Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 09:35, доклад
Қазақ этнопедагогикасының нысаны – ұлттық мектеп, отбасы, ұлттық педагогикалық болмыс. Қазақ этнопедагогикасы қазақ этникалық тәрбиесін зерттейді. Қазақ этнопедагогикасының пәні - этникалық тәрбие дамытатын этнос субъектісі.
Тамыры тереңнен нәр алатын ұлттық тәрбиеміздің даму кезеңдері тарихи және мәдени дамумен астарлас, әрі өзінің ұлттық айшықтық - нақыштарының маңыздылығымен құнды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы этнопедагогикалық ойлар
1.Қазақ этнопедагогикасының
ғылыми негіздерін қалаушы
Қазақ этнопедагогикасының нысаны – ұлттық мектеп, отбасы, ұлттық педагогикалық болмыс. Қазақ этнопедагогикасы қазақ этникалық тәрбиесін зерттейді. Қазақ этнопедагогикасының пәні - этникалық тәрбие дамытатын этнос субъектісі.
Тамыры тереңнен нәр алатын ұлттық тәрбиеміздің даму кезеңдері тарихи және мәдени дамумен астарлас, әрі өзінің ұлттық айшықтық - нақыштарының маңыздылығымен құнды.
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойдың даму тарихы қазақтың жазу мәдениеті негіздерімен байланысты (руна жазуы-құпия жазу, араб жазуы, латын және кирилица жазуы).
Қазақ тарихындағы Асанқайғы, Жиембет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа сияқты тұлғалардың дара бейнелері өздері өмір сүрген қилы заманның келбетін айқын танытып, ұрпаққа қалдырған дана сөздері мен ұлағатты ой-тұжырымдары қазақ этнопедагоикасының бай қазынасы болды.
Ұлы Абай, Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім сынды ғұламалардың жалпы адамзат баласы, оның ішінде қазақ жұрты туралы толғаныстары ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ілімінде де, әлеуметтік қызметінде де жалғасын тауып келеді.
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ – ағартушылары: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерімен тығыз байланысты болғандықтан олардың шығармаларындағы имандылық тәрбиесі мәселелеріне тоқталамыз.
2.Ш.Уәлиханов
ұлттық психологиялық
Қазақ халқының
мәдениеті мен әдебиетін жан-
"Азияда, негізінен, діни білім беріледі. Бұхара медреселерінде оқу молдалардың керегіне қарай тек діндік бағытта жүргізіледі. Медреселерге есік ашық болғанмен, көптеген елбасшыларының өзі сауатсыз" - деп Шоқан, елді сауаттандыру жолдарын іздеді.
Данышпан ғалым казақ халкының жаттап алу қабілетін, шешендігін жоғары бағалады да, сондай кабілеті бар халыққа сауаттылық пен ғылым үйренудің кджет екенін дәлелдеп берді. "Халықтың мұңы мен сырын, арманын толғайтын жыраулардың жырлары — өнегелік бірден бір құнды құбылыс", - дейді Шоқан (Тандамалы шығармалары, Москва, 1987 ж., 172-бет). Сөйтіп ол жыраулардың шығармаларын зерттеп, жыршылардың ерекшеліктерін айқындады.
Тәңір туралы тәлімдік еңбегінде Шоқан отты құдірет деп тану, отқа май құйып ырым жасау, отқа түкірмеу, аруақты сыйлау, құдайы-садақа беру, айға қарап тілек айту, малдың сүйегін баспау, малдың сүтін төкпеу, т.б. сол сияқты шамандық дінге байланысты халықтың салт-санасына айналған ырымдар мен тыйымдардың зор тәрбиелік мәні бар екенін дәлелдеп, ол тәрбиелік мақсаттардың орындалғанын өмірден көріп, оның жақсы жақтарын қуаттай сөз етеді де, ұлттық тәрбиенің өзекті мәселесі етіп көрсетеді.
Әсіресе, қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде қасиеттейтініне, соның ішінде жылқы малын жеті қазынаның бірі деп танып, оны ерекше қадірлейтініне сүйіне қарап, ұрпаққа беретін ұлттық тәрбиенің осы бір қасиетті бөлімін қастерлей білуді уағыздайды. Тіпті, мал сатқан қазақтың өз малының "сілекейін сүртіп алып қалуы" малды сүю ғана емес, оны киелі деп есептеп мал күту шаруашылығына келешек ұрпақты тәрбиелеудің белгілері деп көрсетеді. Сондай-ақ "акқуды атпа", "үкіні үркітпе", "Көк қарғаның үясын бұзба", "құстың жұмырткдсын жарма" деген тыйымдардың зор экологиялық-патриотгық тәрбиелік мәні бар екенін жастарға үлгі-өнеге тұтады.
Данышпан
ғалым қазақ даласындағы тәлім-
"Қазақ
мен Астраханның орыс
Шоқан баланы ерте үйлендіру, оны оқытпау - үлкен қателік деп, қазақ халқының отбасылық тәрбиесіндегі келеңсіз жағдайларды қатты сынады.
Қазақ халқының ғарыштық ұғымдарын Шоқан дүниетанымдық үрдістер деп бағалады, "жұлдызды адам", "темір қазық", "жеті қарақшы", "үркер", "шолпан", "құс жолы", "ай" туралы халықтық ұғымдардың астрономиялық мәні зор екенін айта келіп, халық мектебінің дүниетанымдық мәнін ашып көрсетті. Шешен, онерпаз, меймандас, ырым-тыйымы мол халыққа білім беретін мектептер, академиялар керек екенін армандаған Шоқан өз ұсынысымен Қостанайда бірнеше мектептің ашылуына себепші болды.
Шоқанның "Алты шаһардың жай-жапсары", "Абылай", 'Қазақтың шежіресі", "Қазақтың көші-қоны", "Даладағы мұсылмандық", "Шаман дінінің сарқыншақтары", т.б. ғылыми еңбектері — қазақ халқының мәдениет тарихын айқындап, ағарту және үлттық толім-тәрбис ісіне себін тигізетін бағалы еңбектер болды.
Дарынды ғалымның данышпандық ой-мақсаттары – қазақ халқының ұлттық (этностық) педагогикасына бір арна болып қосылған асыл мүра болып табылады.
Ұлтжанды Шоқан ез құлағымен Орынбай, Жанақ, Шөже, Нысанбай сияқты айтыс ақындарының жырларын тыңдап, Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай т.б. әнші акындардың жырлары мен әндсрін бағалап, Тәттімбет, Тоқа, Қанқожа т.б. күйшілердің күйін тыңдап, қазақтың ақындық, өнерпаздық ерекшеліктерін жоғары бағалады. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық дарынын ол ұлттық мәдениетіміздің негізі деп түсінді. Ол ұлттық мәдеииетті дамыту үшін, мемлекеттік дәрежеде ұлағатты ұйымдастырушылық жұмыстар қажет деп, сондай игілікті жұмыстардың ұйымдастырылуын армандады.
Ұлтының келешегін ойлаған ғалым орыс шенеуніктері ұсынған сот реформасының қазақ елінің ішкі жағдайы мен ұлттық қүрылымына сәйкес келмейтінін дәлелдеп, оны қатты сынады. Әсіресе ел билеу (хандық жүйе), барымта, құн төлеу, әменгерлік сияқты өзіндік ұлттық ерекшеліктері бар құқықтық жүйені бұзу елге қиянат екенін басып айтты. Ол қазақ әкімдерін "патша өкіметі жоғарыдан сайламасым, халықты басқаратын адамдарды халықтың өзі сайласын" деді.
Шоқан халықтың көне мұраларын қадірлеудің қажеттілігін отаршыларға да, ел басшыларына да ескертіп отырды. Ол Самархан, Ташкент, Ферғанадағы кітапханалар мен обсерваториялардың, архитектуралық көне ескерткіштердің күтімсіз қалып, жойыла бастағанына қынжылды.
Шоқан 1862 жылы өзінің досы Ф.М.Достоевскийге жазған хатында Атбасар округіне аға сұлтан болуға талпынғанын, өкімет билігі қолға тисе, казақ байлары мен әкімдерін тәртіпке шақырып, ауылдарда өкімет каржысымен орыс-қазақ мектептерін ашып, қазақ балаларын тегін оқытпақ болғанын жазады. Бірақ орыс шенеуніктері мен қазақтың баққұмар сұлтандары түрлі өсек-жаламен қаралап, Шоқанды сайлатпай тастады.
Шоқан халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарындағы озық үлгілерді мәдени мұра етуді мақсат тұтып, надандыққа қарсы күрес ашты. Ол бодандыктан құтылу жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттык, мәдениетті дамытудан іздеді. "Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тез сөнген" қазақ ғалымы өз халқының болашағына сеніммен қарап, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүр-лерін бағалай біліп, ұлтының ұлы қасиеттерін дамыта беру қажет екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді.
Шоқан Уалиханов өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетіне, діни көзқарасына терең көз жібере зерттеп, оны орыс, батыс зиялыларына таныстыруды мақсат етті. Ол шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, діни наным – сенімдерін, фольфлорлық шығармаларының шығу тарихы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге арнап «Сібір қарамағындағы қазақтары» туралы очерктер жазды. «Қырғыздың Манас жыры туралы», «Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдығы» т.б. деген еңбектер жазды.
Шоқан өзінің «Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдықтары» атты еңбегінде қазақтар мен қырғыз жұртының арасында шаман діннің ұзақ уақыт бойы ислам дінімен қатар өмір сүріп келе жатқанына, тіпті бұл жұрттардың дінге деген сенімінің онша күшті емес екендігіне назар аудартады. Шоқан шаман дінін ұстаушылар табиғатқа табынғанды жақсы көрген дейді. Олар айды көріп: «… Ай көрдік, аман көрдік, ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа!» -деп қол жайып, бата жасаған.
«Шоқан қазақ арасында аруаққа сыйынушылықтың күшті екенін, олардың қысылған кезде өзіндік әулиелеріне сыйынып, ата – бабаларының аруағын шақыратынын, сәті түскен істің бәрін әруақтың қолдап жебеуінен деп қарайтынын, өлген адамның басына зират ету, ескерткіш орнату, мал сойып, тасаттық беру дәстүрінің бірі аруақты қастерлеуден туған ырымдар екеніне тоқталады» [12,5] Бұл дәстүр қазақтарды бүгінгі күнде де сақталып, ата – бабалардың адамгершілік-имандылық қасиеттерін ардақтап, еске алу, жастарға олардың еңбектерін үлгі етіп отыратыны белгілі.
Ш. Уәлиханов ел ішіндегі діни наным – сенімдердің күшті кезінде өмір сүргеніне қарамастан, қараңғылық пен надандыққа қарсы ашты, қай халықтың болмасын, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарындағы озық үлгілерін ортақ мұра етуді мақсат етті. Ол мәдениет пен ғылымды бүкіл адам баласының ортақ рухани байлықтың қайнар бұлағы деп қарады.
3.Ы.Алтынсариннің ағартушылық-
Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарын Қостанай өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, 9 жасында (1850 жыл) Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп , сондағы шекара комиссиясында қызымет істеген белгілі Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады.
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында
терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі
Қостанай облысының аумағында дүниеге
келді. Әкесінен ерте айырылған ол атасының
— белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршинның
қолында тәрбиеленеді. Ыбырай бала кезінен
бастап білімге және өз бетінше оқып білуге
бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей
қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып
тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде
шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен жақын
танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасын
Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына
рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген
үстіне біле түссем деген құмарлық пен
өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем
деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың
өмірлік ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбек сүйгіш
еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.
Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға
талпынды.
1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы
жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді.
Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде
еркін сөйлей білді. Кейінірек халық ағартушысы
ретінде өз білімін өзінше оқып, арттыра
түсуді белсенді түрде жалғастыра түсті.
Дүние жүзі әдебиетінің классиктері У. Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М. Лермонтовтың,
Ғ. Низамидің, А. Фирдоусидің, Ә. Науаидың
шығармаларын зор зейін қойып оқыды. Ы.
Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының
қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы Я. Коменскийдің
еңбектерімен таныс болуы игілікті әсерін
тигізді. Ы. Алтынсарин орыстың көрнекті
демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А.
Добролюбовтың, А.И. Герценнің және басқалардың
шығармаларымен де таныс болды.
Мектепті бітіріп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының
қол астында кеңсе қызметкері болып істеді.
Осы жылдар ішінде ол өз халқының сауатын
ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін
жете түсінді.
Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).
Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.
Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.[
Информация о работе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы этнопедагогикалық ойлар