Бөкейхан, Әлихан Нұрмұхамедұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:21, реферат

Описание работы

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық қозғлысы көсемі және Алаш партиясы, Алаш Орда үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.Алаш Орда төрағасы лауазымына ие болған.

Работа содержит 1 файл

Әлихан.doc

— 222.00 Кб (Скачать)

                            Бөкейхан, Әлихан Нұрмұхамедұлы 

..

  Дүниеге келген  - 1866жылы, 5 наурыз. Жері- Тоқырауын

болысының 7-ші ауылы, Қарқаралы уезі, Семей  облысы, Дала өлкесі (қазіргі Ақтоғай  ауданы, Қарағанды облысы)

Қайтыс  болғаны - 1937 ж. қыркүйектің 27 (71 жаста)

Саяси партиясы - Алаш партиясы

Діні  – Ислам

Әлихан  Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері  қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық  қозғлысы көсемі және Алаш партиясы, Алаш Орда үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.Алаш Орда төрағасы лауазымына ие болған.

Өмірбаяны

1866 ж.  наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының  7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі  Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 ж. Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.

Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан  тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлиханды  әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға  апарып, жергілікті молданың қолына оқуға  береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясынің елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Қоғамдық-саяси  әрекеттері

  Оңнан солға қарай: Халел Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Әлихан Бөкейханов Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының  қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары  мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын  ұйымдастырады. Әлиханның саяси  көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

1905 ж.  бастап Ресей конституциялық-демократиялық  партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 ж.  Әлихан Бөкейханов Семей облысы  қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік  думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума  жұмысына қатыса алмады. Өйткені  Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын  бастаған кезде Дала өлкесі  генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

1906 жылы  Омбыдан шығатын кадеттік «Голос  степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды.

1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде  жұмыс істеді.

1911-14 «Қазақ»  гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

20 ғ.  басында қазақ даласында екі  ағымның болғаны белгілі. Бірі  Бұқар мен Түркістан өлкесіне  бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл  ағым, екіншісі негізінен Батыс  өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл,  пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.

Бар күш  қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс  істеуіне жандармерия басқармасының  жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге  қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы  азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады.

Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.

1919 ж.  большевиктер өкіметінің бұрынғы  алашордашыларға жасаған кешірімнен  кейін Ә. Бөкейханов қалған  өмірін ғылыми зерттеушілікке  арнады.

Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 ж. тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.

1989 ж.  мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының  қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс  құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

Ғылыми  әрекеттері

19 ғ.  соңында Омбы орман шаруашылығы  училищесінде оқытушылық қызмет  атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс жағрапиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Әлихан «Россия. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.

1904 ж.  қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.

1911-14 жж. Ә. Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық  сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде  қатысты.

Ә. Бөкейханов — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға

.Түсініктемелер Өзінің тергеуде берген жауабынан. Туған жылы туралы деректер әр түрлі. Дегенмен де бұл дерек дұрыс болар дейміз. Себебі оның жасы туралы келтірілген ең алғашқы архивтік дерек ҚР орталық архивінде сақталған құжатта Қарқаралы ерлер приход училищесінің дайындық бөлімінде 1878/79-жылының 1-ші жарты жылдығында оқып жүрген 23 қазақ баласымен бірге оқу үлгерімі туралы ведомосіндегі деректе, Әлихан училищеге 1878 ж. қыркүйектің 16 түскенде жасы 11-де деп көрсетілген. Яғни туған жылы 1867 болмақ. Бұл жыл Әлекеңнің өзі көрсеткен 1866 жылға жақын. Қай мәнербен көрсетілгені белгісіз. Егер бұл ескі мәнербен болса, жәңа мәнербен бұл наурыздың 27 болады.

БӨКЕЙХАННЫҢ ОМБЫДА ШЫҒАРҒАН ГАЗЕТТЕРІ

ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан 1906-1907 жылдары «Иртыш», «Омич» және «Голос степи» (Ф. А. Брокгауз, И. А. Ефрон, Жаңа энциклопедиялық сөздік, 8-том. СПб., 1908 жыл) газеттерін шығарған және редакциялаған. Және де бұл газеттер бір шығып, бір шықпай қалып отырды, ол шығарушы мен редактордың кінәсінен емес еді.

Бейхабар  оқырманға жаңағы аталған газеттердің  редакторлары ретінде әртүрлі адамның аталуы түсініксіз болып көріну мүмкін. Мәселен, Ресей мемлекеттік кітапханасы газеттер бөлімінің анықтамалығындағы мәліметтер бойынша, «Голос степи» газетінің алғашқы қаңтарлық сандарында редактор-шығарушы ретінде Д. В. Ивановтың есімі көрсетілген, ақпан айындағы сандарында В. В. Кирьяновъ, ал, «Иртышъ» газетінің редакторы И. А. Поваренныхъ деп жазылған. «Омич» газетінің редакторы ретінде көрсетілген адам – В. И. Вереденко деген бәз бір әйел. Бірақ, бұл жерде үзілді-кесілді түйін жасауға асықпау керек, өйткені, бұл аталған үш Алаштың көсемі һәм Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Мәскеу, 1935 жыл.

басылымның  да тағдыры күрделі болды. «Жаңа  Алаштың көсемі һәм Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Мәскеу, 1935 жыл.энциклопедиялық сөздік» бойынша

айтатын болсақ, басылымдардың тағдыры олардың  шын мәніндегі шығарушы редакторы  болған Әлихан Бөкейханның тағдырына  ұқсас болды.

Брокгауз  бен Ефронның «Энциклопедиялық сөздігі» әлемдегі ең озық әмбебап энциклопедиялардың бірі деп саналатын. Ол сөздіктің өз заманында немістің «Брокгаузынан», француздың «Ларуссасынан» және ағылшынның «Британникасынан» кем түспегені былай тұрсын, тақырыптық ауқымының кеңдігімен және соңғы (ХХ ғасырдың басындағы) ғылыми мәліметтерді пайдалану тереңдігімен айрықшаланып, кей тұстарда озық тұрған.

1908 жылдан  және дәл сол 8-інші томынан  бастап, 22-інші томына дейін Әлихан  Бөкейханның өзі аталған энциклопедияның  редакциялық алқасының мүшесі  болды. Мұнда да бірден үш  мерзімді басылымды редакциялаған оның артық қосып жазуы не қателесуі мүмкін емес. Ең қызығы басқада. 1906 жылғы шілденің соңында Омбыда «Иртыш» газетінің бірінші саны шығады, сосын ол Далалық генерал-губернатор Сухотиннің өкімімен ««зиянды бағытына» байланысты әскери жағдай тоқтатылған мерзімге дейін» жабылады, бірақ, оның ізі суымай жатып, сол жылдың қарашасының соңында оқырмандарға жаңа газет ұсынылады. «Иртыш» басылымы жабылысымен бірінші саны шыққан «Омич» (бұл да мән-мазмұны жағынан тура сол басылым еді, тек аты ғана басқаша) газетінің өмірі одан да қысқа болды. Оның оншақты саны шығып үлгерді, ал, «Иртыш» газеті оқырмандарға 74-тен астам санын ұсынған еді. Ол «Иртыштың» ізімен 1906 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін, Әлихан Бөкейханның сөзімен айтқанда: «орыс императорының далалық сатрабы» генерал Сухотин қайтадан тура сондай желеумен және дәл солай белгісіз мерзімге жабуға өкім бергенше шығып тұрды. «Голос степи» газеті 1907 жылдың 1 қаңтарынан шыға бастады да, 42-інші санынан кейін, ақпанның соңында шығуын тоқтатты. Бұл басылымның да тоқтауы әйгілі «Выборг үндеуіне» қол қойғаны үшін Әлихан Бөкейханның Санкт-Петербург сотының арнайы қатысуымен сотталып, үш айға түрмеге жабылуымен дөп келеді. Сол кезде ол өз еркімен Семейге келіп, түрмеге отырып жазасын өтеген еді. Бірақ, оны түрмеде астаналық соттың шешіміне сәйкес үш ай емес, тұтас сегіз ай бойы ұстады. Одан соң оны 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін Самараға жер аударып жіберді. Әрине, шындықты айту керек, саяси жер аудару қазақ көсеміне кедергі бола алған жоқ, ол Санкт-Петербургке жиі-жиі жасырын келіп жүрді. Бұл үш газеттің де оқырман қауымы кең және тұрақты болғанын атап айту керек. Осы басылымдардағы жарнамаларға қарар болсақ, оқырмандардың  елеулі бөлігі газеттерді жазылып алып тұрған. Газетте мынадай жарнамалар берілген: «Иртышъ» және «Омичъ» газеттерінің орнына 1907 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Голосъ степи» (Орфографиясы сақталған) газетіне жазылу басталды». «Иртышъ» және «Омичъ» газеттеріне жазылушыларға. «Иртышъ» және «Омичъ» газеттерінің жазылушыларына «Голос степи» жолданады, алдыңғы газеттер үшін төленген ақша есепке алынады».«Голос степи» газетінің барлық санына басылған осы екі жарнаманың өздері-ақ сөйлеп тұр. Бұл жарнамалардың мазмұнынан оқырман қандай да бір түсініксіздік байқаған болса олар жалғыз бұнымен шектелмейді. Тағы бір таңғаларлығы – редактор ретінде аталған адамдардың бәрі өмірде болған және тура сол Омбыда өмір сүрген. Мысалы, Иван Аксентьевич Поваренных адвокат болған және Әлихан Бөкейханның досы еді. Бұл кісіні бірде генерал-губернатор Сухотин бір қазаққа шағым жазуға көмектескені үшін ғана Омбыдан айдап жіберген. Неге Әлихан Бөкейхан әлгі газеттерді іс жүзінде өзі редакциялай отырып, өз аты-жөнін көрсетпеген деген заңды сұраққа оның 1906 жылғы 11 тамызда «Степной піонеръ» газетінде жарияланған өз мақаласынан жауап табамыз. Оның жазған «Обыватель-критиканъ» деген мақаласында мынандай жолдар бар: «…бұрынғы дума мүшелері құрған кез-келген қауымдастық қызметіне тыйым салынады. …Думаға мүше болғаны себепті... қоғамдық қызметпен айналысуға жаппай тыйым салынды!..»

Информация о работе Бөкейхан, Әлихан Нұрмұхамедұлы