Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 08:17, курсовая работа

Описание работы

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.

Работа содержит 1 файл

«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыб.DOC

— 518.50 Кб (Скачать)

    Жабдықтау: 22 есеп жазылған парақ әр зерттелінушінің  қолына беріледі.

    Психологқа  ескерту: есептер қиындықтарына  байланысты үш топқа бөлінеді:

    1. 1-ден 18-ге дейінгі есептерде 1 сұраққа жауап беріледі;

    2. 19-шы-20-шы есептерде 2 сұраққа жауап беріледі;

    3. 21, 22-ші есептерде 3 сұраққа жауап беріледі.

    Есеп  шарттарында тек қажетті ақпарат  ғана емес, тіптен артық мағлұматтар, жасанды сөздер, әр түрлі атаулар, есте қалатын ара-қатынастарының неше түрлері берілген. Сонымен қатар көрші есептегі сұрақтар бір-біріне ұқсамайды.

    Тапсырмалар:

    1. Қатираға қарағанда Марат көңілді. Қатира Әлияға қарағанда көңілді. Ең көңілді кім?

    А) Қатира; Ә) Марат; Б) Әлия.

    2. Бануға қарағанда Садық күшті. Бану Ләйлаға қарағанда күшті. Ең күшті кім?

    А) Бану; Ә) Садық; Б) Ләйлә.

    3. Қалиға қарағанда Майра қара. Әсетке қарағанда Майра қара. Бәріненде ең қарасы кім?

    А) Қали; Ә) Майра; Б) Әсет.

    4. Бану Қатираға қарағанда ауыр. Бану Зәуреге қарағанда жеңіл. Бәріненде ең жеңіл кім?

    А) Бану; Ә) Қатира; Б) Зәуре.

    5. Әли Мәдиге қарағанда иаее. Мәди Әселге қарағанда иаее.

    Кім ең иаее? А) Әли; Ә) Мәди; Б) Әсел.

    6. Әсел Мәдиге қарағанда тпрқ. Мәди Әділге қарағанда тпрқ. Кім ең тпрқ?

    А) Әсел; Ә) Мәди; Б) Әділ.

    7. Прсн Лднқға қарағанда көңілді. Прсн Қршнға қарағанда көңілсіз. Кім ең көңілсіз?

    А) Прсн; Ә) Лднк; Қршн.

    8. Бртн Ртбнға қарағанда әлсіз. Бртн Ғмтнға қарағанда күшті. Ең әлсіз кім?

    А) Бртн; Ә) Ртбн; Б) Ғмтн.

    9. Мнрн Нбстға қарағанда уиее. Нбст Стпжға қарағанда уиее. Кім ең уиее?

    А) Мнрн; Ә) Нбст; Б) Стпж.

    10. Дшлт Сптрға қарағанда клмн. Сптр Пнбрға қарағанда клмн. Кім ең клмн?

    А) Дшлт; Ә) Сптр; Б) Пнбр.

    11. Ит қоңызға қарағанда жеңіл. Ит пілге қарағанда ауыр. Бәріненде жеңіл не?

    А) Ит; Ә) қоңыз; Б) піл.

    12. Ат шыбынға қарағанда аласа, ат жирафқа қарағанда биік. Бәріненде биік не?

    А) Ат; Ә) шыбын; Б) жираф.

    13. Әлиев Махановтан 68 жас кіші. Әлиев Серіковтан екі жас үлкен. Бәріненде кішісі кім?

    А) Әлиев; Ә) Маханов; Б) Серіков.

    14. Майлин Алиевке қарағанда 3 кг жеңіл. Майлин Қалиевке қарағанда 74 кг ауыр. Бәріненде ең ауыр кім?

    А) Майлин; Ә) Әлиев; Б) Қалиев.

    15. Сара Әменге қарағанда бірталай әлсіз. Әймен Баянға қарағанда күшті. Бәріненде ең әлсіз кім?

    А) Сара; Ә) Әмен; Б) Баян.

    16. Болат Әсетке қарағанда қара. Болат Гүлімге қарағанда бірталай ақ. Бәріненде ақ кім?

    А) Болат; Ә) Әсет; Б) Гүлім.

    17. Ұлан Әлімге қарағанда баяу. Бота Ұланға қарағанда жылдам. Ең жылдамы кім?

    А) Ұлан; Ә) Әлім; Б) Бота.

    18. Сәкен Мәдиге қарағанда ауырлау. Әли Сәкенге қарағанда жеңілдеу. Ең жеңілі кім?

    А) Сәкен; Ә) Мәди; Б) Әли.

    19. Бану Қатираға қарағанда көңілді және Майраға қарағанда жеңіл. Бану Майраға қарағанда көңілсіз және Қатираға қарағанда ауыр. Ең көңілсізі және ең ауыры кім?

    А) Бану; Ә) Қатира; Б) Майра.

    20. Айшаға қарағанда Рита қаралау, әрі Нұрланнан кіші. Рита Нұрланға қарағанда ашық және Айшадан үлкен. Ең қарасы, ең жасы кім?

    А) Айша; Ә) Рита; Б) Нұрлан.

    21. Ұлжан Әлиден көңілді, Әсемнен жеңіл. Әсем Ұлжаннан күшті. Ұлжан Әсемнен ауыр, Әсем Әлиден көңілсіз, Әли Ұлжаннан әлсіз. Ең көңілдісі, ең жеңілі және ең күштісі кім?

    А) Ұлжан; Ә) Әли; Б) Әсем.

    22. Төкен Маяға қарағанда қара, Мая Бекке қарағанда кіші. Бек Төкенге қарағанда аласа. Төкен Бекке қарағанда үлкен. Бек Маяға қарағанда ақ. Мая Төкеннен биік. Ең ағы, ең үлкені, ең биігі кімдер?

    А) Төкен; Ә) Мая; Б) Бек. Кілті.

    1.   Ә) Марат.

    2.   Б) Ләйлә.

    3.  Ә) Майра.

    4.   Ә) Қатира.

    5.   Б) Әсел.

    6.   А) Әділ.

    7.   А) Лднқ.

    8.   Б) Ғмтн.

    9.   А) Мнрн.

    10.   А) Дшлт.

    11.   Б) Піл.

    12.   Ә) Шыбын.

    13.   Б) Серіков.

    14.   А) Майлин.

    15.   Б) Баян.

    16.   Ә) Әсет.

    17.   Ә) Әлім.

    18.   Ә) Мәди.

    19.   Ә) Қатира ең көңілсіз.

            Б) Майра ең ауыр.

    20.   А) Айша ең жасы.

            Б) Нұрлан қара.

    21.   А) Ұлжан ең көңілді.

            Ә) Әли ең жңілі.

            Б) Әсем ең күшті.

    22.   А) Төкен үлкен.

            Ә) Мая биік.

            Б) Бек ақ.

    Ұсынылған тапсырмалардың балалар үшін қиындығы – мағынасы жоқ әріптер жиынтығымен операция жасау болды. Бұл жерде математикалық амалдарды жақсы меңгерген балалар оның мән-мағнасына тезірек түсініп, тапсырманы орындауға онша қиналған жоқ.

    Қорытындылап  айтқанда, логикалық ойлауды дамыту тестері тек балалардың ғана осы процесін дамытып қоймастан, оны жүргізген психологтың, педагогтың да логикалық ойлауының тереңдеуіне үлкен әсері бар екенін байқадық. Логикалық ойлауды дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолданудың негізгі екі жолын анықтадық:

    1. Сабақтарда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану;

    2. Арнайы психологиялық шығармашылық тестер мен тапсырмаларды қолданып, баланың ой-өрісін тереңдету.

 

     Қорытынды 

    «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбын зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

    Бастауыш сынып оқушыларының барлық қабілетінің нышандары оянып, қалыптыстыруға ыңғайлы уақыт. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту бағдарламасы танымдық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Баланың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде зерттеген ғалымдар Д.Б.Занков, Б.Тұрғынбаева, Қ.Бозжанова, Е.И.Рогов, М.Р.Битянова т.б. жаңа бағдарлама қабілет табиғатына сүйене отырып оны дамыту жолдарын көрсеткен.

    Ойлау процесін, басқа таным процестеріндей, арнайы жаттығулар көмегімен дамытуға болады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті олардың тіл байлығымен, сөйлеу ерекшеліктерімен, ұғымдық қорының қалыптасқаны мен бағаланды. Оқушының ойлау қабілеті мектепке келгенде нақты пайымдау, сөздік-бейнелі деңгейде болса. Төрт жылдық ішінде сөздік - логикалық деқгейде қалыптасып, одан әрі ұғымдық-логикалық ойлауға аяқ алуы қажет.

    Сондықтан оқу барысында балалардың ойлау  қабілетін дамытуға арналған арнайы тәсілдері қолдану қажет. Осы  тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол. Ұлттық ойындар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер балалардың байқағыштығын, заттардық мән-мағынасына түсініп, негізгі қасиеттерін анықтауға қабілетін дамытып ойлау процесін тереңдетеді. Табиғат ерекшеліктеріне, жыл мезгіліне байланысты құбылыстарды салыстырмалы түрде меңгеру арқылы талдау, жалпылау операцияларын меңгерді.

    Ойлау қабілетті дамытуға шығармашылық тапсырмалардық қосатын үлесі өте үлкен. Олар геометриялық фигуралармен түрлі операциялар жасау, қиып жапсыру, суреттегі жетіспейтін детальдарды анықтау тағы сол сияқты тапсырмалар арқылы баланың геометриялық фигуралардың формаларын, түрін-түсін, кеңістікте орналасқан талдау арқылы олардың ортақ қасиеттерін тауып, жалпылайды. Осы ойлау операциялары арқылы баланың танымдық қабілеті жоғары деңгейге көтеріледі.

    Шығармашылық  тапсырмалардың түрлері өте көп. Оларды жүйелі түрде қолданып, тақырыптан тақырыпқа түрлері мен мазмұнын тереңдету және орындау әдістемесін қиындату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытып нақты-бейнелі ойлаудан біртіндеп сөздік-логикалық түріне қарай жетелеуге мүмкіндік туады.

    Сондықтан ойлау процессін дамытуға әсерін тигізетін дидактикалық материалдарды  жүйеге келтіріп, сыныптардағы оқитын пәндердің мазмұнына байланысты топтастырып жинаса оны келесі қолданғанда біраз жаңалықтар ендіріп, жаңа вариантта қолдануға болады. Бастауыш сынып, оқушыларының барлық қасиеттерін тәрбиелеуге көнгіш, тез дамиды. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет.

 

     Әдебиеттер тізімі:  

  1. Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері. Алматы, 1992.
  2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
  3. Битянова М.Р. Практическая психология. М., М., 1997.
  4. Бірмағамбетов Э. Бастауыш сынып пәндерін оқыту. «Бастауыш мектеп». 1999, 6.
  5. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей школьного возраста. М., 1999.
  6. Базыкеева Г. 10 санның құрылымын оқыту. «Бастауыш мектеп», 1999, 6.
  7. Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. М., 1991.
  8. Гатаулин Г.Ф. Сабақ түрлері және оның құрылымы. «Бастауыш мектеп», 1998, 5.
  9. Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.
  10. Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1999.
  11. Қыдыршаев А. Балалардық жас ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000, 1.
  12. Немов Р.С. Психология. В 3 томах. М., 1995.
  13. Махмутов М.И. Развивающее обучение. М., 1976.
  14. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990.
  15. Мухина В.С. Изучение особенностей детской психологии. М., 1990.
  16. Манасбаева Қ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп», 1999, 2.
  17. Овчарова Р.В. Детская психология. М., 1999.
  18. Ордабекова Г. Дидактикалық ойындарды қолдану. «Бастауыш мектеп», 1997, 3.
  19. Психологические тесты . М., 2002.
  20. Психологические методы. Под ред. А.А.Бодалева. Ленинград, 1997.
  21. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образолвании. М., 1995.
  22. Сәрсенғалиева Т., Дүтбаева Қ. Табиғатпен таныстыруда өткізілетін дәстүрден тыс сабақ. «Бастауыш мектеп», 1998, 5.
  23. Тұрғынбаева Б. Бастауыш кластар үшін ұсынылатын үлгі тақырыптар. Алматы, 1993.

Информация о работе Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері