Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 20:54, доклад
Дидактика – педагогиканың маңызды бір саласы болып табылады. Дидактика гректің екі сөзінен алынған: «didaktikas»- оқытушы, «didasko»-оқушы. Бұл ұғым оқыту немесе үйрету деген сөздерді білдіреді.
Дидактика ғылыми пән ретiнде: ғылыми-терминологиялық аппараты
Дидактика – педагогиканың маңызды бір саласы болып табылады. Дидактика гректің екі сөзінен алынған: «didaktikas»- оқытушы, «didasko»-оқушы. Бұл ұғым оқыту немесе үйрету деген сөздерді білдіреді.
Бұл ұғымды
ғылымға неміс педагогы
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.
Дидактика
әрі теориялық, әрі қолдаңбалы
ғылым болғандықтан ғылыми –
теориялық және қолдаңбалы
Дидактика
педагогиканың жалпы
Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны – өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірбиесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметтері
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш – қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс – әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана – сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың
психологиялық, педагогикалық
Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп, арта түседі.
Оқвтудың
міндеті – оқушыны айнала
Оқытуда
ғылым негіздерін оқып
Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыры білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субьекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту – баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту – бала дамуының алғышарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады.
Оқушының
жалпы психикалық дамуы –
Оқыту – екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекет болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қаматамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.
Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл – ойы мен творчествалық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көзздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру. Білім беру ғылым негіздеріне сәйкес оқушыларды нақты фактілермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етеді.
Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту.Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат – міндеттері, мазмұны мен тәсілдері анықталады.
Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана – сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Жоспары:
1. Дидактика пәні және оның категориялары.
2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері.
3. Оқыту процесінің атқаратын қызметтері.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Дидактика ғылыми пән ретiнде: ғылыми-терминологиялық аппараты