Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:43, сочинение
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі
оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың
қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей
қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені
қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы
өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.