Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 03:20, доклад
Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы — ұстаз қолында. Шындығында да ұлағат — ұстаздан, өз шәкіртін ақыл-парасатқа, еңбек пен ғылымға, білімге баулу үлкен қажыр-қайратты, табандылық пен жігерлілікті қажет ететіндігі сөзсіз. Қазақстан тәуелсіздік жолына түскеннен бергі жеті жыл ішінде республиканың ұлттық білім жүйесінде бірқатар игілікті де ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Көпшілікке белгілі реформалардың алғашқы кезеңінде егемен елдің білім жүйесінің заңдық негізі жасалды, алғашқы" Білім туралы" Заң қабылданып, іске қосылды. Жасыратыны жоқ, өзге салалардағы сияқты еліміздегі өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономиқалық жағдайдың қиындауы білім жүйесіне де ез әсерін тигізіп отыр. Республика білім жүйесінде орын алып отырған қиын түйіндердің шешімін табу мақсатында білім қызметқерлерінің I құрылтайы болды.
1) Кіріспе
а) Елдің болашағын білімді ұрпақ айқындайды.
2) Негізгі бөлім
а) Болашақ ғасыр қазіргі заманнан өзгеше болады.
ә) 21 ғасыр қарыштап дамыған – білім ғасыры.
б) Білім жүйесіне қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету.
3) Қорытынды
а) Қазақстан ғылымы ғасырлар тоғысында: ұлттық даму моделі.
1) Кіріспе
а) Елдің болашағын білімді ұрпақ айқындайды.
2) Негізгі бөлім
а) Болашақ ғасыр қазіргі заманнан өзгеше болады.
ә) 21 ғасыр қарыштап дамыған – білім ғасыры.
б) Білім жүйесіне қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету.
3) Қорытынды
а) Қазақстан ғылымы ғасырлар тоғысында: ұлттық даму моделі.
Қазақстандағы
білім беру перспективалары және
шетелдегі білім берудің
Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы — ұстаз қолында. Шындығында да ұлағат — ұстаздан, өз шәкіртін ақыл-парасатқа, еңбек пен ғылымға, білімге баулу үлкен қажыр-қайратты, табандылық пен жігерлілікті қажет ететіндігі сөзсіз. Қазақстан тәуелсіздік жолына түскеннен бергі жеті жыл ішінде республиканың ұлттық білім жүйесінде бірқатар игілікті де ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Көпшілікке белгілі реформалардың алғашқы кезеңінде егемен елдің білім жүйесінің заңдық негізі жасалды, алғашқы" Білім туралы" Заң қабылданып, іске қосылды. Жасыратыны жоқ, өзге салалардағы сияқты еліміздегі өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономиқалық жағдайдың қиындауы білім жүйесіне де ез әсерін тигізіп отыр. Республика білім жүйесінде орын алып отырған қиын түйіндердің шешімін табу мақсатында білім қызметқерлерінің I құрылтайы болды.
Бүгінгі таңда бүкіл еліміздің алдында тұрған міндеттердің аса ауқымды, әрі сан салалы екендігі бәрімізге мәлім. Соның ішінде, әсіресе, педагогтарға жүктелген міндет аса абыройлы, әрі жауапкершілігі аса зор міндет дер едім. Өйткені еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздың қолында. Өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, елімізді ертеңгі күні күллі әлемге көрсететін келешек ізбасарларымызды қалай тәрбиелейміз, оларға сапалы білімді қалай береміз? Бүгін, міне, нақ осы бағытта алда тұрган ауқымды міндеттерді, көкейкесті мәселелерді шешу үшін ақылдасу, ой бөлісу, тәжірибе алмасу біздің міндетіміз.
Елбасы республика білім саласы қызметкерлерінің назарын бүгінгі таңдагы қиыншылықтарды еңсеру мәселесімен қатар, алда тұрған іргелі міндеттерге, ең бастысы ұстаз жауапкешілігіне аударды. Келер күндер жүктеп отырған тапсырмалардың өз деңгейінде орындалуы әрбір адамның жауапкершілігіне тығыз байланысты. Егер әркім — үлкен бол, кіші бол, өзіне тапсырылған іске жауапкершілік таныта білсе — қандай істің болмасын шешімі табылғаны.
Болашақ ғасыр қазіргі заманнан өзгеше болады. Онда ұлттық-мәдени әлеует мумкіндіктерінің рөлі өсіп, жаңа гасырда пайда болатын жаңа технологиялар мен білімнің орасан зор көлемдегі даму процестерінің арта түсетіні — XXI ғасырды қарыштап дамыған білім ғасыры деп бағалай беруімізге болатындығын көрсетеді. Ал келер ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап даму кезеңі болмақ. Сондықтан да "Білім жүйесіне қызмет ету — еліміздің болашағына қызмет ету". Еліміздің келешегі — мұнай мен газға, ірі өндірістік алыптарга ғана емес, жас үрпаққа беретін білім сапасы-на да тығыз байланысты. Өзіміз білетіндей, Қазақстан соңғы жеті жылда бірқатар өзгерістерге үшырады. Білім жүйесі де өзгеріссіз қала алмады. Қазір көптеген іргелі жұмыстар шешілді, сондықтан да білім жүйесіндегі әралуан эксперименттерді тоқтататын уақыт жетті. Кез келген эксперимент, сынақ өзін-өзі ақтамаса, онын пайдасынан зияны мол болатыны ,ақиқат. Бізде қазірдің өзінде үлттық орта және жоғары мектептің салмақты базасы бар. Бір сәттік, алдамшы жетістік соңынан жүгіргеннен гөрі, қолдағы барды ұқыпты пайдаланған жөн.
"Қазақстан — 2030" бағдарламасында білім жүйесіне баса назар аударылып, оның мемлекеттік маңызды салалар қатарына қойылуы тегіннен-тегін емес.Қазақстан келесі ғасырға ғылыми қуат-күші мол, іргелі де мықты мемлекет ретінде енуі қажет және бүл багытта жүзеге асырылып жатқан ауқымды іс-шаралар мол. Сондай игілікті жұмыстың бірі — Елбасының тікелей бақылауымен мектеп жасындағы балалардың түгелдей оқумен қамтылуы. Биылгы жаңа оқу жылында республика мектептеріне 21 мың бала қайтадан келіп отырды. Президенттің жеке тапсырмасы бойынша республиканың барлық мектеп-терінде түрмыс жагдайы төмен отбасылардың балаларын қоллау мақсатында арнаулы қор құрылды. Республика білім жүйесінде іске асырылып жатқан бағдарламалардың бірі — білім жүйесін 2002 жылға толықтай ақпараттандыру Биылғы жылдың аягына дейін бір жарым мыңнан астам мектеп компьютерлік комплектілерімен қамтамасын етілетін болады. Бұл жерде ескере кететін жайт — компьютерлік комплектілердің құрамында осы заманғы компьютерлерден өзге физика, химия, лингафон кабинеттері үшін қажетті жаб дықтар, бейне жабдықтар, ауылдық мектептерге энергия қуатын үздіксіз беруге қажет болатын генераторлар бар.
Мұнымен қоса, орта мектептерге арналған жаңа буын оқулықтарын дайындау жұмысы жүргізілуде. Онда біздің мәдени, рухани құнды дүниелерімізбен бірге өткен тарихи мұраларымыз, жоғары адамгершілік асыл әдет-гұрпымыз, мақсат-мүраттарымыз өзінін шынайы бейнесін табады. Тек қана осы мақсатқа бюджеттен жыл сайын 1,5 миллиард тенге мөлшерінде қаржы бөлінуде. Бірақ бүл бағытта қол жеткен жетістіктермен бірге, олқылықтар да жоқ емес. Қазақстандық жаңа оқулықтармен мектептер әлі толықтай қамтамасыз етілген жоқ. Негізгі себеп қаржы жетімсіздігінде, бірақ бүл мәселе алдағы уақытта өз шешімін таппақ.
Әрине барлық қазақстандық балалар үшін орта білімнің бірыңғай базасы болуы тиіс Бірақ мұнда кем дегенде екі жағдайды естен шығармаған жөн. Ең алдымен, бала мен оның ата-анасының талап-тілегі ескерілуі қажет. Екіншіден, балалардың қабілет деңгейі де ескерілгені жөн. Мәселен, ғылымға, өнерге икемділігі ерекше шәкірттер. бар. Сондықтан да ондай оқушыларды жоғары білімге дайындау қажет. Ал, өзгелер — арнаулы колледждерде оқығысы келеді. Сонымен бірге, бүгінгі уақыттың мүлдем бөлек, жаңа кезең екендігі, оның түбірімен өзгергендігін де естен шыгармаудың маңыздылығы ерекше. Бүгінгі күні диплом емес, нақты терең білім қажет. Түсіне білген адамга қазіргі уақыттың талабы тым жоғары әрі қатал. Әркім өзінің кәсіптік дайындығының деңгейімен гана бағаланады. Бір сөзбен айтқанда, таңдауды уақыттьң өзі жасайды. Бір қүптарлыгы орта білім жүйесінде соңғы уақытта бірқатар он өзгерістер жүзеге асырылуда. Биылғы оқу жылында жаңадан 9 мектеп, 3 мектеп-интернат, мамандандырылған арнаулы 5 мектеп ашылды. Сондай-ақ, 40-тан астам білім ұясы қайтадан қалпына келтірілді.Олардың арасында ауылдық мектептер, кәсіптік-техникалық училищелер мен мектепке дейінгі мекемелер бар. Бұл бағытта Үкіметтің "Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында да іргелі ізденіс айқын аңғарылуда. Мәселен, Астанада Ұлттық музыка академиясы, Атырауда Мұнай және газ институты ашылды. Бірқатар мемлекеттік жоғары оқу орындарын біріктіру есебінен олардың саны азайтылды. Мұның өзі білім беру са ла сын қаржыландыруға ж ұмсалатын шығынды белгілі бір дәрежеде үнемдеуге көмектеседі.
Республикада жаңадан қанат жайып келе жатқан жеке білім мекемелері және олардың алдыңда тұрган проблемалар туралы айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: білім саласындағы жеке-меншік сектордың жұмысына қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік органдар жекеменшік оқу орындарын еліміздің біртұтас білім беру жүйесінің қүрамдас бөлігі ретінде әлі жеткілікті деңгейде қабылдамайды. Сондықтан да «Білім туралы» Заңда жекеменшік жоғары оқу орындарын мемлекет тарапынан қолдау қажет деп есептеймін. Жекеменшік мектеп гимназия, лицейлерді жергілікп бюджеттен қаржыландыру мәселесін ойластыру керек. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының бос тұрған ғимараттарын тендер арқылы оларға берген жөн. Және олардың қатары аз емес. Тағы бір айта кететін жайт жекеменшік және мемлекеттік мекемелердің ынтымақтас-тығы назар аударуға тұрады. Мұнымен бірге жекеменшік білім мекемелерінде мемлекеттік оқу орындарындағы сияқты. Мемлекеттік стандарт талаптарына қатаң бақылауды күшетудің маңызы үлкен.
Мемлекет тарапынан жас талантт
"Біздер қаржыландыру
Елбасы өз сөзінде республика білім жүйесі қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселесіне де баса назар аударды. Республика Үкіметі барлық деңгейлердегі білім беру жүйесі қызметкерлеріне енбекақы төлеуді жетілдіру және сағаттық жүкті азайту жөніндегі шараларды шұғыл қабылдауы тиіс деп санайды Президент, 1999 жылға арналған республикалық бюджетте жоғары оқу орындарында ғылымды дамытуға жұмсалатын қаржыны бөліп көрсету, орта білім беру жүйесін қаржыландыруды жақсарту керек. Сонымен қатар Үкімет, облыс әкімдері, Алматы мен Астана қалаларының ,әкімдері мұғалімдердің тұрмыстық жағдайын, атап айтқанда тұрғын үй мәселесіндегі қиыншылықтарына қол ұшын беріп, олардың жағдайын жақсартуга, ең бастысы жалақыны уақтылы беру жөнінде шұғыл шаралар қабылдауы қажет. Қазақстан халқына өз Жолдауымда, — деді Н. Назарбаев, — Үкіметке, облыс өкімдеріне жыл аяғына дейін жалақы жөніндегі қарызды толық өтеу жөнінде нақты нұсқау бергенмін. Халықтың адал еңбекпен тапқан ақшасын халыққа уақытында қайтару керек. Әсіресе, бала оқыту сияқты бейнеті мол жұмыс атқаратындардың қаржысы кешіктірілмегені дұрыс.
Ұлы тұлға — ұстазға деген құрмет пен ықылас ерекше. Еліміздің білім жүйесін одан әрі нығайтуға жөне жетілдіруғе мүдделі екендігімізді ашып айтқан жөн.
Еліміздегі әлеуметтік-
Қазақстан ғылымы ғасырлар тоғысында: ұлттық даму моделі. Республика білім беру жүйесінің қазіргі тыныс-тіршілігі, білім беру жүйесін реформалау және оны одан әрі жетілдіру мәселелеріне кеңінен тоқталуымыз керек. Сонымен бірге шалғай ауылдағы шағын мектептердің жұмысын жандандыру, олардың тағдырына жанашырлық пен қамқорлық жасауымыз керек. Ұлт болашағын қамтамасыз ету әрбір саналы азаматтың саналы борышы. Демек, ұлтымыздың рухани жаңаруы кезек күттірмейтін іс.
Информация о работе Елдің болашағын білімді ұрпақ айқындайды