Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 23:28, реферат
Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі
құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны — ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар. жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі).
э) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі).
Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапкы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Мысалы:
кәсіпорын жер учаскесін және
сол жерде орналасқан үй мен қоса
500000 (бес жүз мың) теңгеге сатып
алды делік. Бұл жерде орналасқан
үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды
сатып алу барысында төленген шығындары
25000 (жиырма бес мың) теңге (салық сомасы,
қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік
пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің
төлемдері сомасы). Үйді бұзуға кеткен
шығын 40000 (қырық мың) теңге. Бұзғаннан
алынған материалдарды сатудан түскен
табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау
мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес
мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын
болсақ, сатып алынған жердің бастапқы
құны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды
(500000+25000+40000-20000+
үлес
қосушылар мен құрылтайшылар
негізгі құралды
жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса,
онда олардың
құны құрылтайшылармен арадағы келісім
бойынша;
ұйымдар
негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни
жасап
шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан
шығындардың
нақты сомасы бойынша;
ұйымдар
негізгі құралдарды басқа занды
тұлғалардан
немесе жеке адамдардан тегін алған кезде
қабылдау-өткізу
актісінің мәліметтері бойынша немесе
эксперттік (сараптамалау) жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бүл кәсіпорынның белгілі бір уакыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарынын) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) негізгі
құралдардың пайдалы қызмет атқаратын
мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай
оның жалпы жағдайына әсер ететіндей
қосымша күрделі қаржы
э) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уакытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.
Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
3.Негізгі
құралдарды есептеуді
Негізгі
құралдардың есебі кәсіпорынның
бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың
талдамалық есебі әрбір түгендеме
объектісі бойынша бөлек
Кәсіпорындарда негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі
құралдар тозуына, бұзылуына, басқа
ұйымдар мен адамдарға
Кәсіпорындардың
бугхталтериясында негізгі
Негізгі құралдары көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін түгендеу карточкалардың орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.
Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспортап және басқа да негізгі құралдарды сатып алу сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері және тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір түгендеме объектіге бір данадан толтырылып, ұйымның бухгалтериясында сақталады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жікгелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде түгендеу карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың аткаратын қызметіне және түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер және тағы да басқалар) орналастырылады. Кәсіпорындарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орны ауыстырылған негізгі құралдардың түгендеу карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталады. Сондай-ақ, келешекте пайдалану үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да түгендеу карточкалары бөлек қойылуы қажет.
Түгендеу карточкалар мен кітапшалар талдамалық есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттың нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) және тағы да баска шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу карточкаларының үлгілі түрі НҚ-10 санды ведомствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады. Бұл тізімдеме бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, түгендеу карточкаларының түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдар негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімдемеге тіркейді.
Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша үлгілі түрі НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Түгендеу карточкаларға қарағанда бұл тізімдеме келіп-түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша тек қана қысқаша мәліметгер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарьлық нөмірі, түгендеу карточка немесе түгендеу кітапшаға жазылған нөмірі, басқа да мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде үлгілі түрі НҚ-13 түгендеу тізіміне кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметгер жазылып, бухгалтерлік есептің акпараттарымен салыстырып, тексеріліп отырады. Бұл түгендеу тізіміне көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточка қолданылады. Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдардың тиісті шоттарының түгендеу карточкалары мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдардың жіктелу топтары мен түрлері есеп беретін айдың басындағы құны бойынша қалдығы, олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ-12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточкадағы калдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырып, тексеріліп отырады.