Автор: v***************@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 14:37, доклад
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының ерекше.
Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу — әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.
Сабақтың негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады.
Жұмыс
дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар
педагог пен ата-аналардың
Мысалы: «Отбасы» аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің отбасым»газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.
8-наурыз
аналар мерекесіне арналған «
«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» —
демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін
көрсетті.
Жас ұрпақты саналы,
сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің
Атап
айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге
тақырыптары: «Балаға көркемдік тәрбие
беру», «Психологические особенности
возрастных особенностей родителей» ашық
сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған
Ата-аналарға ойын
жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып
сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған
Осы ойындарды
ойната отырып, ата-ана өзін балаша
сезінгенін айтады. Ата-аналарға арналған
Ата-аналармен
жүргізілген әңгіме-кеңесте
«Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем»- атты ашық сабақ өтті. Бұл сабақта балалар патриоттық сезімдерін тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды.
Балабақшада ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылып тұрады. «Отбасы» тақырыбына байланысты «Отбасы-алтын ұям» атты ашық сабақ, ата-аналар қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді.
Балалар туған ұялары жайында, анасымен диалог түрінді сөйлесіп, өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре алды. Балалар сабақтармен ғана шектелмей, сабақтан тыс уақытта алуан түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, С. А. Назарбаеваның туған күніне байланысты «Сара апамыз-анамыз, өз анамыз» атты тәрбие кешін ұйымдыстырылды.
Бұл кеште Сара апайға арнап өлең, тақпақтар айтылып, ойындар ойналды, құттықтау сөздерімен жалғасты. Балалар кештің соңында өздерінің шығармашылық жұмыстарымен толықтырды. «Құмыраға гүл салу» жұмысында балалар өз қолдарымен әр түрлі гүлдерді жасап, Сара апайға ой түпкірлерінен шыққан шынайы, жылы-жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен» — дегендей халқымыз балалармен «Әдептілік-әдемілік» атты тәрбие сағаты да өткізілді. Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді.
Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.
Ересектер тобында «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр — батырлыр күні» мерекесіне арналған «Ел қорғауға әзірміз» атты көңілді жарыс өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін оятып, патриот болуға тәрбиелейді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
«Еліміздің
күші- патшада, сәбидің күші- жылауында»
демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз,
сеніміміз- адамгершілігімізде болуы
керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін
бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары
анық.
Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол — бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі.[1]
Адамдардың бірлесе
өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің
дамуынан Моральдық нормалар шыққан
және оның орындалуын қоғамдық пікір
қадағалап отырады. Ынтымақтаст
Авторы: admin , 26-Қаңтар, 2011 | 553 рет қаралған
Кейінгі
жылдары журналистік этика, яғни
кәсіптік әдеп туралы сөз баспасөз
беттерінде сирек те болса айтылып жүр.
Журналистің кәсіптік әдебін терең біліп,
оны зерттеу – Қазақстан журналистикасы
үшін зәру мәселелердің бірі. Өйткені,
бұл – соңғы жылдар көлемінде ғана назар
аударыла бастағаны болмаса, әлі ғылыми
тұрғыдан да, кәсіптік шеберлікке қатысты
да байыптап үлгерілмеген тың да күрделі
мәселе.Алғаш қоғамдағы моральдық қарым-қатынастарды
жан-жақты зерттеп, әр түрлі пікірлерді
жинақтаған Аристотель деп айтуға болады.
Оның «Никомахова этика» атты еңбегін
зерттеушілер этика ғылымының бастауы
деп біледі. Ал, ұлы ойшыл Әл-Фараби этиканы,
ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға
мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан
оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында
жақсылық, мейірбандық категориясы басты
орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан
терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам
баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі
атаулының биік шоқтығы, сондықтан да
оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді.
Журналистің кәсіби этикасы – ғылымның
ең кенже салаларының бірі. Оның тарихы
соңғы жиырма жылдан бастау алады. Оған
дәлел ретінде осы уақытқа дейін журналистің
кәсіби этикасы жайлы оқулықтардың жарыққа
шықпауын атап көрсетуге болады. Ал, педагогикалық
мақсатта тек ғылыми монографиялар қолданылады.
Соңғы жылдары Ресей ғалымдары журналистикадағы
этикалық ғылымға көңіл аудара бастады.
Мәселен, ғалым Р.Г. Бухарцев қазіргі таңдағы
кәсіби этиканың табиғатын, кәсіби этика
мен журналистің шығармашылық даму үрдісінің
байланысын ашық дәлелдесе, зерттеуші
В.А. Казакова журналистің жұмыс істеу
барысындағы әдептілік қарым-қатынастардың
түрлерін жан-жақты атап көрсетті. Ал,
ғалым В.М.Теплюк журналистің әлеуметтік
мәселелердегі жауапкершілігі мен дерек,
дәйектерді қолданудағы этикалық нормаларды
қарастырды. Баспасөз зерттеушілері Г.В.
Лазутина мен Д.С. Авраамов журналистің
кәсіби этикасын бүгінгі жаңа тұжырымдар
мен көзқарастар негізінде қарастырса,
ғалым М.А.Федотов журналист этикасын
БАҚ туралы заңның негізгі тармақтарымен
байланыстыра отырып зерттейді. Ал, бүгінгі
журналистің кәсіби этикасы жөнінде елімізде
өте аз зерттелген. Осы маңызды мәселемен
арнайы айналасып жүрген ғылыми мамандар
да жоқтың қасы. Сондықтан алдағы уақытта
журналист этикасы туралы мәселелерді
жан-жақты терең зерттеу қажеттілігі бүгінгі
өмірден туындап отыр.
Этика кәсіби моральдың құрылымын зерттейтін
ғылым десек, журналистке моральдық нормаларды
ұстану – ең бір қажетті қасиет. Журналистердің
жазған еңбектері, ең бастысы одан шыққан
қорытындылары көптеген бұқара халықтың
мүддесіне тиісті болып табылады. Себебі
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның
көзқарасы, оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп
отырады. Журналистке қойылатын моральдық
талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс
пайдалана білу қажет. Тіпті, егжей-тегжейлі
қабылданған кодекстің өзі журналистің
аяқ-асты тап болған оқиғасына түсінік
бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек журналистің
кәсіби этикасы мен ар-ұяты ғана маңызды
рөл атқаруы мүмкін.
Журналист этикасы – қоғамда, әлеуметтік
ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен,
сондай-ақ, белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен
арадағы қарым-қатынастармен тікелей
байланысатындықтан оның кәсіби шеберлігіне
де ықпал етуші негізгі фактор бола алады.
Қоғам және халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің
өзі журналистке моральдық-этикалық және
имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді.
Журналист этикасының қалыптасу негізіне
келсек, ол өз халқының озық дәстүрінен
нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп,
қоғамдық мейірбанды да салауатты ортада
тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс.
Журналист – кәсіп иесі. Сондықтан оның
әрбір қимылы белгілі бір адами, кәсіби
заңдармен шектелуі тиіс. Кейбір журналистер
еш нәрсеге жіті мән бермей, кәсіби әдептілік
сатының биігіне «өзінің өмір сүру қағидасы»
арқылы көтеріліп, кемшіліктер жіберген
тұста этикалық кодекс немесе канондар
арқылы ақталып жатады. Кейде шектен шығу
салдарынан тіпті арсыз атанып та жатады.
Бұл жағдайда өз қатесін дер кезінде түзетуге
шешім қабылдамаса, оның алда әлі де талай
қиындықтарға тап болары сөзсіз. Журналистер
арасындағы мұндай өрескел жайттар көбінесе
өзін-өзі жоғары бағалаудан келіп туындайды.
Көп ретте олар өз бойындағы қабілеттің
жоқтығын есепке алмай жатып, барлық кінәні
тек кәсібіне арта салады. Сондықтан да
ең алдымен, журналистика мамандығын таңдау
үшін оның маңыздылығы мен қажеттілігін
терең сезіну қажет.
Кәсіби мораль – еңбек етуші әр қызметкердің
жұмыс істеу барысында өз-өзін ұстауы.
Яғни, белгілі бір іс-әрекеттен пайда болады.
Оның қызметі – кәсіби топ мүшелерінің
өз-өздерін ұстау арқылы еңбектің жақсы
көрсеткіштерін көрсетіп, қоғамдағы өз
орнын ақтай білу. Еңбек пен кәсіби моральдың
арасында айырмашылық бар. Еңбек моралі
қоғамға қызмет етеді. Ал кәсіби мораль
кәсіби топ пен қоғамға қызмет етеді. Кәсіби
және жалпы моральдың өзара байланысынан
«кәсіби борыш», «кәсіби жауапкершілік»,
«кәсіби ар-ұят», «кәсіби міндет» т.б. қосымша
мағыналар пайда болды.
Кәсіби міндет баршамызға белгілі журналистің
іс-әрекетіндегі кәсіби тәрбиелік қарым-қатынастан
туындайды. Бұл кәсіби тәрбиелік қарым-қатынаста
«кәсіби жауапкершілік» пен «кәсіби ар-ұяттың»
тығыз байланыстылығы айқын көрінеді.
Журналист ар-ұяты адами болмысымен бірге
өсіп-өнеді. Журналистің ар-ұяты – күллі
іс-әрекетінің өлшемі, көрсеткіш нәтижесі
іспетті. Егерде журналист тәрбиелік,
этикалық заңдылықтарды бұзып, оған қайшы
келетін іс-әрекет жасаса, ар-ұятының деңгейі
тереңірек айқындала түседі. Осы ретте
данагөй ғұлама Әл-Фараби: «Қайырымдылық
екі түрлі болады: этикалық және интеллектуальдық.
Интеллектуальдық – жанның ақыл-парасаттық
жағына жататын, қайырымдылық, мәселен,
даналық, парасат ақыл-ойдың тапқырлығы
мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық
– жанның ұмтылу жағына жататын қайырымдылық,
мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық,
әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді.
Этикалық қайырымдылықтар мен жаман қылықтар
адам жанында адамгершілік сападан туатын
әрекеттердің белгілі бір уақыт бойына
көп рет қайталануы және оған бой үйренуі
нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды»,
- деп жазады [1].
Журналист моралі – шынайы ақпаратты
тауып алу құқығын шектеп, кедергі келтіріп
отырған жөнсіздікке қарсы кәсіби топтардың
берген жауабы іспетті пайда болған дүние.
Жалпы кәсіби моральды белгілі топтарға
қатысты қарастырған дұрыс. Ал норма –
кәсіби моральдың ең алғашқы элементі
болумен бірге, мінез-құлық, ар-ұжданның
қоғамға қажетті, ортақ әрі әдеттегі нұсқаларды
анықтап, мойындалмаған әрекеттерге тыйым
салу секілді негізінен сүзгіштің рөлін
атқарады.
1991 жылы қабылданған «Баспасөз және басқа
бұқаралық хабарлама құралдары туралы»
Заңның І бабында еліміздегі бұқаралық
ақпарат құралдарының бостандығы былайша
көрсетілген: «Баспасөз және басқа бұқаралық
хабарлама құралдары ерікті. Азаматтарға
Қазақ ССР Конституциясы кепілдік берген
сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы
баспасөзді және басқа бұқаралық хабарлама
құралдарын қоса кез-келген формада пкірілер
мен нанымдар айту, хабарлама, идеялар
іздестіру, таңдау, алу және тарату правосын
білдіреді. Бұқаралық хабарламаға цензура
жасауға жол берілмейді» [2]. Сөйтіп, енді
бұқаралық ақпарат құралдарының еріктілігі
жағдайында журналистерге қойылатын талаптар
да өзгерді. Бұрын журналист үгітші, насихатшы
және ұйымдастырушы деп аталып келді,
енді оның негізгі қызметі – қоғамды ақпаратпен
қамтамасыз ету. Әрбір журналист өзі үшін
өзі жауап беруге міндетті, жария етілген
әрбір сөзі, әрбір материалы үшін автордың
өзі жауапты болады.
Журналистиканың даму деңгейі, қоғам арасындағы
беделі әрбір басылымның, жеке журналистің
қызметіне, баспасөз бостандығының қандай
дәрежеде пайдаланылып жүргеніне тікелей
байланысты. Демек, біздің елде демократия
орнады деп сөз бостандығын теріс пайдаланып,
кез-келген ақпаратты жария етуге болмайды.
Мұнымен қатар, журналист жеке басының
тәрбие деңгейін, мәдениеттілігін, әдептілігін
қоғам алдындағы парызын қалай түсінетіндігін
аңғартатын этикалық мәселелер бар. Этикалық
талаптар, нормалар жазылмаған заң деп
те аталып жүреді, олардың орындалуы не
орындалмауының маңызы өте зор. Осы жағдайдың
барлығы ескеріліп, 1991 жылдың 24 сәуірінде
Кеңестер Одағы ыдырымай тұрған уақытта
КСРО-ның конфедерациялық негіздегі журналистер
Одағының І съезі «Журналистің кәсіптік
этикасының Кодексін» қабылдады. Бұл Кодекстің
негізгі мақсаты – демократия мен жариялылық
жағдайында сөз бостандығын теріс пайдалануға
жол бермей, журналистиканың мәдениеттілігі
мен әдептілік дәрежесін сақтауды қамтамасыз
ету болып табылады. Құжат үш бөлімнен,
он үш баптан тұрады. Кодекстің «Журналистің
кәсіптік этикасының принциптері» деп
аталатын бірінші бөлімінде журналистің
кәсіптік этикасының негізгі міндеттерін
былайша көрсеткен: 1. Журналистің әлеуметтік
жауапкершілігі. 2. Шыншылдығы мен объективтілігі.
3. Ар-ұяттылығы. 4. Адалдылығы. 5. Жеке адамның
ар-намысы мен мәртебесін құрметтеу. 6.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеу.
7. Журналистердің кәсіптік ынтымақтастығы.
Біз осы жеті міндетті жеке-жеке алып қарастырғанды
жөн көрдік.
1. Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі.
Қазіргі кездегі журналист ең алдымен
қоғам, оқырман, көрермен, тыңдарман алдында
жауапты, жұртшылыққа қызмет етіп, ақпаратпен
қамтамасыз етеді. «Азаматтардың ақпарат
алу құқығын қамтамасыз ету – журналистің
ең бірінші парызы» [4]. Журналист бүкіл
қоғам үшін қызмет жасайды, яғни адамдардың
жаңалыққа деген сұранысын қанағаттандырады.
БАҚ-ның аудиториясы өте кең, олардың тарататын
хабарларының жетпейтін жері жоқ. Сондықтан
да журналист өзінің қызметін ойдағыдай
атқаруға тиіс. Бұл үшін ол өзінің мамандығын
терең меңгеріп, шеберлікпен жұмыс жасау
керек. Журналист әлеумет мүддесін көздейді,
халықтың мүддесіне жат, Конституцияға,
демократияға қайшы келетін нәрселер
журналист үшін де жат болу керек. Журналист
моральдық, этикалық жанынан таза болуға
тиіс, сонда ол өз жұмысын жақсы атқарады.
Жоғарыда айтылғандай, журналист міндеті
– мемлекеттік, қоғамдық маңызы зор оқиғалар
жөнінде дер кезінде ақпарат беру. Ол қоғам
алдында ұсынып отырған хабары үшін жауапты
болады, демек оның баспасөз, телевизия
немесе радио арқылы тартқан жаңалығы
шындыққа сай болуға тиіс. Сонымен қатар,
«БАҚ туралы» Заңда және Кодексте көрсетілгендей,
баспасөз, теледидар, радио арқылы қоғам
мүддесіне сай келмейтін, жеке азаматтардың
Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын
бұзатын ақпаратты жариялауға жол берілмейді.
2. Кәсіптік этиканың екінші міндеті –
шыншылдық және объективтілік. Журналист
еңбегіне қойылатын негізгі, маңызды талаптардың
бірі – ақпараттың шыншыл, әділ болуы.
Қызметкері өзі жария еткен хабар-ошары
арқылы өмірдің көрінісін жасайды, бұл
көрініс шындыққа сай болу үшін, журналист
болған оқиға, фактіні сол күйінде, өңін
айналдырмай, өзгертпей, еш нәрсе қоспай
оқырман, көрермен, тыңдарманға жеткізуге
тиіс. Сонда ғана адамдар орын алған өзгерістер,
құбылыстар туралы нақты түсінік ала алады.
Әрине, фактілер, жағымды да, жағымсыз
да болады, сол себептен шыншыл, әділ болу
оңайға түспейді. Бірақ, журналист мамандығы
осыны талап етеді, демек журналист фактіні
іріктеу, бағалау, өңдеу, тарату кезінде
объективтілік принципін басшылыққа алуға
тиіс. БАҚ-та міндетті түрде пікір алалығына
жол берілу керек.
«Тура биде туған жоқ» дегендей, журналист
болған жайға, фактіге әділ көзбен, шыншылдықпен,
ешқандай бөтен ықпалсыз қарап, салқынқандылықпен
таразылау керек. Журналист бүкіл қоғам
үшін қызмет етеді, соған жауап береді,
сондықтан ол белгілі бір топтың, таптың
мүддесін емес, бүкіл қоғамның мүддесін
көздеуге тиіс. Журналистің қоғамдық маңызы
бар ақпаратты жасыруға, фактіні біреудің
пайдасына бұрмалауға құқығы жоқ. Демократиялық
жолға түскен мемлекетте фактіге, жаңалыққа
деген көзқарас өзгеше болады. Сөйтіп,
журналист шыншылдық пен объективтілік
міндетін басшылыққа алу керек.
3. Журналистік этиканың тағы бір маңызды
міндеті – ар-ұяттылық. Осы міндетке сәйкес
журналист арлы, ұятты болуға тиіс. Материалды
жарияламас бұрын ол фактіні мұқият тексеріп,
хабарларды өте дәл етіп, ыждахатпенен
даярлау керек. Құжаттардан және басқа
да ақпарат көздерінен алынған хабар,
жаңалықты журналист қаз-қалпында жеткізуге
міндетті. Америка журналистеріне берген
кеңестерінде Лоуренс К. Бопре, «Уэстчестер
Роклэнд ньюспейперз» газеттер тобының
вице-президенті әрі атқарушы редакторы,
былай деп жазады: «Кез-келген ақпаратқа
сенімсіздікпен, күдікпен қараңыз. Оны
екі рет тексеріп алыңыз. Америка газеттерінің
редакцияларында мынадай мәтел бар: «Ақпаратты
туған анаңыз хабарласа да, тексеріп алыңыз…»
[5].
Шындығында, журналист, алдымен, фактіні
тәптіштеп тексеріп алуы керек. Өйткені,
фактілерді бұрмалау, ешбір дәлелі жоқ
пікірлерді жария ету, ойдан шығару, өтірік
ақпаратты тарату сияқты нәрселерден
аулақ жүріп, арына кір келтірмей, ұятқа
қалмау керек. Кемшілік, қате жіберіп қалған
жағдайда журналист міндетті түрде газет,
журнал, телевизия не радио арқылы кешірім
сұрап, кемшілікті мойындап, теріске шығаратын
материалды жариялауға тиіс.
4. Журналист әдептілігінің бір міндеті
– адалдық. Осы міндетті шын мәнінде орындайтын
журналист ешқашан да өзінің қызметі беретін
мүмкіндіктерді жеке басының немесе туған-туыстарының
мүддесі үшін пайдаланбайды. Қандай жағдай
болмасын, БАҚ-ты лайықсыз мақсаттарға
жету үшін, өзіне ұнамаған азаматтарды
қудалау, олардан кек алу үшін пайдалануға
жол берілмеуге тиіс. Сонымен қатар, журналист
оқырман, көрермен, тыңдарман, кейіпкер
алдында адалдықты сақтауға тырысу керек.
Кей кездерде журналист сұхбат жүргізген
уақытта кейіпкерге уәде беріп, одан оның
жеке басының құпиясы болып табылатын
ақпаратты алады, ал кейін бұл уәдені орындамай,
хабарды жария етеді де, кейіпкерді қатты
ренжітіп алады. Кейде кейіпкердің өзі
берген сұхбаттын танымай қалатын жағдайлар
да болады. Журналистиканың беделін түсіретін
нәрселердің бірі – плагиаттық. Адалдық
міндетіне қайшы келетін әрекеттердің
бірі – оқырман, көрермен, тыңдарман атынан
материал, хат жариялап, кейіпкердің айтқан
сөзінен бір үзіндіні ғана бөліп алып
жариялап, оның айтқан ой-пікірінің өңін
айналдырып, бұрмалау. Осының бәрі БАҚ
беделін түсіріп, журналистерге деген
сенімсіздік, сыйламаушылық туғызады.
5. Жеке адамның ар-намысы мен мәртебесін
қадірлеу – журналист парызы. Журналист
өз қызметін атқару барысында адамдардың
құқықтарын қорғап, адамның жеке басын
құрметтеуге тиіс. Адамдардың жеке құқықтарына
Конституцияда кепілдік берілген: «Қазақстан
Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы
мен ажырамас құқығын ең қымбат қазына
дап таниды және өз қызметін азамат пен
қоғам мүдделері үшін жүзеге асырады»
немесе: «Адамның және азаматтың ар-намысы
мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды»
[6].
Кез келген журналист қоғам үшін қызмет
етіп, оның жеке азаматтарын сыйлауға
міндетті, өз қызметінің объектісі болған
адамдардың ар-ожданы мен адамдық мәртебесін
қадірлеуге, олардың жеке өміріне араласпауға
тиіс. Миллиондаған аудиториясы бар, ықпалы
өте зор баспасөз, телевизия мен радио
арқылы жеке адамдарға тіл тигізіп, жала
жабудың келтірер зияны өлшеусіз. Даулы
мәселелер туралы жазғанда журналист
өте сақ, әдепті болуға тиіс, кінәсі анықталған
азаматтар жөнінде ақпарат жариялаған
кезде де сөздерді таңдап, неғұрлым сыпайы
болғаны дұрыс. Баспасөз зерттеушісі В.М.
Теплюк бұл туралы былай жазады: «Журналист
ең алдымен, өзінің материалдарымен соттың
шешімін ауыстырмауға, одан озып кетпеуге,
кінәсы анықталмаған адамға кір жұқтырмауға
тырысу керек» [7].
6. Жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу.
Осы міндетті басшылыққа алған журналист
адамгершілік, бейбітшілік, демократия,
әлеуметтік даму, адам құқықтарын бірінші
орынға қояды, соны дәріптейді. Журналист
мамандығының мақсат-мұраты туралы В.М.
Теплюк мынадай пікір білдіреді: «Журналист
үшін ең маңыздысы – азаматтылық, адамдардың
өмірін жақсартуға тырысу» [8]. БАҚ арқылы
журналист ядролық соғысты, ұлттар арасындағы
араздықты болдырмауға, адамзат үшін маңызы
зор экологиялық мәселелердің шешімін
іздестіруге, дамудың төменгі сатысында
қалған елдерде етек алған кедейлік пен
түрлі ауруларға қарсы күресуге, тарих
және мәдени ескерткіштерін талан-таражға
салмай, қорғауға атсалысуға тиіс.
7. Журналистердің басшылыққа алар келесі
міндеті – кәсіби ынтымақтастық. Журналист
әрдайым өз мамандығының беделін көтеруге
ұмтылу керек. Бұған жету үшін журналистерге
моральдық, материалдық жағынан жағдай
жасалуы тиіс. Материалдық жағынан тәуелсіз
қызметкер шын мәнінде ерікті болады.
Бүгінгі журналистің кәсіби этикасы алдында
мынадай басты міндеттер тұрғандығы белгілі:
1. Қоғамға қатысты барлық құндылықтарды
сақтап, қорғау. Барлық жағдайда азаматтық
дұрыс көзқарастар қалыптастыру.
2. Демократиялық тұрғыда халықаралық
және құқықтық заңдылықтарды, ортақ қабылданған
этикалық-моральдық заңдылықтарды сақтау.
3. Кез-келген адам баласының ар-ұяты мен
намысына сыйластықпен қарап, өзін-өзі
тәртіпті ұстау.
Журналист кәсіби этиканы қашанда құрметтеуге,
оны аяқ асты етпеуге тиіс. Жазған жарияланымдары
қаншалықты сәтті шығып, ел ықыласына
бөленген сайын ол соншалық кішіпейіл,
елгезек, адал бола түсуі керек. Себебі,
журналист мамандығының бір ерекшелігі,
ол үнемі елдің көзіне, халықтың бақылауына
болатындығында. Оқырман журналистің
жазған әрбір мақаласына баға беріп отырады.
Оның жазған дүниелерінен менменсіген,
мақтанған сыңай байқалса автордың өзінен
бұрын оқырман дереу сезіп қояды. Біреу
болмаса да біреулер сырттай бақылап отыр
дегенді журналист естен шығармауы керек.
Сондықтан журналист адам өзінің жеке
басының мүддесін ешқашан да қоғамдық,
халықтық ортақ мұраттан жоғары қоймайды.
Өз міндеті мен жауапкершілігін терең
сезіне білу, іскерлікті, кішіпейілділікті,
мәдениеттілікті қастерлеу – журналистің
кәсібіне, күнделікті қызметіне әбден
сіңісті болған этикалық қасиет болып
табылады. Адал әрі әділ болу – журналист
этикасының ең бір игі қасиеті. Өмірдің
объективтік шындығын көпке жеткізуші,
сол арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырушы,
төртінші билік иелерінің ешқашан да өтірік
айтуға, жалған ақпарат таратуға қақысы
жоқ. Бұл екінші жағынан журналист этикасының
да қастерлі қасиеті болып табылады. Қазақта
«Айтпаса сөздің атасы өледі», «Бас кеспек
болса да, тіл кеспек жоқ» деген тамаша
сөздер бар. Бұл адал журналистің қашанда
ұстанатын қағидасы іспетті болуы қажет.
Информация о работе Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы