"Бірге ойнаймыз" ата-аналар жиналысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 18:41, практическая работа

Описание работы

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына келгендеріңізге өте қуаныштымыз.
Балаларымыздың балалық шағы бақытты болуы үшін, олардың өмірінде ойын негізгі орында болу керек. Баланың балалық шағында ойнау қажеттілігі бар, сол қажеттіліктерді қанағаттандыруымыз қажет, өйткені бала ойын арқылы үйренеді, өмірді танып біледі.

Работа содержит 1 файл

Бірге ойнаймыз.docx

— 17.06 Кб (Скачать)

«Бірге  ойнаймыз» ата-аналар жиналысы.

Жиналыс барысы.

1-бөлім.

  1. «Жылулық шеңбері»  психологиялық треннинг.

      2. Кіріспе.

     Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына келгендеріңізге  өте қуаныштымыз.

       Балаларымыздың балалық шағы  бақытты болуы үшін, олардың өмірінде  ойын негізгі орында болу керек.  Баланың балалық шағында ойнау  қажеттілігі бар, сол қажеттіліктерді  қанағаттандыруымыз қажет, өйткені  бала ойын арқылы үйренеді, өмірді  танып біледі.

     «Бірге  ойнаймыз» атты әңгімемізді ашық пікірталас түрінде жалғастырайық.

3. Пікірталас «Баланың  ойындарын басқару  керек пе?»

Бейне материалға жазылған балалардың жауабы:                                                              Сендер ойнағанды жақсы көресіңдер ме?                                                                                Үйде қандай ойындар ойнайсыңдар?

       Ата-аналарға сұрақ: «Баламен бірге ойнап,                                                                   ойындарын басқару керек пе?»

     Түйіндеу. Сәби жасынан бастап баламен бірге ойнамай, ойынын басқармаса, онда баланың өздігінен ойнау және басқа балалармен ойнау дағдысы қалыптаспайды.Ондай балалардың ойыны мақсатсыз болады. Ойыншықтарға басқа қолданыс таппай, ойыннан тез жалығып, жаңа ойыншықтарды сұрай бастайды.   

     4.Баламен  қалай ойнау керек.

      Мектепке дейінгі жастағы баланың  ойыны үлкендердің қатысуымен  құрылған жағдайда ғана,  дамыту  құралы бола алады.

«Кокон» жағдаятын көрсету.

   Ойнау кезінде баланың ынтасын басуға болмайтынын есімізде сақтауымыз керек. Баламен бірдей ойнаңыздар. Ойнаған  кезде сарынмен сөйлеу керек, сонда  баланың сізге деген сенімділігі  күшейеді.                 

   Бала  күні бойы жалғыз ойнай алмайды, жалығып  кетеді. Сондықтан да , балның ойынына  күніне бірнеше рет қатысу керек, бұл баланың ақыл ойының дамып  жетілуіне ықпал етеді.

   «Зоопарк» ойыны.

5. Жаднамалармен жұмыс.

   Балаға  қандай ойыншықтар қажет?                                                                       Алдарыңыздағы  жаднамаларды оқып, өз ойларыңызды айтыңыздар. Ойыншық таңдаған кезде қандай қиыншылықтарға тап боласыздар. Сіздермен орындалған тармақтарды белгілеңіздер.

   Ата-аналарға сұрақ: Балаға ойыншық  таңдаған кезде нені ескеру қажет.  Сіздердің  ойларыңызша қандай ойыншықты жақсы  деп санауға болады?   

   Түйіндеу. Жақсы ойыншық дегеніміз не? Жақсы ойыншық ең алдымен қауіпсіз және баланың  жас ерекшелігіне  сай болуы керек.

   Ойыншықтар  әр-түрлі болған сайын, баланың ойыны  да түрлене түседі. Ойыншықтың 2-3 түрі болғаны жеткілікті. Біркелкі көп  ойыншық баланың қызығушылығын, тәжірибесін  шектейді, бір сөзбен айтқанда – дамуына кедергі болады.                                                                                                                          

   Ойыншықты сатып алмас бұрын, ол ойыншық  қандай ойындарға қажет екенін  балаңыздан сұрап алу керек. Әдейі  ұлдарға және қыздарға деп ойыншықтарды бөлуге болмайды. Қуыршақ, машина, конструктор  барлығына бірдей қажет.         

Қолдан  жасалған ойыншықтардың тәрбиелік  мәні өте зор. Балаңыздың  ермексаздан, қатты қағаздан ойыншық жасағаны өте жақсы. Бала өз қолымен жасаған  нәрселерін құрметтеуіміз  керек.   

                              «Ойыншық туралы тақпақтар,  жұмбақтар» сайысын өткізу

   6. Егер бала ойыншықтарын  жинамаса.                                                                               Жағдайат.                                                                                                                                         Таңертең бала ояна салысымен ойыншықтарын таба алмады. Анасы мен әкесі де оларды көрмепті. Олар баламен бірге алаңдап, ойыншықтарды іздесуге көмектесті. Әкесі кешке жақын почта жәшігінен хат алып шығып, ойыншықтар  баладан кетіп қалғанын айтты. Ата-анасы баласымен бірге уайымдап, ойыншықтардың оралуы үшін, оларға  жауап жазуға көмектесіпті. Содан бері күнделікті ойыншықтарды жинау міндеті мейірімділікке, қамқорлық көрсетуге  айналды.

     Ата-аналардың сауалнама  сұрақтарының жауаптарын  оқып беру:

   Балаңыз ойыншықтарды жиі  сындыра ма?                                                                           Ондай жағдайларда  сіздің әрекетіңіз?

   Бейне материалға жазылған балалардың жауабы тыңдалады:                                                      Ойыншық сынып қалғанда үйдегілер қайтеді?

   Ата-аналарға сұрақ: Балаларыңыз тиянақты ма? Ойыншықтарға деген қамқорлығын қалай тәрбиелеуге болады? 

   Түйіндеу. Ойыншықтарды күтіп ұстауға үйретіңіздер. Ойыншықтарды лақтыруға, сындыруға, қалай болса-солай ұстауға рұқсат етпеңіздер. Өздеріңіз де ондай  үлгі көрсетпеңіздер. Егер бала байқаусыз ойыншықты сындырып алса, лақтыруға асықпаңыздар. Баланың көзінше жөнделген ойыншық  жаңа ойыншықтан да қымбат болады.  

   «Еркелетіп  ата» ойыны.

   7. Ата-аналарға балаларды  ұқыптылыққа, ойыншыққа  деген                                       қамқорлығын тәрбиелегендері   үшін алғыс  білдіру.

   8.Сайыстар  жеңімпаздарын анықтау,  мадақтау.

    №1 сайыс « Ойыншық  туралы тақпақтар,  жұмбақтар». 

    № 2 сайыс. «Ең  үздік ойын бұрышы». 

    № 3 сайыс. «Шебер  қолдар».

   9.Қорытындылау. В.А Сухомлинский: « Балалық шақ атты таңғажайып әлеміне жолдама алу үшін, бір мезгілде балаға айналуымыз  қажет. Сонда ғана балалар сізді осы таңғажайып әлеміне кездейсоқ келген, осы әлемді күзететін, ішінде не болып жатқанында шаруасы жоқ күзетші ретінде  емес, дос ретінде қабылдайды» - деп айтқан.

   Қымбатты  ата-налар, осы таңғажайып әлеміне  қатал сыншы, күзетші болмай, ақылшы, көмекші, әріптес ретінде кірейік.Сізбен бірге ойнаған ойын, кез-келген ойыншықтан мың есе қызықты және пайдалы. Жүздеген таңқаларлық ойыншықтар сізбен ойнаған кезде алатын жаңға жағымды  әсердің орнын баса алмайды.

    10.Ата-аналар жиналысының  шешімі.

  • Ойыншықтарды  жөндеуде көмек көрсету.

( мерзімі:  күнделікті; жауаптылар: ата-аналар)

  • Үйде керегі жоқ, балалардың дала ойындарына қажет                                                         ойыншықтарды жинауға қатысу.

(мерзімі:  наурыз-сәуір; жауаптылар: тәрбиешілер,  ата-аналар.)

  • Қуыршақ театрына арналған ширманы дайындау.

(мерзімі:  қаңтар-ақпан; жауаптылар: ата-аналар )

  • Балалардың ойын-сауықтарына қатысу.

(мерзімі:  жылына 2-3 рет; жауаптылар: ата-аналар ) 

                                                   2-бөлім.

Балалар және Буратино әуенмен  залға кіреді.

     Буратино. Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, балалар?                                         Қараңдаршы, мына жерде қаншама ойыншықтар бар! Олар сондай әдемі, қызықты екен. Ойыншықтар сендерге ұнай ма? Оларды кім жасады? Сендердің ата-аналарың. Қане, алғысымызды білдірейік. Рахмет!

Балалар алғыс ретінде  «Кел, билейік» әнін орындайды 
 
 
 

Информация о работе "Бірге ойнаймыз" ата-аналар жиналысы