Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 09:09, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қаржылық жоспарлау мен болжау Курс.doc

— 259.00 Кб (Скачать)

     Қосылған құн салығы түсімдерін екі вариантпен болжамдау мүмкін. Бірінші варианттың есебі елдің орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму жоспарына сәйкес жалпы ішкі өнімнің болжамдық көлемі мен ҚҚС алуының орташа пайызына негізделеді. Екінші вариантының есебі ҚҚС түсуінің мониторинг жөніндегі салық органдарының мәліметтеріне негізделеді. Бұл арада ірі салық төлеушілер бойынша есептелген және төленген ҚҚС сомалары жөніндегі мәліметтер пайдаланады.

     Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар бойынша акциздерді болжамдау үшін алдыңғы жылда акцизделетін тауарлардың өндірістік көлемі жөнінде мәліметтер пайдаланады. Өндіріс көлемі орташа мерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспарының көрсеткіштері арқылы анықталады. Тауарлардың әрбір түрлері бойынша акциз түсуінің болжамдық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:

                       Аж = Өк * Са  ,    Аи = Иж * К

     Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау. Кедендік баждар, басқа салықтар, халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша болжамдау үшін есепті мәліметтер талдауы мен республика аумағында ағымдағы     мерзімде   сыртқы   сауда  айналысының

 

 

-         30 –

атқарылуы, өнімдердің экспорты мен импортталынған тауарлардың салық салынатын кедендік құны жөніндегі кеден органдарының мәліметтері және әрекеттегі кедендік баждар қолданады. Сонымен қаса, салық және кеден заңнамаларындағы өзгерістер мен теңгенің курсы есептеледі.

     Шетке шығаратын тауарлар бойынша кеден баждарының түсімдерін болжамдау маңында салық салынатын база ретінде республика немесе аймақтың орташа мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында қарастырылған экспорт көлемі алынады.

     Қол қойылатын бонус бойынша түсімдерді болжамдау жер қойнауын пайдалану жөніндегі қол қойылған өзара шарттар негізінде іске асырылады. Коммерциялық табу бонус бойынша түсімдерді болжамдау пайдалы қазбаларды өндіріп алу жөніндегі өзара шаттар негізінде жасалады.

     Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің болжамдық түсімдерін анықтау үшін роялтиді есептегенде қажетті көрсеткіштер керек, бірақ роялтидің орташа мөлшерлемесі орнына өзара шартта тағайындалған өнімдер бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлес мөлшерлемесі пайдаланылады. Үстеме пайда салықтың түсімдерін болжамдау есепті жылда әрбір өзара шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі пайда нормасы 20 пайыздың үстінен алынған таза табыс сомасына байланысты.

     Бюджет кірістері салық түсімдерімен қатар салық емес түсімдер арқылы қалыптасады. Олардың көбі қатаң белгіленген мөлшерлеме арқылы есептелмейді және тұрақты фискалды сипатта емес. Сондықтан басқа түсімдерге қарағанда, салық емес түсімдерді жоспарлау мүмкіндігі төмен, бірақ тәжірибеде олар өткен жылғы деңгейде болжамдалады. Сондай болжамдау негізі болып салық емес түсімдердің төлеуін реттейтін нормативті-құқықты актілер табылады. Салық емес түсімдерді болжамдау манңында олардың бірнеше жыл бойы динамика мәліметтері және болжамды жылға есептелген тұтынушылық  бағалардың индексі мен теңге курсының өзгерісі пайдаланады.

     Бюджетке мемлекеттік баж  түсімдерінің сомасын болжамдауы олардың өткен жылдардағы түсімдер динамикасы анықталып, ағымдағы жылғы түсімдері бағаланып, келесі жылдағы шамаланған өзгерістерге коррекциялану арқылы жүргізіледі.

     Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтер атқару үшін түсетінкірістердің болжамдық сомалары да олардың динамикасын талдау мен келесі жылдағы салық салынатын базаның шамаланған өзгерістеріне түзетілген ағымдағы жылғы түсімдер көлемінің негізінде есептеледі. Мұндай кірістерге мүлікті табыс, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы, адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы, төлем көзінен салық салынбайтын басқа табыстар жатады. Мүлікті табыс жылжымайтын мүлікті, құнды қағаздарды, қымбат бағалы тастар, металлдар мен олардың жасалған бұйымдарды, өнер туындылары мен антиквариаттарды сату құны мен олады сатып алу құндарының арасындағы оң айырма арқылы қалыптасады.

 

- 31 -

     Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау. Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжамдау осы төлемдерді  төлеуді реттейтін заңнамалық актілерге негізделеді. Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті,смемлекеттің меншігіндегі материалды емес активтерді үшін ел мен аймақтардың орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму жоспарларының негізінде жасалған орталық, жергілікті және басқа да мемлекеттік органдардың болжамдық көрсеткіштері пайдаланылады.

     Мүлік сатудан түсетін түсімдерді болжамдау олардың бірнеше жылғы түсімдері келесі жылғы тұтынушылық бағалардың индексінде түзетілген көлемінің негізінде іске асырылады. Бұл болжамдаудың ерекшелігі ол мемлекеттік мекемелер бойы бекітілген негізгі капиталды қаржыландыру көздеріне байланысты бөлу. Республикалық бюджетке осы бюджеттен қаржыландыратын мекемелердің мемлекеттік мүлігін сатудан түсетін түсімдер сомасы болжамдалады, ал облыс бюджетіне облыс бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің мүлігін сатудан түсетін түсімдер. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстың маңызы бар қалалар бюджеттеріне негізгі капитал сатудан түсетін түсімдер болжамы тиісті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерінің мемлекеттің мүлігі мен жер учаскелерін сатудан алынатын ақшадан есептеледі.

     Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжамдаумен қатар бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінің кірістерінде ресми трансферттердің болжамдық сомалары көрсетіледі. Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет пен облыс, республикалық манызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі  әрбір жылға бөлінген үшжылдық мерзімге абсалюттік сомамен республикалық бюджет жөніндегі Заңмен,ал облыс пен аудан аралығындағы ресми трансферттер көлемі облыс маслихаттары шешімдерімен тағайындалады.

     Республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттерінің болжамдық көлемі мен арнауларын жергілікті бюджеттерге бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жеткізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қосымша бюджеттік тапсырыстар арқылы республикалық бюджеттен түскен арнаулы трансферттерді бюджеттік бағдарламалар бойынша бөледі.

     Аудан бюджеттерінің түсімдер көлемінде облыс бюджетінен бөлінген ресми трансферттер есептеледі, ал облыс бюджетіне ресми трансферттер төмен тұрған бюджеттерден де, республикалық бюджеттен де түседі. Республикалық бюджет түсімдерінің көлемінде төменгі бюджеттер мен Ұлттық қордан түсетін ресми трансферттер есептеледі.

 

 

 

 

- 32 -

     2.3.Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі.

 

     Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.

     Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша әлемде төртінші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми зеттеулердің жоғары деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті тағы басқа маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойынша Франция мына мемлекеттермен байланыста: Европалық қауымдастық : 63%( Германия  16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8%). Импорт бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия – Люксенбург 11%).

     Бюджет сипаты: кірістер – 210  млрд доллар, шығыстар – 240 млрд доллар. Экспорт – 325 млрд доллар. Импорт – 320  млрд доллар.

     Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-гі салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының жоғарлағандығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік – тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% береді, негізінен бұл ҚҚС-ғы (оның үлесі 45%). Ал, тікелей салықтар ішінде басты рөлде жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің 20% құрайды.Қазіргі кезде Франция үкіметі салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық деңгейін төмендетуде күрделі қадамдар жасауда.

     Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.

     Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен 4% үлесі тиеді.

     Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы  мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.

     Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы іс қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетке көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.

     Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда. Ұлттық табыстағы

 

- 33 -

мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.

     Францияның 2001 – 2015 жылдар аралығында көзделген мақсаттары мен жоспарлары. Кейінгі жылдардағы Францияның даму ерекшеліктері экстенсивті сипатта байқалады.Бұл бағыт еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты. Макроэкономикалық өзгерістер жағымды факторлармен айқындалуда, атап айтқанда жұмыссыздықпен күрес. 2002 -   2004 жылдарға аралығында еңбекке жарамды халықтың ішінде жұмыссыздар үлесі 12,5% дан 19,7% - ға төмендеді. 2004 жылдың қаңтар айында мемлекет   тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үлкенқадам жасалып  бағдарламасын жарияланады. Бағдарламадағы негізгі мақсат – салық ауыртпалығын азайтып, 2006 жылғы ЖІӨ - ң  43,7% дейін салық ауыртпалығын төмендету.

      Францияның қаржы минстрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылғы елдегі бюджет тапшылығы салықтардың төмендетілгеніне қарамастан бекітілген болжамнан төменірек болып шықты. Бұл көрсеткіш 205 млрд франктен асқан жоқ, 2004 жылдың аяғында 215 млрд франк шамасында болып қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан 2005 жылдың қаңтар айында шыққан үш жылдық  жоспар бойынша Франция 2006 жылы салықтық төлемдерді жылына 40 млрд франкқа қысқарту арқылы бюджет тапшылығынан арылуды мақсат етті. Бұл процесс 2006 жылы басталып кетті. Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы Батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4 – 2,6 % шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе бәсеке қабілеттілігін жоғарлату қажет. Еңбек нарығын реттеу арқылы жұмыссыздықты әлде қайда төмендетуге болатынын Франция әлде қашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 34 -

III.  Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.

    

     Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.

     Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.

     Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды  тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:

1)      “Самұрық – Қазына” қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10.5%- 12.5% - бен  15 жыл мерзімге дейін беретін болады.

2)      Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10.5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы  құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.

3)      Екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамассыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10.5% - 12.5-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады.

Информация о работе Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері