Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 10:29, реферат
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.
І. Кіріспе.
Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ақпараттық технологияны балабақша тәрбиешілеріне меңгерту жолдары.
Ақпараттық технологияны пайдалану – баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы.
Ақпараттық технологияны қолдануды балабақшада жүзеге асыру тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды.
Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Исатай селосы
«Балбөбек» балабақшасы МКҚК әдіскері
Айдана Сисенова
Зайдоллаевна
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің зейінін,
білім-білік дағдыларын қалыптастыру,
ақыл-ойын дамыту мақсатында балабақша
тәрбиешілеріне ақпараттық технологияларды
пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету
және оны өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануға
ықпал ету;
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе.
Ақпараттық технология – бүгінгі күн
талабы.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ақпараттық технологияны балабақша тәрбиешілеріне
меңгерту жолдары.
Ақпараттық технологияны пайдалану –
баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы.
Ақпараттық технологияны қолдануды балабақшада
жүзеге асыру тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды.
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы
білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз
керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының
7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар
мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына
бағытталған мамандандырылған білім беру
бағыттарын құру міндеті де алдымызда
тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың
3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде
оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу
теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей
бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық
технологияға негізделуін және ақпараттық
құралдардың кеңінен қолдануын қажет
етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
заман талабынан туындап отыр.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін
құруға бағытталған қазақстандық білім
беру реформасының басты мақсаттарының
бірі – инновациялық технологияларға
сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық
ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып
отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде
мектепке дейінгі мекемелердің алатын
орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің
кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын
анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы
баршамызға мәлім.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру
ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру
мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда.
Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық
процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды
енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының
мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан,
«жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген
мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика
ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді,
құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.
Инновациялық білім беру құралдарына:
аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті
тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық
құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кешен, инновациялық ақпараттық банк,
инновациялық сайт және тағы басқалары
жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген
интерактивтік бағдарламалық бөлімдер,
қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік
беретін векторлық және графикалық жабдықтар
көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай
құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды
балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін
жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік
туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші
әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында
жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар
еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы
тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары
айқын.
Мультимедиялық оқулықтар біріншіден
балалардың қызығушылығын арттырады,
екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген
жерлерін қайта көруге, тыңдауға және
алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік
береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім
алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін
арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар
балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас
құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың
зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға,
әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке
әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі
әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар,
тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар
негізінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің
танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда
педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша
көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы
біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық
рейтингілердегі білім көрсеткішінің
жақсаруы мен қазақстандық білім беру
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін,
ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына
мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби
біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету,
сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік
қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне
үлкен мән берілген [1]. Өз бетімен білім
алу – педагогтың кәсіптік шеберлігін
көтерудің бірден бір жолы.
Қазіргі заман талабына сай тәрбие саласына
енгізілген жаңа бағыттағы тың үдерістерді
тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде
орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін
үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің
стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір
бойы білім алу». Осы орайда 2006 жылы Атырау
қалалық №4 кәсіптік мектебінің Аққыстау
филиалында ЭВМ мамандығы бойынша оқып,
«төртінші дәрежелі ЭВМ операторы» мамандығының
куәлігін алдым. Күні кеше 2012 жылдың 27
ақпан 3 наурыз аралығында Атырау облыстық
кадрлар біліктілігін арттыратын және
қайта даярлайтын институтында «Қашықтықтан
оқыту негіздері» тақырыбындағы білім
көтеру курсынан өттім. Бүгінгі таңда
төмендегідей ақпараттық бағдарламаларды
меңгеріп, іс-тәжірибемде қолданып жүрмін:
Paint
Power Point
Microsoft Office жиынтығы
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасы
CyberLink Power Director
Windows Movie Maker
Activstudio
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті
адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама
Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам.
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы
Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі – оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп
атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму
кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту
үрдісін технологияландыру мәселесін
қойып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып,
жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі
зерттеліп, білім беру үрдісіне енуде.
Осы орайда өзімнің өткізген ашық сабақ,
дөңгелек үстел, тәрбиелік шараларымды
www.45.minut.kz республикалық ұстаздар сайтына
жариялап, сайттың сертификатына ие болдым.
Бұл мен үшін, әрине, үлкен қуаныш, әрі
жетістік.
Мен жұмыс жасайтын «Балбөбек» балабақшасы
қазіргі таңда ақпараттық технологияларымен
жабдықталуы сын көтермейді. Осы жағдайда
нәтижелі жұмыс жасаудың тиімді жолдарын
қарастыра келе, төмендегідей іс-шараларды
ұйымдастырдым. Алдымен, балабақша тәрбиешілерінің
сұранысына сәйкес педагогикалық кеңестің
шешімімен компьютерлік сауаттылықты
жолға қою мақсатында ақпараттық технологиялар
бағдарламаларымен жұмыс жасау курсын
ұйымдастырдым. Онда мен мынандай мақсатты
көздедім:
Қ.Р.Президенті Н.Назарбаевтың
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан
халқына Жолдауында атап көрсетілгендей,
ақпараттық технологиялар мен ақпаратты
таратудың жаңа нысандарына бағдарланған
мамандандырылған білім беру бағыттарын
құру міндеті де алдымызда тұр. Өткен ғасырдың
30жж сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей,
компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды
іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту
қажеттілігі нақты айтылған және мемлекеттік
қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау
кезінде компьютерді, интернетті қолдана
білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс
екендігі атап көрсетілген.
Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін
білім беру саласында төмендегідей міндеттерді
шешу көзделініп отыр. Олар: компьютерлік
техниканы, интернетті, компьютерлік желі,
электронды оқулықтарды оқу үрдісіне
тиімді пайдалану арқылы оқушылардың
білімділігін күшейту және білім сапасын
көтеру.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны
пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін
дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің
когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық
аспектілері және оқытудың коммуникациялық
аспектілері және танымдық аспектілері.Мәселен,
электронды оқулықпен жұмыс жасағанда,
компьютерлік бағдарламада таңдап алған
тараудың барлық тақырыптардың теориялық
материалдары, есеп шығару үлгілері, өз
беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар,
әр тақырып бойынша орындалатын зертханалық
жұмыс тапсырмалары, оқушылардың білім
сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары
беріледі және сынып оқушыларының әрқайсысына
жеке-жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүгізуге
қолайлы. Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі
сол, әрі уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің
де жұмысын жеңілдетеді.
Осылайша ақпараттық технологияларды
пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге
қол жеткізеді:
- оқу материалын терең түсінуге;
- оқу мотивациясының артуына;
- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
- білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына,
т.б.
Информация о работе Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы