Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 21:20, реферат
Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетеміз.
Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?Екі топтағы ата-аналар өзара келісе отырып, қасиеттер тізімін жасайды. Болған соң екі топтың ассойиациялары талқыланады.
Васильковка негізгі мектебі
Тақырыбы: Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі.
Өткізген: Оразаева Ж.Ж.
2009-2010 оқу жылы.
Ата- аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі,
қолдау көрсетуі.
Тренинг
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер, карточкалар, қызыл және көк дөңгелекшелер.
Қолданылған әдістер: дәріс, тренинг, тест.
Сынып жетекшісі:
Тәрбиеде ештене жоспарланбайды. Олай болса, мына дөңгелекшелерді таңдап екі топқа бөлінеміз.
Шағын дәріс.
Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетеміз.
Бала тәрбиесінде ата-ана
Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, Баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
Тапсырма 1
Жағдаяттар беру.
Жағдаят |
Баланың бастан кешкен сезімі |
Сіздің іс-әрекетіңіз? |
Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлы мектептен келе сала: «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз! » деп күйіп піседі. |
Жағдаят |
Баланың бастан кешкен сезімі |
Сіздің іс-әрекетіңіз? |
5- сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» - дейді. |
Екі топқа берілген жағдаяттар бойынша ата-аналар жұмыс жасайды.
1-жағдайда баланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.
2- жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың! » немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.
Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.
Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сәйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.
Тапсырма 2.
Екі топқа ата-аналардың баламен
қарым-қатынасында баланың
Ата-аналар осы сөздерді
Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Тест «Сіз қандай ата-анасыз?»
Жауабы:
Сауалнаманы бағалау:
0-16 балл. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16-30 балл. Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс.
Сіздің бойыңызда тәрбиешілік
қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан
бір қалыпты бағыттағы
30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Қорытынды. Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінін онша оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздыр. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата-аналармен қоштасамыз.
Информация о работе Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі