Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 20:18, курсовая работа
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері
- қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу;
- отбасының қалыптасуын және оның тәрбие факторы ретіндегі сипатын көрсету;
- ерте замандағы және қазіргі замандағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау.
Кіріспе
3
1
Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
4
1.1
Отбасы - тәрбие факторы
4
1.2
Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
10
1.3
Отбасындағы дағдарыстар
15
2
Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары
19
2.1
Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
19
2.2
Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы
26
2.3
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
30
Қорытынды
33
Қолданылған әдебиеттер тізімі
34
Ұйымдастырылған мақсатты
жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие
де болмайды. Отбасындағы тәрбиенің
маңыздылығы ата-ананың басшылығымен,
бақылауымен әртүрлі іс-
Баланың отбасында орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың отбасындағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы рөлін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың отбасындағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Ата-ананың тәрбие жұмысының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда отбасы тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, отбасының әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс-әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы.
Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақытты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері отбасының тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.
Отбасының бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсіну, сезім әсерлері негізіндегі бір-біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі., оның микроклиматын қалыптастырып, отбасының даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Отбасындағы бала тәрбиесінің
жетілуі әлеуметтік-
Кесте 1- Отбасының педагогикалық процесі күйінің диагностикасы
Негізгі критерилер |
Көрсеткіштер |
Диагностикалық әдістер |
Отбасының жалпы сипаттамасы |
1) отбасы құрылысы; 2) ауқаттылығы, тұрмыстық жағдайы; 3) ата-ана туралы мәліметтер (білім деңгейі, кәсібі, әлеуметтік-мәдени құндылық бағыттары,мақсат-мүдделері. |
Жеке іс құжаттарын зерттеу. Отбасына бару (байқап-бақылау, әңгіме-сұхбат жүргізу). |
Өнегелік-психологиялық атмосфера |
1) өнегелілік мақсат-нұсқаулары; 2) отбасындағы өзара қатынас стилі; 3) ата-ананың баланың өмір әрекетінің мазмұнына көңіл бөлуі; |
Сұрақ-жауап. Әңгіме-сұхбат. Оқушылардың шығармалары. Тесттер. «Мен жне менің отбасым» суреті. Ранжирование. |
1 |
2 |
3 |
Ата-ананың педагогикалық мәдениеті |
1) ата-ананың тәрбиенің мақсатын, міндеттерін түсінуі; 2) тәрбиенің құралдарын, формаларын, әдістерін, тәсілдерін білу. |
Сұрақ-жауап. Әңгіме-сұхбат. Байқап-бақылау. |
Оқушының сипаттамасы |
1) отбасы өміріне белсенді араласу; 2) адамгершілік, ителлектуалдық, өмірлік мақсаттар; 3) іс-әрекеттің мақсаты, себеп-салдары; 4) іс-әрекет түрлерінің алуан түрлілігі; 5) іс-әрекеттің білігі мен әдіс-тәсілдерін игеру. |
Байқап-бақылау. Педагогикалық жағдайлар. |
Кесте 1 жалғасы
Педагогикалық процестің сипаттамалары
отбасының тәрбие мүмкіндіктерінде
жатыр. Оларға байланысты отбасындағы
педагогикалық процестің
Жоғары деңгей - барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан отбасылар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Отбасында оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Отбасындағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай отбасыларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым; балалардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен жетістіктерін де біледі; баланың мектептегі жағдайы да отбасында еркін талқыланады; ата-ана баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді; әкесі мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңіл бөледі; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді. Отбасыларда бірігіп істелінген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық шаралар, кітап оқу - күнделікті және жиі болып тұратын құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлуметтік-жауапкершілігін түсінеді. Ата-аналар отбасы айтарлықтай түзетулерді керек етпейді. Олар оның мәнін және өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді.
Орташа деңгейде отбасының педагогикалық процесі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиеде аз әдістерін қолданады (насихат әңгімелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді, бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес.Отбасындағы өзара қатынас демократиялық принциптерге негізделген, алайда авторитарлық бедел қалады.
Ата-ана баланың оқу іс-
Төменгі деңгей отбасының іс-әрекетінде ала ауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік, педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады. Балалардың үлгерімі төмен, олар үшін отбасылық өмірдің қызығы жоқ, балалардың әуестіктері кездейсоқтық сипатқа ие, жасөспірімдер ортасының оларға кері әсері өте үлкен. Ата-аналар өз міндеттерін тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз ету және бақылаудың жалпы қызметтерін атқару деп түсінеді. Олар мектеппен жүйелі түрде байланыс жасамайды, педагогтар кеңесін ескемейді. Оқушының оқудағы, тәртібіндегі ақауларды мұғалімдердің жаман жұмыс істеуімен түсіндіреді. Мұндай ата-аналардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ және, ең бастысы, педагогикалық шараларға қатысуға ынтасы жоқ.
1.2 Отбасы жүйесі - баланың
жеке бас дамуы мен
Отбасы жүйесін - біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада - ері - әйелінен құралады; үшінші топ - сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы - баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.
Отбасы қызметі - құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасына тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметінің негізі екі тұрғыда қарастырылады:
1) әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер;
2) отбасында көрініс алатын мінез - құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір - біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз ету, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір - бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы жүз жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір-біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата-ана және құрбыларымен қарым-қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез-құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәрбиесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс-әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету түрі - отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, он бес жасар жеткеншек қыз перзентті болды деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік саны қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай-ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы туелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.
Отбасы - іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі бір қиыншылықтар ұшырасады. Отбасының сипаттамасы туралы мәліметтер алу мақсатында отбасына барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғаліммен өте жақсы дайындықты талап етеді. Педагогтың өте маңызды қасиеті - бақылағыштығы. Әңгімелесіп отырған адамның бет әлпетінен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық жай-күйін білуге болады.
Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педогогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен
Отбасы бала тәрбиесінде көмек көрсетуді ықпалды тәсілі - ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, косультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, "отбасы суреті" ерекшеліктерінің, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды.Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесінжақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
Ата-аналарға отбасы тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі "жаман " тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақырудан, балалар тәртібіне шамданудан сақтандырған: " кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрынғы қалпында қалады ", - дейді А.С. Макаренко.
Информация о работе Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары