Ес және зейін

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 15:23, реферат

Описание работы

Ес деген проблемамен адамзат өте ерте заманда айналысқан. Мысалы: Өткен ғасырдағы ғалымдар Аристотель, Платон ес проблемасымен айналысып, адам баласы пассивтік жағдайдан активтік жағдайға өткенде ес көрініс беретінін анықтады.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.

Содержание

1. Ес туралы түсінік.
2. Ес теориялары.
3. Естің түрлері.
4. Ес процесстері.
5. Естің дара ерекшеліктері.

Работа содержит 1 файл

Ес және зейін.doc

— 87.50 Кб (Скачать)

   Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіргендіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына байланысты.

   Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабығының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың   оптималдық   ошағының   жасалу   заңдарына   сүйенеді. Мәселен, "Балалар, дұрыстап отырыңдар, қане, қолдарыңды партаға қойып, маған қараңдаршы!" деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады [5, 91 б].

   Әйгілі физиолог, ғалым А.А.Ухтомский (1875-1942 жж.) ми қызметінің заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте түседі.

   Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейіндік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.

   А.А.Ухтомский  өзіне дейінгі ашылған жүйке  орталықтарының жұмыс принциптері  рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы үрдісті бейнелейтін жүйенің тарихының жоқтығы.

   Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы  реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал А.А.Ухтомский құрған еңбек физиологиясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда дамытылып келді. Ол доминантаны жалпы маңызы бар жұмыс принципі ретінде қарастырды.

   Соның нәтижесінде доминанта жүйесін  қарастырушы фактор ретінде А.А.Ухтомскийге  көптеген күрделі сұрақтарды: мидың  интеграциясын және тұтастығын ғана емес, қылықты да, жеке адамның рухани өмірінде, жалпы адамзатты тұтастай - психология және социология деңгейінде шешуге көмектесті. Осы айтылғандар А. А. Ухтомскийдің жекелік сапасында өзінің зерттеулері мен қызығушылықтарын жалпы адамзат міндетімен ұштастыратынын дәлелдейді.

   А. А. Ухтомский       доминантаның       психологиясы       мен физиологиясының ара қатынасын төмендегіше түсінді: бір жағынан сана өз әрекетін кортикалдық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын өңдейтін доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта - орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады [5, 92 б].

   Қазіргі кезеңде А. А. Ухтомскийдің доминанта принципін және И. П. Павловтың шартты рефлексін теориялық-экспериментальдық жоспармен жақындатып зерттеуші А. С. Батуев доминанттық принциптің маңыздылығына ерекше назар аудара: дәл жетекші мотивация (өз бетінше емес соңгы пайдалы нәтиже) деді, ал П. К. Анохиннің пікірі бойынша, доминанттық принцип іс-әрекетті анықтайды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

  1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
  2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
  3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
  4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
  5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
  6. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
  7. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
  8. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
  9. Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
  10. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
  11. Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

Информация о работе Ес және зейін