1941-1970 жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:19, реферат

Описание работы

Сан мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер жанұяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене араласты.

Содержание

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп
және педагогика (1946-1958 ж.ж)
Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге асыру.
Білім беру мазмұнын жетілдіру мен оқытудың белсенді әдістерінің дамуы.
Отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық
зерттеулерінің негізгі бағыттары.

Работа содержит 1 файл

1941-1970 j mektep pen pped.docx

— 48.89 Кб (Скачать)

  

     70-жылдардың аяғында математикадан мектеп бағдарламасы қатты сынға алынды. Ондай сын тек ғана мұғалімдердің, педагог-әдіскерлердің тарапынан көп айтылып қойған жоқ, сонымен қатар белгілі ғалымдардың да тарапынан сынға ұшырады.Оқушылардың таным қызметінің тиімділігін арттырудың, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жетілдірудің теориялық негіздерінің бірі дамыта оқытудың тұжырымдамасы болып табылады.Дамыта оқытуға көшу оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қолданудың аясы кеңейе түседі, оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттырады. 60-жылдары дидактикаға психологтар негіздеген білімді кезеңмен қалыптастыру теориясы ерекше ықпал етті (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин және басқалар).

      60-жылдардың бас кезінен бастап, оқушылардың оқытудағы белсенділігі мен дербестігін дамытуда проблемалық оқытудың ролі туралы мәселе ерекше қызығушылық туғызды. Проблемалық оқыту мәселелері көптеген дидактикалық және психологиялық зерттеулерде (И.Я.Лернер, А.М.Мартюшин, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин және т.б) оқушылардың таным қызметі мен оқыту әдістерінің ішкі мәнін түсінуде жан-жақты қарастырылды.60-жылдардың бас кезінде сабақты одан әрі жетілдіруде алдыңғы қатарлы педагогтардың қозғалысы кең өріс алды. Бұл кезеңде педагог-практиктер мен ғалымдардың оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру саласында шығармашылық ізденістері біршама белсенділік танытты.

       Липецкінің мұғалімдерінің тәжірибесіне қызығушылықтың себебі мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін тежейтін, оқыту үрдісінің тиімділігін арттырудың міндеттерін жемісті шешуді қиындататын сабақтың шаблондық сипатына қарсы бағытталған алдыңғы қатарлы педагогтардың қозғалысына жауап берді. Липецк облысының мұғалімдері екінші жылға қалуды болдырмауда ерекше табыстарға жетті.

      Липецкінің мұғалімдерінің тәжірибесі мұғалімдердің шығармашылық ізденістеріне жаңа импульс берді. Сабақты жетілдіру мәселесіне Татарияның, Ростовтың және Новосибирскінің мұғалімдері ерекше үлес қосты. Тиімді сабақ үшін қозғалыс бүкілодақтық мәнге ие болды.60-жылдардың аяғына алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің әсерімен сабақтың құрылымында елеулі өзгерістер байқалды.

     Отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары.

     Кеңестік педагогика өзінің өмір сүрген алғашқы жылдарынан бастап жас өспірімдерді оқыту және тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу ізденістерін жүргізді.Ғылыми-педагогикалық мекемелердің қызметінің басты қағидасы мұғалімдермен, мектептің практикалық жұмысымен тығыз байланыс болды. Жаңа педагогиканың теориялық қағидалары мен идеяларын насихаттауды байқау мақсатында үлгі-тәжірибе мектептері мен станцияларының жүйесі құрылды, олар ғылыми-педагогикалық қызметтің экпериментальдық базасы болды. 60-70 жылдары жүргізілген педагогикалық зерттеулер жүйесінде партияның “СССР педагогикалық ғылымдар академиясы қызметінің негізгі бағыттары туралы” қаулысында (1969) айқындалып берілген бірнеше басты бағыттар көрсетіліп берілді.

     Бұл жылдары әдіснамалық жалпытеориялық сипаттағы зерттеулер орындалды. (Ф.Ф.Королевтің және В.Е.Гмурманның ред.басқаруымен “Педагогиканың жалпы негіздері”, М.А.Даниловтың, Н.И.Болдыревтің “Дидактика негіздері”, А.И.Пискуновтің, Г.В.Воробьевтің ред.басқаруымен “Педагогикалық эксперименттің теориясы мен практикасы”, Б.П.Есиповтың ред.басқаруымен “Педагогикалық зерттеулердің әдістері”).

     Ғылыми-техникалық және әлекметтік прогресс педагогика ғылымы дамуының негізі мен бағыттары анықталды, оның ұғымдық жүйесі реттелді.Педагогиканың теориялық терең зерттеудің қажеттілігі олардың зерттелмегендігі көп жағдайда нақтылы теориялық-әдіснамалық зерттеулердің әлсіз әдіснамалық қаруланғандығына байланысты анықталады.Оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, әдістерін, түрлерін және тәсілдерін одан әрі жетілдірудің мәселелері педагогика ғылымында өзектілері.Кеңес мектебінің тарихында оның дамуының әрбір кезеңі бағдарламалық-әдістемелік қайта құрумен органикалық ұштасады. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау мектепте білім берудің мазмұнын модернизациялаумен және оқу-тәрбие үрдісін одан әрі жетілдірумен бірлікте іске асты.Педагогика ғылымының қайраткерлері мұғалімдермен ынтымақта мектепте оқу-тәрбие үрдісін қайта құруды негіздеді, практикалық тұрғыдан қамтамасыз етті.

      Оқытудың мазмұны және әдістері ғылыми-зерттеу институтының алдына ғылымның, техниканың және мәдениеттің қол жеткен даму деңгейіне сәйкес мектептегі білім берудің мазмұнын келтіру міндеті қойылды.

     Дидактиканың жетістіктеріне негіздей отырып, ең алдымен дамыта оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, әдіскерлер 60-70 жж. мектеп бағдарламалары үшін оқу материалын іріктеу қағидасын талдады, оларды ғылыми-техникалық жетістіктермен және қоғамның қоғамдық-саяси өмірінің дамуымен сәйкестендіруге алып келді, ғылымдардың ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық арақатынасын орнатты, орта оқу орындарының әртүрлі типтерінде жалпы білімдік даярлықтың бірыңғай деңгейінің жалпы негіздерін анықтады.

      Оқытудың мазмұны мен әдістері мәселелерін іргелі және қолданбалы зерттеулерді одан әрі дамыту үшін жан-жақты тәжірибелік-экспериментальдық материал жинақталды. Дидактикалық-әдістемелік мәселелерді зерттеуге ерекше үлес қосқан М.Н.Скаткинді, И.Д.Зверевті, Ю.К.Бабанскийді, М.П.Кашинді, В.В.Краевскийді, И.Я.Лернерді, В.М.Монаховты, Б.Г.Разумовскийді, Г.И.Беленькийді, Н.М.Шанскийді және басқа ғаымдарды ерекше атауға болады.

     60-70-жылдары негізделген әдістерін түсінуге және оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге көмектесетін ұйымдастыру-педагогикалық шаралар мен әрекеттер жүйесі белсенді талданылды (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин), оқытудың жаңа техникалық құралдарын кешенді қолданудың әдістемесі (С.Г.Шаповаленко) және оқыту әдістерінің тиімді ұштасуын таңдау (Ю.К.Бабанский).

     Тәрбие саласында зерттеу жұмысын қорытындылай келіп, бұл жылдары оқытудың тәрбиелік қағидасы теориялық және практикалық жағынан дами түсті (В.М.Коротов); тәрбие әдістерін кешенді қолдану идеясы дами түсті (Б.Т.Лихачев, Г.Н.Филонов); тәрбие үрдісін тиімді басқару туралы қағида талданылды (Ю.К.Бабанский); педагогикалық ынталаландыру мен түрткілер теориясы мен әдістері (Л.Ю.Гордин, З.И.Равкин); адамгершілік тәрбиесінің әдістері одан әрі талданылды (Н.И.Болдырев, И.С.Марьенко, О.С.Богданова).

    Еңбек тәрибесі және кәсіптік бағдар беру мәселелері өте терең талданылды. П.А.Атутовтың, С.Я.Батышевтің, К.А.Ивановичтің, М.Н.Скаткиннің, Д.А.Эпштейннің және басқа да ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, зерттеушілер оқушылардың еңбегінің мазмұны мен ұйымдастыру проблемаларын шешудің ерекше тиімді жолдарын анықтады.

     Оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жас және педагогикалық психологияның проблемаларын зерттеуге тікелей тәуелді болып табылады.60-жылдары мектептегі оқытудың тәсілдері мен оқушының дамуының арасындағы байланысы анықтады. Бұл зерттеулердің нәтижелері Л.В.Занковтың басшылығымен жүргізілді ІҮ сыныптан бастап, ғылым негіздерінбір жүйелі зерттеуге көшуді қамтамасыз ете отырып, тәжірибеге белсенді енгізілді.

     Бұл жылдары оқыту мен тәрбиелеудің оздыру сипаты туралы идеяға ерекше мән берілді. В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің жетекшілігімен оқушылардың білімді меңгеру мүмкіншіліктерін ашып көрсететін теориялық зерттеулер жүргізілді. “Бастауыш оқытудың психологиясы” атты монография (В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің жетекшілігімен) жарық көрді, В.В.Давыдовтың “Оқытудағы жинақтаудың түрлері” атты кітабы басылып шықты. Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі, композитор Д.Б.Кобалевский мектепте музыкалық білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа әдістемесін анықтау мақсатында жан-жақты эксперимент жүргізді. Бұл жұмысқа 50 мыңға тарата оқушылар мен мыңнан астам мұғалімдер қатыстырылды.

    Белгілі суретші Б.Н.Неменский мектептегі сурет пәнін жетілдіру бағытында кешенді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу нәтижелері төмендегі тақырыптар бойынша “Оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу және дамыту жүйесі”, “Көркемдік-эстетикалық тәрбие – оқушыларды жан-жақты дамытудың факторы” нақтылы ұсыныстар жасалды.


Информация о работе 1941-1970 жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы