Білім және қоғам

Автор: l************@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 19:55, реферат

Описание работы

Білім қоғамы— КСРО кезіндегі бұқара халық арасында саяси және ғылыми білім негіздерін насихаттау мақсатында құрылған ұйым. 1947 ж. шілдеде Саяси және ғылыми білімдерді тарату жөніндегі бүкілодақтық қоғам болып құрылды, 1963 жылдан бүкілодақтық “Білім” қоғамы болып аталды.

Содержание

Білім қоғамының тарихы........................................................................3
.......... ...........6
Білімнің қоғамдық санадағы жаңашыл сипаттамасы.......................8
Пайдаланған әдебиеттер.................................................... ......................10

Работа содержит 1 файл

Ақпараттық қоғам.docx

— 26.17 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ 

  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Реферат 

  Тақырыбы: Білім және қоғам 

  Орындаған: Өтегенова Әсел 
 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Алматы 2011 
 
 

Жоспар 

  Білім қоғамының тарихы........................................................................3 

.......... ...........6 

  Білімнің қоғамдық санадағы жаңашыл сипаттамасы.......................8 

  Пайдаланған әдебиеттер.................................................... ......................10 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

"Білім" Қоғамы

Білім қоғамы— КСРО кезіндегі бұқара халық арасында саяси және ғылыми білім негіздерін насихаттау мақсатында құрылған ұйым. 1947 ж. шілдеде Саяси және ғылыми білімдерді тарату жөніндегі бүкілодақтық қоғам болып құрылды, 1963 жылдан бүкілодақтық “Білім” қоғамы болып аталды. Қоғам өз мақсатына сәйкес СОКП бағдарламасын жүзеге асыру, коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау, еңбекшілердің коммунистік көзқарасын қалыптастыру, оларды кеңестік патриоттық және интернационалдылық рухында тәрбиелеу, антикоммунизмге, бурж. идеологияға қарсы күрес жүргізу секілді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жоғары органы — 4 жылда бір рет шақырылатын съезд, съездер аралығында басқарушы органы — басқарма болды. “Білім” қоғамы 15 респ. және 20 автономиялық, 131 өлкелік, облыстық, округтік және 706 қалалық, қалалардағы 494 аудандық, 2804 селолық аудандық, 126 374 бастауыш ұйымдарды біріктірді. Оның құрамында 2319 мың мүшесі болды (1970). Қоғам мүшелері, негізінен, ғалымдардан, оқытушылар мен мұғалімдерден, партия, комсомол, кәсіподақ қызметкерлерінен, әр түрлі өнеркәсіп салаларындағы басшы қызметкерлерден тұрды. Олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу арқылы ел санасында коммунистік идеяның терең орнығуына ықпал етті. “Білім” қоғам қызметінің ауқымы қоғам өмірінің бар саласын қамтыды. Үгіт-насихат жүргізу тәсілі ретінде: лекциялар циклі, кинолекторийлер, экон. және ғыл.-өндірістік конференциялар, тақырыптық және сұрақ-жауап кештерін, кәсіпорын, колхоз, совхоз, шалғайдағы мал жайылымдарына ғалымдар мен мамандардың ұжымдық сапарларын, еңбек ардагерлерімен, өндіріс жаңашылдарымен кездесулер ұйымдастыру, т.б. кеңінен қолданды. Бүкілодақтық “Білім” қоғамның қарауында Политехникалық музей, Орталық лекторий және көптеген ғылыми-техникалық насихат үйлері, Орталық политехникалық кітапхана, ғыл. атеизм үйлері және 32 планетарий жұмыс істеді. Сонымен бірге қоғам ғылыми-әдістемелік кітаптар, ғыл.-саяси “Международная жизнь” (орыс, ағылшын, француз тілдерінде), ғылыми-көпшілік “Наука и жизнь”, жастарға арналған ғылыми-көпшілік және ғылыми-көркем “Знание — сила”, ғылыми-атеистік “Наука и религия”, ғылыми-әдістемелік “Слова лектора”, “Знание — народу”, “Трибуна лектора” журналдарын, “Наука и человечество” (КСРО ҒА-мен бірге) және “Будущее науки” халықаралық жылнамаларын шығарып тұрды.  

Сондай-ақ, “Білім” қоғамы шет елдердің білім тарату, жұмысшы және коммунистік оқу-ағарту одақтарымен тығыз байланысып отырды. Мәселен, 1970 ж. қоғамның 145 мүшесі 25 елге барып, коммунистік жүйенің ең игі құрылым екендігі жөнінде уағыз айтып қайтты. “Білім” қоғамы біржақты идеологиялық қызмет жүргізіп, білім мен ғылым саласында бір ғана марксшілдік көзқарастың үстемдік етуіне күш салды. Әйтсе де, ел арасында ғылым-білімнің таралуына, көпшіліктің әлемдік ғылымның ірі жетістіктері жайлы хабардар болуына оң ықпалы болды. “Білім” қоғамы КСРО ыдырағаннан кейін өз жұмысын тоқтатты (1991).  
 
 
 
 
 
 
 

БІЛІМНІҢ  ҚОҒАМДЫҚ САНАДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ  СИПАТТАМАСЫ 

      Бүгінгі қоғамға әлеуметтанушы және саясаттанушы мамандар постиндустриалды немесе ақпараттық, ал соңғы жылдары «білім қоғамы»  деген сипаттама беріп жүр.  Бұл аталған үш түсінік синоним  ретінде, не ортақ бір феноменнің даму кезеңдері ретінде қарастырылады. Ол негізгі мәдениет құраушы орталығы білімнің жасалуы мен тасымалдануы болып табылатын әлеуметтік құрылым  типі ретінде көрініс береді. Бұл  феномен XXI ғасырдың орта кезеңінен  бастап «learning society» «оқытушы қоғам» немесе нақтырақ «өзін өзі оқытушылық қоғам» және оны толығырақ сипаттайтын, мәнін ашатын  «lifelong learning», яғни бігінгі  күні білім бері жүйесінің басты  қағидаларының бірі болып отырған  «үздіксіз білім беру» ретінде кең өріс алуда.  

      Қазіргі таңда білімнің жеке аймақ, жалпы  тұтас мемлекет дамуының негізгі  конструктивті факторы ретінде  маңызы артып отыр. XXI ғасыр білім  стратегиясын қалыптастырудың негізгі  қағидалары  оның қол жетерлік, сапалы және мобильді сипатта болуын қажет  етіп отырған жағдайда, сәйкесінше білім миссиясы барлық бағыттағы  қоғамдық даму прогресі, дамудың гуманитарлық, ғылыми-техникалық, экологиялық, экономикалық, бағыттарында қоғам мен тұлға  іс-әрекетін үйлестіруге бет алуы тиіс.

      Қазіргі таңда білімдегі прагматизм, жаһандану  және т.б. қатынастар бұл миссияға сәйкес келмей отыр. Себебі еліміздегі базалық  білімді нығайту; білімді қатаң  регламенттендірілген, орталықтандырылған түрінен мазмұны мен әдістемесі вариативті, көп нұсқалы жүйеге ауыстыру; оқу жоспарының оқшаулығын, шашыраңқылығын азайтып, технология мен қоғам дамуының жаңа тенденцияларына үйлестіру; пәндік білімдерді интеграциялап, кешенділігін арттыру, оны практикалық іс-әрекетке, өмірлік тәжірибеге, шығармашылыққа бағыттау, ақпаратты, проблемаларды талдауға және өз бетінше шешуге қабілеттілік қалыптастыру мәселелері қоғамдық даму тенденцияларында кері әсерін тудыруда. Сондықтан қазақстандық білім саясатының басты міндеті қазіргі заманғы білім сапасын оның іргелілігі мен қоғам, мемлекет және жеке тұлғалардың маңызды әрі перспективті қажеттіліктеріне сәйкестігі сипатын сақтай отырып, жаңа мүмкіндіктер жасау болып табылады. ХХІ ғасырда мемлекеттердің өркениеттілігі мен қуат көзі — шикізат байлықтарымен, көне тарихи-мәдени мұраларымен ғана емес, сол ел тұрғындарының интеллектуалдық, білімділік деңгейлерімен де анықталмақ. Олай болса, білім — мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы мен елдің бәсекелестік қабілетін анықтаушы фактор және қауіпсіздік кепілі деген сөз. Елдегі білім беру жүйесі алдында тұрған мақсаттарының бірі – білім саласын европалық стандарттарға сай бейімдеу. Болон процесінің талаптарына сай болу және осы процеске ену жолында келесі іс-шаралар атқарылуы тиіс: мамандардың үш сатылы дайындық деңгейін ұйымдастыру, кредиттік білім беру  және білім сапасын ұлттық бағалау жүйелерін енгізу.

      Еліміздің ЖОО бірте-бірте кредиттік оқыту  технологиясы енгізіліп келеді. Осы  технологияның қажеттілік деңгейі  туралы сан-түрлі ой-пікірлер айтылуда. Оқытудың кредиттік жүйесі білім  берудің бейсызықтық жаңа технологиясы. Ол студенттің өз бетінше, шығармашылық негізінде  білім алуды өз жағдайына  бейімдеп оқытатын технология. Сонымен қатар бұл жүйенің бұрынғы классикалық жүйеден негізгі айырмашылығы – студент болашақ мамандығына қажетті білімнің негізгі бөлігін өзі ізденіп, тауып меңгереді. Әлемдік білім кеңістігіне ену Қазақстанның жоғары оқу орындары Халықаралық стандарттау ұйымы (ІSO — Іnternatіonal Standard Organіsatіon) дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы ІSO 9000 стандарттар сериясының талаптарынан кем түспейтін, ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім беру қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады. Себебі, біздің ғасыр — білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы үшеуі элиталық білімнің де негізі болып табылады. Біз жоғары оқу орындарын тек білім беруші мекеме деп қарайтын біржақты түсініктен арылып, оның ғылымның да бастауы және орталығы екенін ұғынғанымыз абзал. Өйткені, элиталық білімді ғылым жетістігінсіз беру мүмкін емес, ал оның деңгейін анықтайтын өлшем — сапа. Ендеше, біз жалпыға бірдей жоғары білім беруден элиталық білім беруге біртіндеп көшуіміз қажет. «Элиталық білім» термині әдебиеттерде түрлі мәнге ие. Элиталық деп жоғары сапалы білімді айтамыз (ағылшын әдебиеттерінде - high quality education немесе elite education). Сапалы білім жөніндегі дәстүрлі ойлардан асып түсетін жүйелі құбылыс. Элиталық білімді зерттеу элитологияның, оның ішінде антропологиялық элитологияның, білім философиясы мен  социологиясының маңызды бөлігі. Элитопедагогика бүгінгі күні ғылыми білімдер жүйесінде элитопедагогикалық ойларды теориялық негіздеу мен практикалық жүзеге асыру жауапкершілігі мен құзыреттілігіне ие болатындай құрылымдалған мәртебеге ие емес, сондықтан  ол әзірге элиталық білім философиясы мен социологиясының бір қыры болып табылады. Ол элиталық білім берудің нақты практикалық мәселелерін және оның әдістемесін қарастырады. Оның ішінде жиі назар аударар нысаны шығармашылық мәселелері. Шығармашылық адамзатқа өткенге тең келмес, жаңа жағдайларға тап болған шақта қажет. Ал біздің бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік мобилділік үрдісінде ондай жаңа жағдайлар мен құбылыстар жиі белең алары анық.     

      Элиталық  білімнің орталық элементі ретіндегі  элитопедагогика барлық озық әлемдік  тәжірибе мен теорияны сақтай отырып, инновациялық педагогикадан көрініс  береді. Бұл-педагогикалық үрдіске  жаңа новаторлық идеяларды қолдану  мен байланыстыруға бағыт алған  инновациялық педагогика.

      Нақтырақ  айтар болсақ, элитопедагогика жаңашылдыққа, тәжірибеге бағытталады, оқыту тиімділігін  жетілдірудің жаңа жолдарын қарастырады, оқу үрдісін интенсификациялау, педагогика әдістемесі мен әдіснамасын  дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтайды:

  • интеллектуалды шеңбер аясын кеңейтеді, білім алушылардың шығармашылық қиялын оятады;
  • қол жеткен бүгінгі күн жетістіктерінен асуға ұмтылып, инновацияға бет алады, тұлғаның өзін өзі жетілдіруіне, элитизацияға жетелейді;
  • адамзат қабілеттерін, оның дарындылық мәселелерін, элиталық сана феноменін зерттейді;
  • білім түсінігінің мәні, идеалы мен әлем мәдениетінің ең үздік туындыларына жақындатуға қатысты рефлексия ретінде көрініс береді.

      Оның  мақсаты тұлға дарындылығын анықтау  және оны дамыту. Элитопедагог педагогикалық  үрдісті тиімдендірудің түрлі резервтік  нұсқаларын қарастыру арқылы тұлға  бойындағы өзіндік дара ерекшеліктерді жетілдіру жолдарын табуға және де оны дамытуға көмектеседі. 

      Адамзат қабілеттерінің табиғаты жоғары деңгейдегі пікір таластық сипатқа ие мәселе. XVII ғасырдың өзінде рационалисттер (Декарттың  туа біткен сезімдер ілімі) мен эмпириктер (Локктың «таза тақта» ілімі) арасында түрлі пікірлер қарама қайшылығы  туындаған. Бұл талқылауда таразы басының  басым жағы Г.Лейбництің «адам туа  бітті идеяларға ие болмайды, нақтысында, тәжірибелік іс әрекет барысында  саналы түрде анықталатын  белгілі  бір қасиеттерге ие болады» деген шешімі  үлесіне тиді.  

      Элиталық  білім болашақтың білімі ретінде  үнемі сапалы білімге кепілдік беріп, төмендегілерді қамтамасыз етуі қажет:

  • сапалы білімге кепілдік беру және ол үшін жағдайлар жасау;
  • шығармашыл, жаңа сипатқа ие үздіксіз білім беруді құру;
  • білім негізінің тереңдігі мен іргелілігі;
  • білімнің практикалық бағыттылығы;
  • білімнің адекваттылығы, оның экономика, мәдениет, ғылым мен технологияның даму міндеттері мен қажеттіліктеріне сәйкестілігі;
  • білімнің халықаралық сипаты.  

      Ал  білім мен болашақтың өзара байланысы  келесі факторларда байқалмақ:

      - білім бүгінгі таңдағы көкейкесті  мәселелерді шешу нұсқаларын  дұрыс таңдауға, болжау мүмкіндіктерін  кеңейтуге, болашақты анықтауға  жол ашады; 

      - білім қоғам мен табиғаттың  даму заңдылықтарын түсіну, яғни  іргелі ғылымдар негізінде құрылған  жағдайда ғана болашақты анықтау  құзыреттілігіне ие болады және  дамудың терең, объективті тенденцияларын  ұсына алады; 

      - білім перспективті мақсаттарды  максималды мүмкіндіктермен анықтай  алады. Мақсаттылық – қоғамдық  дамудың маңызды сапасы және  ол білімнің сипаты мен даму  деңгейі негізінде анықталады;  

      - болашақ қоғамдағы құндылықтар  жүйесіне тәуелді. Құндылықтар  өз кезегінде білімге тәуелді.  Болашақтың өзі құндылықтар ретінде  қарастырылауы мүмкін. Тек сапалы  білім ғана болашақ түсінігін  құндылық деңгейіне айналдыра  алады. 

           Жаңа сипаттағы білім қоғам  мүшелерінде ойлаудың белгілі  бір типін қалыптастырады. Бүгінде  маңызды болып отырған голографиялық   ойлау. Ол белгілі бір затты  немесе құбылысты, мәселелерді  түрлі бағытта жан-жақты қарастыруға  мүмкіндік береді. Бұл да болашақты  ойлау компоненті, қоғамдық үрдісті  бағыттаушы немесе тоқтатушы  қабілетіне ие қоғамдық сана  негізі. Дегенмен болашақ тамыры  бүгінгіде жатыр. Тек білім  ғана оны көруге және  өмірге  әкелуге қабілетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Әдебиеттер  тізімі:

      1. Ашин Г.К., Мировое образование.  – М.: Анкил, 2008.

      2. Абдикерова Г.О., Каримова Ж.К., Қазақстан  жоғары мектебі: Әлемдік білім  кеңістігіне ену. –  Алматы:  ҚазҰУ хабаршысы, Психология және  социология сериясы №1, 2006.

      3. Құлекеев Ж.А., Пивень Г.Г., Нұрғожин  М.Р., Каланова Ш.М.. Жоғары кәсіптік  білім сапасын ұйымдастырудағы  сапа менеджменті жүйесі. – Қарағанды:  ҚарМУ, 2004.

      4. Коротков Э.М., Білім сапасын басқару.  ЖОО-ға арналған оқу құралы. –  Мәскеу, 2006.

      5. Каланова Ш.М., Бишембаев В.К. Жоғары  білім берудегі тотальды сапа  менеджменті. – Астана:  Фолиант, 2006.

      6. Бутаенва Э.И., Лумпов А.И. Ғылыми  танымдық іс-әрекет контекстіндегі  болжаудың жаңа әдіснамасы. –  Мәскеу, 2005. 

\

Информация о работе Білім және қоғам