Автор: d********************@gmail.com, 27 Ноября 2011 в 13:28, реферат
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
2-жүргізуші: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Екеуі бірге қосыла: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Алимғазина Алмагүл Төкенқызы
Дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-лицей-интернатының
қазақ
тілі мен
әдебиеті пәнінің
жоғары санатты мұғалімі
Қош
келдің, Наурыз!
(Наурыз
мерекесіне орай өткізілген
сыныптан тыс үйірме
жұмысының өткізілу
барысын әріптестеріме,
әсіресе жас мамандарға
ұсынамын).
Мақсаттары:
Білімділік:
Оқушыларға
Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы
емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи
маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан
ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
Өлең,
мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын
дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Тәрбиелік:
Ата-ана,
оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін
ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін,
тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Қазақтың
киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер,
ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер,
мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған
қабырға газеті, көрме т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қош
келдің Наурыз!, «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»,
«Шаңырақ энциклопедиясы», «Ата мұраң-асыл
қазына», «Салт дәстүрді білесің
бе?» т.б. әдебиеттер, журналдар.
Барысы: а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын
хабарлап, мақсатымен таныстыру.
І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз-яғни Жаңа жыл! Бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептеменгенде, біздің қазақта жалғыз-ақ мейрам бар, ол-Наурыз. Қазақ халқы айранға бай болғанымен, мейрамға жарлы екендігі осыдан көрінеді.
Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Енді,
міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз
құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа
береке, бірлік, мәртебе келсін!
Бастаушы: 1. Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр
Алдарыңда жауқазындай
Балғын шақты біз бақытты
2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық
Құшақ жая қарсы аламыз
Би-биленіп, ән де бүгін
Күй: «Ата толғау» Н. Тілендиев.
«Наурыз-2008»
- жаңа жыл (тышқан жылы келеді).
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды).
Наурыз-қыз:
«Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір-біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл
иесі тышқанды.
Тышқан: Мен тышқан, жыл алды бола білдім.
Жалғаймын доңыз жылдың жора күнін.
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,
2 «Б» сыныптың қонағымын.
Мен тышқанмын, жақсы оқудың жалауымын,
Өнегелі тәртіптің алауымын,
Бұл сыныптың, намысының бастауымын,
Бұл мектептің алға
сүйрер тарауымын.
Бастаушы: Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)
(Ән.
«Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі).
Бастаушы:
Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ
ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын
ниемтімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы
алайық.
Бәрі:
Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата
береді).
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын.
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын!
Бастаушы: Уа, халайық, құлақ сал!!!
Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл-көсір,
Көжесі қазанда
қайнаған.
Оқушы: Әнге ырғағы жарасқан,
Асқар таудың шыңдары.
Ақ жаулықты
аналар!
Оқушы:
Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай,
ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже
әкелді. Қош келдіңіз, әже!
Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол
болсын!
Оқушы: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән өнерге тамсанайық.
Аңызбен ертегімен бізге жатқан.
Құрметті
қонақтарды қарсы алайық.
Оқушы: Жоғарыға шықсын қонақтар.
Келіп тұрған алыстан.
Құттықтайды сіздерді,
Наурызда бізбен
қауышқан.
Оқушы: Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжі-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Би:
«Қазақ биі» қыздар тобы.
Оқушы: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз»
жыл басы.
Күй:
«Кеңес» күйі.
Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді).
Қошақан тобы: №1. Наурыз дегеніміз не?
№ 2. Наурыз туралы қандай мақал-
№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
№4. Жеті қазынаны ата.
№5. Жеті ата дегеніміз қандай
ұғым? Атауларын ата.