Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 17:09, реферат
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді. Олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс одан әрі жалғаса түседі. Мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үрдістің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық, лексикалық мағыналарды меңгереді. Балалар ана тілінің мұндай мағыналарымен мектепке дейін танысады.
1.2. Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік
принциптері
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді. Олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс одан әрі жалғаса түседі. Мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үрдістің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық, лексикалық мағыналарды меңгереді. Балалар ана тілінің мұндай мағыналарымен мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті – ана тілінің сан алуан грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу. Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатын болу керек. Грамматикалық мағынаны ұғыну барысында олар шындықтағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынасты түсінелі, ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады. Тілді ұғыну – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілермен оқушылардың тіл байлығын арттыру. Әдістемелік принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
Осы ережеге сай, бастауыш
мектептерде бағдарламалар
I заңдылық
Тілді ұғыну үшін сезімталдық керек. Грамматиканы үйрету «Тілдік сезімталдыққа» сүйеніп іске асырылады. Әдістемелік ережелерді сақтау талап етеді. Оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра алатындай материал іріктеледі.
II заңдылық
Сөйлеу мәнеріне назар аудару.
III заңдылық
Жазбаша сөйлеу
IV заңдылық
Тіл таңбаларын – дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және жазбаша таңбаларды (әріп, тыныс белгісі) ұғыну.
Оқушы көру, есту арқылы сөз мағынасын аңғарады, мәнін ұғады.
V заңдылық
Тіл үйрену. Сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары дағдының қалыптасуы арқылы жүзеге асады.
VI заңдылық
Тілді жүйелі түрде сатылап үйрету:
Ана тілін меңгеруді заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады.
Қазақ тілін оқытудағы мақсат – мектеп оқушыларын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету, тілдерін ұстарту, жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдіреді. Мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруде, дамытуда мынадай қағидалар басшылыққа айналады:
Бастауыш сынып қазақ тілі әдістемесінің мазмұны.
Информация о работе Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері