Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2012 в 19:33, реферат

Описание работы

Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды пайдаланудың жағдайы мен тиімділігі кәсіпорынның табысты қызметінің негізгі шарты болады. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа жағдайларын анықтайды. Инфляция, төлемсіздік және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындарды айналыс қаражаттарына қатысты өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа қайнар көздерін іздеуге, оларды пайдаланудың тиімділік мәселесін зерттеуге мәжбүр етеді. Өндірістің материалдық негізі болып еңбек өнімі ретіндегі өндірістік қорлар табылады

Работа содержит 1 файл

1касипорын айналым 0аражаты.docx

— 59.59 Кб (Скачать)

Айналым капитал қажеттіліктеріне пайдаланылмайтын кез келген қорлар пассивтерді төлеуге  жұмсалады. Бұдан басқа, олар негізгі капитал сатып алуға жұмсалуы немесе меншік иелеріне табыс ретінде төленілуі мүмкін.  

Айналым капиталын үнемдеу әдістерінің  бірі, яғни оның айналымдылығын арттыру  әдісі өндірістік қорларды басқаруды  жетілдіру болып табылады. Кәсіпорын  өндірістік қорларды жасауға қаражаттар бөлетіндіктен, сақтау шығындары тек қойма шығыстарымен ғана байланысты емес, сонымен бірге тауарлардың бүліну немесе ескіру тәуекелімен, капиталдың уақытша құнымен, яғни тәуекелдің эквивалентті деңгейіндегі басқа инвестициялық мүмкіндіктер нәтижесінде алынуы мүмкін табыс нормасымен байланысты.  

Кез келген көлемде, белгілі бір түрде  ағымдағы активтерді сақтаудың экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері берілген актив түрі үшін арнайы сипатқа  ие. Дайын өнімнің үлкен қоры күтілмеген жоғары сұраныс жағдайында өнім жеткіліксіздігі мүмкіндігін төмендетеді.  

Шикізат пен материалдардың үлкен қоры кәсіпорынды  өндіріс процесінің тоқталуымен  байланысты сәйкес запастардың күтілмеген жеткіліксіздігінен және қымбат материал-ауыстырушыларды сатып алудан құтқарады. Шикізат пен материалдарды сатып алуға тапсырыстың жоғары болуы үлкен қорлардың пайда болуына әкелумен бірге, жабдықтаушылырдың бағасын төмендету мүмкіндігін де береді. Сол себептер салдарынан кәсіпорын дайын өнімнің жеткілікті қорының бар болуын қалайды, ол өндірісті экономды басқару мүмкіншілігін тудырады. Осының нәтижесінде кәсіпорын өзі өз клиенттеріне жеңілдіктер ұсына алады.  

Айналым қаражаттарының айналымдылығын жоғарылату қорларды сақтаумен байланысты шығындар мен нәтижелердің анықталуына  және қорлар мен шығындардың дұрыс  балансына әкеледі. Айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату үшін кәсіпорында келесілерді жасау қажет:

  • қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау;
  • қатаң өндірістік жүйелерді жүргізу;
  • қазіргі кезеңгі қоймаларды пайдалану;
  • сұранысты болжауды жетілдіру;
  • шикізат пен материалдарды тез жеткізу.

 

  Айналым капиталының айналымдылығын жылдамдатудың  екінші жолы дебиторлар шотын төмендетуге  негізделеді.  

Дебиторлық  қарыз деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнім түрі, нарық сыйымдылығы, нарықта берілген өнімнің тарау деңгейі, кәсіпорында қабылданған есептесу жүйесі және т.б. Дебиторлық қарызды басқару ең алдымен есептесулердегі қаражаттардың айналымдылығын бақылауды ұсынады. Динамикада айналымдылықтың жылдамдауы жағымды беталыс ретінде қарастырылады. Потенциалды сатып алушыларды таңдау мен келісімшартта қарастырылатын тауарлар үшін төлемінің шарттарын анықтау маңызды мәнге ие.  

Таңдау  формальды критерийлер көмегімен  жүргізіледі: өткен кезде төлем  тәртібін сақтау, сатып алушы сұрайтын тауар көлемі үшін төлем бойынша оның болжамды қаржылық мүмкіндіктері, ағымдағы төлемқабілеттілік деңгейі, қаржылық тұрақтылық деңгейі, сатушы кәсіпорынның экономикалық және қаржылық жағдайы (тауарларының бар болуы, ақшалай қаражатқа қажеттілік деңгейі және т.б.).  

Тұрақты клиенттердің тауарлар үшін төлемі жиі  несие бойынша жүргізіледі, несие  шарттары көптеген факторларға байланысты болады. Экономикалық дамыған елдерде  «2/10 толық 30» сызбасы кең тараған. Оның мәні:

  • сатып алушы алынған тауар үшін несиелеу кезеңінің басынан он күн ішінде төлем жүргізсе, екі пайыздық жеңілдік алады;
  • несиелік кезеңнің 11-ші күнінен 30-шы күніне дейін төлем жүргізілсе, сатып алушы тауардың толық құнын төлейді;
  • бір ай ішінде тауар үшін төлем жүргізілмесе, сатып алушы қосымша айыппұл төлеу тиіс болады, оның  мөлшері төлем кезіне байланысты өзгеруі мүмкін.

 

  Қарызды өтеу мақсатымен дебиторларға әсер етудің ең қолданылмалы әдістері хаттар жіберу, телефондық қоңыраулар, персоналды ресми  сапарлар, арнайы ұйымдарға қарыздарды сату (факторинг) болып табылады.            

 Кәсіпорындағы қаражат қозғалысын  жүйелі есепке алу, бақылау  және талдау жүргізу, алдағы  периодта және ағымдағы қаржылық  тұрақтылық пен төлем қабілеттілік  маңызды болып саналады.             

 Ақша ағындарын басқарудың негізгі мақсаты-келіп түскен және төленетін ақша қаражат көлемін баланстау арқылы, фирманың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.            

 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  бағалау үшін келесі көрсеткіштер  маңызды болып келеді:    

- тауарларды (жұмыс, қызмет, өнім) сатудан табыс;  

- табыс;   

- ақша қаражаттар ағыны.  

Бұл көрсеткіштердің динамикасының  бір жыл аралығында өзгеруі, оның белгілі бір уақыт (жыл, тоқсан, ай) аралығындағы жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Егер, төлемсіздік  орын алған жағдайда кәсіпорынның әр түрлі қызметтерден түсетін ақша қаражаты бірінші маңыздылықты иеленеді. Егер ақша ағынының түсуі шығыннан жоғарыласа, онда кәсіпорын ағындағы және перспективасының дамуына әсер ететін бәсекелестік қабілетке ие болады. Бұл дегеніміз уақытша бос ақша қаражатын бизнес салаларына сала отырып пайда табу. Ал егер фирма пайда табатын болса,  онда оның төлем қабілеттілігі жоғары деңгейде болады.               

 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық  қызметін сипаттайтын түсініктерге  мыналар жатады:

  1. тауарды  (өнімді, жұмысты, қызметті) сатудан түсетін табыс;
  2. сатудан түсетін табыс;
  3. әр түрлі қызыметтен түсетін қаражаттар: тауарды (өнімді, жұмысты, қызыметті) және басқа мүлікті сатудан түсетін табыс; несие, қарыздар және алынатын аванстар; қаржылық салымдар бойынша дивидендтер, проценттер; мақсатты қаржыландыру.
  4. ағымдағы және инвестициялық шығындарды жабуда пайда болатын қаражаттар; мемлекеттік бюджеттік емес қорларға төлемдер; бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен проценттер төлеу және т.б.
  5. ақша қаражаттарының таза ағыны – барлық түскен және бөлінген қаражаттардың арасындағы айырмашылық.

 

  Ақша  қаражат ағыны- бұл фирманың жоспарланған немесе есеп беру период аралығында жинақталатын және төленетін ақшалай қаражат  көлемі болып табылады.  

Ақша  қаражат ағынын басқару келесі аспектілерді қосады:  

- Қаражат қозғалысын есепке алу;   

- Барлық қаражат ағынын талдау;   

- Ақша  қаражат қозғалысын бюджеттік  құру;  

- Ақша қаражат қозғалысын бюджетін  қолдануға бақылау.  

Келесі  суретте кәсіпорындағы  ақшалай  қаражаттың қозғалысы көрсетілген.    

 

 

    Сурет 5. Кәсіпорындағы ақшалай  қаражаттың қозғалысы   

Жалпы қаржылық ағын және олардың элементтері қаржылық басқарудың объектісі болып табылады.   
  
   

1.4 Айналым қаражаттарын  қалыптастыру көздері   

Кәсіпорындардың айналым  қаражаттары айналымның барлық сатылары өндірістің материалдық және ақшалай ресурстарға  қажеттіліктерін қанағаттандыруға, есептесулердің өз уақытылығын қамтамасыз етуге, айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға, айналым қаражаттарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Айналым қаражаттарын қаржыландырудың көздері меншікті және қаржылық болып бөлінеді. Меншікті қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруда маңызды рольді иемденеді. Себебі коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындар істі рентабельді жүргізу үшін және қабылдайтын шешімдеріне жауапкершілікке тартылуы үшін    белгілі бір деңгейдегі мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы қажет.   

Айналым қаражаттарының қалыптасуы кәсіпорынның құрылуы кезінде, дәлірек айтсақ, жарғылық қорының құрылуы кезінде жүзеге асады. Бұл жағдайда қалыптасудың көзі ретіде кәсіпорын құрылтайшыларының инвестициялық қаражаттары алынады. Қызмет  процесінде айналым қаражаттарының толықтырылу көзі болып түскен пайда және меншікті қаражаттарға теңестірілген тұрақты пассивтер табылады. Бұл қаражаттар кәсіпорын иелігінде болмайды, бірақ үнемі айналыств болады. Бұндай қаражаттар айналыс капиталының минималды қалдығы сомасының қалыптасу көзі ретінде қолданылады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: кәсіпорын жұмысшыларының айдан айға өтетін минималды еңбекақы төлемі, шығындарды жабуға арналған резервтер, бюджет және бюджеттік емес ұйымдар алдындағы минималды қарыздар, кредиторлар қаражаттар.   

Еңбекақы  бойынша минималды қарызды есептеген кезде еңбекақыны есептеген және оны төлеген күндер  аралығындағы кезең анықталады. Содан кейін бір күндік еңбекақы мөлшері анықталып, ол кәсіпорын айналысы есебіндегі минималды күндер санына көбейтіледі. /5, 800б/  

Шығындарды  және төлемдерді жабуға арналған резервтер құрамында жөндеу және демалыс күндері үшін төлемдер қоры қалыптасады. Бөлініп отыратын қаражаттар тең үлестермен ай сайын осы резервтерге түсіп отырады, ол бухгалтерлік есеп шоттарында өз көрінісін табады. Демалыс күндері үшін төлемдер қоры резерві жұмысшының демалысқа кеткен күнінен бастап қолданылады. Демалыс төлемдерін есептеу және төлеу күндерінің арасында белгілі бір уақыт мерзімі өтетіндіктен мөлшері тұрақты болып табылатын ақшалай қаражаттар қалдығы қалыптасады. Бұл қалдық келе жатқан  кезеңдегі еңбекақы қоры өсімін есепке ала отырып, минималды қарыз ретінде есептеледі. Бұл резервті қалыптастыру жөніндегі шешімді кәсіпорын өз бетімен қабылдайды. Жөндеу қоры да кәсіпорын шешімімен құрылады және негізгі өндірістік қорларды жөндеу жұмыстары бойынша төлемдерді жүргізу кезінде қолданылады. Жинақталған қаражаттардың жөндеуге шығындалуына дейін оларды кәсіпорын айналыс капиталы ретінде қолдануы мүмкін.   

Бюджет  алдындағы минималды қарыздар есептелу мерзімі олардың төлену мерзімінен бұрынырақ болатын салық төлемдері бойынша анықталады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъект болып табылатын кәсіпорын салығына, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің бюджетке төлейтін табыс салығына қатысты.   

Меншікті  және оларға теңестірілген қаражаттардан  басқа айналым капиталын қалыптастыру көзі ретінде кәсіпорынның кредиторлық қарызы да алынуы мүмкін (кәсіпорынның иелігіндегі емес, бірақ уақытша оның айналысындағы қаражаттар). Егер тұрақты міндеттемелерді жоспарлауға болатын болса, ал кредиторлық қарызды есептесулердің ерекшеліктеріне байланысты туындайтын нормальді және сатып алушылардың есептесу құжаттарының төлену мерзімі бұзылуы нәтижесінде пайда болатын нормальді емес деп бөлуге болады. Соңғы айтылған жағдайда жабдықтаушыдан тауар алып, оның құнын уақытында төлемеген сатып алушы өз иелігіндегі емес қаражаттарды қолданылады.   

Айналым капиталын қалыптастырудың басқа  да көздері ретінде пайда есебінен түзілген, уақытша қолданыстағы емес арнайы мақсатта қолданылатын қорлардың  қалдығын атауға болады. Кәсіпорынның айналыс қаражаттарына деген мұқтаждығы жыл ішінде тұрақты болмайды. Ол әртүрлі факторларға байланысты құбылуы мүмкін: өндірістің маусымдығы, өткізілген өнім үшін  ақшалай қаражаттардың  уақытылы келіп түспеуі, қоймада өткізілмеген дайын өнімнің жинақталуы және тағы да басқа жағдайлар. Кейбір аталып өткен факторлар өндірістің айрықшалығына, өнім өткізудің әдісіне, яғни өндірістің қалыпты жағдайларына және нақты кәсіпорындағы өнім өткізілуінің себептеріне байланысты. Сондықтан айналым капиталын тек меншікті қаражаттар есебінен қалыптастыру экономикалық тұрғыдан қарағанда дұрыс емес, себебі бұл кәсіпорынның басқа шығындарды қаржыландыру мүмкіншілігін төмендетеді.  

Айналым қаражаттарына деген жалпы қажеттілікті төмендету және олардың тиімді қолданылуын  ынталандару үшін қарыз қаражаттарын тарту маңызды болып табылады. Айналым капиталына деген қосымша қажеттіліктерді қанағаттандыратын банктердің қысқа мерзімді несиелері қарыз қаражат көздерінің негізгісі болып табылады. Несиелерді беру кәсіпорынның қаржылық жағдайымен, оның төлемқабілеттілігімен байланыстырылады. Несие берместен бұрын банк ссуда мөлшері мен мерзімін, кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижелерін назарға  ала отырып, талдау жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта банктер кәсіпорындарға мүлік кепілдігі нысанында немесе несиені қайтара алмау тәуекелдігін сақтандару нысаны жағдайында несие береді. /6, 19-26б/   

Айналым қаражаттарын қалыптастыру мақсатында несиелерді тартудың негізгі бағыттары: шшикізат және материалдардың маусымдық  қорларын несиелендіру; меншікті айналым қаражаттары жетіспеушілігін уақытша  толықтыру; есептесулерді жүзеге асыру.   

Нарықтық  экономикаға өту жағдайында айналым  қаражаттарын қалыптастыру көзі болып  табылатын несиенің ролі төмендеген жоқ. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына  деген нормативтан тыс мұқтажд ығын қанағаттандырумен қатар банк несиесінің маңыздылығын жоғарылататын жаңа факторлар пайда болды. Олардың бірі болып инфляция табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына инфляция тікелей және жанама әсер етеді. Тікелей әсер айналым қаражаттарының олардың айналысы барысында құнсыздануымен сипатталады, яғни айналыс аяқталғаннан кейін кәсіпорын өнім өткізуден түскен пайда құрамында айналым қаражаттарының авансталған сомасын алмайды.

Жанама  әсер төлемсіздік кризисінен қаражаттардың  айналымы төмендеуімен сипатталады. Төлемсіздік кризисі туындауының басқа да себептеріне еңбек өнімділігінің төмендеуін; өндірістің шектен тыс тиімсіздігін; басқарушылардың жаңа жағдайларға бейімделе алмауын; жаңа шешімдер іздеу, тауар ассортиментін өзгертуін жатқызуға болады.  

Төлемсіздіктермен күресу және қаржылық көмек көрсету  мақсатында үлкен қаражаттар  кәсіпорынның айналым қаражаттарын толықтыру  үшін бөлінеді. Бірақ бөлінетін қаражаттар әрдайым өз бағытымен қолданыла  бермейді.   

Жоғарыда  айтылған себептер кәсіпорындардың қарыз қаражаттарына деген қызығушылығы қандай жағдайларға байланысты туындағанын түсіндіреді. Бұл жағдайда несиені айналым қаражаттарын қалыптастыру көзі ретінде қолданылу мәселесі пайда болады. Осы мәселе несиені қолданудың кәсіпорынның қаржылық жағдайына және айналым қаражаттарының жағдайына екі жақты әсер етуімен  байланыстырылады.   

Бір жағынан алғанда, меншікті қаражаттың жетіспеушілігі жағдайында айналымға  несиелік ресурстарды тартпау үшін кәсіпорын өндірісті қысқартуы  немесе толығымен тоқтатуы қажет, ол қаржылық қиыншылықтарға әкелуі мүмкін, тіпті кәсіпорынның банкротыққа ұшырауына әкеп соқтыруы ықтимал. Басқа жағынан қарасақ, туындаған мәселелерді тек несие арқылы шешу кәсіпорынның несиелік ресурстарға  тәуелдігін жоғарылатады. Бұл қаржылық жағдайдың тұрақсыздығының ұлғаюына әкеп соқтырады, меншікті айналым қаражаттары жоғалады, себебі кәсіпорындар банктік пайыз ретінде салынған капиталға пайда нормасын қамтамасыз етпейді. Кредиторлық қарыз айналым қаражаттарын қалыптастырудың жоспарлы емес тартылған көзіне жатады. Оның бар болуы кәсіпорын айналысында басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты бар екенін білдіреді. Сонымен қатар қредиторлық қарыз төлем тәртібінің бұзылуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.   

Информация о работе Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні