Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 20:38, доклад
Еліміздегі қазіргі білім саласын заман талабына сай дамыту керек екендігі күмән туғызбайды. 1997 жылы әлемдік білім кеңістігіне кіру туралы Лиссабон конвенциясына ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда қол қойды. Бұл құжатты қабылдау жоғары білім берудің сапасын одан әрі жақсарту мақсатында орта жалпы білім берудің мерзімін ұзартуды талап етеді. Білім мен ғылым – әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы, прогресске апаратын жол десек, 12 жылдық білім беру жүйесі – бүгінгі күн талабынан туындап отырған өзекті мәселе.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
«ТҮПКІ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ»
атты облыстық ғылыми – теориялық конференция материалдары
«12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ САЙ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
Дайындаған:
Тасты – Талды орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Мухамажитов А.З
Көкшетау 2009 ж
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ
ЖҮЙЕСІНЕ САЙ ҚҰЗІРЕТТІ
Еліміздегі қазіргі білім саласын заман талабына сай дамыту керек екендігі күмән туғызбайды. 1997 жылы әлемдік білім кеңістігіне кіру туралы Лиссабон конвенциясына ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда қол қойды. Бұл құжатты қабылдау жоғары білім берудің сапасын одан әрі жақсарту мақсатында орта жалпы білім берудің мерзімін ұзартуды талап етеді. Білім мен ғылым – әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы, прогресске апаратын жол десек, 12 жылдық білім беру жүйесі – бүгінгі күн талабынан туындап отырған өзекті мәселе.
Мұндай талпыныстар біздің елімізде де жүріп жатыр. Республикамыздың Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беруге жаппай көшуді 2008 жылдан, 2010 жылға қалдырды.
ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының бірнеше бөлімі - білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары, білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, педагогикалық кадрлардың құзіреттіліктеріне арналған. Осы бөлімдерде педагог кадрлерге 21 ғасырдың мұғалімі қандай болу керек, келешекте өзіне қандай талап қою керектігі анық көрстілген. Білім берудің қандай түрі болмасын мұғалім – басты, әрі шешуші тұлға.
Тұжырымдамада нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқытудағы мұғалімнің оқыту процесін ұйымдастырудағы негізгі мақсаттары көрсетіледі: оқу процесінің нақты мақсаттарын ұйымдастыру, білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау, ақпараттық ортаны анықтау, ұсыну, бағыт беру. Оқушыға қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру, білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру, нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уақытында түзету.
Осы мақсаттарды орындап шығу үшін әрине өз ісіне берілген, кәсіби маман қажет. 12 жылдық мектептің педагогы өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.
Арнайы құзіреттілік – өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны жөн. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.
Әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті
(ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Яғни, мұғалім оқушылармен қарым – қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.
Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Әрине, мұғалімдікке кездейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сыйлау, олардың құқығын, ар-намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім-бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйыдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ емес.
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты:
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез – келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.
Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни, өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды. Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын басты талап. Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші», ал оқушы «қабылдап алушы» немесе мұғалім дайын піскен мәліметті беруші, ал оқушы оны дайын күйінде қабылдап алушы схемасы дәл қазіргі нарықтық бәсеке заманында мүлде тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке, мұғалімге қатысы жоқ деп ойлайтындар қателеседі. Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі–ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстауына әсер етеді.
Қазақстан - демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп отыр. Ал, ол тек ашық та әділ сайлаулар, БАҚ – тың еркіндігі т.б. ғана емес мектепке де қатысты. Мектеп өмірін демократияландыру өзін–өзі басқару, бала құқығының сақталуы, орындалуы, оқушылардың өз пікірлерін ашық, еркін айта алуы, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне талап қою т.б. байланысты.
Мектепті демократияландыруға ұстаздардың да дайын болуы, соған ат салысуы оқушылардың белсенділігін арттырып, болашақтың жігерлі азаматтарын дайындаудың алғашқы негізі қаланады. Кәсіби құзырлылық – мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғары деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.
12 жылдық білім беру психологсыз іске аспайды. Ол туралы, яғни психологтың орны туралы тұжырымдамада айқын көрсетілген. Мектеп психологы баланың жан-дүниесімен жұмыс істеу керектігі түсінікті. Сонымен қатар, оқушыға білім беру процесі барысында әр мұғалім білім беру, оқу процесін ұйымдастырумен қатар олардың психологиялық ахуалын да назарда ұстауы қажет. Яғни, әр мұғалім психолог болуы керек. Сыныпта балаларды алалау (әлеуметтік, ұлттық т.б.), жаман оқитындар немесе жақсы оқитындар деп ашық түрде бөлу жеке тұлғалық және ұжыммен жұмыс істеуге нағыз кедергі болады да, психологиялық ахуал бұзылған жерде білім беру мен білімді игерудің түпкі нәтижесіне қол жетпейді.
Қазіргі заманғы психологияны кәсіби деңгейде болмаса да, белгілі бір дәрежеде игермеген мұғалім жарты қаруы жоқ жауынгер іспеттес. Бала психологиясына сезімтал болу ұстаз үшін бала жүрегіне жол табар жарты жеңіс деуге болады.
Сонымен, 12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оқушыға таным – бағыттық білім берудегі ең басты міндеті. Мұғалімнің білім деген теңіздегі кеменің бас «капитаны» болғандықтан, сол кемедегі «матрос» – оқушылардың қабілеті мен жеке қасиеттерінің көзін ашуға көмектесетін нағыз маманы болуы тиісті.