Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 07:49, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншікформасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның.docx

— 37.67 Кб (Скачать)

Сенiм серiктестiгiнің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.

Сенiм серiктестiгiнің салымшылары  үшін осы Кодексте және басқа заң құжаттарында көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі бойынша шектеу жарамсыз болады. Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерiн көздеп тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның әрекеттерiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда мәмiле бойынша ол несие берушiлердiң алдында толық көлемiнде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшiншi жақтың алдында заңдар бойынша өзiнiң ақы өндiрiп алынатын бүкiл мүлкiмен жеке жауап бередi.

Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымнан құралады. Шаруашылық үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi мүмкiн. Салымшылардың салымдарын есептемегенде, жарғылық капитал толық серiктестердiң сенiм серiктестiгi мүлкiндегi үлесiн белгiлейдi. Жарғылық капиталдың мөлшерiн сенiм серiктестiгiнiң толық серiктестерi белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Несие берушiлер бұл ретте тиiстi мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.

Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқару және жүргiзу тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенiм серiктестiгi iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенiмхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi салымшыларының серiктестiк iсiн басқару жөнiнде толық серiктестердiң әрекеттерiне дау жасауға құқығы жоқ.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк


Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң  салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр  қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды. Өзiнiң кез-келген қатысушыларының талабы бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзiлуге тиiс. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк оған қатысушылардың қабылдаған шешiмi бойынша өз еркiмен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзге де шаруашылық серiктестiк акционерлік қоғам немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.

Жарғылық капиталдың мөлшерiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.

Серiктестiк органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi Азаматтық Кодекске, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады:

  1. серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталы мөлшерiн өзгерту;
  2. атқарушы органның мүшелерiн (мүшесiн) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;
  3. серiктестiктiң қаржылық есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;
  4. серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм шығару;
  5. серiктестiктiң байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын бекiту;
  6. iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмдерiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда бекiту;
  7. серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бiрлестiктерге қатысуы туралы шешiм шығару;
  8. тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекiту;
  9. жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм шығару.

 
Серiктестiк қатысушыларының жалпы  жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi ол серiктестiктiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды.

Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк


Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға  салымдарымен жауап беретiн, ал бұл  сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген  мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап  беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады. Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi жарғыда көзделедi. Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi.

]Акционерлiк қоғам


Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру  үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы  қорларының акционерлерi аталған қорлардың  мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi. Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан  құрылуы немесе бiр адамнан тұруы  мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе. Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.

Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының  шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.

Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында Азаматтық Кодекспен және Қазақстан  Республикасының өзге де заң актiлерiмен  айқындалған мәлiметтер болуға тиiс. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады. Акционерлiк қоғамның жарғысын бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.

Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.

Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi заң актiлерiмен белгiленедi. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлiк қоғамның өзге органдарына беруге болмайды. Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады, Азаматтық Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының заң  актiлерiмен белгiленген жағдайларда, бiр акционерi бар акционерлiк  қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесiн құрмай-ақ акционерлiк қоғамды басқару мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн. Акционерлiк қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Ол акционерлiк қоғам қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысына есеп бередi.

Қоғам басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлiк қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады. Акционерлердiң жалпы жиналысының акционерлiк қоғамның жылдық қаржы есебiн тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) қорытындысынсыз бекiтуге құқығы жоқ. Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.

Еншiлес ұйым


Жарғылық капиталының басым  бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады. Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының борыштары бойынша жауап бермейдi. Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге субсидиарлық жауапты болады.

Негiзгi ұйымның кiнәсiнен еншiлес ұйым банкрот болған жағдайда негiзгi ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, еншiлес ұйымның қатысушылары негiзгi ұйымнан оның кiнәсiнен еншiлес ұйымға келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

Тәуелдi акционерлiк қоғам


Егер акционерлiк қоғамның дауыс  берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды  тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады. Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының тиiстi бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында көзделген тәртiп бойынша дереу жариялауға мiндеттi. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың бiр-бiрiнiң жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр жарғылық капиталдың жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлiк қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.

Өндiрiстiк кооператив


Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк  қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың  өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк  кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында кооператив мүшелерi жарнасының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртiбi және олардың жарналарды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооператив қызметiне оның мүшелерiнiң еңбекпен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбекпен қатысуы жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтiң таза табысын бөлу тәртiбi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiндегi шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк, егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мүшелерiнiң пайларына олардың жарналарына барабар бөлiнедi. Кооператив таза табысы оның мүшелерi арасында, егер кооператив жарғысында өзгеше тәртiп көзделмесе, олардың еңбекке қатысуына сәйкес бөлiнедi. Өндiрiстiк кооператив таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда кооператив мүшесiнiң өз пайын бөлiп алуға құқығы бар.

Өндiрiстiк кооперативтi басқарудың жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.

Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң  атқарушы органдарының қызметiне бақылау  жасауды жүзеге асыратын қадағалау  кеңесi құрылуы мүмкiн. Қадағалау  кеңесi мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ.

Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтiң атқарушы органдары болып табылады. Олар кооператив қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесi мен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi.

Тек кооператив мүшелерi ғана қадағалау кеңесi мен өндiрiстiк кооператив басқармасының мүшесi бола алады. Кооператив мүшесi бiр мезгiлде қадағалау кеңесiнiң мүшесi және басқарма мүшесi бола алмайды.

Өндiрiстiк кооперативтi басқару органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау және кооператив атынан әрекет жасау тәртiбi заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.

Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының ерекше құзыретiне мыналар жатады:

  • кооператив жарғысын өзгерту;
  • атқарушы, тексерушi органдарды және қадағалау кеңесiн құру мен олардың мүшелерiн керi шақырып алу;
  • кооператив мүшелерiн қабылдау және шығару;
  • кооперативтiң қаржы есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;
  • кооперативтi қайта құру мен таратуды шешу.

Жалпы жиналыстың ерекше құзыретiне заң  құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелердi шешудi де жатқызуы мүмкiн.

Жалпы жиналыстың немесе кооперативтiң  қадағалау кеңесiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi олар кооперативтiң атқарушы органдарының шешуiне бере алмайды. Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған кезде кооператив мүшесiнiң бiр даусы болады.


Информация о работе Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз