Ресми-іс қағаздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 11:38, контрольная работа

Описание работы

Тіл – адам баласының асыл қазынасы, мемлекеттің баға жетпес байлығы. Ол ұлтты ұлт етіп қалыптастыратын құдіретті күш. Сондықтан да болар, дамимын, озық елдің қатарынан орын аламын деген мемлекет алдымен мемлекеттік тілдің дамуына атсалысады. Бұл орайда, қазақ елі бір ғасырға жуық тұншығып келген тілінің тынысын кеңейту үшін аянбай күш жұмсап келеді. Ал, қазақстан республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің қанатын кеңге жаюына барлық мемлекеттік органдармен қатар, ішкі істер министрлігі де үлкен үлес қосуда.

Содержание

1. Ресми – іс қағаздары терминдерін қалыптастыру
2. Терминдер мәселесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ресми.docx

— 32.80 Кб (Скачать)

 

1. Ресми-іс қағаздары терминдерін қалыптастыру

Тіл – адам баласының  асыл қазынасы, мемлекеттің баға жетпес байлығы. Ол ұлтты ұлт етіп қалыптастыратын  құдіретті күш. Сондықтан да болар, дамимын, озық елдің қатарынан орын аламын деген мемлекет алдымен мемлекеттік  тілдің дамуына атсалысады. Бұл орайда, қазақ елі бір ғасырға жуық тұншығып келген тілінің тынысын  кеңейту үшін аянбай күш жұмсап келеді. Ал, қазақстан республикасының мемлекеттік  тілі – қазақ тілінің қанатын  кеңге жаюына барлық мемлекеттік  органдармен қатар, ішкі істер министрлігі  де үлкен үлес қосуда.Қазақ іс қағаздары  термине жасау, қалыптастыру,жүйелеу  реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою  өзекті мәселелердің бірі блып отыр. Соңғы  он он бес жылдың көлемінде термин мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде.

Қазіргі таңда  белең алған бір құбылыс іс қағаздарын,олардадағы терминдерді  түгелдей орыс тілінен аударып алып жатырмыз.Мысалы; орыс  тіліндегі  делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасқан. Соңғы  кезде орыс тіліндегі нұсқасыда  қағаз сөзі жоқ болғандықтан, оны  алып тастап іс жүргізу деп айтып  жүрміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Терминдер мәселесі

Қазіргі заман талабы, қоғамның әлемдік нарыққа бет алысы, қарапайым  тілмен айтсақ мемлекетіміз бен халқымыздың  қамы үшін  белең алған жаһандану процесін теріс дей алмаймыз. Бүгінде енді-енді есін жиып жатқан шала-жансар өнеркәсібіміз шетелдердің алпауыт фабрика-зауыттарымен теңесе қоймаса да,  болашақта олармен терезесі тең дәрежеде  алыс-беріс жасауы үшін қажет дейді мамандар. Рас та шығар. Бірақ, жаһанданудан қауіптенбеуге де болмайтын сияқты. Себебі, қайсыбір білімдарлардың айтуынша жаһандану тіл турасынан алғанда, ол халықаралық ағылшын тілінің, одан бері орыс тілінің шоқтығын қазіргі дәрежеден анағұрлым биіктетпек. Екіншіден, бұрын мектепте, жоғары оқу орындарында орыс тілінде білім алған, қазір егде жасқа келген атқамінерлер, ағылшын тілін орыс тіліне аудару арқылы түсінеді. Яғни, осы халықаралық тілді төлі тіл – қазақ тілі арқылы үйрену некен-саяқ. Үшіншіден, қазақ мектептерінде оқитын жасөспірімдердің өзі (әсіресе қалада) заман талабына сай үш тілді біледі деп мақтан ету, қисынсыз. Шындығына келгенде, олар өзара әңгімелесу тілі – орыс тілін бірінші кезекте біледі, екінші кезекте орыс тілі арқылы оқитын – ағылшын тілін біледі, ал сөйлеу барысында қазақ тілінде ойын жеткізе алмай, қазақ әдебиеттерін оқу кезінде сөйлемдердің мағынасын шала-шарпы түсініп отырған баланың қазақ тілінің білу деңгейі  айтпаса да түсінікті.    
Шығатын қорытынды ана тілді құлаққа сіңіру бесіктен басталып, бала бақшада бастау алып, мектепте жалғасын тапса ғана тілдің болашағы болады.  
 Өткен ғасырларда Ресей патшалығындағы орыс ақсүйектері француз тілін сәнге айналдырып, ол білімділік белгісі ретінде қабылданған еді. Бірақ, француз тілінің белең алып, орыс тіліне деген теріс пікірді (шаруалардың тілі, қара тобыр тілі) тудыра бастағанын сезген мемлекет зиялылары француз тілін ығыстыруға күш салып, орыс тілін өз деңгейіне көтергені тарихтан белгілі. 
«Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін елде тіл мәселесі бойынша құрылған арнайы комиссия 1948 жылы мынадай қорытынды шығарыпты: использование английского делит людей на две нации, тех немногих, кто правит, и многих, которыми правят, кто не может говорит на чужом языке, и эти две нации на понимают друг друга.». Кейін бұл шындыққа айналды. Үнді элитасының Англия мен АҚШ-тың жетекші университетінде білім алған балалары отанына оралып, қызметке кіріскен кезде, амал жоқ, кешегі өзі менсінбеген «қара тобырдың» тілін үйренуге мәжбүр болған. Статистикалық деректер бойынша 1 миллиардтан асатын сол үнділердің небәрі 25 миллионы ғана ағылшын тілін біледі» (Мәдениет және ақпарат министрі                                  М. Құлмұхаммедтің «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатынан).     
Қазір де орыс тілінің де француз тілінің де де тазалығы үшін мемлекеттік дәрежеде шаралар қабылданып жатыр. Көрші Ресейде мемлекеттік тіл бойынша жасалып жатқан шаралар бұқаралық ақпарат көздерінен көпшілікке белгілі болғандықтан оны қайталап жатудың қажет жоқ, ал Францияда тіл тазалығы үшін күресетін Тіл полициясы деген құрылым жұмыс істейтінін әркім біле бермейді.  
Жиырмасыншы ғасыр қазақ халқы үшін өте ауыр ғасыр болды. Қазан төңкерісі, Кеңес Үкіметінің орнауы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1921 және 1932-1933 жылғы аштықтар, 1928 жылғы шаруалар көтерілістері, 1945 жылғы Ұлы Отан соғысы, 50 жылдардағы Тың және тыңайған жерледі игеру, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және т.б. Тек 1950-1980 жылдар аралығында 600-ден астам қазақ мектебі жабылған болса, соңғы 20 жылда 800 қазақ мектебі қалпына келтірілді.  
Әрине, әрқашан айтып жүретін саннан шынында да сапаға көшетін уақыт жетті. Осы жылы жүргізілген санақ нәтижелері Қазақстандағы қазақтардың 67 пайыз болғанын көрсетті. Ал өзбек, ұйғыр, татар, әзірбайжан және түрік сияқты түркі тілдес халықтардың саны 1 миллионға жетті. Аталған халықтардың басым көпшілігі өз ана тілін өте жақсы білетін болғандықтан, қазақ тілінде сөйлеушілердің саны тағы да артты деп нық сеніммен айта аламыз. Мәселен, Қазақстанда тұратын ұйғырлардың 80 пайыздан астамы қазақ тілін жетік меңгерген. Өкінішке орай Қазақстандық орыс және басқа да славян бауырларымыз тек бір ғана тіл меңгерген. Ал орыс тілінің 30 пайызы түркі тілдерінен енген сөздер екенін еске алсақ, Қазақстандық өзге ұлттардың қазақ тілін толық меңгеруінің ауылы алыс емес. Жалпы, бір не екі тілді ғана білу ол өткеннің сарқыншағы деп айтуға болады. Мысалы, қазақтардың басым көпшілігі екі тілді, ал сыртта тұратын қазақтар тіптен үш тілді. Мысалы, Германияда тұратын қазақтар ана тілінен басқа түрік тілін және неміс тілдерін жетік меңгерген.

Енді, нақты термин мәселесін  қозғамас бұрын ХХ ғасырдың басында  өмір сүрген қазақ зиялыларының ішінде тіл тазалығына, тіл мәселесіне, әсіресе термин жасау мен терминдер мәселесіне тоқталмай кеткені жоқ екенін қаперіңізге саламыз. Қазақ тілінің жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының термин жасаудағы еңбегі ұшан теңіз. Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ оқымыстыларының қай-қайсын алатын болсақ, бәрі де өз саласында терминология мәселесіне тоқталмай кеткені некен-саяқ. Мысалы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Аспандияров, Қ.Кемеңгерұлы, Ә.Марғұлан, М.Әуезов және тағы басқалар.  
 1924 жылы Х.Досмұхамбедұлы мен Қ.Жұбанов Орынборда өткен қазақ білімпаздарының съезінде терминология мәселесін қозғап кеткен еді. 
Әсіресе қазақ тіл біліміндегі Құдайберген Жұбановтың «О специфике слов-терминов», «О терминологии казахского литературного языка, принимаемые государственной терминологической комиссией, «К пересмотру казахской орфографии», «Термин сөздердің спецификасы» деген еңбектерінің рөлі зор.  
 Кеңес Одағы құрылғаннан кейін Қазақстанда 20-30 жылдары іс қағаздары қазақ тіліне көше бастайды. Бұл, әрине, Қазақстанда, жалпы Орта Азия елдерінде іс қағаздары қазақ тілінде не басқа түркі тілдерінде жүргізілмеді деген сөз емес. Өткен тарихымызға көз салатын болсақ бұрынғы Ресей империясының құрамындағы түркі-мұсылман халықтарының бәріне ортақ шағатай немесе түркі деп аталатын ортақ жазба тілінің болғаны бәрімізге аян. Егер жиырмасыншы ғасырдың басында түркі әлемінде қазақтар саны жөнінен түріктерден кейін екінші орын алатын болса, 1933 жылы қазақтар саны бойынша енді түріктерден, әзірбайжандардан және өзбектерден кейін төртінші орынға бір-ақ шығады.  Мұның қандай кері нәтижеге алып келгені түсінікті де! 
Орыс тілінің көлеңкесінде қалып қоя жаздаған қазақ тіліне өз орнын иемдену едәуір қиындыққа түсті. Міржақып Дулатов өз еңбектерінің бірінде аты қазақша, бірақ заты аударма кеңсе тілінің қаншалықты шұбар әрі түсініксіз екендігін ашына жазады. «Ғұлама аудармашылар» Лев Толстойды Жуан Арыстан деп аударған да кез болған. 
Кеңес Одағы тұсында қазақ тілінің термин мәселесі көлеңкеде қалып отырды, тіптен 70-80 жылдардағы Қазақ КСР Министерлер Кабинетінің не Жоғарғы Кеңестің қазақ тілінде дайындалған құжаттарын қарайтын болсақ, тіпті адам жаны түршігеді. Қазақ тілінде баламасы жоқ секілді орыс тіліндегі барлық сөздерді құжат тіліне жамай бергендей көрінеді. Тіпті, құжат тілінің 25-30 пайызы таза орыс тіліндегі сөздерді тек қазақ тіліне бейімдеп бере салған. Бұдан асқан тілді қорлау жоқ шығар. 
Алайда осы кезеңде термин жасауда сәтті баламалардың да болғанын теріске шығара алмаймыз. Мысалы, балмұздақ, аялдама және т.б. 
Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін термин жасау саласында Қазақстанда көп іс тындырылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Терминологиялық комиссия құрылды, сол Терминологиялық комиссияның отырыстарында мақұлданған терминдер Терминологиялық хабаршы жинағына шығарылып келеді әрі баспасөз беттерінде жарияланып та жүр. Десек те жаңа термин жасауда көрші елдерден әлі де кеш қалып келе жатқанымызды мойындау керек. Мәселен, Балтық бойы елдерінде ресми түрде 200 000 сөздің термині бекітіліп берілген болса, Қазақстанда бұл салада әлі де көп іс тындыру қажет. 
Дегенмен, бұл ретте, қазақ тілінде термин жасау мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.  
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамед «Егемен Қазақстан» газетіне 2003 жылғы берген сұхбатында термин мәселесіне қатысты өз ойын ортаға сала отырып былай дейді: «Біріншіден, өз басым түбірі латын, грек тілдерінен алынып, Еуропа тілдерінің бәріне сіңісті болып кеткен термин сөздерді сол күйінде қалдырған жөн деп есептеймін. Екіншіден, түбі таза орыс, славян тілдерінен алынған сөздерге міндетті түрде қазақша балама табуға болады деген пікірмен толық келісуге болады. Үшіншіден, әрбір терминді бекітуде оның орыс, түрік, Еуропа тілдеріндегі нұсқаларына салыстырмалы талдау жасап, қазақ тілінің тілдік нормасына сәйкесін ғана қабылдаған жөн. Төртіншіден, қазақ тілінің термин жасау мүмкіндігі тарылған жағдайда туыс тілдердің, яғни түркі тілдерінің терминдері ескерілген жөн. Бесіншіден, терминнің қазақ тіліндегі бірінші кездескен баламасымен шектеліп қалмай, онымен ұялас, іргелес сөздердің мағынасын, реттік жүйесін тұтас қамтыған жөн».   
Заңдарды, қаулы-қарарларды мемлекеттік тілде сөйлететін терминдер жайы өз алдына хикая. Тәубе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында Мемлекеттік терминологиялық комиссия өз міндетін шама – шарқынша атқарып жатыр. Бірақ, біздің түсінігімізше жалпы комиссия атауы белгілі бір науқанға, бір жағдайға байланысты құрылатын құрылым. Сондықтан да оның беделі мен қауқар – қарымы да уақытша, құзырлы органдар алдында төменшектеп тұратыны, олардың көп жағдайда мойындалмайтыны түсінікті жай. Бұл сөзімізге депутаттардың заң жобаларын талқылау барысында қолданылған терминдерге келіспеушілік танытып жататыны куә.  Даудың басы осы құлаққа сіңісті болып, ел арасында қолданыс тауып жатқан сөздердің заң ретінде бекітілмеуінен бе дейміз (осы орайда, Терминкомның мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты  Т. Тұяқбай терминдерді жылына бір рет заңмен бекіту туралы уәкілетті органға ұсыныс айтқан еді).  Өйткені, көп жағдайда  шенеуніктер үшін комиссия бекіткен терминдерден гөрі заң бекіткен нәрсе ЗАҢ. Қазіргі таңда бұлай болатынын заңды да. Кеңес заманынан бері заңға мүлтіксіз бағынатын сүйекке сіңді әдетіміз бар. Сондықтан да бұл қажет. Сонда ғана түсініспеушіліктерден, бір сөздің бірнеше қате нұсқалығынан арылар ма едік.  Аталмыш  пікірді ғалымдар да жиі айтуда: 
«Терминком ұсынған атаусөздер ұғымын, көп белгілерінің бәрін бірдей, әсіресе терминдік өрісін қамти алмай жатқандықтан, өзге бір сөз нақтырақ, тартымдырақ болып көрінеді, осылайша баспасөз бен ғылыми әдебиетте жарыспалылыққа жол ашылады. Сондықтан, шетел және орыс тіл білімінде бұрынғы нақтылық пен даралыққа байланысты тұжырым  бірегейліктен өзгертілген. Біздің ғалымдар арасында бірегейлікке, стандарттыққа байланысты біржақты  көзқарас етек алған. Бірегейлікті бір тілдің (орыс тілінің) үстемдігін мойындау, соған бас ұру, өзге бір тілдік бірлікті сол күйінде өзгертпей қабылдау деп ұғыну басым. Ал оның бекітілген терминді сақтап қолдану міндеттерін жүктейтін қырын көзге ілгілері келмейді. Егер бірегейлеуге осы жағынан келсек, Терминологиялық комиссияның заңдық тұғырын әлде де күшейте түсу қажет болады. Заңды сақтамайтын қоғамдық орындарға, жалпы қоғам мүшелеріне белгілі бір дәрежеде жауапкершілік арттыру керек.»                         (Б. Момынова, филология ғылымдарының докторы, профессор. «Ана тілі» газеті, 2004 жылғы 18 наурыз).  
Осылайша Мемтерминком бекітіп, көпшілік кең ауқымда қолдана бастаған терминдердің өзінше пайдаланған нұсқалары жиі кездесуде. Бұлар әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарына жиі қылаң беріп жүр. (Жанұя, отбасы, үйелмен, әулет; Жаһандану, ғаламдасу, ғаламдастыру; Қала, шаһар, кент; шағын аудан, ықшам аудан, мөлтек аудан; мұздық, мұзарт;  т.б.) Әрине, сөздер қатар келгенде сөйлем қайталамас үшін балама сөздерді орынды пайдалана білу тапқырлық, бұл мәселен «отбасы» сөзіне қатысты. Бірақ терминком бекіткен сөздердің қате баламаларын пайдалану ағаттыққа ұрындырады. Қала, шаҺар бір біріне шамалас мағынада болғанымен, кент термині – село сөзінің аудармасы ретінде қолданылып жүргенін естен шығармау керек. Терминком ледникті – мұздық деп бекіткенімен, ол баспасөз беттерінде мұзарт деп қолданылып келеді. Шын мәнінде Мұзарт жер атауы, яғни Шыңжаң өлкесінде Халықтау жотасындағы асудың аты көрінеді. Жоғарыда айтып кеткеніміздей тіл ылғи даму үстінде болады. Сондықтан қайсыбір термин белгілі бір кезеңде өз міндетін атқарып, кейіннен оның  халық ұғымына оңтайлы, сәтті баламасы табылып жатса, оны неге қолданысқа енгізбеске. Мәселен, 20 ғасырдағы совет, программа, устав, заказ, самолет, юбилей тағы басқа осы іспеттес  сөздерді аудару ешкімнің үш ұйықтаса түсіне кірмеген шығар, әрі қызыл қырғын заманы да оған мүмкіндік берген жоқ. Алайда, осылардың кейін және бүгін кеңес, бағдарлама, жарғы, тапсырыс, ұшақ, мерейтой сияқты әп-әдемі баламалары табылып, ауызекі тілде де іс қағаздарына да сіңісіп кетті. Және бір мысал, күнде қарапайым халық пайдаланып жүрген «Әкім» (қала, аудан әкімі) сөзі «администратор» деген сөзге де телінді (1992 ж.), алайда ол әкіммен бұл әкім бірдей емес болғандықтан, «администратор» «әкімші» болып қайта өзгертілді. «Акимат» сөзі де осындай күйге ұшырады. Әкімшілік - Әкімият - Әкімдік. Қазір Әкімшілік сөзі тек «Президент Администрациясының» баламасы ретінде, Әкімдік сөзі «Акиматтың» баламасы болып пайдаланылып жүр. Бұл тұста түсінбестік туғызып келе жатқан мәселе, аудан, облыс әкімдіктері  сол бұрынғы бекітілген терминдердің қолданылып келе жатқандығы. Оған бұлар «тиісті заңдарда солай қолданылып жүр» деп уәж айтады. Бұдан шығатын қорытынды терминдер заңмен бекітілгеннен кейін, тиісті нормативтік актілерге (кесімдерге)  өзгерістер енгізілуі тиіс деген ойдамыз.          
  Көпшілік талқысына салынбай, тасқа басылып, кітаптарға еніп кеткен терминдердің біразы бірізге келтірілген сияқты. Мысалы, «қыз компания» - еншілес компания, «алым» (пошлина) – баж тағы басқалар.  Оған қоса соңғы кездері дау туғыза бастаған аймақ (зона), өңір (регион), өлке (край), аумақ (территория)  ұғымдары бас басына жеке терминге  ие болып, іс жүргізудегі түсінбеушілік жағдайларды арылтты.       
 Дегенмен әлі де ойласуды, бірте бірте ауыстыруды қажет ететін терминдер жетерлік. Мысалы: ғаныш - гипс, тәкапарлар бұлшық еті - мышца гордецов, кезеген жүйе - нерв блуждающий (медицина);   піспек - поршень,  ішпек – подшипник (техника) тағы басқалар. Медицина терминдері ішінде, айталық  «клетка» термині 1992 жылы «жасуша» болып бекітілді. Ал 2000 жылы жарық көрген Қазақша-орысша, Орысша–қазақша терминологиялық сөздікте (медицина) ол – торша деп алынған. Тіптен көптеген оқулықтарда клетка сол клетка күйінде қалдырылған. Әрине, соңғы кездері бұл терминнің алғашқы нұсқасы қолданысқа батыл еніп келеді. Алайда, әртүрлі оқулықтардан білім алған, оқушылар мен студенттердің емтихан, сынақ тапсырған кездегі жағдайы қалай болатыны түсініксіз.       
 Сондай-ақ кәдімгі мех сөзі бірде – тері деп, (мәселен – аң терісі), бірақ адамға қатысты – қожа), бірде үлбір деген атауға ие болып жүр. Бір қарағанда тері термині көңілге қонымды сияқты. Бірақ, айталық қоянның үлпілдеген жүні бар терісі мен қолтырауынның бұжыр-бұжыр терісін теңестіре алмайсыз. Сондықтан сірә, аң атаулының терісіне үлбір термині қолданылып жүр. («Үлбір» сірә, үлбіреп тұру, үлбіреу деген мағынадан туса керек.) Алайда, аюдың терісі үлбіремейді. 
 Сәтті балама табылмай жүрген сөздердің бірі  раздел – бөлім, отдел – бөлім – часть – бөлім; отделение – бөлімше, подразделение – бөлімше (подразделениенің – отделениеден анағұрлым үлкен екені белгілі). Аталған сөздер әсіресе қатарласа, қабаттаса келген кезде аудармашылақ қиналып қалып жатады. Договор - шарт, условия – шарт (Условия договора), утвержение – бекіту, закрепление – бекіту (утвердить закрепление), служба – деятельность, функцияның да жағдайы осындай. 
 Оған қоса жекелеген аудармашылар, тілшілер тарапынан қолдану қалпына еніп кеткен халықаралық терминдерді зорлап ұлттандыруы қарын ашырады. (Әрине, олар ұғымды дәл беріп, сіңісіп кетіп жатса қарсылық жоқ). Мәселен, телефон – сымтемір, радио – үнжария,  директор – мүдір, министр – уәзір, тираж – ұзынсан, техника – жасалым,  рецепт – ішірткі сөздерін тап осы күйінде бекіте салу асығыстық болар еді. Сондай-ақ өлшем бірлігі: граммды – мысқал деп алсақ – дейді аудармашылар.  Алайда,  1961 жылы жарық көрген  сөздікте (сөздікті жасағандар: Ш. Ахметова, Ә. Болғанбаев, Т. Жанұзақов,         Г. Жәркешева, Е. Жұбанов, А. Иманбаев, А. Махмұтов, Ә.  Мұсалдаев,                    Б. Нұрғазина, Ә. Тәжмұратов; Редакторлар алқасы: М. Балақаев, Ә. Болғанбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев): МЫСҚАЛ – зат. 4,25 грамға тең салмақ өлшемі. Білесіздер ғой кесегімен табылған мыстардан бір мысқал қосылған жоқ-ты. (Мүсірепов).   
 Яғни, тілді дамытудың басы-қасында жүрген  көрнекі ғалымдарымыз мысқалды – 1 грамм емес,  4,25 граммға тең өлшем дейді.  
 Сондай-ақ акциз, аукцион, демпинг, сертификат, субсидия, тариф, лицензия тағы басқа халықаралық терминдерді де осы күйінде қалдырған жөн деп санаймыз. Бір кездері лицензия терминін рұқсат қағаз деп алып, онымыздың беделі «пропускке» дейін түсіп қалғаны белгілі. Сондықтан да оны Терминком қайта қалпына келтіріп, өз мағынасында қалдырған еді. Осының кебін кимес үшін әсіресе халықаралық терминдерді аудару аса сақтықты қажет ететін сияқты.   
 «Аударуды қажет етпейтін терминдерді қазақшалаймыз деп қателіктерге ұрыну жиі ұшырасады. Мәселен, эпонимдерді аударудың еш реті жоқ. Алгоритимді бағдаржол деп аударудың ешқандай қисынға келмейтіні анық. Алгоритм адам аты - «әл Хорезми», сондықтан оның аударудың қажетсіздігі өзінен өзі түсінікті. Бұл жөнінде айтылып та жазылып та жүргеніне қарамастан бағдаржол терминін қалыптастыруға ұмтылушылар бар» (Ш. Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Терминологиялық хабаршы») деп ғалымдардың өзі  мойындап, мұның белең алуына қауіп білдіріп жүргені жасырын емес.     
Қазақ тілінде бұрыннан қолданылып жүргеніне қарамастан кейбір сөздерді ауыстырудың да қажеттілігі туып отыр. Мысалы, 2000 жылғы «Терминологиялық хабаршының» № 2  санында профессор Байынқол Қалиұлы былай дейді: «Терминком» шынымен термин жасаумен айналысатын болса, бізді құқық (право) деп аталатын терминнен құтқара көрсе екен деген тілек айтқымыз келеді. Өйткені ол сөздің айтылуы өте қиын, естілуі де құлаққа түрпідей тиеді. Жас баланы «құбыжық келеді» деп қорқытып тұрған сияқты бір нәрсе. Ауыл ақсақалдары ол сөзді өзгертіп қақы (олай деуге қандай қақың бар?) деп бекерден-бекер айтып жүрмеген сияқты.».   
Қорыта айтқанда, кейбір терминдер мағынасы, қолданысы, ұғымы тұрғысынан еш қисынға келмегенімен, айтыла айтыла құлаққа сіңісті болып,  күнделікті пайдаланысқа еніп кетуі ғажап емес. Ал оның шығу тегін зерттеген келер ұрпақ кейін күліп жүрсе қайтеміз. Әрине, терминдерді жасауға барша халық қатыстырылуы керек. Бірақ, олар салалық мамандардың, тілшілердің сүзгісінен өтсе ғана қазіргідей алаңдаушылық тумас еді дегіміз келеді.         
Тіл де тірі организм секілді үнемі даму, өсу үстінде болады. Ал, қазақ тілінің жайына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті өз сөзінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп бекер айтпаса керек.

 

 

 

Жоспар

Кіріспе

1. Ресми – іс қағаздары  терминдерін қалыптастыру

2. Терминдер мәселесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 


Информация о работе Ресми-іс қағаздар