Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:16, курсовая работа
Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке егемен ел болғалы он бес жылды еңсеріп қалдық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтерген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 15 жыл өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері”. Яғни, қоғамның дамып өзгеруі, мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет.
Ғылыми қамтамасыз
ету
Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру әлем
тiлдерiн дамыту тәжiрибесiне сәйкес жаңа
әлеуметтiк-мәдени және ғылыми болмыс
аясында оның лексикалық және семантикалық
тынысының мүмкiндiктерiн кеңейтудi талап
етедi. Аталған саладағы негiзгi мiндет,
терминологиялық шығармашылықты қоса
алғанда, жаңа лексикалық бiрлiктердi енгiзу
процестерiн бiрыңғайлау болып табылады.
Терминологиялық жұмыстың негiзгi принциптерін
тұжырымдау қажет. Терминологиялық шығармашылық
жоспарлы түрде жүзеге асырылатын қызмет
жүйесiнiң бiрыңғай принциптерiне сүйенген,
орталықтандырылған ғылыми негiзделген
болуға тиiс.
Қазіргi қазақ әдеби тiлiнiң грамматикалық
нормаларының бiрiздiлiгiн сақтауды қамтамасыз
ету мақсатында орфографиялық кеңес құру
мүмкiндiгiн көздеу қажет. Оның қатысуымен
қазақ әлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру
жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн.
Қазақ тiлiндегi ғылыми шығармашылықты
одан әрi дамыту талап етiледi. Бұл мақсатта
диссертация қорғау жөнiндегi ғылыми кеңестер
қызметiн кезең-кезеңiмен мемлекеттiк тiлге
көшiру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Мемлекеттiк тiлдi дамыту мәселелерiн ғылыми
қамтамасыз етуде А.Байтұрсынов атындағы
Тiл бiлiмi институты басым рөлге ие болуға
тиiс. Осы мақсатта оның материалдық-техникалық
базасын күшейту, мамандар құрамын ұлғайту,
iргелi және қолданбалы лингвистикалық
зерттеулердi әзiрлеуге мемлекеттiк тапсырысты
кеңейту қажет. Институт лингвистиканың
теориялық және қолданбалы мәселелерi
бойынша сараптамалық бағалау мен қорытындылар
беруде жетекшi орында болуға тиiс.
Мәдениет және бұқаралық
ақпарат құралдары, денсаулық сақтау
мен халыққа қызмет көрсету салаларындағы
тiлдiк даму
Мәдениет саласында неғұрлым бұқаралық
әрi көрiнiстi нысандарға айрықша назар
аудару қажет, Бұл кино, мультипликация,
телешоу, сазды бағдарламалар, жастар
журналдары. Солардың арасында мемлекеттiк
тiлде шығарылатын теле- және радио хабарлар,
журналдар, көркем және анимациялық фильмдердiң
жалпы саны мен сапасы егемен Қазақстанның
қажеттiктерiн қанағаттандыра алмай отыр.
Қоғамдық қызметтiң аталған саласында
мемлекеттiк ынталандырудың тиiмдi тетiктерiн
әзiрлеп, енгiзу қажет. Мемлекет Бұл ретте
белсендi позиция ұстануға тиiс. Бұл сонымен
қатар мемлекеттiк тiлдi компьютерлендiру
мәселелерiне, оны ғаламдық компьютер
желiсiне енгiзуге қатысты.
Мемлекеттiк тiлдiң жұмыс істеуiн қамтамасыз
етудiң неғұрлым күрделi учаскелерiнiң
бiрi халыққа қызмет көрсету саласы болып
отыр. Бұл аталған саладағы тiлдiк қызметтi
мемлекеттiк реттеудiң күрделiлiгiмен сабақтасып
жатыр. Алайда, мемлекеттiк тілдiң денсаулық
сақтау, сауда, көлiк және байланыс сияқты
салаларға енуi мүмкiндiгiнше мұндай ықпал
ету мемлекет тарапынан жүзеге асыруға
болатын жерлерде іске асырылуға тиіс.
Бұл үшiн, бiрiншi кезекте, елдiң мамандандырылған
оқу орындарында - жоғары, орта арнаулы
және кәсiптiк оқу орындарында мамандарды
тиiстi даярлауды кеңейту қажет. Одан басқа,
аталған талаптар атқаруға тиiстi кәсiби
мiндеттерiнiң қажеттiгiмен сабақтасып
жатқан салаларда мемлекеттiк тiлдi меңгеру
бөлiгiнде мiндеттi талаптарды белгілеу
қажет. Оларға денсаулық сақтау, байланыс,
көлiк ұйымдары, банктердiң есеп-кассалық
бөлiмдерi жатады.
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi тетiгi Тiлдердi қолдану
мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi Iс-шаралар жоспарында (бұдан
әрi - Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi
Iс-шаралар жоспары) көзделген Iс-шаралар
жүйесiн жыл сайын кезең-кезеңмен орындау
болып табылады. Бағдарламаны іске асыру
жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын уәкiлеттi
орган Бағдарламада қойылған мiндеттердi
iске асыру нәтижесiнде бұдан алдыңғы кезеңде
болған өзгерiстердi ескере отырып, әрбiр
келесi екi жыл сайын жасайды. Мұндай жоспарлау
Бағдарлама ережелерiнде айқындалған
ұзақ мерзiмдi стратегиялық перспективаларды
міндеттi түрде ескере отырып жүзеге асырылуға
тиiс. Мұның алдындағы Тiлдердi қолдану
мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын
iске асыру тәжiрибесi орындалуы қысқа
мерзімге есептелген іс-шаралар жүйесін
жүзеге асыру - шешiмi ағымдағы перспективада
айқындалған мiндеттердi жүзеге асыруға
орай әлеуметтік-лингвистикалық ахуалдағы
өзгерiстерге неғұрлым икемдi оңтайласуға
мүмкiндiк беретiнiн көрсетедi. Осындай
ұзақ мерзiмдi перспективаны ескере отырып
жасалған ағымдық жоспарлау барынша нақтылығымен
және нәтижелерiнiң шынайылығымен ерекшеленедi.
Сонымен бiрге, Бұл Тiкелей орындаушылардың
жауапкершiлiгi мен Бағдарламада көзделген
iс-шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз
ету мүмкiндiктерiн арттыруға жәрдемдеседi.
Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн
iске асыру оның қолданылуының аумақтық
және әлеуметтiк тынысын кеңейтетiн аймақтық
және салалық бағдарламалар елеулi рөл
атқаруға тиiс.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру
оны іс жүзiнде жүзеге асыру үшiн неғұрлым
тиiмдi әрi нақты мүмкiндiктермен қамтамасыз
етiлуге тиiс. Бағдарламаны іске асыру
жөнiндегi іс-шараларды тиiмдi жүзеге асыру
мынадай негiзгi принциптердi сақтау негiзiнде
ғана мүмкiн болады:
сандық және сапалық деңгейдi тұрақты
өсiрудi (жинақтауды) қамтамасыз етудi көздейтiн
кезеңдiк және ұдайылық;
орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған
жан-жақты мемлекеттiк қолдау;
тiлді меңгеру саласындағы талаптарды
мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн оқып-үйрену
үшiн мүмкiндiктер жасаумен ұштастыру;
моральдық және материалдық мүдделiлiк
жағдайын жасау;
қоғамдық пiкiрдi белсендi түрде қалыптастыру;
тiл құрылысын жүзеге асыру кезiнде функционалдық-лингвистикалық
тепе-теңдiктi сақтау;
Тiлдердi дамыту бағдарламасындағы iс-шараларды
қаржылық қамтамасыз ету
Елдегі этнолингвистикалық жағдайды талдау негізінде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын негізгі басымдықтарды анықтау мақсатындағы табысты шешім тілдерді дамыту саласындағы жағдайды тұрақтандыратын, осы саладағы құқықтық қатынастарды жетілдіретін, қоғамдық өмірде тілдерді қолданудың біркелкілігінің оң сұлбасын жасауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тілде мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие, жоғары білім мен жоғары білімнен кейінгі білім жүйесі, оқу процесінің үздіксіздігі принципін қамтамасыз ету, мұнда сапаның көтерілуіне, оқыту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, тілді білу деңгейін бағалау және біркелкі оқыту әдістемесін жасауға көңіл бөліну керек.
Жоғары білім жүйесінде
Сонымен қатар қашықтан оқыту,
Интернет-технологиялар
Тілдерді дамыту
саласында ақпараттық саясатты жетілдіру,
ол процестің шамадан тыс
Мемлекеттік органдарда,
мекемелер мен ұйымдарда
Тіл дамыту және
аударма мәселелерімен
Үйірме жұмыстарын, білікті маман-оқытушыларды тарта отырып, мемлекеттік тілді үйрету курстары жұмысын, олардың жұмысын тыңдаушылардың тілді білу деңгейін ескере отырып ұйымдастыру керек. Қазіргі ақпараттық технологияларды, қимыл және көру арқылы әсер ететін әдістер мен түрлі формаларды пайдана отырып, мемлекеттік тілді насихаттау және енгізу жөніндегі шараларды жасау қажет.
Біліктілік деңгейін көтеру және мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қажетінше қытай, неміс, француз, испан, жапон тілдерін де кәсіби деңгейде үйрету жөніндегі курстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлерінің қазақ тілін білу деңгейлерін оң бағалау үшін тестілеу жүйесін және тілді оқыту әдістемесін жасау керек. Мұнда халықаралық тәжірибе мен шет тілдерін оқытудың озық технологияларын ескеру керек.
Мамандықтар мен қызмет тізбесінде көзделген мемлекеттік тілді белгілі бір дәрежеде білу және оны жүзеге асырудың кезеңдерін анықтау үшін Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
Қазақстан халықтары
Ассамблеясы, Білім және ғылым министрлігі
өзара қарым-қатынас бойынша
Қазақстандық
бағдарламаларға бейімделген
Мына мамандықтар бойынша тіл тәртібі оқытушыларын даярлау: қазақ-ұлттық-шет (ағылшын, неміс, француз) тілдері мұғалімдерін, шет-қазақ-ұлттық тілдері, қазақ пен орыс тілдері мұғалімдерін және т.б.
Қазақ тілін оқитын жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың тілді меңгеруін және мектеп бітіргеннен кейін де тілді еркін білу денгейіне жеткізу үшін жағдай жасау қажет.
Жоғары білім - білімді мамандардың ортасын қамтамасыз етеді, болашақ мамандардың қазақ, орыс және шет тілдерінің бірін меңгеруі, алдағы уақытта қызмет бабында еркін қолдануы өте маңызды. Арнайы білімнің маңызды элементтерінің бірі білім беру орындары болып табылады, олар денсаулық сақтау саласында мамандарды дайындайды, көлік және басқа қызметер көрсетеді. Бұл мамандар, сонымен қатар қазақ, орыс және басқа тілдердің кәсіби лексикасын еркін білуі қажет.
Жастар халықтың ең белсенді динамикалық құрамы болып саналады, олар тіл саяаты мен тілдік қатынаста жағымсыз стереотиптерге тәуелді келеді. Еліміздегі қазақ тілінің жағдайын жақсартудың ең тиімді тетігі жастармен күнделікті жұмыс жүргізу болып табылады.
Қоғамның ең көп саласын жеке бизнес алып жатыр және кәсіпкерлердің қазақ тілін қолдануда олардың тек әлсіз жақтарын ғана емес, (бланкілер, маңдайшалар, мөрлер, мөр табандар, жарнамалар) сонымен қатар қарым-қатынас және күнделікті қызмет көрсету тілі ретінде ұтымды жақтарын да көрулері керек.
Тілдерді дамытудың облыстық
өкілетті органдары республикалық
мемлекеттік тілді оқыту
Қазақ тілін оқыту бойынша озық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеуде, орыс тілінен қазақ тіліне, сондай-ақ қазақ тілінен орыс тіліне аудару жөнінде тұрақты республикалық конкурстарды өткізуді (3 жылда 1 рет) қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен бірге мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау жүйесіне, қызметтік міндеттеріне мемлекеттік тілді менгерудің нақты талаптарын енгізу мәселесін мақсат етуіміз қажет.
Көрсетілген агенттікпен
бірге мемлекеттік тілді
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде «электронды үкімет» жүйесінде мемлекеттік тілдің басым қолданылуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындап енгізу қажет.
Жаңа ақпараттық
технологияларда қазақ тілін
қолдану жөніндегі жұмыстарды жетілдіру,
қазақ тілінде портал желілерін
дамыту қажет. Қазақстанда және қазақ диаспоралары
арасында қазақ тіліндегі кітаптарды
тарату үшін ИНТЕРНЕТ дүкендерін ашу,
компакт дискідегі кітап өнімдерін шығару
үшін «электронды баспасын» құру, сонымен
қатар қазіргі қазақстандық әдебиеттің
жаңа есімдерін таныту және өз шығармаларын
баспа түрінде таратуға мүмкіндіктері
жоқ авторларға ықпал етуіміз қажет. Білiм беру жүйесiнде мемлекеттiк
тiлдiң рөлi бiртiндеп артып келеді. Бiлiм
және ғылым министрлiгiнiң мәлiметi бойынша,
1999-2000 оқу жылында, республика мектептерiндегi
3,5 миллион оқушының 1,6 миллионы (50,6%) - қазақ
тiлiнде, 1,5 миллионы (45%) - орыс тiлiнде, 80
мыңы (2,3%) - өзбек тiлiнде, 23 мыңы (0,6%) - ұйғыр
тiлiнде, 2,5 мыңы (0,07%) - тәжік тілінде және
мыңнан астамы басқа тілдерде оқыды. Қазақ
тiлiнде оқытатын мектептердiң жалпы саны
бiртiндеп өсiп, 2000 жылы республикадағы
мектептердiң жалпы санының 43% (7910) шамасына
жеткенiмен, олардың аймақтар бойынша,
сондай-ақ "қала-ауыл" схемасы бойынша
бөлiнуi бiркелкi емес. Бұдан басқа, қазақ
тiлiндегi сыныптардың тепе-теңдiгi сақталмауына
байланысты тиiстi тiлдiк ортадан бөлiнiп
қалған "аралас мектептер" деп аталатын
мәселе де бар. Оның үстiне, қазақ тiлiнде
оқытатын мектептердiң көпшiлiгi дәрiс берудiң
жоғары жеткiлiксiз деңгейiн көрсетуде.
Басқа тiлдерде оқытатын мектептер туралы
да осындай жайды атап өтуге болады. Едәуiр
толымды оқу-әдiстемелiк әлеуетi қалыптасқан
орыс тiлiнде оқытатын мектептерде бұл
проблемалар соншалықты өзектi болып отырған
жоқ.
Қазақ тілі дегеніміз – қазақтардың
ана тілі. Қазақтардың өмір сүруі мен рухани
дамуының өзегі, тарихта ұлт болып сақталып
қалу қайрат-құралы. Ал қазақ тілін оқыту
дегеніміз – қазақтардың ана тілінде
білім алып, сол тілдің өсіп-өнуіне өз
үлесін қосатын, ана тілін көзінің қарашығындай
сақтайтын, ана тілінің рухани дамуында
негізгі қару-құрал ретінде пайдалана
білетін ұрпақты баулу, тәрбиелеу, қалыптастыру,
ана тілінің фонетикалық, лексикалық,
морфологиялық, синтаксистік жүйелерін
игеруге үйрету. Сондықтан қазақ тілі
қазақ мектептерінде ғана ана тілі ретінде
оқытылады.
Ал мемлекеттік тіл дегеніміз – Қазақстан
Республикасында тұрып жатқан басқа ұлт
өкілдерінің «Мемлекеттік тіл туралы
Заңды» азаматтық борышы ретінде адал
ақтау, бұлжытпай орындау, бір-бірімен
мемлекеттік тұрғыда хабар-ақпарат алмасу,
достық қарым-қатынаста болу, осы мемлекеттің
келешегін ойлап, оның тұрақтылығына,
дамуына ортақтасып, тыныштықта өмір сүру,
бір-бірімен түсініс және қарым-қатынас
құралы. Ал мемлекеттік тілді оқыту дегеніміз
– Қазақстан азаматтарының бір-бірімен
түсініс және қарым-қатынас құралы ретінде
ұтымды пайдаланудың тәсілдерін игеруге
толық әдістемелік жағдай жасау, «Тіл
туралы Заңды» бұлжытпай орындауды талап
ету. Осы айтылғанның бәрінен де шығатын
қорытынды: оқу орыс тілінде жүретін мектепте
қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты
– оны мемлекеттік тіл ретінде оқыту.
Егер мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн мектептер
саны бiртiндеп өсiп келе жатса, мектеп
жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң саны
азайып барады. Олардың саны 2000 жылы елiмiз
бойынша осы тектес ұйымдардың жалпы санының
25%-нен (1158) асқан жоқ. Осылайша, неғұрлым
тiлдi қабылдауға бейiм ұрпақ тiлдiк қатынастарды
мемлекеттiк реттеу саласынан сырт қалуда.
Республиканың бастауыш және орта кәсiптiк
оқу орындарында 200 мамандық, жоғары оқу
орындарында 75-тен астам мамандықты оқыту
мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Қазақ тiлiнде
оқыту бөлiмдерiнде оқитын студенттердiң
саны 2000 жылы барлығы 32%-тi (85300) құраса,
орыс тiлiндегi бөлiмдердегi студенттердiң
саны 68%-тi (181000) құрайды. Қазақ тiлiнде оқыту
бөлiмдерiнiң жалпы алғанда өсуiне қарамастан,
осы тiлде оқытылатын мамандықтар санын
көбейтуге назар аудару керек. Мәселен,
1998-1999 оқу жылынан бастап елiмiздiң жоғары
және орта арнаулы оқу орындарына "Мемлекеттiк
тiлде іс жүргiзу" атты жаңа мамандық
енгiзiлдi.
- қазақ тілін оқытудың нақты
және тиімді әдістерін жасайтын қазақ
тілі пәні оқытушыларын және мемлекеттік
тілде сабақ жүргізетін өзге ұлт өкілдері
оқытушыларын моральдық және материалдық
тұрғыда көтермелеу;
- орыс тілді топтарда кейбір гуманитарлық
пәндерді қазақ тілінде қатар
оқытуды эксперимент түрінде енгізу;
- жыл сайын профессорлар - оқытушылар
құрамындағы өзге ұлт өкілдері арасында
мемлекеттік тілді білуіне байланысты
сайыстар өткізу;
- қосымша пәндер есебінен студенттердің
қазақ тілін игеру
сағат саны мен мерзімін екі жылға дейін
ұзарту;
- өзге ұлт өкілдері студенттері арасында
болашақ мамандықтары
бойынша мемлекеттік тілді үздік меңгеру
сайыстарын өткізу;
- жоғары оқу орны бағдарламасын игеру
үрдісінде мемлекеттік тілді
толық меңгерген жоғарғы курстардағы
өзге ұлт өкілдері студенттерін материалды
ынталандыру үшін ректордың арнайы шәкіртақысын
енгізу;
- студенттер, аспиранттар, магистранттар
арасында олардың болашақ
мамандықтары бойынша үш тілді (қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін) бірдей игеру деңгейін
анықтайтын сайыстар өткізу.
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына
жолдаған жолдауында белгіленген басым
бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды
біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік
тілді жан-жақты дамытуға басты назар
аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ
тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту
және оның әлеуметтік-коммуникативтік
міндеттерін кеңейту еліміз саясатының
басты стратегиялық басымдығы болып қала
береді. Мемлекеттік тілді дамыту Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының
басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып
келеді. Осы мақсатта Қазақстан халықтары
Ассамблеясы да өзінің стратегиясында
мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің
басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің
ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық
этностарының бірігуі жолында қазақстандық
сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің
бірі болып табылатынын жариялады.
Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып
табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда
қандай этникалық топқа жататындығына
қарамастан, қазақ тілі мен мәдениетіне
оның мемлекеттік қызметінің сақталуы
мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде.
Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда
қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар
санының біртіндеп көбейіп келе жатқаны,
жыл сайын Тіл комитеті жүргізетін тілдік
жағдай мониторингі деректерінен айқын
байқалуда. Мәселен, 2000 жылы қазақ тілін
білетін өзге ұлт өкілдерінің саны 36,4%-ды
құраса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 40%-ға жетіп
отыр. Бұған қоса, зерттеу нәтижелері орыс
тілді қазақтардың мемлекеттік тілді
меңгеруге деген ұмтылысы да белсенді
түрде жүзеге асырылып келе жатқаны байқалады.
Республиканың бес облысында – Атырау,
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік
Қазақстан облыстары іс-қағаздарын мемлекеттік
тіл – қазақ тілінде жүргізуде. Бұл аймақтар
басқа облыстарға қарағанда өзге ұлт азаматтарының
қазақ тілін меңгеру деңгейінің жоғарылығымен
ерекшеленеді. Ал 2005-2006 жылдар аралығында
Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында
іс жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге
көшіру қажеттігі көзделіп отыр. Сондай-ақ
соңғы екі жылда орта мектептерде қазақ
тілін оқыту сағаттары көбейтіліп, қазақ
мектептері мен қазақ бала бақшаларының
саны артты.
Бүгінде біз қазақ мәдениетінің қалыптасу
процесінің куәгеріміз және елімізде
барлық халықтардың мәдени ынтымақтастығын
біріктіретін күш ретінде қазақ мәдениетінің
дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар
жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру
деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен
енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда,
әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі
жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс
аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға
толық негіз бар.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен
ұйымдарда қоғамның жан-жақты салаларында
оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке
қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда.
Басты мақсат – тілдік мұраны сақтау және
қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ
тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп,
оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы
мақсатта бірқатар ауқымды іс-шаралар
қолға алынуда. Мысалы, қазір қазақ тілінің
терминологиялық қорын жасап, жетілдіруге
ерекше көңіл бөлініп отыр. Терминологиялық
жұмыстардың тұжырымдамасына сәйкес 2006
жылы 2007-2010 жылдарға арналған терминология
жөніндегі салалық бағдарлама енгізу
жоспарлануда. Сонымен қатар Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін
нығайтуға байланысты бөлігіне толықтырулар
енгізу бойынша жұмыстар жасалып, осы
мақсатта жаңа іс-шараларды жүзеге асыру
көзделуде.
Көңілге қуаныш ұялататын жақсы нышан,
ол көптеген қазақстандықтардың балаларын
қазақ мектептерінде оқытып, олардың мемлекеттік
тілде білім алуы үшін жағдай жасауға
ұмтылуы болып отыр. Соңғы әлеуметтік
зерттеулер нәтижесі балаларына қазақша
білім беруді қалайтын қазақстандықтар
санының артып отырғанын байқатты. 2000
жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш орташа
есеппен 3,8% артқан. Балаларына қазақ тілінде
кәсіби білім беруді қалайтын қала қазақтары
санының көбейіп келе жатқаны да қуантады.
Республика бойынша екі мыңға жуық өзге
тілді оқушылар қазақ тіліндегі мектептер
мен сыныптарда білім алуда. Сондықтан
да білім беру мекемелерінде мемлекеттік
тілді тереңдетіп енгізу және халықтың
ықпалды бөлігі жастарға баса назар аудару
арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін
береді деп ойлаймыз.
Сонымен негізгі міндетіміз – біздің
азаматтарымыздың, этникалық қауым өкілдерінің
қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде еркін
меңгеруін қалыптастыру. Біріншіден, бұл
қоғамдағы өзара түсіністікке әсер етеді,
екіншіден, тіл – ынтымақтастықтың негізгі
көзі, еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықтың
тірегі болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының ұлттық жаңғыру
мектебінде этникалық диаспоралардың
өкілдері үшін «Қазақ тілі және мәдениеті»
атты бөлім ашылған. Педагогтар балалардың
мемлекеттік тілге деген қызығушылығының
күннен күнге артып отырғандығын байқауда.
Егер қазақ сыныптарына 2002 жылы 30 бала
қатысса, 2004 жылы олардың саны 50-ге жетті.
Риддер қаласында он жылдан бері жұмыс
істеп келе жатқан «Шаңырақ» атты қазақ
жексенбілік мектебі мемлекеттік тілді
үйрету тәжірибесін мол жинақтаған. Осы
жылдарда мектепті мемлекеттік тілде
жетік меңгерген этникалық топтардың
ондаған өкілдері тәмамдады. Осы мектепте
білім алушылар қазақ тілі пәні бойынша
облыстық, республикалық олимпиадалардың
жеңімпаздары атануда. Сондай-ақ осы мектепті
бітірген талантты әрі қабілетті балалар
бүгінде жоғары оқу орындарында оқып жүр
және қазақ тілінен сабақ беруде. Мысалы,
Марина Бухарина – «Тіл – достық дәнекері»
атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы
республикалық конкурстың жеңімпазы атанды.
Шығыс Қазақстан университетінің қазақ
филологиясы факультетін бітірген ол
Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында
бас маман болып жұмыс істейді. Сол мектептің
түлегі Семенова Олеся жоғары оқу орнын
аяқтап, Риддер қаласындағы №3 мектепте
қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруде.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сол
«Қазақ тілін меңгеру – қазақстандық
патриотизмнің құрамдас бөлігі» бастамасы
қазақстандықтардың біртұтас ұлт ретінде
тату-тәтті өмір сүруіне және қазақстандық
патриотизмнің негізі болуға әбден лайық. Қандай да бір халықтың болмысы,
өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы
оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс
ауқымының кеңдігімен, орамдылығымен
және ұтымдылығымен өлшенеді.
Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік
мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.
Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге
ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі
ол тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған
халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы
мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы
шарт. Яғни, ол өнер, әдебиет, мәдениет,
баспасөз, радио, теледидар, дипломатиялық
қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс
қағаздар, т.б. салаларға дейін қызмет
ететін қоғамның қажетті құралына айналуы
керек. Есеп-қисап, қаржылық және техникалық
құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге
тиіс. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары,
Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары,
халықаралық қызмет те осы талаптарға
толық жауап беруге міндетті. Тілдерді
дамыту - еліміздегі мемлекеттік саясаттың
аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын
оңтайлы шешу — ұлтаралық, қатынастар
үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы
мен қоғамдық келісімді нығайтудың алғышарты.
Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы
жанартау болған жұрт жүрегінің жалыны
бүгінде де бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін
ұлықтаған ұрпақтың ұмтылысы ұдайы ұрандаудан
тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы
жағдай мен қазіргі күйді салыстыра қарасақ,
көзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып
отырған мәселе аз емес, алайда ауызды
қу шөппен сүртуге де болмайды. Қоғамда
тіл тағдырына деген түсіністік орныға
бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық
мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете
бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік
тіл саясатының нәтижесі.
1989 жылғы тұңғыш Тіл туралы заң, алғашқы
Конституция қабылданар тұстардағы талас-тартыс,
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің
бекітілуі, мұны нығайта түсу үшін 1997 жылы
тіл туралы жаңа заң қабылдау қандай жағдайларда
жүзеге асты? "Ауру батпандап кіріп,
мысқалдап шығады" деген мәтелді халық
тіршілік заңдылықтарына сүйене отырып
айтқан. Тілдің даму процесінің өзі табиғи
кұбылыс. Оған жанды дүниенің өсуіне қажет
жағдайдың ешқайсысы жат емес. Сондай-ақ
адам алақаны табиғатқа аялылық таныта
бермейтіні де анық. Меніңше, мәселе осында.
Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде
жанашырлығымыз бен немқұрайлығымыз өз
ықпалын қатты тигізіп отыр.
Бүгінгі күнгі тікелей жауапкершілігіміздегі
міндет — мемлекеттік тіл саясатын қоғамымызда
жүргізіліп отырған сындарлы саясат негізінде
одан әрі жалғастыру. Бүгінгі күні тілдерді
дамытуға деген қамқорлық жан-жақты көрсетілуде.
Еліміздегі тілдердің дамуы мен қолданылуына
қатысты нормативтік құқықтық негіздер
нығайтылуда. Мемлекеттік тіл саясатының
тірегі — тіл туралы заң, заңды жүзеге
асыруды қамтамасыз етуші қаулы-қарарлар,
бекітілген бағдарлама бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
проблеманың бүгінгі тандағы жай-күйіне
талдау жасай, сараптай отырып, соның негізінде
жақын болашақтың басым бағыттары айқындалып,
қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік
қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің
қолданылуын қамтамасыз ету, жалпы мәдени
қызметін сақтау, этностық топтардың тілдерін
дамыту міндеттері алға қойылған. Тіл
саясатының бұл мүддесі мемлекеттің қоғамдағы
барлық ұлттардың дамуын көздеген ұстанымына
негізделген.
Бағдарлама қоғамдағы саяси тұрақтылық
мүдделерін ескере отырып жүргізіліп
келе жатқан тіл саясатының табиғи сабақтастығын
қамтамасыз етеді және еліміздегі тіл
саясатының жақын болашақтағы бағыт-бағдарын
берік бағамдауға және ең бастысы, тіл
болашағына деген халық сенімін нығайта
отырып, жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыруға
қызмет етуі тиіс. Ол мемлекеттік деңгейде
қабылданар құжаттың құрылымдық талаптарына
сай және тіл саясатына қатысты қамтылуы
тиіс мәселелерді толық қарастырады. Әр
тараудың мақсатына сай атқарылуы қажет
міндеттер мейлінше нақтыланып керсетілді.
Жоғарыда айтылған нормативтік кұқықтық
қамтамасыз ету тұрғысында Үкіметтің
"Мемлекеттік органдарда мемлекеттік
тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы",
"Тілдер туралы заңдардың сақталуына
бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже",
"Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына)
мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат
енгізу жөніндегі талаптар туралы",
"Мемлекеттік тілде кұжат дайындауды
жүзеге асыратын әкімшілік қызметшілерді
көтермелеу туралы" қаулылары қабылданды.
Тіл заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке
тарту "Қазақстан Республикасы Әкімшілік
бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 81,
82-баптарында көрсетілді. Сондай-ақ 1999
жылдың 23 шілдесінде қабылданған "Бұқаралық
ақпарат құралдары туралы" Заңның 3-бабы
2 тармағына "...мемлекеттік тілдегі
берілімдердің көлемі уақыты жағынан
басқа тілдердегі берілімдердің жиынтық
көлемінен кем болмауға тиіс" деген
толықтыру енгізілді.
Осыған сәйкес қазіргі кезде аталған заң
талаптарын 92%-дан астам телерадиокомпаниялар
орындап отыр.
Дегенмен, бұл талаптың телерадиокомпаниялар
тарапынан әлі де болса үстірт орындалу
жәйттері жиі кездесетіні құпия емес.
Әсіресе, мемлекеттік тілде берілетін
хабарлардың басым бөлігінің тек түнгі
уақытта және негізінен бейнеқордағы
концерттік бағдарламалардан тұрып, қайта-қайта
көрсетіле беруі дүйім жұртшылықтың орынды
ренішін туғызуда. Баспасөзде, сондай-ақ
мемлекеттік органдарға келіп түсіп жатқан
шағымдарда бұл жағдай көпшілік тарапынан
қоғамдық санада мемлекеттік тілді өгейсітуге
жасалған әрекет ретінде, тіпті оны мазақ
қылу есебінде қабылдануда.
Сондықтан да мемлекеттік тілді қолдау
туралы мәселені қазақ тілді оқырмандар
мен көрермендер де, Қазақстан Парламенті
Мәжілісінің депутаттары да тұрақты көтеріп
келеді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары
Амангелді Айталы, Мұхтар Шаханов, Бекболат
Тілеухан мемлекеттік тіл мәселесін үзбей
алға тартуда. Аталмыш мәселе бойынша
Мәжілісте арнайы депутаттық топтың кұрылып
жатқаны да белгілі. Осы орайда, депутаттардың
бастамасымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған заң топтамасы
қаралған тұста біздің министрлік оны
толықтай қолдап шыққанын айтқан жөн.
Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан
мемлекеттік тілді қолдау және дамыту
бағытында барынша мүдделілік танытылып
отыр. Мәселен, таяуда ғана ұлттық мәдени
орталықтардың бір топ өкілі Елбасы Н.Назарбаевқа
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту
қажеттігі жөнінде арнайы өтінішпен шықты.
Біздің министрлік 2003 жылдан бастап мемлекеттік
тіл саясатын электронды БАҚ арқылы жүргізу
мақсатында ақпарат саясатын жүргізу
мәселесі бойынша мемлекеттік тапсырыс
аясында арнайы конкурстар өткізіп келеді.
Аталған бағдарлама бойынша биылғы жылы
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде хабар
шығарудың көлемі 3308 сағат деңгейінде
көзделіп отыр. Оған республикалық телерадиокомпаниялармен
қатар, өңірлік БАҚ-тар да кеңінен тартылып
келеді.
Жалпы, электрондық бұқаралық ақпарат
құралдарындағы мемлекеттік тілдің бүгінгі
жағдайы көлемі жағынан да, сапалық тұрғыдан
да төмен екеңдігі жасырын емес. Мемлекеттік
емес телерадиокомпаниялардың басым көпшілігінде,
әсіресе республикалық телерадиокомпанияларда,
қазақ тіліндегі мазмұны мен шығармашылық
деңгейі көңілге қонатын тұшымды бағдарламалар
мен хабарлар тек мемлекеттік тапсырыс
аясында ғана, мемлекет қаржысы есебінен
шығарылады. Ал компаниялар болса өз қаражатын
мемлекеттік тілдегі хабарлар шығаруға
шығындауға мүдделі емес, яғни, қазақ тілін
өркендету тек мемлекеттің күзырындағы
мәселе деген көзқарас қалыптасқан.
Мұның өзі мемлекеттік тіл үшін де, мемлекеттің
қауіпсіздігі үшін де алаңдатарлық жағдай.
Қоғамдық пікірді, жаңа қоғамдық сананы
қалыптастыруда айрықша орын алатын бұқаралық
ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдің
тағдырына немқұрайлы қарауы қалың көпшілікті
де аландатып отырғаны сөзсіз. Ата Занда
атап көрсетілгендей, қазақ тілі мемлекеттік
тіл ретінде қоғам тұтастығының бірден
бір факторына айналуы тиіс және оған
барлық қазақстандықтар азамат ретінде
атсалысуы керек. Соңдықтан, заң тұрғысынан
БАҚ-тардың жауапкершілігін арттыратын
шаралар қарастыру өте орынды болар еді.
Атап өтерлік бір жәйт, үстіміздегі жылғы
18 сәуірде өткен Қазақстан Журналистері
конгресінде "Бұқаралық ақпарат құралдары
туралы" жаңа заң жобасының түсаукесері
жасалды. Онда қазақ тілін қолдау бағытында
"мемлекеттік тілде дайындалған хабарлардың
эфирдегі таралу уақыты тәулік бойында
біркелкі болуы шарт" деген арнайы қағидат
қарастырылған. Аталмыш заң жобасын бір
топ депутат арқылы Мәжілістің қарауына
енгізу көзделіп отыр.
Жалпы, мемлекеттік тіл саясатын толыққанды
жүзеге асыру бұл бұқаралық, іске айналғанда
ғана көздеген мақсатына жете алады деп
есептеймін. Бұл ретте бұқаралық ақпарат
құралдарының ықпалы орасан зор болмақшы.
Олар тіл мүддесін қорғап, тіл зәрулігін
қамтамасыз етуде тек мемлекеттік органдарға
талап қоюшылықпен ғана шектелмей, оларға
тиісті қолғабыс жасауға үйренулері керек.
"Тіліміз кұрып кетті, құрдымға батып
бара жатыр", деп көздің жасын төге бермей,
оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты
ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайта
түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау
мен үйретуде жеке адамдардың, отбасының
атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны
жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда
да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс.
Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің
ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға
сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді
ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны
ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз
еткеніміз абзал.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде
және біліктілік талаптарына сай білуді
қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен
лауазымдар тізбесін заңдық түрғыдан
бекіту орайында мемлекеттік қызметшілерге
қатысты мәселелер Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттік және
басқа да тиісті органдар тарапынан ойластырылып,
көп кешікпей бір шешімін табары анық.
Мемлекеттік тіл мәселесі ешқашан назардан
тысқары қалып көрген емес. Мемлекеттік
тіл саясатын жетілдіру, нығайту бағытындағы
жұмыстар үнемі жалғасын табуда. Соның
көрінісі ретінде үстіміздегі жылдың
18 ақпанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына арнаған "Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында"
атты дәстүрлі Жолдауында қазір еліміздің
әлеуметтік, мәдени саланы өркендету мақсатында
жаңа белеске қадам басқандығын атап көрсетті.
Барша қазақстандықтарды біріктірудің
басты факторларының бірі болып отырған
мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға күш-жігерін
салу - әрбір азаматтың парызы екендігі
тағы бір рет қайталанып, халқына ой салды.
Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық, жоспарының 21-тармақшасына
сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
мемлекеттік тілді дамыту бөлігіне өзгерістер
енгізу қолға алынды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатын
жүзеге асыру мемлекеттік тілді инновациялық
технологиялар арқылы дамыту үшін әлеуметтік,
экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық
жағдай жасауға бағытталған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына
сәйкес біртұтас қазақ ұлтының құрамдас
бөлігі ретінде шетелде тұратын қазақ
диаспорасын әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық қорғау, қолдау жүйесін жасау
мақсатында "Шет елдерде тұратын қазақ
диаспорасын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының"
жобасы әзірленуде.
Қазақ тілі қазақ халқымен қатар әлемнің
басқа да көптеген елдерінде тұратын отандастарымыздың
ұлттық тілі екенін ұмытпауымыз қажет.
Сондықтан да мемлекеттік тілді игеруге
көмектесетін компьютерлік оқулықтар
шығару, Интернет жүйесі арқылы мемлекеттік
тілдегі ақпараттық кеңістікті дамыту,
шетелдерде тұратын отандастарға арналған
арнайы веб-портал ашу әрі жетілдіру өзекті
мәселе екені даусыз. Әлемнің әр түкпірінде
қоныс тепкен қазақтардың бір-бірімен
электрондық жүйе арқылы хат-хабар алмасуына
олардың түрлі әліпбиді қолданатыны мүмкіндік
бермейді. Сонымен бірге кұзыретті органның
алдында шетелдерде қазақ халқының салт-дәстүрін
танытып, мәдениеті мен өнерін насихаттау
мақсатында мәдени орталықтар ашу, Еуропа
елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер
және спорт фестивалін халықаралық деңгейде
ұйымдастыру, Дүниежүзі қазақтарының
Құрылтайын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері
тұр.
Тіл саясатын жүргізуді мемлекеттік реттеу
қажеттігі қазақстандық қоғамдастық мүшелері
арасында түсіністік орнату мен бұл бағытта
белсенді әрекет ету мақсатынан туындайды.
Бұл орайдағы басты міндет - қазіргі күні
қалыптасып отырған тілдік ахуалды нығайту
үшін нысаналы, мақсатты жұмыстар жүргізу.
Қазақстанда тұратын өзге халықтардың
ана тілін оқып-үйрену ісіне мемлекет
пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау-көмек
көрсетіліп келеді. Бұл мақсатқа республикалық
бюджеттен жүйелі түрде қаржы бөлініп
тұрады.
Айтылған тоқтамдар мен деректерге келсек,
Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты
мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті
қызмет етіп отырғандығы қуантады. Біздегі
мемлекеттік тіл саясаты шын мәнінде саяси
тұрақтылыққа, этносаралық жарастыққа
және қоғамдық келісімге алғышарт бола
алады.
Алайда, біз қандай жағдайда да, қай кезде
де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей,
оларға деген мемлекеттік қолдау-қамқорлық
аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай
дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің
негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының
ұлттық тілі — қазақ тілінің, мемлекеттік
тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге
маңыз береріміз белгілі. Бұл бір-бірімізден
бөліп-жарып міндет бөлісетін шаруа емес,
ол Отаным деген барлық қазақстандықтың
қастерлі парызы Президентіміз тіл саясатын
өткір сынға ала отырып, бұл мәселеге табандылықпен
тікелей өзі қозғау салды. Енді түйінді
тіл мәселесі өз шешімін тауып, оңалар
деген үміттемін. Рас, тіл мәселесі оқтын-оқтын
көтеріліп-ақ келеді. Алайда Ассамблеяның
биылғы ХІІ сессиясындағыдай мемлекеттік
тіл төңірегінде мұндай өзекті ой қозғалып,
қажеттілігі нақты шегеленіп, бұрын-соңды
айтылған жоқ еді.
Информация о работе Білiмді беру және тiлді оқыту салаларында тiлдiк даму