Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 13:16, реферат
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз.
Баланың дербес тілінде де осы сияқты бір жайт байқалады. Сөздерінін ешқандай мағынасы жоқ, ал әрбір жаңа жағдайда өткендегіні қайталайтын болып көрінген тілді көз алдынызға елестетіп көріңіз. Мен келтірілген мысалдағы «пу-фу» өзі бір жағдайда йод құйылған бөтелкені, екінші жағдайда бөтелкенің өзін білдіреді және тағы сол сияқты. Яғни, мұндай сөз тұрақты мағынасы бар сөзге ұксамайды. Мұнда белгі деген мүлдем жоқ. Баланың дербес тіліндегі сөздерді қабылдағанда олар азды-көпті болса да тұрақты мағына пайда болған кезеңдегі сөздерге ұқсамайды. Мұнда сөздің өзі көп мағынаны білдіретін сияқты және сол сөздер екінші жағынан қарағанда ешнәрсені де білдірмейді.
Кез келген белгінің бастауы нені білдіреді? Н.Я.Марр теориясының әрқилы қағидалар мен аңызына және даулы жайттарына қарамастан, маған оның бір қағидасы даусыз болып көрінеді. Ол адам тіліндегі бастапқы сөз, оньщ алғашқы мағынасы көп нәрсені білдіреді, не өте көптеген заттарды қамтиды. Сондай-ақ, баланың алғашқы сөзі де санқилы мағынаны білдіреді. Бірақ ол кандай сөз? «Мынау» немесе «анау» сиякты бала сөздері кез келген затка тән. Біз осы атауда нағыз сөз деп айта аламыз ба? Айта алмаймыз, бұл сөздің өзіңдік қана ашық қызметі бар; келе-келе адам белгіні білдіретін сөздер туындайды. Алайда әзірше ол бәрін білдіретін сөз, ол дауыстык сілтеме ишараты арқылы барлық кезде сақталады, өйткені адамның әр-бір сөзі белгілі бір затты нұсқайды.
Евді соңғы айырмашылық.
Егер істі Штерн сияқты елестетсек (оның айтуынша сөздің мағынасы, сөз мағынасының өзара байланысы өте қарапайым түрде бірімен-бірі ұйымдасқан нәрсе), онда, әрине, сөз табиғатының мәнін әрқилы бағалауға болады. Баланың дербестік тілін зерттеудің мәні де, оның сөздерінің табиғатын да, бірсыпыра қызметгерін де, мысалы, хабарлаушы қызметін де ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Осыдан кейін біз балалық шақтағы сөздің атау мағынасын білдіретін қызметінің де пайда болатынын білеміз. Бұл ерекшелік баланың өтпелі кезеңінде өзгеше мәнге ие болатынын көрсетеді.
Бала тілінін дербестігіне қатысты мәселенің сыры мен астары қабат-қабат екендігіне көзіміз жетеді. Оның дербестік тілінің дамуында өтпелі кезеңіне тән ерекшеліктері барын анықтап, әлі де тілі жетіле қоймаған балада ұзак мерзім бойы сақталып қалатынын көрсетеді. Ондай балалар қатарына ақыл ойы кеміс сөйлей алмайтын мылқауларды жатқызуға болады. Бірақ олардың дербестік тілі, біздің ойымызша, символ-белі) сипатында болып көрінеді. Мысалы, тілі анық шықпаған бал бөтелке деудің орнына «пу-фу» дейді. Сол «пу-фу» сөзі бірнеше түсінікті білдіруі мүмкін.
Сәби үшін тіл оның санасында белгілі таңба ретіндеіі түсінік сипатында қалыптаса қоймайды. Сондықтан бұл жайттың Штерн «жаңалығынан» айырмашылығы ұшан-теңіз. Алайда бал тілінің бастапқы сатысы алдағы өтпелі кезеңдерде елеуд өзгерістерге ұшырап отыратындығын бекерлеуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда біз бала тілінің дамуындағы дербестік немес басқаша сөйлеу кезеңдеріндегі ғана емес, сондай-ақ оның ода әрі даму кезеңдерінде бірқатар секірмелі өзгерістерге ұшыра отыратындығын көреміз.
Бала тілінің шығуы мен қалыптасу кезеңдерін түсініп оның дамуын неғұрлым тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Мұның өзі тілдің дамуын дұрыс бағдарлап, теориялық жағынаі тұжырымдауға көмектеседі және осы мәселеге қатысті буржуазиялық көзқарастардың кемшіліктерін ашып көрсету ұшін қолайлы жағдай тудырады.
Біздер бала дамуындағы жаңа құрылымдарды – оның жүруі мен еңбектеу әрекетін және басқа қасиеттерін де естен шығармауымыз керек.
Мен осы бағытта алға қойған мақсатыма жету үшін баланың дағдарыс кезеңі оның организміндегі болатын елеулі өзгерістердің мән-жайын ашып көрсетіп, оларды қай бағытта іздестіріп көру керектігін атап айтуды жөн деп санаймын. Бұл мәселедегі түйін баланың бойындағы қалыптасатын жаңа құрылым жасына қатысты-ау деп ойлаймын.
Баланың жеке басының
даму сатылары оның өмір сүретін ортасымен
қарым-қатынасында өрістеп
Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс.
Дегенмен сананың баланың сөйлеуді меңгеруде қандай орын алатындығын түсіндіру қиын. Әдетте сана мен сөйлеудің өзара байланысты болатындығы жайында сөз болып, адамнын хайуаннан айырмашылығы осы дыбысты тілінде деген түсінікпен ғана шектеліп келді. Баланың әлеуметтік ортаға қатынасын оның тілінің шығуы мен жүруінің ролі сияқты қызмет атқарады деп санадды. Мұндай пікір аса бағалы бола қоймады. Маған белгілі зерттеулердің бір де бірінде баланың бойында пайда болатын жаңа құрылымдар өзара қаңдай қатынаста болады деген сұрақтың мән-жайын ашып бере алмайды.
Біз генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.
Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.
Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғ дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады,
Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз
Бала дамуьндағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның занды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жекё басына тән сипаты деп түсінуіміз керек.
Тағы рефераттар
Информация о работе Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс