Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2012 в 13:55, доклад
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей еліміздегі 80%-ға дейін тозығы жеткен құрал-жабдықтарды алдағы жылдары алмастыра отырып, оны шешудің жолы ретінде жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар – сыртқы экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГТІҢ
ДАМУЫ: ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей еліміздегі 80%-ға дейін тозығы жеткен құрал-жабдықтарды алдағы жылдары алмастыра отырып, оны шешудің жолы ретінде жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар – сыртқы экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.
Қазақстан Республикасында лизингті дамыту негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Осы мәселені елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің 18 ақпан 2005 жылы жолдаған жолдауында атап өткен болатын. Яғни лизинг – ол шағын және орта бизнесті дамытумен қатар ел экономикасын дамытудың бірден - бір жолы болып табылады. [1]
Лизингтің көмегімен жылжыйтын және жылжымайтын мүліктерді қомақты қаржы жұмсамай пайдалануға болады, яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны көлік құралдарын және т.б. өз игілігіне пайдалануға мүмкіншілік алады. Лизинг біздің елде 1989 жылы, банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. Лизингілік операцияны іске асыратын коммерциялық банкілік мекемелер машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын-ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингтік фирмалар болады. Бүгінгі таңда сатып алынатын негізгі құралдардың жалпы көлемінде лизинг үлесі АҚШ – та 50%, Европада - 40 %, Азияда 80% құрады. Елімізде соңғы жылдары инвестициялық қызметтің бір түрі – қаржылық лизинг даму үстінде. Өкінішке қарай, экономикалық прогресс және нарықтың дамуы нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің өсуіне жаңа мүмкіндіктер беретін қаржы құралы – лизинг туралы жалпы көпшілік жақсы біле бермейді.
Қаржылық лизинг – бұл өзінің іс-әрекет ету уақытында төмендегі төлемді қарастыратын келісім-шарт түрін, жабдықтың амортизациясының толық құнын және оның құнының 90% құрайтын лизингілік төлемдер. Бұл лизингтің түріне мынадай сипаттама беріледі; келісімге қатысушылар құрамына мәміленің объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын 3 жақ кіреді. Сонымен қатар бұл мәміленің объектісін жалға алу мерзімі оның қызмет көрсету мерзімінің 80% құрайды. Бұл мәміленің объектілері өте жоғары құнымен ерекшеленеді. Объектінің қалдық құны, лизингілікті өтеген жағдайда лизингілік келісім - шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, оның бастапқы құнының 20% құрауы керек. [2]
Қаржылық
лизингі шұғыл лизингтен
Бүгінгі
таңда Қазақстандық өндірушілердің
өнімдерін бәскелестік
Қазақстанда
кәсіпкерлік саласында
Қаржылық
лизинг - банктік несиелеудің
Қаржылық лизингтік қызметтерді тұтынушылардың ішінен экономикалық нақты секторларын, соның ішінде шағын және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп қарастырудың маңыздылығы зор. Бәрімізге белгілі шағын және орта кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары өндіріске қажетті мүліктерді сатып алу үшін жеткіліксіз. Ал, алғашқы қаржылық жағдайлардың және кепілдік қабілеттіліктерінің төмендігі банктік несиелерді алуда кедергілер туғызады. Міне, осындай жағдайларда нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорындар үшін – лизинг құтқарушы құрал ретінде көрінеді. Еліміздегі кәсіпкерліктің шағын және орта формаларын қолдауға қызығушылықтары бар лизингтік компаниялар құрылғыларды сатып алуға кететін алғашқы шығындарды өздеріне алады. Шағын кәсіпкерлікті жүргізу үшін қажетті құрылғылар, яғни, сүт, ет сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін, өсімдік майларын, сусындарды дайындайтын кіші зауыттар, асхана және байланыс құрылғылары және т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады. [4]
Сонымен бірге, қазіргі кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгі құралдарын жаңартудың құрылғылар мен машиналар паркін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады.
Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы экономиканың нақты секторын несиелеуге ақша қаражатынсыз жеткілікті деңгейде бөлінбей отыратындығын көрсетеді. Сонымен бірге, коммерциялық банктер несиелеудің қайтарылмай қалу тәуекелдерін төмендету мақсатында несие беру шарттары күннен – күнге күшейтуде.
Жалпы
лизингтік саланың дамуы
Міне,
осындай мәселелерге байланысты
бүгінгі таңда Қазақстанда
Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартуға 800 млрд. теңгеден кем емес инвестиция талап етіледі, бұл өткен жылдары банкілер берген несиенің көлемімен екі есе дерлік асады.
Жыл сайын республикада негізгі өндірістік қорлардың тек 0,8-1,2 – сі ғана жаңарады, ал бұл кезде дамыған елдерде бұл көрсеткіш 6-8% - ті құрайды.
Банкілер олар құрған мамандандырылған еншілес компаниялар («БТА – лизинг», «Халық – лизинг», т.б.) арқылы тікелей лизингтік операциялар жүзеге асады.
Бүгінгі таңда қаржылық лизинг көптеген әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Қаржылық лизинг жағдайында лизинг жөніндегі келісім – шарт кезінде шаруа қожалағы жалға берушіге жалға берілетін мүліктің тұтас құнын қояды, нәтижесінде ол мүлік иесі атанады. [6]
Тағы бір айтатын жағдай экономиканың нақты секторларын дамыту шеңберінде қаржылық лизингтің кең түрде дамуын төмендегідей жағдайлар мүмкіндік береді:
1.
Өнеркәсіптік өнімдер
2.
Экономиканың нақты
3.
Өндірістік салалық құрылысын
жетілдіру өнеркәсіптік
4.
Дайын өнімдерді шетелдерден
әкелу көлемін азайту. Себебі, ұлттық
экономика шеңберінде де дайын өнімдер
өндірілуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер