Электрондық оқыту технологиясың мүмкіндіктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 10:17, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады

Работа содержит 1 файл

эл оқыту жүйесі.docx

— 59.83 Кб (Скачать)

кезінде орындау міндетті болып саналады

4.3. Ереже:

-       білімдік процесс субъектілерінің ақпарқатынастық өзара әрекеттестігінің парадигмасын енгізуді;

-       жалпы орта білім беру мен инклюзивтік білім беру ұйымдарының педагогикалық процесінде электрондық оқытуды ұйымдастыруға жаңашылдық амалдар пайдалануды;

-       электрондық оқытудың мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын таңдауға талаптарды реттеуді;

-       мектеп оқушыларын әлеуметтендіруді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауды;

-       мектеп оқушысының біртұтас білімдік кеңістігін құруды;

-       білім беру деңгейлерінің арасындағы сабақтастық байланыстарды қамтамасыз етуді;

-       мектеп оқушысының толық бағалы дамуындағы электрондық оқытудың ақпараттық-білімдік ортасының дамытушы әлуетін пайдалануды;

-       әлеуметтік мәдени міндеттерді – жалпы орта білім берудің жаңа моделін қалыптастыруды шешудегі мектептік білім беру ұйымдарын, отбасыларын және әлеуметті кіріктіруді;

-       мектептік білім беру мекемелерінің практикасына оқытудың қашықтықтық формасын енгізуді

ұйғарады.

4.4. Электрондық  оқытудың мақсаты мен міндеттері.  

 

Мектептік ұйымдардағы  электрондық оқытудың басты мақсаты: ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастық өзара әрекеттестіктің негізінде қағидасы «бүкіл ғұмыр бойы оқу» болуы тиіс мектеп оқушыларының ақпарқатынастық тұлғалығын қалыптастыру.

Мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың негізгі міндеттері:

-        жаппай сапалы білім беруге бағытталған озық білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету;

-        толық бағалы білімдік кеңістікті құру және әрбір мектеп оқушысының жеке дара дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

-        жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін білімдік процесті технологияландыру;

-        жалпы орта білім беруді басқару жүйесін автоматтандыру;

-        мектеп оқушылары мен мұғалімдердің ақпарқатынастық мәдениетін дамыту. 

 

5.  Электрондық оқытудың субъектілері

Мектептік білім  беру ұйымдарындағы электрондық  оқытудың негізгі субъектілері болып  білімдік процес пен басқарудың тікелей  қатысушылары саналады: директор, мектеп директорының орынбасары (оку және тәрбие істері бойынша, ғылым бойынша, әкімшілік-шаруашылық іс-әрекеттер бойынша және т.б.), мұғалімдер, сынып жетекшілері, психологтар, оқушылар, ата-аналар, кітапханашылар, дәрігер қызметкерлер.  

 

6. Мектептік  білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытуды іске асыруға қойылатын жалпы талаптар

6.1. Электрондық оқыту құралдарын пайдалану оқу жүктемесінің 30%-ға дейінгі көлемінде ұсынылады.

6.2. Электрондық оқытудың  құралдары болып кейстік технология, ТV-технология, желілік технологиялар саналады.

6.3. Электрондық  оқыту оқушылардың оқу-танымдық  іс-әрекеттер түрінің алуан түрлілігі және лездік кері байланыстар есебінен білімдік процес субъектілерінің бір бірімен және білімдік ақпараттық ортамен интерактивтік өзара әрекеттестігі ретінде жүзеге асады. Электрондық оқыту жағдайында оқушы цифрлық білімдік ресурстар мен қолданбалы бағдарламалық өнімдердің көмегімен қажетті білімдерді, біліктер мен машықтарды ала отырып, оқыту мазмұнының үлкен бөлігін белсенді түрде және өз бетімен игереді. Мұғалім енді білімдердің негізгі және бір ғана көзі болмастан, кірістік оқу ақпаратын оқушыға жай тарататын емес, оқушының оқу материалымен жұмыс істеуін, оқу мақсатында оқушылардың өздерінің арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыратын және қажетті жағдайда қолдау көрсететін, оларға кеңес беретін тьютерге айналады.

6.4. Ақпараттық-білімдік орта жағдайында оқушылар жетістігінің тепе-тең бағалануы, мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру, ата-аналар тарапынан бақылау мүмкіндігінің кеңеюі қаматамасыз етіледі. 

 

7. Мектептік  білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың кейстік технологиясын жүзеге асыруға қойылатын талаптар

7.1. Электрондық  оқытудың кейстік технологияларын  жүзеге асыру қолданбалы бағдарламалық  өнімдердің, мультимедиалық үйрететін  бағдарламалардың және CD мен DVD-дағы цифрлық білімдік ресурстардың алуан түрлерін мектептердің білімдік процесінде пайдалануды ұйғарады. Кейстік технологиялардың арқасында цифрлық контентті дайындау мен тарату, электрондық оқыту, Интернетке қатынас құрудың бар болуына немесе сапасына тәуелсіз түрде, кез келген оқушы үшін, оның ішінде алыс қашықтықтағы шағын жинақы мектептер, және мүмкіндіктері щектеулі оқушылар үшін де мүмкін болды.

7.2. Оқушылар  іс-әрекетінің жетекші түріне  сәйкес жалпы орта беру үшін  қолданбалы бағдарламалық өнімдердің  негізгі формасы ретінде мақсаттан  нәтижеге дейінгі оқу процесін  бейнелейтін, білімдік процесс  субъектілерінің интерактивтік  қашықтықтық өзара әрекеттестігіне орта амалын қамтамасыз ететін электрондық оқулықтар қарастырылады.

7.3. Қолданбалы  бағдарламалық өнімдерді стандарттау  электрондық оқыту процесі құрамының  құрамдас бөліктерін (құлшыныстық-мақсаттық, мағыналы, операциялық-іс-әрекеттік, бағалау-нәтижелік), оқыту процесінің заңдылықтарын және пәндік салалардағы оқытудың теориясы мен әдістемесінің жетістіктері негізінде қабылдаудан бастап практикада қолдануға дейінгі оқу-танымдық іс-әрекеттің ситапттамасын ескере отырып, оларға психологиялық-педагогикалық талаптарды ұсынады.

7.4. Барлық  мектептер базистік оқу жоспарына  сәйкес Қазақстан Республикасы  білім беру Мемлекеттік жалпы  міндетті стандартына сәйкес  келетін ҚР базарындағы бар электрондық оқулықтармен, электрондық оқулықты мектептегі бар барлық компьютерге инсталляциялауды ұйғаратын бір мектепке бір лицензия мөлшерінде, қамтамасыз етілуі тиіс. Лицензиялық келісімді ҚР Әділет министрлігінің авторлық куәліктерінің негізінде дайындаушы-бірлестік береді.  

 

8. Мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың ТV-технологиясын жүзеге асыруға қойылатын талаптар

8.1. Электрондық  оқытудың ТV-технологиясын жүзеге асыру білімдік процесте оқу теледидарын пайдалануды қарастырады:

–       ұлттық арналардағы оқу-білімдік бағдарламалар хабар;

–       ҚР-ның барлық аймағын қамтитын серіктік хабар;

–       Кәбілдік желілер бойынша оқу-білімдік бағдарламалар таралымы және Интернет-хабар.

8.2. Бейнесабақтарды  дайындау бағыттары – мұражайларға, кітапханаларға және басқа ақпараттық ресурстарға қатынас құра алмайтын жергілікті ауыл балалары үшін оқу-танымдық фильмдер; эксперименттер көрсетілімі, физика, химия және биология бойынша ауыл мектептерінде орындауға болмайтын зертханалық жұмыстар; озық тәжірибе сабақтары – жоғары санатты мұғалімдердің шебер-сыныптары; электрондық оқулықтар мен интерактивтік жабдықтарды пайдалану әдістемесі бойынша сабақтар.  

 

9. Мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың желілік технологияларын жүзеге асыруға қойылатын талаптар  

 

9.1. Электрондық  оқытудың технологияларын іске  асыру келесі жүйелер арқылы  мектептегі білімдік міндеттер мен білімдік процестерді басқарудың кешенді шешімдерін қамтамасыз етеді:

–       Мектепті басқару жүйесі (SMS);

–       Сыныпты басқару жүйесі (CRMS);

–       Оқытуды басқару жүйесі (LMS);

–       Тестілеу жүйесі (TMS);

–       Өзара әрекеттестіктің менеджменті (CRM);

–       Жоспарлау жүйесі (PMS);

–       Пәндер бойынша электрондық әдістік жүйелер (MMS);

–       Электрондық психологиялық-сараптамалық жүйе (MPsMS);

–       Ақпараттық анықтамалық жүйе (IMS).

9.2. Мектепті басқару  жүйесі (SMS – School Management System) қатысушылық  пен үлгерімді тіркеу жүйесін  қамтиды. SMS білім алушылардың қатысушылығын  қадағалауға, негізінде әкімшілік  саясатты жақсартуды жүргізе  алатын болатын есеп-қисаптарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектепті басқару жүйесі мектептегі ағымдағы бизнес процестерді есепке алып, ағымдағы іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруы тиіс.

9.3. Сыныптарды басқару  жүйесі (CRMS – Classroom Management System) – сабақты  аса тартымды және тиімді ете отырып, оқушылардың дербес компьютерлерін мұғалімнің толығымен бақылау мен басқаруына мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық жасақтама. Одан басқа, CRMS лездік дыбыстық хабарлар мен сұқбатты жеткізу, сондай-ақ бейне- және аудиофильмдерді таратып беру мен оларды шынайы уақыт режімінде көрсетуге мүмкіндігі бар толық бағалы лингофондық сыныптың қызметіне ие болуы тиіс

9.4. Оқу процесін  басқару жүйесі (LMS – Learning Management System) оқу процесінің барлық қатысушыларына (мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға) интерактивтіктің  режімінде, on- және off-line режімдерінде  оқытуды басқаруға, дербес блогтар  және портфолио арқылы кәсіптік тәжірибелерді бөлісуге, оқушылардың динамикалық үлгерімін қадағалауға, сондай-ақ оқушылардың, педагогтар мен мектеп әкімшілігінің рейтингілерін жүргізуге және көптеген басқаларды қадағалауға мүмкіндік береді. Жүйенің архитектурасы порталдық қосымшалардан қолданбалы кызметшілікке қатынас құруды ұсыну үшін веб-қызметтерге және ашық стандарттарға негізделген кіріккен схемаларды пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс. Кіріккен схемалардың мұндай типі ақпараттық жүйенің гетерогендік айналасына тән қауіп-қатерді азайтады және шығынды қысқартады.

9.5. Тестілеу жүйесі (TMS – Test Management System) тестілерді дайындауды (редакциялауды, өзгертуду әзірлеуді) ұйымдастыруға, тестілерді жариялауға және нәтижелерді қарап шығуға мүмкіндік туғызуы тиіс. Тестілерді орындау кезінде білім алушы сұрақтардың арасында орын ауыстыру, қиындық тудырған сұрақтарды кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Тестілердің менеджері тестілеудің алдында оқушылардың беделге ие болуын қолдауы тиіс, яғни тесті басталар алдында пайдаланушы тестіге құпия сөз енгізуі тиіс.

9.6. Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS –Method Management System) білімдердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және пәндік бағдарланған салаларының кірігуін қамтамасыз етуге бағытталған. Электрондық әдістемелік жүйе – бұл пән аралық ақпараттың ұйымдастырылған және құрылымдалған ұшқыр, ашық, дамитын технологиялық базасы.

9.7. Электрондық  психологиялық-сараптамалық жүйе (MPsMS – Monitor Psychology Management System) - бұл топ, оқытушы, жоо және б. туралы кері байланыс алуға арналған жүйенің пайдаланушылардың сауалнама жүргізуіне мүмкіндік беруі тиіс болатын құрал. Сауалнама аты-жөні көрсетілмеген режімде өтетін бола алады. Нәтижелерге қатынас құру құқығының баптауы бар сұраныс нәтижелерін шығарудың икемді баптауы болуы тиіс.  

9.8. Ақпараттық анықтамалық  жүйе (IMS – Information Management System) білім  беру ұйымдарының іс-әрекеттері (сабақтар кестесі, сыныптан тыс шаралар кестесі, асхана мәзірі және т.б.) туралы қысқаша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Пайдаланушының рөліне байланысты e-learning жүйесінде есеп-қисаптарды қалыптастыру мүмкіндігі болуы тиіс. Сараптама және есеп-қисап бойынша талаптар жүйені енгізу кезіндегі кызмет ету кезеңінде анықталады.  

 

10. Электрондық  оқытуды іске асырушы мектептік  білім беру ұйымдарының инфрақұрылымына қойылатын талаптар

10.1. Мектептік білім  беру ұйымдарындағы электрондық  оқытуды іске асыру құрылыстық  нормалар мен ережелерге, білім  беру ұйымдарының қызметкерлері  мен білім алушылардың денсаулығын  қорғаудың тазалық пен гигиеналық  нормаларына. оқу ғимараттарының  жабдықтарына, зертханалық және  компьютерлық жабдықтарға, телеқатынастық  құралдарға қойылатын талаптарға  сәйкес болуы тиіс.

10.2. Мектептердің  серверлік жабдықтан, мұғалімнің  жұмыстық орнынан, компьютерлік  сыныптан, ұялы сыныптан, кітапханаға  арналған компьтерлерден, дәрігерлік қызметкерлерге арналған компьютерден, мұғлімдерге арналған компьютерлерден, жүйелік басшыға арналған компьютерлерден тұратын компьютерлік жабдығы бар болуы тиіс.

10.3. Мектептерде  серверлік, интерактивтік дәрістік залдар (ИДЗ) мультимедиалық лингафондық бөлмелер (МЛБ), цифрлық оқу теледидары, электрондық оқу залдары бар болуы тиіс. Оқу қажеттілігі кезінде әрбір бөлме интерактивтік тақталармен, мультимедиалық проекторлармен, бейнекамералармен, теледидарлармен, бейнемагнитофондармен, фотоаппараттармен, DVD/VCD-плеерлермен және т.б. жарақталған болуы тиіс.

10.4. Оқу дәрісханасындағы компьютерлер саны және олардың орналасуы Тазалық ережелері мен нормалары бойынша анықталады: бір ДК-ге 6.0 ш.м-ден аз емес аудан болуы тиіс. Барлық ДК жергілікті желіге біріктірілген болуы тиіс.

10.5. ДК үйлесімі  оқыту іс-әрекетінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жұмыс орнында CD – жетегінің, иеб-камералардың, дыбыстықНаличие на каждом рабочем м карталар мен құлаққаптардың бар болуы міндетті болып саналады.

10.6. Шектелген қатынас  құру оқу ақпараты, сондай-ақ оқушылардың  жұмыстық материалдары РМС-пен  қатынас құруы бар клиенттік бағдарламалық жасақтама көмегімен іске асырылатын серверлерде орналастырылады.

10.7. Пайдаланылатын  коммерсиялық бағдарламалық жасақтама  лицензияланған болуы тиіс.

10.8. Жабдықтардың  топтамасына көбейту техникалары  (принтер, көшірмелеу аппараты) және  сканер кіруі тиіс.

10.9. Аудионы тыңдау  және бейнежазбаларды қарап шығу  үшін жабдықтардың құрамында  10 оқушыға бірден жинақтан аз  емес тиісті жаңғыртушы аппаратура болуы тиіс. 

 

11. Электрондық  оқыту жүйесін кадрлық жасақтауға  қойылатын талаптар.

11.1. Мектептің барлық  педагогтық ұжымы, инженерлік-техникалық  және оқу-көмекші қызметкер электрондық  оқыту саласында мерзімді түрде  қайта дайындаудан немесе біліктілікті  арттырудан өтуі және тиісті серттифиқаты болуы тиіс.

Информация о работе Электрондық оқыту технологиясың мүмкіндіктер