Халыктык педогигика

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 10:02, реферат

Описание работы

Педагогика - акиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық окиғаларды жалпылама түрде ғана "көшіре" салмайды, ол әрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды анықтайды, тәрбиенің болашағын көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

Педагогика.docx

— 18.61 Кб (Скачать)

   Педагогика - акиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін  және объективтік дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын  философия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын  зерттейді. Диалектиканың қағидаларын  басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық окиғаларды жалпылама  түрде ғана "көшіре" салмайды, ол әрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды анықтайды, тәрбиенің болашағын көрсетеді.

   Педагогика  – диалектикалық  материализмнің оқиғалармен  өзара жалпы байланысы жөніндегі қағидасын қоғам өмірінің басқа да оқиғаларымен органикалық байланыста қарастырады.

   Педагогика  ғылымы - қоғамдық құрылысқа, жаңа жағдайға сай адамның даму заңдылығын зерттейді. Педагогика ізгілікті демократиялық  тәрбиенің мәнін ашып, қоғам үшін қажетті білім жүйесін жан-жақты  жарасымды жетілген еңбекке негіздеуді, зерттеуді міндеттейді. Біздің елімізде тәрбиенің, білім берудің, оқытудың бір ізді жүйесі құрылған.

   Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту процестерінің  заңдылықтарын зерттейтін ғылымға  жатады.

   Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық  және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық  құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің  басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.  

   1. Педагогика – үнемі дамып отыратын  ғылым. Тәрбие мен білім берудің  барлық салаларына ғылыми болжам  жасау мақсатында және негізгі  мәселелерді ғылыми – теориялық,  тәжірибелік жағынан терең талдау  үшін педагогика ғылымында мынадай  зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады.    
 

   Ғылыми танымдық процесс бір-бірімен байланысты таным объектісі, субъекті немесе педагог  зерттеуші деген екі бөліктен тұрады.

   Ғылым өз пәнін  үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту  мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық жөне эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады:

   Педагогикалық бақылау.

   Бақылау баланың  мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда  көруге мүмкіндік береді.

   Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар  алады. Байқағыштық – педагогикалық  біліктіліктің көрсеткіші.

   Л.Н. Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген.

   Бақылау нәтижелерінің  дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің  бәрінің қатысуына байланысты.

   Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.

   Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс  мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.

   Бақылау - еңбек  операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі кызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды  талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. "Нақты  пайымдау" ой елегінен өткізумен  байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі  педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі  құбылыстарға түзетулер енгізіледі.

   Бакылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент  барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.

   Зерттеушінің  зерттеу объектісімен байланысына  қарай тікелей, жанама, ашық, жабық  бақылаулар болады.

   Бақылаудың  бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.

   Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын жоғары сынып окушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы, зерттеушінің дайындығына байланысты.

   Ұжым болып  бақылау кезінде біріншісі - зерттеуші  мұғалімнің іс-әрекетін, екіншісі - оқушылардың, үшіншісі - жекелеген оқушылардың  іс-әрекетін белгілейді.

   Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын  жерлеріне енуге мүмкіндік беретін  өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен  өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап  жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің  дұрыстығы педагогикалық процестің  табиғилығына байланысты.

   Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап  тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу  үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан  жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді.

   Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған  мәліметтер оқиғаның толық суретін  береді.

   Үздіксіз  бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады.

   Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық  құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші  сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу. Объектілері - оқушының мәдениеттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б.

   Педагогикалық құбылысты бөліп алып бақылау  ғылыми жұмыстың міндетіне байланысты.

   1. Алдымен  бақылау объектілері бөлініп,  бақылау арқылы түскен мәліметтерді  хаттамаға жазуға болады. Күнделік, алдын-ала әзірленген кестелер  қолданылады, оларға оқушылардың  іс-қимылдары, т.б. жазылады. Бақылау  материалдары дәл жазылуы керек.

   Ал педагогикалық  процесс мүшелерінің іс-қимылдары  туралы объективтік деректер беретін оларды үнтаспаға жасырын түрде жазу, фотоға түсіру, киноға түсіру. Арнайы дайындықты талап ететіні - киноға түсіру. Материалдарды бірнеше рет еске түсіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдар. Жасырын жазба кезінде зерттеуші әдеп сақтау керек. Сондықтан алыстан басқарылатын магнитофон қолданған жақсы. Бірақ қандай жағдайда да бақылау әдісі шектеулі мәлімет береді, сондықтан оны басқа әдістермен ұштастырған жақсы.

   Оқушыларды  мектеп бітірген соң бақылау, мұғалімдердің жұмысының сапасы туралы ақпарат береді.

   Бақылауға болатындар:

   -   Оқушылардың жауаптары немесе өздік іс-әрекеттері;

   -   Өзара қарым-қатынасы;

   -   Педагогикалық процеске қатысушылар.

   Бақылау көмегімен іс-әрекет мотивтерімен, мәнді байланыстырады, ал ақыл-ой шамасын, сезім түрлерін білуге болмайды.

   Көп уақытты, талдау жұмысын талап ететін ізденіс - бақылауы.

   Сонымен, бақылау жұмысы зерттеу жұмысының тақырыбына сай жүргізіледі. Оның бағдарламасына объект, мақсаты, жоспары жазылады. Нәтижелері белгіленеді. Қорытынды пікірлердің дұрыстығына жету үшін басқа әдістерді де қолдану керек.

   Эмоциялық алғырлығы, қайырымдылығы, тапқырлығы белгілі бір іске қабілеттілігі сияқты жеке қасиеттерімен көзге түскен оқушыларға бақылау жасау да мұғалімнің тәрбиелік ісіне қызықты материалдар береді.

   Әрбір балаға мұқият назар аударып, бақылап отыру керектігін мұғалім естен шығармауы тиіс.

   Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата-аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады. Жазулар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі. Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сыныптан тыс сабақтың кезінде барлығын түгел жазып отыруға мұғалімнің уақыты жоқ. Дегенмен, қысқаша жазып отыру керек болады. Оқушылардың айтқан сөздерін, олардың сөздерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сөзбе-сөз жазған жөн.  

Информация о работе Халыктык педогигика