Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 16:58, доклад

Описание работы

Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді. Олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс одан әрі жалғаса түседі. Мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үрдістің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық, лексикалық мағыналарды меңгереді. Балалар ана тілінің мұндай мағыналарымен мектепке дейін танысады.

Работа содержит 1 файл

1.docx

— 19.02 Кб (Скачать)

1.2. Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік

принциптері

Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді.  Олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс одан әрі жалғаса түседі. Мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үрдістің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық, лексикалық мағыналарды меңгереді. Балалар ана тілінің мұндай мағыналарымен мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті – ана тілінің сан алуан грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу. Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатын болу керек. Грамматикалық мағынаны ұғыну барысында олар шындықтағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынасты түсінелі, ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады. Тілді ұғыну – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілермен оқушылардың тіл байлығын арттыру. Әдістемелік принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:

  1. Оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;
  2. Грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету;
  3. Қазақ тілі сабақтарын басқа сабақтармен байланыстырып, балалардың лексикалық қорын байыту, оларды сөйлеуге үйрету.

Осы ережеге сай, бастауыш мектептерде бағдарламалар жасалады, дидактикалық материалдар іріктеледі және әдістері белгіленеді.

I заңдылық

Тілді ұғыну үшін сезімталдық керек. Грамматиканы үйрету «Тілдік сезімталдыққа» сүйеніп іске асырылады. Әдістемелік ережелерді сақтау талап етеді. Оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра алатындай материал іріктеледі.

II заңдылық

Сөйлеу мәнеріне назар  аудару.

  1. Тілдің мағыналарын үйретуде сезімге бөлене сөйлеу мәнерінің жолдарын ұғындыру;
  2. Ана тілі мен қазақ тілі сабақтарын байланвстырп отыру;
  3. Тілдерін талдағанда көркем тексерулердің сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.

III заңдылық

Жазбаша сөйлеу

  1. Ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазылған әріптерді салыстыру;
  2. Дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру;
  3. Ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.

 

IV заңдылық

Тіл таңбаларын – дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және жазбаша таңбаларды (әріп, тыныс белгісі) ұғыну.

  1. Көрнекілікті пайдалану (тірек-сызба, сурет, бейнеролик, бейнефильм);
  2. Есту құралдарын пайдалану (мәтін оқу, бейнеролик);
  3. Оқу құралдары, баспасөз басылымдары;
  4. Ана тілін үйрету үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы тіл материалын орынды қолдана білу.

Оқушы көру, есту арқылы сөз  мағынасын аңғарады, мәнін ұғады.

V заңдылық

Тіл үйрену. Сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары дағдының қалыптасуы арқылы жүзеге асады.

VI заңдылық

Тілді жүйелі түрде сатылап  үйрету:

  1. Ұштастыра оқыту;
  2. Қайталау;
  3. Өз бетімен жұмыс істеуді күшейту;
  4. Оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйрету.

Ана тілін меңгеруді заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып  табылады.

Қазақ тілін оқытудағы  мақсат – мектеп оқушыларын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету, тілдерін ұстарту, жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдіреді. Мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруде, дамытуда мынадай қағидалар басшылыққа айналады:

  1. Мұғалім білімділік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт ұғымына сай келетін, анық көркем тілімен жазылған материалды іріктеп, қазақ тілі сабағында пайдалануға міндетті.
  2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде үнемі дағдыландырады.
  3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалрдың сезіміне әсер етіп, имандылық, адамгершілік мінез-құлықтарының қалыптасуына жағдай туғызады

Бастауыш сынып  қазақ тілі әдістемесінің мазмұны.

  1. Бастауыш сыныптарда оқушылардың жоғарғы сыныпта оқуына, жүйелі білім алуына дайындық жасау;
  2. Балалар ана тілінің құрылымдарымен үстірт танысады
  3. Олардың оқуға, жазуға дағдылары қалыптасады.
  4. Ана тілі сабақтарында түрлі құбылыстарды бақылай білуге, қорытынды шығаруға үйренеді.
  5. Мұның барлығы балаларды жүйелі білім алуға жақындауға орасан зор маңызы бар алғышарт болып табылады.

Информация о работе Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері