Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 13:55, доклад
Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.
Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра ханұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты.
Мемлекет құрылуы
Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.
Ұсақталғандық
Қарахан мемлекеті
шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге
бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары
зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде
тіпті лауазымдарын өзгерте алатын.11
ғ. 30 жж. соңында Ибрахим
ибн Насырдың тұсында
мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мәу
Арслан
хан кезіңде
қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп
кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін
құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр
ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы
күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып
алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі.
Тәж-таққа Йинал-тегіннің балас
Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059—1074) Қадыр ханның балалары Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.
Тоғрұл қайтыс болғаннан
кейін оның еншілігі Боғра
хан Харунның (1075—1102) — Қашғар,
1102 ж. Боғра
хан қайтыс
болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн
Ыдырауы
12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді.
1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғанатармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.
Шаруашылығы мен мәдениеті
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.
Мемлекеттік дін
ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне
байланысты, араб
әрпіне негізделген
жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының
ой-санасы өседі. Жүсіп
Баласағұни есімі
кең мәлім болды.