Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:49, реферат
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).
Қоғамда азық-түліктің көбеюіне
байланысты артық заттарды айырбастау,
осындай айырбас сауда
Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.
Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.
Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді. Ол туралы кейінгі тақырыптарда айтылады.
Негізгі әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). А., 1994.4-30- бб.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. А.Т.1., 1996. 1-2-бөлімдер.
3. Жолдасбайұлы С. Ежелгі
және орта ғасырдағы Қазақстан.
9-25-бб.
4. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2001. 1 бөлім
5. Маргулан А.Х. Бегазы-
6. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумагамбетов Т. Археология Казахстана. А., 1993.
Қосымша әдебиеттер
1. Кадырбаев А.Ш. История Казахстана: первобытный мир и древность. А., 1998.
2. Самашев З.С. Наскальные
изображения верхнего
3. Шалекенов У. Құм басқан қала. А., 1992.
Мысыр
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Мысыр Араб Республикасы | |||||
Координаттар: | |||||
Ұраны: «بلادي بلادي بلادي | |||||
Мысыр ұлттық әнұраны | |||||
Ресми тілі |
арабша | ||||
Астанасы |
Каир | ||||
Ірі қалалары |
|||||
Үкімет түрі |
Демократиялық республикасы | ||||
Президент |
|||||
Жер аумағы |
30 | ||||
Жұрты |
| ||||
ЖІӨ |
| ||||
АДИ (2006) |
0.702 (medium) (111) | ||||
Валютасы |
Мысыр фунт (ج.م.) | ||||
Интернет үйшігі |
.eg | ||||
Телефон коды |
+20 | ||||
Уақыт белдеуі |
+3 |
Мысыр (көне мысырша: Km.t; коптша: Ⲭⲏⲙⲓ — Kīmi; араб.: مصر — Miṣr; масрише: Máṣr), ресми түрде Мысыр Араб Республикасы– Африка құрылығының солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр.[1]
Мазмұны [жасыру]
|
[өңдеу] Жағрапиясы
Бүгінгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрылықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.
Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
[өңдеу] Тарихы
Папирусқа салынған сурет.
Гелиополиядағы киелі ағаш және ежелгі Мысыр құдайлары.
Ежелгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін адам баласы палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Неолит кезеңінен климат өзгеріп, бұрынғы саванналарды құм басып, адамдар Ніл өз. бойына жинала бастады. Б.з.б. 4-мыңжылдық шамасында Ніл өз. бойына жиналған тайпалар (протосемит, бербер, кушит, т.б.) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты. Халық санының күрт өсуіне, аңшылық пен балық аулау кәсіптері арқылы тамақ табудың қиындауына байланысты мал шаруашылығы мен егіншілік дами бастады. Қоғамның әрі қарай дамуы нәтижесінде алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б.з.б. 3-мыңжылдық шамасында жоғ. Мысыр билеушісі Менес (Мена) төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді. 1. Ең ежелгі патшалық (б.з.б. 3000 – 2800) кезеңінде елді екі билеуші әулет кезек-кезек басқарды. Жерді суғару қолға алынып, мыстан қару-жарақтар, құрал-саймандар соғылды, айырбас сауда дүниеге келді. Нубияға, Ливияға, Синай түбегіне жорықтар жасалды. 2. Ежелгі патшалық (б.з.б. 2800 – 2250) үшінші әулеттің билікке келуімен басталды. Ауыл шаруашылығы, қолөнер, айырбас сауда мен құрылыс жұмыстары жетілдіріліп, жерге жеке меншік пайда болды. Перғауын мен мемлекеттік аппараттың билігі күшейтілді, тұрақты әскер құрылды. Құл еңбегін кеңінен қолдана отырып, перғауындарға арналған пирамидалар салынды. Мысырдың бірінші бөлінуі б.з.б. 2250 – 2050 ж. болды. Жер көлемінің тым ұлғайуына байланысты жергілікті тайпа көсемдерінің билігі күшейіп, нәтижесінде б.з.б. 23 – 22 ғасырларда Мысыр бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. өсақ мемлекеттер өзара қырқыса бастады. Дегенмен сауда мен қолөнердің дамуы елдің бір орталыққа бағынуын қажетсінді. Сөйтіп, б.з.б. 21 ғ-дың ортасына таман ел қайтадан бірікті. 3. Орта патшалық (б.з.б. 2050 – 1700) 12-ші әулеттің билік басына келуімен тікелей байланысты. Өсақ иеліктер қайтадан бір орт-қа біріктірілді. Суландыру жұмыстары, қолөнер, сауда бұрынғысынан да өркендеді. Сириямен, Крит аралдарымен сауда байланыстары жақсарды. Бұл кезеңнің соңына таман орт-тың билігі әлсіреп, перғауындар арасында билік үшін күрес басталды. Мысырдың екінші рет бөлінуі кезінде (б.з.б. 1700 – 1580) елге солт.-шығыстан гиксос тайпалары шабуыл жасап, мемлекеттің көпшілік бөлігін басып алды да 110 жылдай билік құрды. Мысыр перғауындары тек елдің оңт. жағында үстемдік етті. 15 – 17-әулеттен шыққан перғауындар елден басқыншыларды қуып шығу үшін үздіксіз соғыс жүргізгенімен, тек 18-әулеттің тұсында ғана Мысыр толық азат етілді. 4. Жаңа патшалық (б.з.б. 1580 – 1070) кезеңінде қола мен темірден әр түрлі бұйымдар (соқа, жіп иіретін құралдар, дөңгелек, шыны-пиала, т.б.) шығарылды. Сирияға, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде он мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Арбакештер әскері пайда болды. Перғауындар – Тутмос І, Тутмос ІІІ, Аменхотеп ІІ заманында Мысырға Сирия, Палестина, оңт-те Ніл өз-нің бастауына дейінгі жерлер қосылды. Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломат. қарым-қатынас орнады. Елдің күшейген тұсы Аменхотеп ІІІ (б.з.б. 15 ғ-дың 1-жартысы) заманы. Б.з.б. 15 ғ-дың 2-жартысынан бастап Сирия үшін хеттермен, кейін “теңіз халықтарымен” және ливиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Нәтижесінде б.з.б. 11 ғ-да елдің саяси-экон. жағдайы қатты нашарлап кетті. 5. Кейінгі патшалық (ливия-парсы) кезеңінде (б.з.б. 1070 – 332) ел қайтадан бір орт-қа біріктіріліп, экономика әрі қарай дамыды, металл ақшалар пайда болды. Бірақ кейін Мысыр. қайтадан ыдырай бастап, б.з.б. 671 ж. Ассирияның қол астына қарады. Дегенмен Сайс Псамметих І (б.з.б. 663 – 610) тұсында ел азат етілді. Оның мұрагері Нехо ІІ Грекиямен және Жерорта т-нің шығыс жағалауын мекендеген мемлекеттермен тығыз сауда байланысын орнатты. Бірақ б.з.б. 525 ж. елді парсы патшасы Камбис жаулап алды. Парсы билеушілері елдегі биліктерін сақтап қалу үшін Мысыр. абыздарына көп жеңілдіктер жасады. 6. Грек-рим кезеңі (б.з.б. 332 – б.з. 395) Мысырды А.Македонскийдің жаулап алуымен басталды. Аса ірі сауда және мәдени орталық – Александрия қаласының негізі қаланып, бұдан басқа да көптеген сауда және қолөнер орталықтары құрылды. Орт. Азия, Үндістанға дейінгі елдермен байланыс орнатылып, Мысыр жерінде Батыс және Шығыс мәдениеттері біріктірілді. Алғашқы патшалықтар тұсында перғауын сарайларында арнайы мектептер ашылып, болашақ шенеуніктер даярланды. Мектептерде 5 – 16 жас аралығындағы ер балалар оқып, 12 жастан бастап әр түрлі мекемелерде көшірмеші, хатшылық жұмыстарды атқарды. Мектептерде сауатты жазу мен есепке баса назар аударылып, қосымша гимнастик. жаттығулар, суда жүзу, өзін-өзі дұрыс ұстау үйретілді. Діни мектептерде астрономия мен медицина оқытылды. Ақсүйектердің балаларына әскери білім берілді. Математика ғылымы алгебра мен геометрияға бөлінді. Қарапайым алгебра есептері шешіліп, пирамидалар геометр. жолмен салынды. Мысыр абыздары жұлдыздарды зерттеу арқылы жылды 3 маусымға (сулы-жаңбырлы, егінді, құрғақ) 12 айға бөлді. Әр айда 30 күннен болды. Ал қалған 5 күнді жылға қосты. Уақытты есептеу үшін құм және су сағаттары қолданылды. Елді мекендердің алғашқы карталары мен қалалардың жоспары жасалынды. Анатомия мен хирургия да жақсы дамып, өлген адамдардың денесі бальзамдалды, хирург. аспаптар пайда болды. Бұған қоса адам емдеуде магия, сиқыршылық, кері дуалап оқу әдістері кеңінен қолданылды. Денені мумиялау, дәрі-дәрмек, түрлі-түсті бояулар жасау арқылы химия ғылымы да дами бастады. Мысыр теңізшілері перғауындардың бұйрығы бойынша алыс елдерге саяхат жасады. Грек-рим мәдениеті келгенге дейін Мысырда нақты тарихи оқиғалар тек жартастағы жазулар мен аңыз-әңгімелер арқылы ғана сақталып отырған. Мысыр мәдениеті ежелгі дәуірде антик. мәдениеттің, кейіннен Еуропа және мұсылман мәдениеттерінің бастауы болды. Гректер Мысырды ежелгі данышпандар елі деп атап, оларды өздерінің ұстаздары санады.[2]
7 ғасырда Мысырды арабтар
Мысыр Израильмен тарпынан талай шабуылға ұшырады. 1967 ж. Израиль Мысырдың Синай түбегін басып алды. Мысырдың халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде.
1974 ж. Мысыр халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Еуропа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкаға кеме жолы ашылады.
[өңдеу] Экономикасы
Барлық еңбекке жарамды
1979 жылдан шетел капиталдарының
құйылуы анағұрлым өсті. Елдің
барлық аудандарын бірімен-
[өңдеу] Табиғаты
Ніл алқабында Мысырдың бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта, қант құрағы, көкөністер, зәйтүн мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі. Жеміс ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұраттары мен атырауында өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен пальма тығыз өскен жағажайлар, Синай түбегінде – көлденеңінен кесілген жатқалдар, барлық түске боялған тау реңжердері көз тартады. Шөлейттің ортасында шоқ тоғайлары мол өскен шұраттар, плантациялар мен мол өнімді дәнді дақылды егістіктері бар жасыл аралдар.
[өңдеу] Мемлекеттік құрылымы
Мысыр Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.
Парламенттің бес жылға сайланғ
1971 жылғы Конституция – ислам
мемлекеттік дін деп жариялады.
[өңдеу] ЕАР ресми мейрамдары
[өңдеу] Халқы
Бүгінгі күні Мысырдың тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)
[өңдеу] Тілі
Мысырдағы өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі – “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады.. Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады. Мысырда ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.
[өңдеу] Тұрмыс салттары мен ғұрыптары
Мысыр– төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады. Сіздің жанұяңыз, жұмысыңыз, Мысырдан алған әсеріңіз туралы қызықтап сұрайды. Ең болмаса бір шыны шәй ішіп кетіңіз деп, ақ көңілімен қонаққа шақырады. Мысырға миллиондаған саяхатшылар келген – олардың көптегені мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик Еуклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер және Агата Кристи, Лоренс Даррелл және Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған; Наполеон, оның археологтары Ежелгі Мысырды ашқан, бір сапарында әскерлеріне қарап, толқи тұра: «Әскерлер, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге қырық ғасыр қарап тұр!» деген сөздер айтқан. Мұсылмандар діні египеттіктердің өмірінің ырғағын анықтайды. Бұл таза сыртқы белгіден айқын көрінеді: мысалы күніне бес рет муэдзин дауыс күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады.. Ал рамазан айында түн күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Саяхатшы, әрине, мысырдықтардың, алдымен ауылдық жерлерде айқын көрінетін, бірақ та қала өміріне де бөтен емес ұлттық киімінің ерекшеліктеріне назар аударады. Мысырдықтар кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хигаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранжының бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді.
[өңдеу] Дін
Мысыр Респуликасының діні - Ислам. Олар: 90% - Сүнни мұсылманлар, 5-6% суфи және 3-4% шиға.
Басқа ең үлкен діні - мәсіхшілік, бүкіл елде 16% осы дініге кіреді. Олардың көпшілігі Александрияның Копттік Православ Шіркеу мүшелер. Басқа да шіркеулер - Копттік Католик және Копттік Евангелик (Протестанттар).
Мысырдың заңдары Шариғатқа негізделеді.
[өңдеу] Копт христиандары
«Копт» сөзі арабтың «купт» сөзінен, ал оның өзі гректің «эгиптос» сөзінен шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах" сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішінде екі негізбен: анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж. монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады.
Мысырды 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары мешіттердің мұнараларымен көрші орналастырылған.
Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ, резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православ ғұрыптарына жақынырақ.
[өңдеу] Әкімшілік құрылысы
Мысыр Республикасы 29 аймаққа бөлінеді (арабша: muhafazat). Ал оларда ауданларға (markaz'лар) бөлінеді .
|
|
Информация о работе Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны жан жақты дамытудың қажеттілігі