Француз революциясы кезіндегі педагогикалық иделар мен жобалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:24, доклад

Описание работы

1789-94 жылдарда орын алған француз буржуазиялық революциясының негізгі күші қарапайым халық болды. Революция елдегі көптеген жағдайларға әсер етті, соның ішінде білім беру саласы да шет қалмады. Халық ағартушылыққа ұмтылды, білім алғысы келді. Бұған дейін феодалдар елді ұзақ уақыт бойы қараңғылықта ұстап келген болатын, 1790 жылдың өзінде Франциядағы ер адамдардың 53%, әйел адамдардың 73% сауатсыз болатын.

Работа содержит 1 файл

пед тарих.docx

— 16.75 Кб (Скачать)

Француз революциясы кезіндегі педагогикалық иделар мен жобалар

  1789-94 жылдарда орын  алған француз буржуазиялық революциясының  негізгі күші қарапайым халық  болды. Революция елдегі көптеген  жағдайларға әсер етті, соның  ішінде білім беру саласы да  шет қалмады. Халық ағартушылыққа  ұмтылды, білім алғысы келді.  Бұған дейін феодалдар елді  ұзақ уақыт бойы қараңғылықта  ұстап келген болатын, 1790 жылдың  өзінде Франциядағы ер адамдардың 53%, әйел адамдардың 73% сауатсыз болатын.

  Жаңа негіздегі мектептер салу елдің қызығушылығын оятатын. Бұл салада ұсынылатын жобаларға негізінен Руссо сынды француз ағартушылары, мен Дидоро мен Гельвеций секілді материалистердің идеялары тікелей әсер ететін. 1789-94 жылдарда буржуазия өкілдері халықтық білім беру саласында озық идеялар ұсынған болатын, алайда олар солайымен жүзеге аспады. Тек 1794 жылғы контрреволюциялық төңкерістен кейін билік басына келген реакциондық буржуазия халықтың көңілінен шығатын білім беру жүйесін енгізді.

  Сол кезеңдегі білім  беру саласындағы ең озық жобалар  Кондорсе мен Лепелетьенің жобалары  болды.

   Кондорсе  жобасы 

    Жан Антуан Кондорсе (1743-94) - көрнекті  философ, экономист, математик әрі физик. Ол Қоғамдық білім беру комитетіне өзінің жобасын ұсынған болатын.

Құнды пікірлері:

  • Халыққа білім беру- мемлекеттің міндеті, ол барлық азаматтарға қатысты болу керек.
  • Білім алу жалпыға бірдей әрі ақысыз болуы керек
  • Жынысына қарамай барлық жастарға білім берілуі тиіс
  • Мектептерде дін сабағы өтілмеуі керек деген ойларды алға тартты.

 

Кондорсенің ұсынған жобасы бойынша мектеп жүйесі:

1)Бастауыш мектеп:

- Білім  беру мерзімі төрт жыл

- Оған ата-анасының мамандығы  мен сословиесіне қарамай барлық  ұлдар мен қыздар білім ала  алады.

- Бұл мектептер халық  саны 400-ге жететін барлық елді  мекендерде ашылған.

- Оқыту программасына:  оқу, жазу, грамматика мен арифметиканың  элементарлық түрі, геометрия бастамасы,  ауыл шаруышылығы мен қолөнершілікпен  танысу  секілді пәндер кірген.

2) Екінші сатыдағы мектеп

- білім беру ұзақтығы үш жыл

- Ол халық саны 4000-ға  жететін барлық қалалар мен  округтарда ашылған.

- Оқыту программасына:  математика, жаратылыстану, сауда  жөніндегі элементарлық білімдер, мораль принциптері мен қоғамтану  пәндері енген.

- Әрбір мектептің өзіндік  кітапханасы, машиналар моделі орнатылған, метеорологиялық бақылауларға арналған құрылғылар орнатылған кабинеттері болуға тиісті.

 3) Институттар

-Жастар орта білімін аяқтап алдағы өмірге керекті мамандықты игеріп шығатын оқу орны.

-Оқу мерзімі 5 жыл

-Кондорсе оны бүкіл елде тек 110-ын ашуды ойластырған.

-Оқытылатын пәндерге: мамандығына  қарамастан барлық адамға пайдалы  болатын ілімдер мен ауыл шаруышылығы,  механика, әскери іс, медициналық  білім секілді пәндер кірген.

4)Лицей – ең жоғарғы оқу орны.

-Бүкіл Францияда тек он бір лицей ашу көзделген.

Кондорсе жобасының кемшіліктері:

-Жобада көбіне халықтың  мүддесі емес, буржуазияның мүдделері  көзделді.

-Оқушыларды материалдық  жағынан қамтамасы ету проблемасы  шешілмеді.

Кондорсенің жобасы заң шығарушы жиналыспен қарастырылғанмен қабылданбады, алайда  1793 жылы 30 мамырда Конвент негізіне Кондорсе жобасы алынған декрет қабылдады.

Лепелетье жобасы

  Луи Мишель Лепелетье (1760-93)-  аристократ отбасынан шыққан, алайда соған қарамастан көқарасы бойынша якобиндықтарды жақтап, тіпті корольді өлім жазасына кесуді жақтап дауыс берген. Соның салдарынан корольдік гвардияның офицерінің қолынан қаза тапқан. Оның  өлімінен кейін ағасы Лепелетьенің жобасын білім беру жайлы жаңа заң дайындау комиссиясына көрсетеді.

Лепелетье өз жобасында білім берудің шынайы жалпыға қол жетімділігін орнату тілегі айқын көрсетілген. Осы себептен ол ұсынғаны ұлттық тәрбиелеу үйлерін салуды ұсынды. Лепелетье жобасы бойынша:

-Ұлттық тәрбиелеу үйлері  конфискацияланған дворяндардың  үйлері мен монастырьларда орналасу  керек

-Онда барлық 5-12 жас аралығындағы ұл балалар мен 5-11 жас аралығындағы қыздар тәрбиеленуге тиіс болатын.

-Әрбір «үйде» 600-дей бала оқытылады.

-Тәрбие үйлері облысқа біреу, ауылдарға біреуден салыну керек.

-Ондай үйлер байлардан  алынатын салықтың есебінен қамтамасыз  етіледі.

-«Үйлерде» қызмет көрсетушілер  болмайды, барлық жұмысты балалардың  өздері атқару тиіс.

-Тәрбие үйлерінде балалардың  дене тәрбиесіне көңіл бөлінеді.

-Онда оқытылатын пәндер: жазу, санау, геометрия, мораль, ауыл  шаруашылығы мен үй шаруашылығы  және т.б.

  Лепелетье жобасының  басты кемшілігі ол утопиялығында. Ол ұлттық тәрбие мектептерін құрып, кедейлердің балаларын байлардың ақшасына оқыту қоғамдағы теңсіздікті жоятынына сенді.

1973 жылдың 13 тамыында Лепелетье жобасы қабылданады, алайда онда өзгеріс енгізіледі. Ол өздгеріс: Ұлттық тәрбиелеу үйлеріне балаларды жатқызып оқыту міндетті емес, келіп-кететін оқушыларға да арнап мектептер ашылуға тиіс болады. Алайда бұл шешім де сол жылдың қазанында теріске шығарылады. Лепелетье жобасының тағдыры сол кедегі Конвенттің үлкен бастамаларының көбісі соңына дейін бармағанының айғағы болып табылады.


Информация о работе Француз революциясы кезіндегі педагогикалық иделар мен жобалар