Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:32, курсовая работа

Описание работы

1993 жылдың қарашасынан бері дербес макроэкономикалық саясат ұстанғанымызға 15 жылдан асса, нарықтық қатынастарға өтуге кіріскенімізге 17 жыл толды. Терең дағдарыстан есімізді жинай бастауымыз сегізінші жылды алқымдап қалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес заңдар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды, ұлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.........................................5
1.1 Диверсификацияның мәні және маңызы.........................................................5
1.2 Диверсификацияның экономикадағы қажеттілігі........................................10
2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.............................................................................................14
2.1 Қазақстандағы байланыс жүйесін диверсификациялаудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ғы диверсификация үрдісі...........................................22
3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ.........................................................................................................27
3.1 Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері...............................27
3.2 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

Акмарал курсовая 3курс.doc

— 322.00 Кб (Скачать)

       Бұдан басқа таяудағы үш жылда саланың орташа жылдық өсу қарқыны 31 %-ды құрайды, бұл мынадай бiрнеше маңызды факторлармен: жергiлiктi байланысқа тарифтердiң қайта теңгерiмделуiмен, тарифтердiң қалааралық (iшкi аймақтық) телефон байланысына теңестiрiлуiмен және байланыстың осы түрiне трафиктiң өсуiмен және ұялы байланыс қызметтерi, басқа да жоғары кiрiстi қызметтер үлесiнiң ұлғаюымен және телекоммуникация қызметтерiнiң жаңа түрлерiнiң, оның iшiнде отандық жерсерiктiк байланыстың пайда болуымен түсiндiрiледi.

       2005 жылы телекоммуникация саласының кiрiсi 216704 млн. теңгенi құрады және өткен жылдың көрсеткiшiнен 27 %-ға асып түстi. Бұл ретте баламалы байланыс операторлары кiрiстерiнiң өсуi байқалады. Егер 2003 жылы "Қазақтелеком" АҚ дәстүрлi операторының үлесiне барлық телекоммуникация кiрiстерiнiң 51 %-ы келсе, 2005 жылы осы оператордың жалпы кiрiстегi үлесi 48 %-ға дейiн төмендедi, қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсыну бойынша "Қазақтелеком" АҚ бұрынғыдай үстемдiкке ие.

       Саланың техникалық дамуы жоспарында ұлттық экономиканы көтерудiң, қоғамның iскерлiк және зияткерлiк белсендiлiгi өсуiнiң, елдiң халықаралық қоғамдастықтағы беделiнiң нығаюының аса маңызды факторы ретiнде ақпараттандыру процестерiн қолдау, осы заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және оны басқа мемлекеттердiң инфрақұрылымдарымен бiрiктiру үшiн цифрлы көлiктiк орта жасау республикадағы негiзгi мiндеттердiң бiрi болып табылады.

       2005 жылдың соңында қалалық байланысты цифрландыру деңгейi 77,01 % болғанда, ауылдық байланысты цифрландыру деңгейi 52,64 %-ды құрайды.

       Сонымен бiрге, 100 адамға телефон аппараттарының саны бойынша Қазақстан (17,7 телефон аппараты) телефон тығыздығы 100 тұрғынға 60-тан 70-ке дейiнгi телефон аппаратын құрайтын жоғары дамыған - Дания, Норвегия, Швейцария, АҚШ, Германия сияқты елдерден 4 есе артта қалып отыр. ТМД аумағында осы көрсеткiш орта есеппен 21,4-ды құрайды.

       Салаға инвестициялар өсуiнiң қалыптасқан қарқыны орта есеппен кiрiстiң 25 % - 52 %-ына дейiн құрайды, бұл саланың инвестициялық тартымдылығының ұлғайғандығы және бизнес-сектор тарапынан телекоммуникациялық қызметтерге сұраныстың өскендiгi туралы куәландырады. Инвестициялардың өсуi жаңа қызметтердi дамыту және оларға сұранысты қанағаттандыру мақсатында байланыс желiлерiн, моральдық және физикалық тұрғыдан тозған телекоммуникация жабдықтарын жаңғырту қажеттiлiгiмен түсiндiрiледi. Сол сияқты Қазақстандағы шетел инвесторларының өсiп отырған қызығушылығына қарамастан, капиталдық салымдар құрылымында компанияның меншiктiк қаржысы инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі болып қалып отыр. Сонымен бірге Әзербайжанда, Арменияда, Тәжікстанда және Өзбекстанда инвестицияның 50% астамы шетелдік инвестициялар.

       Ұйымдастыру-құқықтық шарттарды құра отырып, ТМД-ның көпшілік елдері жүргізіп жатқан және дамыған елдерде жүзеге асырылған республиканың телекоммуникациялық нарығын ырықтандыру шеңберінде нарық құрылымын оңтайландыру жүруде, байланыс қызметтерін тұтынуда үйлесімсіздікті азайту жөніндегі мәселелер шешілуде және нарықтың ішінде де, сондай-ақ оның сегменттерінің арасында да шынайы бәсекелестік байқалады.

       Қазiргi уақытта республикада телекоммуникация қызметтерi нарығының мынадай негiзгi сегменттерi қалыптасты: ұялы байланыс, жергiлiктi телефон байланысы, қалааралық және халықаралық байланыс, деректер беру (Интернеттi қоса алғанда). 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша байланыс кәсiпорындары кiрiстерiнiң көлемiн: сымсыз байланыс (48,7 %), қалааралық, халықаралық телефон байланысы (27,3%), жергiлiктi телефон байланысы (12,9 %) құрады.

       Салынған капиталға кiрiстiң жоғары деңгейi тiркелдi. Ұялы және тiркелген байланыс қызметтерiне сұраныс азаймай отыр [3].

     Телекоммуникация  әрқашан хабарды табыстау түрінде  қызмет көрсету және хабарды жеткізу  үшін техникалық құрал болып табылатын, өз алдына қоғамдық өндіріс пен өнім саласын құраушы байланыс. Телеккомуникация саласы, негізінен саланың дамуы  байланыс операторларының тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетудің барлық түрін ұсынуға, телекоммуникация желісін ұстап тұруда шығынды төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологияның пайда болуы мен енгізілуі арқасында жүретін жоғарытехнологиялық саланың бірі. Қазіргі күні біздің ел әлемде болып жатқан телекоммуникация төңкерісінен шет қалуға мүмкіндік бермейді. Қазіргі кезде әлемде жылдам даму және мобильді телефония, интернет және мәлімет жіберу, сонымен қатар мобильді телефониядағы үшінші буын технологиялары үшін жаңа қат-қабат кеңею мүмкіндігін құратын кең ауқымды байланыс сияқты жаңа телекоммуникациялық технологияларды енгізулер жүруде.

      ТМД еліндегі еуропалық республикаларды  орта азиялық елдермен байланыстыратын барлық кабельді магистральдар біздің территория арқылы өте отырып, біздің ел қолайлы географиялық жерде орналасқанын айта кету керек. Бірақ бұл елдің артықшылықты мүмкіндігі қазіргі кезде ең тиімді әдіспен қолданылып жүрген жоқ. Сонымен қоса, шекаралас мемлекеттер жағынан халықаралық трафиктегі транзит ағымын және балама транзитті каналдарды еркіне жіберуді Қазақстанда айналып өтуін ұйымдастыру шаралары қабылдануда. Демек, Қазақстанға ДСҰ-ға кірерден бұрын ең өзекті сұрақ телекоммуникациялық қызмет көрсету аясында халықаралық компаниялармен бәсекеге түсуге дайын күшті телекоммуникациялық инфрақұрылым қалыптастыру, сонымен қатар 2012 жылы біздің еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру үшін ақпараттық-технологиялық шарттар құруға мүмкіндік беретін жағдай жасау және берілген саланың даму тетігін құру.

      Біздің  елдің әлуетті мүмкіндіктерін атап өту арқылы осы бағыттағы жылжуларды көрсетуге болады, дәлірек айтсақ телекоммуникация инфрақұрылымның  құраушы бөліктері болып табылатын  дамуы Қазақстанның 2030 жылға арналған даму Стратегиясының жағдайына сәйкес жеті ұзақмерзімдік басымдылықтың ішінен біреуіне жатқызылуы және болысуы керек:

    • ұлттық қауіпсіздіктің нығаюына;
    • саяси тұрақтылыққа;
    • экономикалық өсуіне.

      Телекоммуникациялық бизнестің өсу қарқыны әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Қазір байланыс операторлары бірнеше онжылдық бұрын мүмкін емес болатын қызметтерді ұсынады. Интернетке мүмкіндігі жоғары жылдамдықты болатын канал, мәліметтің және дауыстың (үннің) қысқа жолмен берілуі, веб-хостинг, нақты уақыт режиміндегі видеоконференцбайланыс, яғни біздің қызметімізді кез-келген ортада амандығымен қамтамасыз ететіндердің барлығы. Бүгін бизнес табыстылығы тікелей телекоммуникацияның сапалылығына және ғаламдық аралықты лезде меңгеруіне байланысты. Ал телекоммуникациялық компаниялар жаңашыл технологиялардың көмегімен  барлық жаңаны және жаңа нарықты жаулап алып, көптеген миллион табыс алады.  

      Қазақстанда сапалы телекоммуникациялық қызмет көрсетуді ұсынудың жаңа деңгейіне  өтуінің анық мысалы ретінде «Транстелеком» АҚ жұмыс істей алуы мүмкін. Транстелекомның алыс байланыста каналдарды және жергілікті автоматты телефон станцияларын қолдану базасында дербес коммерциялық құрылым ретінде құрылуы теміржол транспортын реформалауда алғашқы қадамдардың бірі болды. «Транстелеком» АҚ «Қазақстан Темір Жолы» ҰК құрамында болды, бірақ 1998 жылғы «Қазақстан Темір Жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Шаруашылықты және байланысты басқару жүйесін оңтайландыру туралы» бұйрығы негізінде «Транстелеком»  ЕМК – еншілес мемлекеттік кәсіпорыны қаланды, ал 1999 жылы ««Қазақстан Темір Жолы» Республикалық кәсіпорнын қайта құру шарасы туралы» Үкіметтің Қаулысымен «Транстелеком» ЕМК Ашық Акционерлік Қоғам болып қайта құрылды.

      2003 жылдың басында, Қоғам «Алматы-Астана» инвестициялық-инновациялық шараны жүзеге асыру бойынша жоспарды әзірледі. Бұл жобаны жүзеге асыру мақсаты болып автоматтандырылған халықаралық коммутаторларды кең өткізушілік қабілетімен талшықты-оптикалық байланыс желісін қолдану және толық көлемде абоненттердің сұранысын іске асыру мүмкіндігін беретін сандық автоматты телефон станцияларын, сонымен қатар қызмет көрсетуді жаңа қосымша түрімен көрсету арқылы жаңа технологияларды енгізу болып табылады.

 

 

 

1-сурет. Қазақстандағы  телекоммуникация жүйесі 

      

      Бірақ, жалпы жоспар бойынша «Транстелеком» АҚ телекоммуникациялық кешен физикалық және моральдық жағынан ескірген болған. Қолданылатын құрал және мыс байланыс желілері абоненттер сұранысын толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді. Сонымен, 2002 жылғы жүргізілген Қоғамның кәсіпкерлік қызметінің бөлімшесінің талдауына сәйкес қалаішілік және халықаралық телефонмен сөйлесудің 100% қабылданған тапсырыстың тек 50%-ы ғана орындалған. Осыған сәйкес, Қоғам 50% нақты табысын ала алмады. 2003 жылдың аяғында Қоғам, Алматыдан Астанаға талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту бойынша іріауқымды (аймақаралық) инвестициялық-инновациялық жобаға батыл ниет білдірген ҚР-ғы операторлық байланыстың ең алғашқылардың бірі болды, сонымен қатар өте алыс үзікке (1340 км). Қоғамға жаңа технологияның (талшықты-оптикалық байланыс) енгізілуі «Транстелекомның» 2003 жылы бұл істе «Пионер» болғанын, технологиялық инновацияға жататындығын, инновациялық енгізу ретінде сипаттауға болады. 

      Бұл жобаны жүзеге асырылуы үшін негізі болып  ВОЛС материалдық негізінде ақпаратты  жіберу технологиясымен салыстыра отырып сапа жағынан күшті басымдылық  және онымен бірге экономикалық бөлімі, оның ішінде ВОЛС-тың сенімділігі мен төзімділігін анықтайтын, негізі компонент болып табылатын оптикалық талшықтар жұмыс істейді. Қазір әлемде бірнеше ондаған фирмалар әртүрлі арнаулары бойынша оптикалық талшықтарды өндіреді: AT&T, General Cable Company (АҚШ); Siecor (Германия); BICC Cable (Ұлыбритания); Les cables de Lion (Франция); Nokia (Финляндия); NTT, Sumitomo (Жапония), Pirelli (Италия) және т.б.                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

      Талшықты-оптикалық байланыс желілері, жіберу ортасын металдық негізде қолданылатын электрондық жүйеге жататын бірқатар басымдылықтарға ие:

    • өткізудің кең жолағы;
    • материалдағы түсті белгінің аз сөнуі;
    • шудың төмен деңгейлігі;
    • кедергіден қорғанудың жоғарлығы;
    • өлшем және көлемінің аздығы;
    • санкцияланбаған қол жеткізуден жоғарғы қорғаныс;
    • гальваникалық шешім;
    • үнемділік.

      2003 жылдың басында Қоғамның басқармасымен «Алматы-Астана» инвестициялық-инновациялық жобасын іске асыру бойынша шара жоспары бекітілді. ВОЛС құрылысына қажетті күрделі қаржы жұмсалымының көлемі құралдар мен материалдар, жоба бойынша жалпы смета шығыны және жобаны жүзеге асыру мерзімі 25 000 218,21 АҚШ доллар құрайтын құрылыстың қолайлы жағдайына, жобаның техникалық шешімі негізінде анықталған. Қоғамның жобасын жүзеге асыру үшін капиталдық қаржы жұмсауындағы сұраныстың 100% көлемінде ұзақмерзімді банк несиесі түріндегі қаржылық құрал өзіне тартты. Қоғамға несиені екі банк ұсынды:

      1. АБН АМРО Банкі (жоба сомасынан 50%) 6,5%-дық мөлшерлеме бойынша;
      2. Қазақстан Даму Банкі (жоба сомасынан 50%) 9%-дық мөлшерлеме бойынша;

     «Алматы-Астана» жобасы 2003 жылдың маусым айынан бастап жүзеге асырыла бастады, және 2005 жылдың басында аяқталды. Жобаның орнықтылығын, «Транстелеком» АҚ сапасы, сонымен қатар «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы көрсететін қызметінің күштілігі және үшінші жаққа ВОЛС-ты жалға берулер құрады. Несиені өтеу мерзімі 10 жыл құрайды, нақтырақ айтсақ 2012 жылға дейін Қазақстан Даму Банкі алдында және 2010 жылға дейін АБН АМРО Банкі алдында.

      Егер  жоба бойынша нәтижені айтар болсақ, онда қазіргі күні «Транстелеком» АҚ-ның қаржылық жағдайы 2003 жылмен салыстырғанда, кәсіпорын артық шығынға шыққанда, және банкроттыққа ұшырау тәуекелі болғанда, сонымен қатар Қоғам 2007 жылы АБН АМРО Банк қарызының 60%-ын, Қазақстан Даму Банк қарызының 45%-ын өтеген жағдайда,  әлдеқайда жоғарырақ.

      Қазіргі кезде «Транстелеком» АҚ бірқалыпты дамитын және сұраныс тұтынушыларының  өсуіне сәйкес телекоммуникациялық  қызмет көрсету спектірін қамтамасыз ететін Қазақстандағы ауқымы жағынан екінші оператор. Транстелекомның негізгі желісі Қазақстанның темір жолы бойына салынған және елдегі барлық темір жол станциясы мен 200 қала мен елді мекендерді қамтиды. Қоғамның қазіргі кездегі жұмысшылар саны үш мың адамнан асады. Қоғамның он жыл бойғы жұмыс істеу кезеңінде жалдамалы талшықты-оптикалық жүйесі базасында жоғары сенімді, кең қабатты магистраль байланыс желісі салынған, мәліметті жеткізудің спутниктік жүйесі құрылған, кезеңдік және болжамдық желіні сандандыру жүреді. «Транстелеком» АҚ ұсынатын қызмет түрлері Қоғамның ISO 9001: 2000 сертификатымен берілуімен дәлелденген халықаралық сапа стандартына сай келеді.

      Қазіргі таңда Қоғам келесідей қызмет түрлерін ұсынады:

Информация о работе Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі