Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:03, курсовая работа
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады[5, 100б].
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
− Өнеркәсіп,
− Құрылыс,
− Ауыл шаруашылығы,
− Автомобиль көлігі,
− Байланыс,
− Сауда,
− Ғимараттар,
− Құрылыстар,
− Машиналар,
− Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады
НЕГІЗГІ БӨЛІМ :
1.Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
2.Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
3.Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау
4.Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу
5.Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту көп жағдайда кадрлардың біліктілігіне әсіресе машиналарға, механизмдерге, агрегаттарға және өндірістік жабдықтардың басқада түрлеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың шеберлігінен тәуелді.
Жұмысшылардың жұмыстарының творчестволық және жауапкершілікпен орындалуы негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда маңызды шарттарының бірі.
Белгілі болғандай моралдық және материалдық ынталандыру жүйені жетілдіруден көп жағдайда негізгі қорларды пайдалану деңгейі тәуелді. Жоспарлаудың және экономикалық ынталандырудың жаңа жағдайларында жұмыс жасайтын өнеркәсіп кәсіпорындарда техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау жаңа экономикалық механизм, оның ішінде өндірістік қорлар үшін төлемдерді еңгізу, көтерме бағаларды қайта қарастыру, рентабелділік деңгейін анықтау үшін жаңа көрсеткіштерді пайдалану, кәсіпорындарда марапаттау қорларды ұйымдастыру негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсартуға ықпалдасады.
Технология бойынша жаңа ұсыныстарды еңгізу жолымен еңбек өнімділігін көбейтуде өндірістік жұмысшылардың талпыныстарын естен шығармау керек, бұл орайда қорларды жаңарту үшін марапаттаудың мақсаты оны тиімді өткізуде жұмысшыларда материалдық қызығушылықты туғызуға бағытталған. Жаңа техника бойынша шаралар үшін марапаттау жүйенің негізінде келесі қағидалар жатыр:
-негізгі құралдарды
жаңарту бойынша жұмыстардың
барлық кезеңдерінде
-негізгі қорларды
жаңартатын жұмысшыларды
-жұмысты атқаруда
өзіндік қосқан үлесі бойынша
белгілі бір жұмысшыларға
Өнеркісіптің басқарудың барлық звеноларында құрастырылатын негізгі қорларды пайдалануды жақсарту бойынша кез келген шаралардың кешені өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуын қамтамасыз етуді көздеу керек, ең алдымен шаруашылықтың ішіндегі резервтерін тиімді және толық пайдалану есебінен және машиналар мен жабдықтарды анағұрлым толық пайдалану жолменен, ауысымдылық коэффициентін көтеру, жұмыссыз бос тұрып қалуын жою, жаңадан іске қосылатын күш-құатты меңгеру мерзімін қысқарту, өндірістік үрдістерді әрі қарай интенсивтендіру. Негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда жұмысшыларды материалдық ынталандырудың орны өте маңызды.
Негізгі және айналмалы қорларды тиімді және үнемді пайдалану кәсіпорынның бірінші деңгейдегі мақсат болып табылады.
Негізгі қорларды тиімді пайдаланғанын талдағаннан кейін негізгі көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жалпы тиімділігін бағалауға болады. Жалпылама сипаттайтын маңызды көрсеткіштер бойынша – қорқайтарымы және қор сыймдылығы, - осы кәсіпорында соңғы үш жыл бойы негізгі қорлар соңғы жылы тиімді пайдаланылды. Сонымер қатар еңбектің ең жоғары өнімділігі 2006жылы қалыптасты, яғни бұл жылы жұмысшының бір басына негізгі қорлардың саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда көп келетін. Бұл ең алдымен жалпы құрылымда жоғары үлес салмақты алатын жаңа қорларды еңгізу есебінен болды. Сонымен бірге кәсіпорында негізі құралдарды тиімді пайдалану есебінен өндіріс көлемін ұлғайтуға болады, бірақ ол үшін еңбектің өнімділігін көбейту керек.
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін көтеру жалпы халық шаруашылығында да өте маңызды орын алады. Осы мақсатты шешу қоғамға қажетті өнімді өндіру көлемін көбейту, қалыптасқан өндірістік мүмкіншіліктің қайтаруды ұлғайту және халықты толығымен қанағаттандыру, мемлекетте жабдықтардың балансын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өнімнің өндірісінің рентабелділігін өсіру, кәсіпорынның жиналымдарын көбейту болып саналады.
Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту оның айналымын жеделдету деп санауға болады, соңғысы өз кезегінде физикалық және моральдық тозу арасындағы айырманы қысқарту проблемаларын шешуге ықпалдасады, негізгі қорларды жаңарту қарқынын жетелдетеді. Негізгі қорларды тиімді пайдалану мәселелері қазіргі экономикалық реформалау кзеңінің тағы басқа мақсатымен тығыз байланысты - өндірілетін өнімнің сапасын көтеру, өйткені нарықтық бәсеке жағдайында жоғары сапалы өнім сұранысқа ие болып тезірек өткізіледі.
Жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың негізгі құралдарды пайдалану интенсивті жолы - жұмыс жасап жатқан зауодтар мен фабрикаларды, әсіресе негізгі құралдардың жоғары тозуы тән кәсіпорындар үшін жедел техникалық қайта жабдықтау маңызды болып табылады. Бұл маңызда өндірістің мамандандырылуын дамытуға және жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың сәйкесті техникалық қайта жарақтануға көңіл аудармасқа болмайды. Кәсіпорынның мамандынуына тән емес өнімді өндірістен алып тастау, ірі индустриалды орталықтарға тартылатын, жұмысшы күштің резервтері бар кішігірім және орташа қалаларда арнайы өнеркәсіптік объектілерді құрастыру –бұның барлыңғы кәсіпорындардың бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ететін негізгі қорларды және өндірістік күш-құаттарды пайдалануын жақсарту мәселелерді шешу бойынша шаралардың қатарына жатқызылады.
Базарбеков Ж. Негізгі қорларды жіктеу // Бухгалтер бюллетені.-
Информация о работе Өндірістік негізгі қорлар,оны тиімді пайдаланудың жолдары