Адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 11:34, реферат

Описание работы

Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі С. Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері» тақырыбындағы жинағында. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген.

Содержание

І.Кіріспе.
Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі
ІІ. Негізгі бөлімі
Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
ІІІ.Қорытынды

Работа содержит 1 файл

адамгершілік тәрбие.docx

— 41.20 Кб (Скачать)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және

қоғаммен байланыс кафедрасы

 

 

 

Р Е Ф Е Р  А Т

 

 

Тақырыбы: «Адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Нугманова Б.

Тексерген: Шағырбаева М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

 

 

Жоспары:

 

І.Кіріспе.

Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі

ІІ. Негізгі бөлімі

Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары

ІІІ.Қорытынды

 

І. Кіріспе.

Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі С. Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері» тақырыбындағы жинағында. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып, келешегі даңғыл қазақ еліндегі білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп, ұлы кешке еруде. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, «Парасатты экономиканың» қажеттіліктерің қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру.

«Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлы жазушымыз атап айтқан ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселе болып қалуы керек. М.Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе». Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.

Мектебімізді таза, сау, берік Һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт», - деп келешек ұрпақты ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбиелеуге ой салады және де бұл педагогикалық аса маңызды мәселе екенін меңзейді. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.

Біз интернет жүйесімен жаңа озық технологиямен, тіпті ғарышты игерумен ғаламды таң қалдыра алмаймыз. Санаулы жылдардан кейін еліміздегі барлық мектептердің материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай болатынына шүбәміз жоқ. Сонда басқа елден немен ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен, тіліміз, ділімізбен қазақстандық менталитетімізбен ғана ерекшеленеміз. 2007жылғы шілдеде қабылдаған Қ.Р. «Білім туралы» заңының 11 бабында «Ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп білім беру жүйесінің міндетін анықтап берді. Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жасасып келе жатқан бай ауыз әдебиетінде сақталған. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында. Мектепте бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жаттатып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.

Баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып өсіру ұстазға да байланысты. Тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен бастау алады. Сондықтан да ұстаздың білімді де білікті болуы керек. «Білім туралы» заңда «Педагогикалық қызметкер мәртебесі» бөлімінің енгізілуі бізді қуантады әрі үлкен жауапкершілік жүктейді.

Республикамыздың әрбір азаматы ұлтына, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасымен, ұстаған бағыт-бағдарына қарамастан, өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекеттің «Туған елім, Отаным» деп тануы керек. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану - қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Олай болса баланың сана - сезімін сол ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрлерін меңгеру негізінде дамыту керек, ұлттық құндылықты жастайынан бала бойына сіңіре білсек еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ, несімен ерекшеленбек дегенде ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен дегеніміз жөн болар.

ІІ. Негізгі бөлімі

Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізі ұстанымдарын айқындап берді. Олар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо - физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, сал - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.

Ал, ұлттық тәрбие мен жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мәселесі – адамзат тарихынан өн - бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақсатандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және жалпы адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қалың елім Қазағым» атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазды: «Біз арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім»-дегенді.

Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.Оқушының жалпы адамзаттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Әрбір ұлттың ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрінен құралады.

Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады». Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің мектебімізде ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес» деген бұрыштар бар.

Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары: «Балаға көркемдік тәрбие беру», ашық сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып отырады. Әр ата-ананың мектепте болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай.

Осы тұрғыда ойындарды ойната отырып, ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады. Ата-аналарға арналған мерекелік шаралар өтті. «Менің Қазақстаным», «Жаңа жыл мерекесі», «Бәйшешек бүр жарғанда» - атты аналарға, әжелерге арналған мерекеміз және «Қош бол, мектебім» атты үлкен кештер өткіземіз.

Ата-аналармен жүргізілген әңгіме - кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатьндығы сөз болды.

«Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін» - атты ашық шара өтті. Бұл шарада балалар патриоттық сезімге тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды. Мектебімізде ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар мұғалімнің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылып тұрады. «Отбасы» тақырыбына байланысты «Отбасы - алтын ұям» атты ашық шара, ата-аналардың қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді.

Балалар туған ұялары жайында, анасымен диалог түрінде сөйлесіп, өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре алды. Балалар сабақтармен ғана шектелмей, сабақтан тыс уақытта алуан түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен» - дегендей халқымыз балалармен «Әдептілік - әдемілік» атты тәрбие сағаты да өткізілді.

Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді.Сынып жетекшінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

Оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық қасиеттерді қалыптастыру мен құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдардың еңбектерін пайдалануға болады. Осы арқылы оқушының мәдениетті, білімі кеңейеді. Оқушының мәдениетті болуы үшін ұлттық мәдениетті ұштастыруы қажет. Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеру - тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты.

 

ІІІ. Қорытынды

Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан.

Қазіргі таңдағы мұғалімдерге оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруды қатаң талаппен сұрайды. Оған негізінен мынадай үш түрлі басты міндет жүктеледі:

- тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;

- сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;

- мектеппен отбасының байланысын жасау.

Мұғалім, ұстаздардың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазіргі оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады.

Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, бейімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жүргізетін сынып жетекшісі. Ойымды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.


Информация о работе Адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру