Ағайынды Лихудтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 22:41, реферат

Описание работы

Иоанникий Лихуд (1633 — 1717) және Софроний Лихуд (1652 — 1730) — грек монахтары, Мәскеу мемлекетіндегі бірінші жоғарғы оқу орны – славяндық-гректік-латындық академиясының алғашқы ұстаздары.

Работа содержит 1 файл

Реферат Братья Лихуды.doc

— 1.49 Мб (Скачать)


Ағайынды Лихудтар

Иоанникий Лихуд (1633(1633) — 1717) және Софроний Лихуд (1652(1652) — 1730) — грек монахтары, Мәскеу мемлекетіндегі бірінші жоғарғы оқу орны – славяндық-гректік-латындық академиясының алғашқы ұстаздары.

Олардың ұстаздық қызметінің бастауы сол кезеңдегі, яғни 1685 жылы Мәскеудегі дін туралы бәстесу мен саяси күрес кезіндегі «грек» партиясы мен «латын» партиялары арасындағы күрестің ақтық жеңісіне жеткізді. Патриарх Иоакимнің, архиепископ Холмогорскийдің, Чудовскийдің, инок Евфимияның, Иова монастырының архимандриті Высокопетровскийдің және т.б атақты тұлғалардың қолдауларына ие болды. Азаматтық аймақта да аса маңызды жағдайға да қол жеткізді, оның ішінде государлар алаңына қолжетімділікке де ие болды. Ағайындыларға аталмыш академияның бой көтеруіне, сонымен қатар материалдық жағынан көп көмек көрсетіп, қол ұшын берген  Василий Васильевич Голицын. Ол ағайынды Лихудтардың  жебеушісі болды.

         

Өмірбаяны

Ағайынды Лихудтар ұлты жағынан гректер болып табылады. Туған жерлері Кефалония аралы (кейіннен — Кефалиния деп аталған). Бұрынғы византиялық патша қанды  ақсүйек табынан шыққан. Греция, Венеция, сонымен қатар  Падуан университетінде жоғары білім алып, қаншама жыл бойы Грецияда ұстаздық қызметін атқарды.

Орыс үкіметі Фёдор патша мен   Патриарх Иоаким сол жылдары Мәскеуде академия атындағы жоғарғы мектепті ашар кезде 1682 жылы Шығыс патриархтарынан Мәскеуге жоғарғы деңгейдегі мұғалімдерді жіберуін сұраған еді. Дәл сол кезеңде ағайынды  Лихудтар 1683 жылдың наурыз айынан бастап Константинопольде,  Иерусалим Патриархы II-ші Досифеядің қолында тұрды. Аталмыш жылы Иерусалим Патриархы  ағайындыларға  мақтау қағаздары мен жолдарына ақша беріп, Мәскеуге аттануға ұсыныс білдірді.

1683 жылдың 3 шілдесінде ағайынды Лихудтар Константинопольді тастап, жолға шығады. Сол кездегі Австриядағы соғыстың кесірінен ағайындылар Ресейге тек 2 жылдан кейін ғана жетеді. Дәлірек айтсақ, 1685 жылдың 6 наурызында. Келер-келместен ағайындылар 1685 жылдан бастап Заиконоспаскті монастырындағы спаскті мектептерінде сабақ жүргізе бастады. Сол кезден бастап 8 жыл бойы олар грамматика, риторика, пиитика және физика сабақтарын жүргізді. Сол кездегі орыс ғалымдарының кедергілеріне қарамастан ағайынды Лихудтар  өз қызметтерін жоғарғы деңгейде атқара білді. 1688 жылы Иоанникий Лихуд орыс елшісі атағын алып, Венецияға жол тартты. Венецияда ұстаз 4  жыл уақыт көлемінде қызмет атқарды. 

1694  жылы  ағайындылардың, сонымен қатар  Иоанникийдің ұлы   Николайдың атқарған қызметтеріне көңілі толмаған II-ші Досифейдің талап етуімен ағайынды Лихудтар академиядағы  ұстаздық қызметтерінен босатылып, мәскеулік баспадағы сабақтарға жөнелтілді. 1697 жылы Петр I-нің бұйрығы бойынша ағайынды Лихудтар 55 адамға итальян тілін үйретуі керек болды.(55 адамнан тек 10-ы ғана оқып, қалғандары келісімге келген). Оларды Царьградтағы біресе саяси құбылыстар, біресе басқа да ұстаздық қызметке байланысты мәселелердің шығуына кінәлі деп тани бастады. 1704 жылы ағайындылар костромды Ипатьев монастырына аттанды.

1706 жылы Ағайынды Лихудтарға Новгород қаласында мәскеу мектебінің қазіргі нұсқасына ұқсас  славяндық-гректік-латындық мектебін салуға рұқсат берілді. 1709-1716 жылдар аралығында  олар қайтадан Мәскеуге  академияға сабақ беруге шақыртылды. 1709 жылы алдымен Софроний Лихуд, содан кейін 1716 жылы Иоанникий  Лихуд шақыртылды.

1720 жылы шамасында Иоанникийдің қазасынан кейін Софроний Рязань епархиясындағы Солотчин монастырының басшысы болып сайланды. Монахтар  патшаның мұндай шешіміне  қарсы болды. Олар Софронийдің айтқан бұйрықтарын орындаудан бас тартып, мұғалімді бірнеше рет қамауда ұстап, тіпті оның өміріне қастандық да жасаған. Софроний Лихуд Мәскеуге қашып келіп, патша әмірлеріне шағым түсірді. Бірақ Мәскеулік патша қауымы Софронийді монастырь дүниесінің шырқырауына кінәлі деп таныды.

 

Шығармалары мен дін ілімдері

Ағайынды Лихудтардың еңбектеріне әлі де баға берілмеген, себебі Заиконоспаск академиясындағы берілген сабақтар бойынша олардың грамматика, риторика, логика, физика, психология, сонымен қатар дін ілімдері пәндерінен құрастырған кітаптары (аталмыш кітаптар әр түрлі кітапханаларда жазба ретінде сақталған) әлі қарастырылмаған. Ағайынды Лихудтар ұстаздық қызметінде өздерінің жеке шығармаларын, сондай-ақ Падуа университетінде өткен курстық білімдерін қолданған. Лихудтардың өткен курстарынан олардың Аристотельдің ізімен емес, тек өз тәжірибелеріне белгілі бір деңгейде батыс схоластикасын кіргізді. Оларда да  өздерінің де ой-пікірлері болды, мысалы риторикада  қызыл тілдің құдайлық, азаматтық және адамдық түрлеріне бөлінуі. Қандай жағдай болмасын Лихудтар курсының ғылыми деңгейі сол кезеңдегі Киев академиясының ғалымдарының деңгейімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды. Ағайынды Лихудтардың курсы бойынша  оларда схоластика және христиан ғалымдарының еңбектеріне деген тартылысы бәсең, олар тікелей Аристотельдің көзқарастарын ғана ұстанды. Оларды Ұлыресейдегі жоғары білімнің бастаушылары деп те атауымызға болады.

                Лихудтардың шәкірттерінің бастамасы ретінде алғашқы орыс ғалымдарының бірінші ұрпағы қалыптасты. Атап айтсақ, Поликарпов, Барсов, Постников, Феолог, Головин, Козма, Иов, Палладий Роговский және т.б. Аталған ғалымдар өз кездерінде академия профессорлары, басшылары болған. Сонымен қатар Библияның түзетілуіне үлкен үлес қосқан, көптеген ғылыми еңбектер жазған ғалымдар болып табылады.

Ағайынды Лихудтар Мәскеуге келген кезде көптеген мәселелер туындады. Латын оқуының өкілі монах Сильвестр (Медведев) ағайындыларды өзінің ғылыми бәсекелестері деп танып, оларға қарсы «Манна» шығармасын басып шығарды. Ағайындылар жауап ретінде «Акос или врачевание от угрызений змиевых» атты шығармасын басып шығарды (орыс тіліне аударған ағайындылардың шәкірттері Поликарпов пен Семёнов). Сильвестр оларға қарсы «Лихудтарға арналған дәптер» атты  екінші шығармасын басып шағырды. Ал ағайындылар болса  «Диалоги грека учителя к некоему Иисуиту» атты кітабымен жауап қайтарды.  Кейіннен бірнеше рет бәсекелестік мақсатымен көптеген кітаптар шыға бастады, бірақ Лихудтардың екі кітабымен-ақ бұл мәселе шешілді.

Католиктікке қарсы ағайындылар тағы екі шығарма жазды: «Показание истины» (1689 жылы) және «Мечец духовный или разговор с иезуитом Руткою в Польской земле». Сонымен қатар олар лютерандарға қарсы «Иоанникия и Софрония обличение ересям Лютера и Кальвина» атты және раскольниктерге қарсы «Коллурий от лютой страсти очеболения Капитоновского» және «Письмо к императору Петру I о ересях Кальвина и Лютера» атты шығармалар басылып шығарды. (1861 жылы «Странник» журналында басылып шығарылды). Бұдан басқа «Философские ответы Софрония» және Софрониймен жасалған библия түзетілуінің толық тізімі кеңінен таралған.   Лихудтардың шығармаларының толық нұсқасынан 1866—1867 жылдар аралығында («Православный Собеседник» баспасында) «Мечец духовный» атты кітап басып шығарылды.

Лихудтардың дінге үгіттеуші шығармаларын да айтпай кетуге болмайды:

Иоанникийдің:

      «Речь патриарху», 1691 жыл;

      «Надгробное слово царице Наталье Кириловне» 1694 жыл;

      «Похвальное слово царю Иоанну» 1696 жыл;

      «Похвальное слово царю Петру I по взятии Азова» 1697 жыл;

      «Похвальное слово ему же по возвращении из Голландии» 1698 жыл;

      «Поучение на пятую неделю великого поста» 1701 жыл.

 

Софронийдің:

      «Слово на день рождения Петра I»;

      «Слово о Софии, премудрости Божией» 1708 жыл;

      «Похвальное слово святому Варлааму Хутынскому»;

      «Житие Варлаама»,

      «Триумф о мире с Швецией» 1721 год;

      «Слово похвалительное на преславное венчание благочестивейшия великая государыни нашея Императрицы Екатерины Алексеевны» / Публ. и коммент. В. М. Ундольского // Русский архив, 1863. — Вып. 10/11. — Стб. 761—776.

      «Слово о предопределении», изданное Д. В. Цветаевым в «Памятниках протестантства в России» и в «Чтение Московского Общества Истории» за 1883 и 1884 годы.

 

Софроний Лихудтың «"Риторика" Конец XVII в. Бумага, чернила, акварель» атты кітабы славяндық-гректік-латындық академиясында оқылған пәндер бойынша жазылған.

 

2007 жылдың 31 мамырында Мәскеуде Богоявленск қиылысында  ағайынды Лихудтарға арналып қоладан ескерткіш тұрғызылды. Ресейдің халық суретшісі Вячеслав Клыков пен архитектор Виктор Пасенко өз жұмыстарында Інжілді церковнославян тіліне аударумен жұмыс істеп отырған грек-ағартушыларының ұзын киімге киінген бейнесін елестетеді.

Сол жақта орналасқан Иоанникий қолында  жазба кітабын ұстап тұр, ал оның ағасы Софронийдің қолында мақтау қағазы тұр. Жанындағы үстел үстінде  киелі жазба мен қалам орналасқан. Ескерткіштің биіктігі 3,7 метрді құрайды.  Ескерткіштің алдында славян әріптерімен жазылған жазу бар.

 

 

Мәскеудегі ағайынды Лихудтарға арналған ескерткіш

Литература

 

1.      Николаев Извлечение из московского архива министерства юстиции. — М., 1881.

2.      Образцова И. Я. Братья Лихуд. / "Журнал Министерства Народного Просвещения. — 1867.

3.      Майков Л. Н. О сочинениях Лихуд, находящихся в синодальной библиотеке и Румянцевском музее. / "Летопись Занятий Археографической Комиссии. — Т. VII.

4.      письма Лихуд (1706—1713 года) / «Материалы для истории училищ в России» И. К. Куприанова. — «Журнал для воспитания» Чумикова, 1857 год.

5.      о побеге с Москвы Лихуд в 1702 году / «Чтения Моск. Общ. Ист. и Др.» — 1867.

6.      О последних годах жизни Софрония в Солотчинском монастыре, по данным синодального архива, см. статью проф. Н. И. Барсова «Черты русской истории, быта и нравов начала XVII столетия», в «Историческом Вестнике» 1892 год.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

КО және БӘД кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ағайынды Лихудтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: КО-09-1 тобының студенті

Нұртазина А.Е.

Тексерген: п.ғ.к Мұхаметжанова А.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды

2012 жыл

 

 

 

 

 

 

Мәскеудегі ағайынды Лихудтарға арналған ескерткіш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иоанникий Лихуд (1633(1633) — 1717) және Софроний Лихуд (1652(1652) — 1730) 

 

 



Информация о работе Ағайынды Лихудтар