Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:12, реферат
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
І. Кіріспе
Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – ойын.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет.
2. Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар.
ІІІ. Қорытынды.
Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын
тәрбие құралы.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.
Жалпы
ойынның қандай түрі болмасын, атадан
балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады.
Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен
туады да, психологиялық жағынан
денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр
да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы
бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ.
Демек ойынның өзі бала үшін біліктің,
тәлімнің қайнар көзі болып табылады.
Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп,
оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп
отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт
те естен шығармағандары абзал. Өйткені
жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле
де, ойлай да білсін!
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар
Алма-Ата «Жалын» 1987 г.
2. «Қазақстан
мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
3. «Қазақтың
ұлттық ойындары» кітабы
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992 ж.
Информация о работе Балабакшаларда улттык ойындарды пайдалану