  барлық өтініштерінің, ұсыныстары  мен шағымдарының уақтылы және  толық қаралуына кепілдік береді. Келіспеушіліктер мен даулар  туындаған жағдайда келіссөздер  мен ымыраға келуге басымдық  берілетін болады.

45. ҚМГ ең аз баға, тауарлардың,  қызметтердің ең жақсы сапасы  мен жеткізу шарттарын ұсынатын  және жақсы беделге ие тауарлар  мен қызметтер жеткізушілерді  таңдауды Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

46. ҚМГ шынайы және еркін  бәсекелестікті қолдайды және  беделіне теріс әсер етіп қана  қоймай, сондай-ақ серіктестердің  ҚМГ-ге сенімін жоюы мүмкін  әділетсіз бәсекелестіктің барлық  көріністерін айыптайды. Осы орайда  ҚМГ өз серіктестерінен адал  бәсекелестікті күтеді.

47. ҚМГ өз қызметінде  іскерлік серіктестерге негізсіз  жеңілдіктер мен артықшылықтар  ұсынуға жол бермейді.

2.6. Қоғаммен  өзара қарым-қатынас этикасы

48. ҚМГ өзінің қоғам  алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін  сезінеді.

49. ҚМГ әлеуметтік маңызды  мәселелерді шешуге оң әсерін  тигізуге ұмтылады.

50. ҚМГ қоғамға қызмет  етуге ұмтылады, қызмет ету өңіріндегі  тұрғындардың білім мен оқу  деңгейін арттыруға бағытталған  бағдарламаларды және басқа әлеуметтік  бағдарламаларды қолдайды.

51. ҚМГ өзін-өзі ол жұмыс  істейтін және ол құрмет, сенім,  адалдық пен әділдік қағидаттарына  негізделген берік қарым-қатынастар  орнатуға тырысатын қоғамдық  ортаның ажырамас бөлігі ретінде  қарайды.

52. ҚМГ жаңа жұмыс орындарын  құруға және Қызметкерлердің  кәсіби біліктілігін арттыруға  ұмтылады.

53. ҚМГ қоғамдық қарым-қатынастарды  жетілдіру, өз өндірістік қызметінің  қоршаған ортаға әсерін төмендету,  ҚМГ Қызметкерлерінің денсаулығын  сақтау және еңбек қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында ұйымдармен (қоғамдық, үкіметтік емес және  басқа) сындарлы қарым-қатынастар  орнатуға ұмтылады.

54. ҚМГ беделі күмәнді  заңды және жеке тұлғалармен  ынтымақтастықтан бас тартуға  өзіне міндеттеме алады.

55. Әлеуметтік жауапкершілік  Қазақстан Республикасының заңнамасы,  ҚМГ Жарғысы және ішкі құжаттары  шеңберінде жүзеге асырылады,  сондай-ақ ҚМГ Корпоративтік әлеуметтік  жауапкершілік кодексінің ережелерімен  реттеледі.

2.7. Бұқаралық  ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынас  этикасы

56. ҚМГ ақпараттық саясаты  ҚМГ туралы ақпаратты еркін  алу және оған жеңіл қол  жеткізу мүмкіндігін жасауды  көздейді. ҚМГ корпоративтік веб-сайтында (www.kmg.kz) жалпыға қол жеткізімді режимде ҚМГ, оның қызметі, корпоративтік басқару, еншілес және тәуелді ұйымдар, сондай-ақ кадр саясаты, байланыс деректері туралы ақпарат және т.б. орналастырылған.

57. ҚМГ бұқаралық ақпарат  құралдарымен өзара іс-қимыл жасаудың  жоғары стандарттарының сақталуын  бақылайды.

58. ҚМГ қызметіне қатысты  мәліметтерді бұзаралық ақпарат  құралдарына беру құқығына ҚМГ  басшылығы құқылы.

59. Бұқаралық ақпарат құралдарына  мәлімет беретін ҚМГ қызметкерлері  олардың шынайылығы және оларда  коммерциялық құпия құрайтын  мәліметтердің, сондай-ақ құпия  сипаттағы мәліметтердің болмауы  үшін жеке жауапкершілікте болады.

60. ҚМГ қызметкерлері ҚМГ  қызметіне қатысты ақпаратты  бұқаралық ақпарат құралдарына  ҚМГ басшылығының тапсырмасы  бойынша немесе рұқсатымен және  БАҚ-пен ынтымақтастық үшін жауапты  жетекші құрылымдық бөлімшемен  келісім бойынша бере алады.

61. Әрбір Қызметкер оның  ҚМГ Қызметкері ретінде білдірген  кез келген ұстанымы немесе  таратқан ақпараты ҚМГ өзімен, оның имиджімен тікелей байланыстырылатындығын  және оның іскерлік қоғамдастықтағы  беделіне әсер ететіндігін түсінуі  және әрқашан есте сақтауы  тиіс.

3-тарау. Еңбекті  және қоршаған ортаны қорғау

62. ҚМГ қолайлы қоршаған  ортаны сақтау, табиғи ресурстарды  ұтымды пайдалану жөніндегі өзінің  қоғам алдындағы жауапкершілігін  сезінеді, сондай-ақ қоғам осы  салада ҚМГ алдында тұрған  міндеттердің күрделілігі мен  ауқымдылығын түсінеді деп сенеді.

63. ҚМГ Қазақстан Республикасы  заңнамасының талаптарын, сондай-ақ  қоршаған ортаны қорғау, денсаулық  сақтау және қауіпсіз еңбек  жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы  халықаралық стандарттар талаптарын  сақтайды.

4-тарау. ҚМГ  іскерлік мінез-құлық ережесі

4.1. Әріптестермен  қарым-қатынас

64. ҚМГ барлық Қызметкерлері  арасындағы қарым-қатынас тең  құқықты.

65. Ұжымдағы қарым-қатынас  қызметкерлердің көңіл-күйіне және  жұмыс істеу ықыласына әсерін  тигізеді, бұл көп жағдайда ҚМГ  жұмысының нәтижесін анықтайды.  Ыңғайлы жұмыс жағдайын жасай  және қолдай отырып, қызметкерлер  мынадай іскерлік этика нормалары  мен ережелерін сақтайды:

  • бір біріне құрметпен қарау;
  • жұмыс уақытында қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты емес істермен айналыспау;
  • әріптестеріне өзінің нашар көңіл-күйін көрсетпеу;
  • бейпіл сөздер айтпау, сабырсыздық пен агрессия білдірмеу;
  • өзінің дөрекі іс-әрекеті үшін әрқашан кешірім сұрау;
  • әріптестеріне көмектесу, білімімен және тәжірибесімен бөлісу;
  • әріптестері жоқ кезде олардың жеке немесе кәсіби қасиеттерін талқыламау;
  • сыпайы және әдепті болу;
  • өзгелердің пікірін назарға алу.

4.2. Басшылық  пен қызметкерлер арасындағы  қарым-қатынас

66. Басшылық пен қызметкерлер  арасында сындарлы кәсіби қарым-қатынас  құру ҚМГ күнделікті тиімді  жұмысы үшін және оның болашақ  дамуы үшін қажет.

67. Басшыларға мынадай  іскерлік этикет нормалары мен  ережелерін ұстану ұсынылады:

  • Қызметкерлерге этика және іскерлік этикет нормалары мен ережелерін жақсы меңгеру үлгісін көрсету;
  • қызметкерлерді басқа қызметкерлердің көзінше сынамау, мұны оңаша жасау;
  • қол астындағылар алдында қателіктерін мойындау және өз атына айтылған орынды сын үшін қудаламау;

68. Қызметкерлерге мынадай  іскерлік этикет нормалары мен  ережелерін ұстану ұсынылады:

  • жұмыс орнында болмау себептері туралы тікелей басшыны кідіріссіз хабардар ету;
  • басшының әдепсіз іс-әрекетіне әріптестерінің көзінше жауап қайтармау. Егер әділдігіне сенімді болса, жеке кездесу туралы өтініш жасау қажет;
  • ҚМГ басшыларын тануы және аты-жөнін білуі тиіс.

69. ҚМГ тыс еңбек қызметі  бар болса Қызметкерлер:

  • тікелей басшыны және ҚМГ адам ресурстарын басқару департаментінің басшысын жоспарланып отырған басқа ұйымдардағы өзге ақылы еңбек қызметі туралы хабардар етуге;
  • қосымша еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімдеуі;
  • - олардың негізгі еңбек міндеттеріне әсерін тигізбейтін және ҚМГ имиджі мен мүдделеріне зиян келтірмейтін басқа ұйымдардағы өзге ақылы еңбек қызметін жүзеге асыруға;
  • - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҚМГ ішкі құжаттарында көзделген коммерциялық және өзге қызметтік ақпараттың сақталу ережелерін орындауға міндетті.

4.3. Корпоративтік  мәдениет

4.3.1. Қызметкердің  сыртқы келбеті және келіссөздер  жүргізу этикасы

70. Қызметкерлерге өздерінің  қызметтік міндеттерін орындау  кезінде киім, аяқ-киім және шаш  сәнін таңдауда ҚМГ байсалды және кәсіби имиджін қолдайтын іскерлік стильді ұстану ұсынылады.

71. Қызметкерлер келіссөздер  жүргізу, соның ішінде телефонмен, мәдениетінің ережелерін ұстануы  қажет. Іскерлік келіссөздер байыпты,  сыпайы жүргізілуі тиіс.

72. Қызметкерлердің телефонмен  сөйлесе білу қабілеті жалпы  ҚМГ туралы жақсы әсер қалдыруға  септігін тигізеді. Сондай-ақ телефонмен  сөйлескен кезде бір бөлмеде  әріптестердің бар екендігін  есте сақтау қажет және олардың  жұмысына құнттылықпен қараған  әрі қатты сөйлесіп олардың  назарын аудармаған жөн.

Кеңеске қатысқан кезде ұялы телефондарды сөндіру не оларды дыбыссыз режимге қою қажет.

Корпоративтік мерекелер

73. Ұжымда мерекелік іс-шаралар  жүргізу корпоративтік мәдениетті  қалыптастырудың маңызды бөлшегі  болып табылады. Компанияның туған  күні, Жаңа жыл, Наурыз, Конституция  күні, Республика күні, Тәуелсіздік  күні, Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің  күні – дәстүрлі корпоративтік  мерекелерге жатады. Мерекелік іс-шаралар  ҚМГ ішінде және ҚМГ тыс  жүргізіледі. Компания ішінде  Қызметкерлер конференц-залға жиналады, ҚМГ басшылығының өкілдері құттықтаулармен  сөз сөйлейді, ҚМГ компаниялар  тобында қызметкерлерді наградтау  және көтермелеу тәртібі туралы  жұмыс нұсқаулығына сәйкес жұмыста  ерекше көзге түскен Қызметкерлерді  грамоталармен, сыйлықтармен марапаттайды  және т.б. ҚМГ тыс тойлаған  кезде ұжым қала сыртына, табиғат  аясына шығады, онда құрылымдық  бөлімшелер музыкалық нөмірлер, би, ұлттық ойындар дайындайды. Жекелеген  жағдайларда басшылықтың бастамасы  бойынша Қызметкерлердің отбасы  мүшелері шақырылады.

4.3.3. Қызметкерлердің  туған күндері

74. ҚМГ Қызметкерлерінің  туған күндерін тойлау еңбек  ұжымының мүшелері үшін дәстүрлі  болып табылады. Ресми түрде басшылықты  құттықтайды (құттықтау ашық хаты, гүл шоғы, ҚМГ ішкі почтасында  құттықтау). Қызметкерлердің басқа  санаттарына құрмет көрсету құрылымдық  бөлімше ішінде жүргізіледі. Қызметкерлердің  туған күндерін тойлағанда жұмыс  уақытынан басқа кезде (түскі  үзіліс) жеңіл фуршетке (алкогольсіз  сусындар, жеміс-жидек, торт, пирожное) рұқсат беріледі. Жауапты департамент  ҚМГ ішкі почтасы арқылы туған  күн иесіне ҚМГ ұжымы атынан  құттықтау жолдайды. Қызметкерлерге  сыйлықтар ұжым мүшелерінің жеке  тілектеріне байланысты ұсынылады.

5-тарау. Құпиялылық

75. ҚМГ құпия ақпараты  болып Қазақстан Республикасының  заңнамасына және ҚМГ ішкі  құжаттарына сәйкес осындайларға  жатқызылған ақпарат танылады.

76. Қызметкерлердің, соның  ішінде Лауазымды тұлғалардың  қолында бар құпия сипаттағы  кез келген мәліметтер, егер Қазақстан  Республикасының заңнамасында өзгеше  көзделмесе, құпияда сақталады.

77. ҚМГ құпия ақпаратына  қол жеткізуге рұқсаты бар  қызметкерлер осындай ақпаратқа  қол жеткізуге рұқсаты жоқ  басқа қызметкерлерге, сондай-ақ  ҚМГ тыс кез келген үшінші  тұлғаларға оны жария етпеуі тиіс. Осындай шектеулер Қызметкер жұмыстан шыққаннан кейін де ҚМГ ішкі құжаттарымен белгіленген уақыт барысында қолданылады.

78. Жұмыс күні барысында  және ол аяқталған соң Қызметкер  өз жұмыс орнынан кеткенде  жұмыс үстелінде немесе басқа  оңай қол жеткізімді жерде  құпия ақпаратты қамтитын құжаттардың  қалып қоймағандығына көз жеткізуі  тиіс. Барлық осындай құжаттар  шкафтар мен жәшіктерде құлыпталуы  тиіс, ал компьютер сөндірілуі  немесе бұғатталуы тиіс. Серіктестермен  сөйлесу кезінде компьютердің  экранындағы ақпаратты қоса алғанда  Қызметкердің жұмыс үстеліндегі  барлық құпия ақпарат сөйлесуші  көзбен шолып көретіндей қол  жеткізімді болмауы тиіс.

79. Құпия ақпарат (электрондық,  жазбаша немесе басқа түрде)  ҚМГ басшылығының тиісті тапсырмасынсыз  ҚМГ тыс шығарылмауы тиіс. Жұмыстан  шыққан кезде Қызметкер ҚМГ-ге  тиесілі, ҚМГ туралы ақпаратты  немесе көпшілікке арналмаған  ақпаратты қамтитын барлық құжаттарды, файлдарды, компьютерлік дискеталарды, есептемелер мен жазбаларды, сондай-ақ  осындай ақпаратты қамтитын құжаттардың  барлық көшірмелерін ҚМГ-де қалдыруға  міндетті.

6-тарау. Мүдделер  қақтығысы

80. ҚМГ Қызметкерлері сияқты  лауазымды тұлғалар да өздерінің  кәсіби функцияларын адал және  жете ұғынып, ҚМГ және Жалғыз  акционердің мүддесінде, қақтығыстарды  болдырмай тиісті қамқорлықпен  және сақтықпен орындайды. Осы  мақсаттарда ҚМГ тәуелсіз директорлардың  ҚМГ Директорлар кеңесі құрамындағы  тиімді жұмысының маңыздылығын  сезінеді және тиісті кәсіби  тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделі  бар және жеке этика деңгейі  жоғары үміткерлерді мұқият іріктейді.

81. Мүдделер қақтығысын  анықтау және оны барабар реттеу  Жалғыз акционер мен серіктестердің  мүдделерін қорғауды қамтамасыз  етудің маңызды шарты болып  табылады.

82. Лауазымды тұлғалар  мен ҚМГ Қызметкері және/немесе  оның аффилиирленген тұлғалары  мүдделер қақтығысын болдырмау  мақсаттарында:

  • ҚМГ корпоративтік ресурстары, ҚМГ басшылығы, Қызметкерлері, оның лауазымдық жағдайы және/немесе лауазымдық міндеттерін орындау барысында алынған ақпарат беретін мүмкіндіктерді өз мүдделеріне немесе жеке пайда табу үшін пайдаланбауы тиіс;
  • ҚМГ мен оның кез келген аффилиирленген тұлғасы арасындағы кез келген қарым-қатынастарды қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға тікелей қатыспауы тиіс;
  • мүдделер қақтығысына әкеліп соқтыруы ықтимал қандай да болмасын қызметке қатыспауы тиіс;
  • туындаған қақтығыстар қолданыстағы заңнама шеңберінде, қақтығысқа тартылған тараптардың заңды мүдделерін ескере отырып шешілуі үшін бар күш-жігерін салуға міндетті;
  • ҚМГ тікелей алатын кірістерін қоспағанда, қандай да болмасын сыйлықтар алмауы немесе кез келген басқа үшінші тұлғалардан өздерінің ҚМГ-дегі қызметімен байланысты пайда көрмеуі, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындағаны үшін көтермелеу ретінде қандай да болмасын кіріс немесе пайда алмауы тиіс. ҚМГ ізеттілік пен қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес, сондай-ақ хаттамалық және өзге де ресми іс-шаралар өткізу кезінде мезіреттік ілтипат көрсету белгілері мен мезіреттік кәдесыйларды қоспағанда, сыйлықтар қабылдауға немесе пайда көруге жол бермейді.

84. ҚМГ-де мүдделер қақтығысын  реттеу осы Кодекспен, Корпоративтік  басқару кодексімен және ҚМГ  өзге де ішкі құжаттарымен  регламенттелген.

7-тарау. Жауапкершілік

85. Осы Кодекс нормаларын  сақтау ҚМГ барлық Лауазымды  тұлғалары мен Қызметкерлері  үшін міндетті болып табылады.

Осы Кодекске сәйкес этикалық нормаларды бұзудың барлық фактілері  Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі құжаттарының нормаларына  сәйкес қаралуы тиіс.

8-тарау. Омбудсменнің  құқықтары мен міндеттері

86. Омбудсменді ҚМГ Директорлар  кеңесі жылына 1 рет тағайындайды.

Омбудсменнің негізгі  функциялары Кодекс ережелерін сақтамау туралы мәліметтер жинау, қызметкерлерге, Лауазымды тұлғаларға Кодекс ережелері  бойынша консультациялар беру, Кодекс ережелерін бұзу жөніндегі дауларды қарауға бастамашылық жасау және оларға қатысу болып табылады.

87. Омбудсмен мыналарға  құқылы:

  • келіп түскен өтініштер негізінде де, өз бастамасы бойынша да Кодекс ережелерін бұзушылықтарды анықтау жөнінде рәсімдер жүргізуге бастамашылық етуге;
  • Кодексті сақтамау мәселелері жөнінде Қызметкерлерге, Лауазымды тұлғаларға жеке жүгінуге;
  • Қызметкерлерге, Лауазымды тұлғаларға Кодекс ережелері бойынша түсінік беруге және түсіндіруге.

88. Омбудсмен мыналарға  міндетті:

  • Кодексті бұзу мәселелері жөніндегі дауларды қарау рәсімін жүргізу кезеңінде, осындай істерде қарауға бастамашылық жасау себебі бойынша оларды мәжбүрлеп жұмыстан шығару жағдайлары туындағанда Қызметкерлерді қорғауды (еңбек заңнамасымен белгіленген рәсімдер шеңберінде) қамтамасыз етуге;
  • Кодексті сақтамауға қатысты мәселелерді қарауға қатысуға;
  • Кодекс ережелерін сақтамау мәселелері бойынша Қызметкерлердің, Лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ Іскерлік серіктестер мен Мүдделі тұлғалардың өтініштерін есепке алуға;
  • ҚМГ Қызметкерлері өтініш жасаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кодекс ережелері бойынша түсіндірмелер ұсынуға;
  • Кодексті сақтамау мәселелері бойынша дауларды қарауға қатысу кезінде тәуелсіздік пен алаламаушылықты сақтауға;
  • Кодекс ережелерін бұзу фактісі бойынша жүгінген Қызметкердің, Лауазымды тұлғаның жасырын болуын (жасырын болуға ниет білдірген жағдайда) қамтамасыз етуге.

9-тарау. Іс жүзінде  пайдаланылуы

89. Осы Кодекс Лауазымды  тұлғалардың және атқарып отырған  лауазымына қарамастан барлық  Қызметкерлердің орындауы үшін  міндетті, ҚМГ ішкі нормативтік  құжаты болып табылады.

90. ҚМГ Қызметкерлердің  Кодексті ашық талқылауын қолдайды  және оны жетілдіру жөніндегі  кез келген сындарлы ұсыныстарға  оң қарайды.

91. Кодекс ережелеріне  қатысты мәселелер және/немесе  жұмыс барысында туындаған этикалық  мәселелер бойынша, сондай-ақ  Кодекс ережелерін бұзу, сыбайлас  жемқорлық және басқа да заңға  қайшы әрекет фактілері бойынша  ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен  Қызметкерлері, сондай-ақ Іскерлік  әріптестер мен Мүдделі тұлғалар  мыналарға:

  • тікелей басшыға, не деңгейі бойынша келесі тікелей басшыға;
  • Омбудсменге;
  • 976565 телефоны бойынша, ҚМГ президентінің (Басқарма төрағасының) 2008ж.11.03. №116а бұйрығымен бекітілген Жүйе бойынша ақпарат қабылдау жөніндегі жұмыс нұсқаулығына сәйкесdoverie@kmg.kz ҚМГ электрондық ақпараттық сенім жүйесі бойынша, атын атап немесе жасырын түрде тиісті шаралар қабылдау үшін жүгінуге құқылы.

Өтініш жасаған тұлғаның құқықтарына оның кез келген өтініш жасауы кезінде қысым жасалмауы  тиіс.

92. Бекітілген іскерлік  этика нормаларын ҚМГ Лауазымды  тұлғалары мен Қызметкерлерінің  бұзу жағдайлары анықталғанда  шешім қабылдауға арналған материалдар  Омбудсменнің міндетті қатысуымен  ҚМГ Әлеуметтік жауапкершілік  және іскерлік этика комитетіне  қарауға жолданады. Қарау нәтижелері  мен қабылданған шешімдер ҚМГ  Әлеуметтік жауапкершілік және  іскерлік этика комитеті шешім  қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс  күні ішінде өтініш жасаған  тұлғаға хабарланады.

93. ҚМГ Әлеуметтік жауапкершілік  және іскерлік этика комитетінің  мүшелері Кодекс ережелерін бұзу  туралы мәліметтерді қарау құпиялылығына  кепілдік береді.

10-тарау. Кодексті  түсіндіру және онымен танысу

94. Кодексті әзірлеу үшін  жауапты департамент мыналарды:

  • Қызметкерлерге қатысты – Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде онымен танысуды;
  • жаңа қабылданған Қызметкерлерге қатысты – жұмысқа қабылданған кезде Кодекспен танысуын;
  • Лауазымды тұлғаларға қатысты – олар ҚМГ тиісті органына сайланған кезде Кодекспен танысуын;
  • Кодекс ережелері өзгерген және толықтырылған жағдайда – қолданысқа енгізілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қызметкерлер мен Лауазымды тұлғалардың олармен танысуын қамтамасыз етеді.

95. Кодекс ережелерін түсіндіруді  Омбудсмен жүзеге асырады.

96. Кодекс ашық құжат  болып табылады және оны ҚМГ  серіктестер мен кез келген  басқа мүдделі тұлғалар арасында  еркін таратады.

11-тарау. Қорытынды

97. ҚМГ Корпоративтік мәдениет  және ҚМГ Лауазымды тұлғалары  мен Қызметкерлерінің Іскерлік  этика деңгейінің жай-күйіне мониторинг  жасауды жүзеге асырады, зерттеулер, сұраулар жүргізеді.

98. Кодексті қабылдау ҚМГ  Директорлар кеңесінің құзыретінде.  ҚМГ Директорлар кеңесі өзектендіру  және жетілдіру мақсатында осы  Кодекс ережелерін 2 жылда бір  рет қайта қарайды, олардың  іс жүзінде қандай шамада іске  асырылғандығын талдайды, сондай-ақ  қажет болса оған өзгерістер  және/немесе толықтырулар енгізеді.



Информация о работе Копоративтик этика