Интенсивті педагогикалық технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 12:11, курсовая работа

Описание работы

Қазақ тілін оқытып–үйретуде қазақ тілі тек өзара қарым–қатынас құралы ғана болып қоймай, ол оқушының шы ғармашылық қабілетін көрсететін, пәндік және жалпы мәдениеттен хабарлығын жеткізе алатын құрал да болуы тиіс. Осыған орай қазақ тілін оқытып –үйретуде соңғы кездерде оқытудың әртүрлі жаңа технологиялары пайдаланып, тәжірибеде қолданылып жүр. Мысалы, дамыта оқыту, қарқынды оқыту технологиясы, модульдік оқыту, саралап оқыту, ынтымақтастық технологиясы сияқты көптеген оқыту технологияларын атап өтуге болады.

Содержание

1.Тарих сабағындағы интенсивті оқыту технологиясы.

2.Физика сабағындағы қарқынды оқыту технологиясы.

3.Қазақ тілі сабағындағы қарқынды оқыту технологиясы.

Работа содержит 1 файл

Интенсивті педагогикалық технологиясы.doc

— 154.50 Кб (Скачать)

 Жоспары: 
 
 

1.Қазақ тілі сабағындағы қарқынды оқыту технологиясы

1.Тарих сабағындағы  интенсивті оқыту технологиясы. 

2.Физика сабағындағы  қарқынды оқыту технологиясы. 

3.Қазақ тілі  сабағындағы қарқынды оқыту технологиясы. 
 
 

Қазақ тілін оқытып–үйретуде қазақ тілі тек өзара қарым–қатынас құралы ғана болып қоймай, ол оқушының шы ғармашылық қабілетін көрсететін, пәндік және жалпы мәдениеттен хабарлығын жеткізе алатын құрал да болуы тиіс. Осыған орай қазақ тілін оқытып –үйретуде соңғы кездерде оқытудың әртүрлі жаңа технологиялары пайдаланып, тәжірибеде қолданылып жүр. Мысалы, дамыта оқыту, қарқынды оқыту технологиясы, модульдік оқыту, саралап оқыту, ынтымақтастық технологиясы сияқты көптеген оқыту технологияларын атап өтуге болады.

Осылардың ішіндегі қарқынды оқы ту технологиясы жеке тұлғаның өзін -өзі дамытуға, оның өзіндік және шы ғармашылық қабілетін арттыруға, қа жетті іскерліктері мен дағдыларын қа лыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, бұл оқыту технологиясы тілдерді оқытып –үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, қарқынды оқыту технологиясы берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткізе отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге, кәсіби шеберлігін шындауға негізделген оқыту технологиясының бірі.

Қазақ тілін  оқыту – уақыт талабынан туындап  отырған жүйе. Сондықтан қар қынды  оқыту технологиясы өзіне ғана тән  оқыту жүйесіне негізделіп, оқу материалдарын  ұйымдастырудың жаңа ұстанымы мен тілді  оқытудың жаңа мо делін құрайды.

Қарқынды оқыту технологиясы төмен дегідей 4 түрлі ерекшеліктерді ескертуді талап етеді:

1)      меңгерілетін материалдар көле мі;

2)      қолданылатын әдіс–тәсілддерің әр түрлілігі;

3)      үйретілген тілдік қатынастың үне мі жүргізілу ұстанымы;

4)      жеке тұлғаның психологиялық жай-күйі.

Осы жерде қарқынды оқыту тех нологиясының өзге оқыту  тех ноло гия ларынан айырмашылығын  көрсе тететін негізгі белгілерін де атап өткен жөн.

Бірінші белгі  – оқушылар мүмкіндіктері мен  мамандықтарын ескеру белгісі. Осыған сәйкес оқытудың негізгі ұйым дастыру түрлері де, өткізу тәсілдері де өзгереді.

Екінші белгісі  – оның мерзімімен бай ланысты. Бұл  жерде қарқынды оқыту технологиясын  қысқа мерзімді жеделдетіп оқытумен шатастырмау керек. Өйткені қысқа  мерзімді жеделдетіп оқытуда көбіне сандық көрсеткішпен бірге сапа, мазмұн сияқты көрсеткіштер қатар жүреді. Яғни, бұл жерде негізгі көзделетін мақсат – берілген уақыт көлемінде игеруге тиісті материалды сапалы меңгерумен ғана шектелмей, пәндік білімін тереңдету, белсендіру, жан-жақты білім беру. Бірақ ол  үшін қосымша  уақыт берілмейді.

Қарқынды оқыту  технологиясының негізін ашу  үшін «оқуды белсендіру» ұғымын енгізуге тура келеді. Педа го гиканың маңызды  мәселелерінің бірі: оқушылардың  оқу іс-әрекетін белсендіру және оқу  үрдісін белсендіретін әдістерді қолдану болса, «оқудың белсендіру» ұғымы осы мәселелерді шешудің негізі болып табылады. Бұл ұғым біріншіден, қарқынды оқыту технологиясын белгілі бір бағыт ретінде көрсетсе, екіншіден, ол оқу – тәрбие үрдісін жетілдірудің көзі болып табылады. Қарқынды оқыту технологиясының өзіне тән әдістерінің бірі – оқушымен ұжымның резервті мүмкіншіліктерін белсендіру әдісі. Бел сендіру әдісі, ең алдымен, үйренетін тілде еркін тілдік қарым-қатынас жасау міндетін іске асырады. Сондай-ақ, тілдік іс-әретке қажетті білік пен дағдыны қалыптастырып, дамуын қамтамасыз етеді. Жеке тұл ға мен ұжымның мүмкіншіліктерін бел сендіру әдісінің ерекшелігі: жұмысты бі рігіп атқаратын оқу тобын уақытша ұжым ретінде құру арқылы оқушылардың  ре зервті мүмкіндіктерін ояту. Сол арқылы оқушылардың шығармашылық қа білеттерін жетілдіруге болады. 
 
 

Қазіргі кезде оқушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адам-заттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, болашақ кәсіп иелері тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моралдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы калыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестшігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан білім беру жүйесін реформалау саясатын, ең біріншіден, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оку үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен катар әрбір оқушының екшеліктерін ескеріп, кабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау керек. 

«Қазақ тілін оқытудың интенсивтік (қарқынмен) технологиясы»

№/№ Оқу  формасы Тақырыптары сағат Нәтиже
1 Дәріс Қазақ тілін  оқытуда интенсивтік (қарқынмен) технологияны қолданудың ғылыми-теориялық негіздері (Г. Лозанов әдісі) 2 Интенсивтік технология туралы негізгі ұғымдар
2 Дәріс Қазақ тілін  өзгетілді ортада үйрету барысында интенсивтік (қарқынмен) оқыту технологиясын қолдану ерекшеліктері, тіл үйренушілердің ұлттық  ерекшеліктерін ескеру 2 Интенсив оқыту  және ұлттық тіл ерекшеліктері
3 Дәріс Интенсивтік (қарқынмен) оқыту технологиясы

Эмоциялық-мәнділік әдіс (И.Ю.Шехтер);

Ересектерге арналған интенсивтік (қарқынмен) оқыту  курсы  (Л.Гегечкори);

«Тілдік тұнық аяға ену» курстары (А.С. Плесневич);

Ересектерге анналған суггестокибернетикалық-интегралдық  әдіс (В.В.Петрусинский);

Ауызекі сөйлеу тілін жеке тұлғаның резервтік мүмкіндіктерін белсендіру арқылы интенсивтік оқыту (Г.А.Китайгородская) т.б.

4 Интенсивтік технология туралы негізгі ұғымдар, интенсивтік  технологиядағы түрлі әдістер
4 Дәріс Интенсивтік (қарқынмен) оқытудың түрлері мен формалары. Қазақ тілі оқытушысының лингвоәдістемелік және полимәдени құзыреттілігі 2 Интенсивтік оқыту  түрлері мен формалары туралы түсінік. Оқытушы тұлғасы
5 Дәріс Қазақ тілі сабақтарында интенсивтік (қарқынмен) оқыту әдістерін  қолдану жолдары және сабақтардың  кәсіби бағдар бойынша ұйымдастырылуы 2 Қазақ тілін  оқытумен байланысты ұғымдар. Кәсіби тіл
6 Тәжірибе сабақ Қазақша диалог пен полилогке үйретудің лингводидактикалық  негіздері 2 Диалог пен  полилог
7 Тәжірибе сабақ Интенсивтік  (қарқынмен) әдістерді қолдану. Тілдік, пәндік, бейімдік компоненттердің өзара байланысы. 2 әдістің ерекшелігі
8 Тәжірибе сабақ Қазақ тілін  интенсивтік оқыту сабақтарының ерекшеліктері 2 әдістің ерекшелігі
9 Тәжірибе сабақ Диалогтік тұтастық  – диалогке үйретудің бірлігі ретінде 2 Диалогтің ерекшелігі
10 Тәжірибе сабақ Полилог – интенсивтік  оқытудың басты формасы ретінде 2 Полилогтің  ерекшелігі
11 Тәжірибе сабақ Қазақ тілін  оқытуды интенсивтіендірудегі сөйлеу қызметін белсендіру әдістері 2 әдістің ерекшелігі
12 Тәжірибе сабақ Диалогтік сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығулар жүйесі 2 жаттығулар  ерекшелігі
13 Тәжірибе сабақ Интенсивтік (қарқынмен) оқыту технологиясының жаттығулар кешені 2 Жаттығулар  кешенінің  ерекшелігі
14 Тәжірибе сабақ Диалогтік сөйлеуін дамытуға арналған дидактикалық материалдар жүйесі 2 Дидактикалық  материалдар түрлері
15 Тәжірибе сабақ Полилогтік  сөйлеуін дамытуға арналған дидактикалық материалдар жүйесі 2 Дидактикалық  материалдар түрлері
16 Тәжірибе сабақ Интенсивтік (қарқынмен) оқыту технологиясындағы қазақ  тілі сабақтарының түрлері 2 Сабақтар, түрлері, ерекшеліктері
17 Қорытынды тестілеу   2 Білімін тексеру  мен бағалау
Барлығы 36  
 

Қазақ тілін  интенсивтік оқыту  технологиясының ерекшеліктері. 

ХХ  ғасырдың болмысы адам баласының түрлі тілдерді оқып-үйренуге деген ынта-ықыласының оянуымен, ана тілін терең танып-білу арқылы дүниетаным картинасының жаңа деңгейде қалыптасуымен есте қалады. Сол ізгі желінің жалғасы ХХІ ғасырға да аяқ басып, оның жалғасы  тілдерді сапалы оқытатын әдістемелік жүйелердің туындауына  алып келді.

Жалпы, «интенсив», «интенсификация» деген ұғымдардың «тез», «жылдам» деген ұғымға қатысы аздау екенін көп ескере бермейміз. Шындығында, тілдерді интенсивтілікпен оқыту – қоғамның берген тапсырысына  тіл үйретушілер мен оқытушылардың  берген жауабы іспетті пайда болған. Тілдерді интесивтілікпен оқыту – адамның тіл үйренудегі барлық пәрменділігі мен қарқынын актуалдандырып, биік нәтижелерге аз уақытта бірақ көп күш жұмсау арқылы қол жеткізетін әдістерді қолдану дегенді білдіреді.

Қазақ тілі мемлекеттік  тіл мәртебесіне ие болғаннан бергі кезеңде тілді үйретудің тиімді әдістемелірн жасау мәселесі күннен күнге терең танылып келеді. Бұл ретте осы мәселені  арнайы зерттеген  ғалымдардың еңбектері мен практик оқытушылардың  тәжірибелері де молынан жинақталғанын мақтанышпен айта аламыз.

Қазақ тілін  Қазақстан Республикасында қажеттілікпен қолданатын тілге айналдыру көп ретте мемлекеттің жүргізіп тілдік саясатына байланысты. Бірақ қазақ тілін оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, қаруландырмайынша, мемлекеттік саясатты қолдай алуымыз да қиын болады. Сондықтан мемлекеттік тілдіүйретуші оқытушылардың барлығының дерлік жаңа технологиялардан хабардар болуы және оны меңгеруі міндетті деп саналады. 

Тарих сабағында білім беру технологияларын тиімді пайдалану жолдары 

Елбасымыздың  «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» аты  Жолдауының негізгі тірегі – әлемдік  стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың білім алуына ерекше көңіл бөлді.  
ҚР «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағымы күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып табылады. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.  
Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегін де болжай алады. Белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары кем де кем. Әбу-Насыр әл-Фараби: «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - десе, Н.М.Карамзин: «Тарих-әрбір ұлттың ең басты кітабы» дейді. 
Тарих сабағының неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін артыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына тоқталғым келеді.  
Бірінші В.Ф.Шаталовтың технологиясының басты мақсаттары: 
-Оқушының білім беру дағдысын қалыптастыру; 
-Оқушылардың барлығын оқыту; 
-Жеделдете оқыту; 
Принциптері: 
-Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану; 
-Жекелей әрекет жасау; 
-Ізгіліктік (барлық балалар дарынды); 
-Мәжбүрсіз оқыту; 
-Түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиелініссіз оқыту; 
Мазмұндық ерешеліктері: 
-Оқу материалы ірілендіріп беріледі; 
-Блоктық түрде беріледі; 
-Оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі; 
Тәрбиелік мәні: 
-Еңбекке қатыстырылады; 
-Еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді; 
-Оқушының еркі дамытылады; 
-Өзіндік танымдылығы, жауапкершілік, адалдық, жолдастық, қасиеттері қалыптасады. 
Әдістеме ерекшелігі: 
Теориялық блогі – Бағыттылық негізі (БН) – ақпаратқа кіріспе (түсіндіру) – айту– үйде өзіндік жұмыс орындау, І-қайталау (тірек сигналы конспектісін жаппай қабылдау), ІІ-қайталау (түсінгенін сұрау),  
ІІІ-қайталау (өзара бақылау) 
Тәжірибе блогі – тәжірибелік жұмыс (жаттығу) – есеп шығару (жаттығу) – қорытынды: оқушылар білім беру дағдыларын және ойлау қызметінің әдісін жүйелі қолдану. 
Мысалыға 8-сыныпта «1867-1868 жылдардағы реформа» тақырыбына байланысты өткен сабағымда В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба арқылы қарқынды оқыту технологиясын пайдаландым. 
Екінші Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы. 
Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі: біріншіден, оқушының психологиялық танымы,  
екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім мұғалім оқушының нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының  
оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді. «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.  
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясының мақсаты: 
-Мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі білуі; 
-Тиімді шешімді табуға үйренуі; 
-Оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешуі; 
-Ішкі өзіндік қажеттілігін қанағаттандыратын; 
-Әлемдік білім кеңістігінде көріне алатын; 
-Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлға қалыптастыру. 
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясының ерекшелігі: 
Оқушы білімі анық бағаланады. Белсенділігі артады. Ой еңбегі жетіледі. Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне-өзі деген сенімділігі артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді. Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады. Зер сала қарасақ, оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге дейін көтеріледі. Технологияның тиімділігі мен ерекшелігі де осында. 
 

Физика сабағында оқушыларды қарқындата оқыту 

Білім беру окыту  мен тәрбиелеудің үздіксіз про-цесі. Казіргі кездегі білім берудегі максат—жан-жакты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті  жеке тұлғаны калыптастыру. Окушылардың  дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу. 
Коғамымыздынэкономикалык, саяси, мәдени да-муына үлес қосатын, әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шы-ғару зор міндет жүктейді. Жеке адамды калыптастырып дамыту және оған жан-жакты терең білім беру максатында инновациялык технологиядан іздену, 
білім мазүнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену ұсынылуда. 
Сондықтан өз іс-тәжірибемде, сабақ беру "үрлісінде мынадай негізгі факторларды басшылыққа аламын: 
—окушылардың шыгармашылық кызметін дамыту: 
а) өз бетішые тапсырмалар беру, 
б) рефераттар қорғау; 
— оқушылардьщ өз бетінше жүмыс істеу белсенділігін арттыру;  
—окушылармен жекелей, топпен жүмыстар жүргізу;  
—үйге окушылардың ойлау 
қабілетін дамытатын есептер беру; 
сабақга халыктық педагогика элементтерін қолдану; 
окушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру: 
а) негізгі теориялық заңдылықтар, 
б) формулалардың қоры,  
в) өрнектерді түрлендіру,  
г) есептер сауаттылығы.  
Кандай да бір мәселені шешуде окушылардың қалай ойлайтындығын, олардың ой-өрісін біліп отырудың маңызы зор. Өйткені бұл — окушылардың қаншалықты пайымдай білетіндігін, олардың оқылған материалды қаншалықты жақсы меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді. Мен жүмысымда оқытудың жаңа педагогикалык технологиялық негізі қарқындата оқытуды алдым. Ол бойынша дамыта оқыту жүзеге асырылады, сондықтан ол оқушының ойлауын. еске сақтауын, белсенділігін, ынтасын, дағдысын, білім сапасының артуын камтамасыз етеді. Қарқындата оқыту технологиясы оқушының белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыталған. Жаңа технологияға сәйкес барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, тапсырманы орындауына байланысты келесі деңгейге көшіп отырады. Мүндай жағдайда оқушылар арасында өзара жарысумен катар, әр оқушының өзіндік деңгейіне сай білім алуы қамтамасыз етіледі.Оқушы өзі үлгіре алмаған оқу материалын алдын ала оқытушы дайындаған интенсивті оқу методикалық материалын пайдаланып жетілдіреді. Бұл процеске үйде ата-анасы оқушымен бірге интенсивті методикалық материалды көріп талдап оқушының үлгіру деңгейін артуына көмектеседі. Міне сондықтан: оқушының өзіне деген сенімі артып, білімі шыңдалады. Дәстүрлі оқытудың жүмыс істеудің мақсаты — бекіту, өткен сабакты қайталау болса, қазір оқу материалын жалпы-лауға байланысты окушылардың жеке фактілерді, физикадан алған білімдерін түрмыста, техникада қолдана білуіне көңіл аударылады. Әр тақырыпқа байланысты әр түрлі интерактивтік тапсырмалар беремін. Окушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін өзім жетелеуші "проблемалық" сүрақтар қойып отырамын. Жаңа сабақ игерілген соң оқушы ларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Адам бойындағы ең асыл қасиеттер-ізгілік пен білімділік, сондықтан білімді, тәрбиелі жастар еліміздің болашағы. Адам тәрбиелеу-аса жауапты. Бәсекелестікке лайықты, білімді жастар «ел межесі -елулік» деген ұрандай мақсатқа жету, дамыған елу елдің қатарында болуға ұмтылыстарымыз азаматтардың тұлғалық, психологиялық, физиологиялық, интеллектуалдық даму деңгейін арттыру үшін үздіксіз білім алуды, халқымыздың бай тәжірибесін зерделеуді, халқымыздың ұлылығына тән ұлттың рухани құндылықтарды негізге алып, жасампаздық жолында табандылықпен еңбек ету ең басты шарт. 
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламасында «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың» мемлекеттік бағдарламасында, «Бастауыш және орта кәсіптік білімді ақпараттандырудың»» бағдарламасында білім беру жүйесін ақпараттарды жүзеге асыру, интенсивті оқытуға қатысты мынадай мәселелерге ерекше зейін аударылған: 
• ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту үдерісіне енгізу жөніндегі қалыптық-құқықтық базаны жетілдіру; 
• компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштеріне (1 компьютерге келетін оқушылардың саны-10-15) жету үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру; 
• орта білім беру ұйымдарын интернет желісіне қосу; 
• білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу; 
• жаңа ақпараттық технологияларды оқыту үдерісіне енгізуді қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізу; 
• оқу үдерісінде интенсивті оқытуға қатысты жаңа технологияларды сараптау арқылы байқаулар жасау негізінде жетілдіріп ендіру; 
• оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру арқылы интенсивті оқыту т.б. 
Оқыту үдерісінде интенсивті оқыту үшін мультимедиялық технологияларды білім беру саласына ендіру маңызды. Сабақты өткізу 
1. Мұғалім сабақты баяндауда-жаңа сабақты түсіндіруде ең негізгісі себебін тәжірибеде көрсетуден бастайды, көкейтестілігін айтады, проблеманы қоя біледі. Мультимедиалық технологияны пайдаланады.  
2. Зерделенетін тақырыпқа шәкірттердің қызығушылығын арттырады. Пәнге қатысты әдістемелік, электронды әдістемелік оқулықтарды пайдаланады, ұсыныстарды, тәжірибені ескереді, кейде арнаулы есептерді-жаттығуларды, хрестоматияны бастапқы күйге алады. 
3. Оқу материалдарын бірнеше рет талдаулар, нұсқаларын жасап, түсінікті баяндау басты мақсаттарының бірі. 
4. Мұғалім оқушыларға түсініктеме жасау барысында анық, түсінікті, нақты айтуы, жазуы мәнді. 
5. Интенсивті оқытудың бірнеше артықшылықтары бар, атап айтқанда: 
• оқытудың түрлі әдістерін пайдалану; 
• сезім талдаушыларын іске қосу, кезекпен алмастыру, іс-әрекет, таным қызметтерінде алмастыру; 
• аудио және видео-оқыту техникаларында жүйелі алмастыру, тақтаны ретімен пайдалану, баннэрді қолдану; 
• мұғалім іс-тәжірибелік көрсетулер жасауды өзі бастап көрсетіп, оны шәкірттердің кезекпен көрсетуіне алмастыру; 
• сынақ-тәжірибелер-қысқа мерзімді жаппай формада, қатар-қатар болып т.б. формаларда; 
• бір оқу қызметінен екіншісіне өту: жаттығу, іс-тәжірибелік, зертханалық, амалдар қолдану т.б.; 
• дидактикалық кеспе материалдарын пайдалану, арнайы матрицалық тренинг жүргізу; 
• қарым-қатынас, сұрақтар тақырыпқа сай және сынып оқушыларына кейде нақты оқушыға бағытталады; 
• мұғалім оқушының әрқайсысының жауаптарына мұқият қарап, зейін қойып, қажет болған-күрделі жағдайларда сынып оқушыларымен талдау жасайды; 
• интенсивті оқытуды жүзеге асыру үшін “шәкірт уақытын аяла, өз уақытыңды аяма” (Ж.Ж.Руссо) ұстанымына сай алдын-ала болжамдап, шәкірттермен бірлесіп даярлап, байқаулар жасау ұтымды; 
• иновациялық - қарқынды оқытуда мұғалім сынып оқушыларымен тұрақты байланыста болып, оларды түсініп, кезегімен сұрақ-жауапқа, түсінуін, зейінін, пайымдауын, қорытынды шығаруын, заңдылықтарын ұғуға, кестелерді толықтыруға үн қостыру қажет, маңызды. 
6. Мұғалім бүкіл сынып оқушыларын тұтас және әрбір оқушыны жеке байқап, оларды сұрақтармен, жауаптарды толықтыруларымен белсенділіктерін арттыру. 
7. Жеке оқушыларда тәртіптілік төмендесе оларға жеке тапсырмалар беріп, сөзден іске өту маңызды. Мүмкін болғанынша, бәріне лайықты тапсырмалар беру, жауаптарын тыңдау бірлесіп, ынтымақтасып бағалаулар жасау. 
 
Қазіргі заман талаптарына қатысты ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ұлттық бірыңғай тесті, мемлекеттік аралық бақылау үлкен жауапкершілікті алға қояды, сапалы оқыту және қосымша жұмыс істеуді қажет етеді. 
Сынақ тәжірибе жұмыстарында мұғалімнің сабақтағы қызметінің орны ерекше болуын уақыт міндеттейді, сонымен сабақтың басталуы: 
1. Мұғалім сабақты тақырыпқа қатысты оқу-әдістемелік нұсқауларға сай мақсатын нақты алға қояды. 
2. Оқушылардың сабаққа даярлығын анықтап, жұмысшы ахуал жасайды. 
3. Сабақты мүмкін болғанынша түрлендіріп, элементтер орнын алмастыру мәнді. 
4. Әрбір сабаққа мұғалім теориялық, әдістемелік, дидактикалық тұрғыдан даярлануы қажет.Сабақта көрсетілетін иллюстрация, көрсетулерге ретімен бірнеше оқушыларды-ассистент ретінде қатыстыру, бірге жасау, жаттыққан, дағдыланған жағдайларда түсінік беру маңызды.  
1-ден, сыныптағы барлық оқушыларды жүмыспен қамтамасыз етеді, әрбір окушының белсенді түрде қатысуын кадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады. 
2-ден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жүмыс жүргізеді. 
3-ден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жүмыс істеу окушы-лардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен катар тәртібі мен мінез-қүлқына да тигізер ықпалы зор. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының ізденімпаздығы, шығармашылығы дамиды.Сөз соңында айтарым, жалпы жаңа педагогикалық технологияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, окушылардың білімге деген оку-танымдық қызығушы-лығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.

Информация о работе Интенсивті педагогикалық технологиясы