Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 22:18, дипломная работа

Описание работы

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19

«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28

«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28

«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48

3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 65

ҚОСЫМШАЛАР 67

Работа содержит 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру.doc

— 726.50 Кб (Скачать)

«Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы»,  деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдаунда осы жылы [2].

 Нарықтық жағдайда    егер кәсіпорын өз өнімнің немесе  қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға,    жеткізу   уақыты,    кепілдік,    сервистік   қызмет   көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс    берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың   жалпы дамуына оң   әсерін тигізеді.  Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол  тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де  тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына,  материалдық   ресурстардың  үнемделуіне ықпалын тигізеді.

Сапа қасиеттерінің бірнеше  көрсеткіштері бар:

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының  талғамы мыналар есебімен негізделеді:

        • өнімнің тағайындауы және қолдану шарттары;
        • тұтынушылардың талаптарын талдау;
        • сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары;
        • сипатталатын қасиеттердің құрамы мен құрылымы;
        • өнім сапасын басқару мәселелері.

Сипатталатын  қасиеттердің құрылымы мен құрамын анықтаудың негізгі бағыттары өнімнің сапа деңгейін бағалауда қолданылатын көрсеткіштер классификациясын көрсетеді. Сипатталатын қасиеттер бойынша олар:

        • жеке ;
        • комплексті (топтық, жалпы, интегралды).

Өлшем бірліктері:

        • натуралды (килограмм, метр, литр)
        • құндық бірлікте.

Сапа деңгейін бағалау бойынша:

        • базалық;
        • қатысты көрсеткіштер.

Анықтау сатысы бойынша:

        • болжанатын;
        • жобаланатын
        • өндірістиік;
        • эксплуатациялық көрсеткіштер.

Сипатталатын қасиеттер бойынша  келесі көрсеткіштер топтары қолданылады:

        • тағайындау;
        • сенімділік;
        • технологиялық;
        • стандарттау және сәйкестендіру;
        • экономикалық
        • эргономикалық;
        • эстетикалық;
        • тасымалдау;
        • патенттік-құқықтық;
        • экологиялық; қауіпсіздік.

Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша  қолданудан алынған экономикалық пайдалы  тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш  ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.

Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Технологиялық  көрсеткіштер  өнімдерді  шығарудағы және жөндеудегі  еңбек  өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы  жаппай  өнім  шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару  және сату  барысында материалдар мен еңбек құралдарын,  уақытты тиімді  пайдалануға жағдай жасайды. Технологиялық көрсеткіштеріне       жатады:

    • өнім дайындаудың салыстырмалы еңбек сыйымдылығы;
    • өнім дайындаудың салыстырмалы материал сыйымдылығы;
    • материалды қолданудың коэффициенті;
    • өнім дайындаудың салыстырмалы энергия сыйымдылығы, т.б.

Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері  шығарылған өнімдердің  стандартталған  және  сәйкестендірілген  бөліктерінен  тұрады.

Экономикалық көрсеткіштер сатып  алушының сатып алуға немесе эксплуатацияға кеткен толық шығындарды сипаттайды және тұтыну баға элементтерін ұсынады. Жалпы түрде тұтыну бағасы келесі элементтерді құрайды:

      • тауар бағасы;
      • қолдану орнына дейін тауардың транспорттауына кеткен шығын;
      • орнату, монтаждау құны;
      • қызмет көрсетуші персалды оқытып үйрету;
      • электроэнергия, отын шығындары;
      • қызмет көрсетуші персоналдың еңбекақысы;
      • салықтар;
      • алдын-ала көзделмеген шығындар.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар  мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың,  будың   және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).

Эстетикалық  көрсеткіштер  өнімнің  сыртқы  орындалуын,  формасын,  тауарлық   түрін   қамтамасыз  етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері  өнімнің тасымалдауға   бейімділігін,   шыдамдылығын   көрсетеді. Тасымалдау көрсеткіштеріне жатады:

    • тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа ұзақтығы;
    • тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа еңбек сыйымдылығы;
    • тасымалдау құралының көлемін қолданудың коэффициенті;
    • тасымалдау құралынан өнім партиясын түсіруінің орташа ұзақтығы.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─  патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі  жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық  белгі  мен  өндірістік  үлгіні  тіркеуді  көрсетеді.

Экологиялық  көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда  қоршаған ортаға тигізетін кері  әсерінің  деңгейін  көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық  сәулелердің  болу  мүмкіндігі). Экологиялық көрсеткіштер есебі қамтамасыз ету керек:

    • табиғатқа, қоршаған ортаға өнеркәсіптік, тасымалдау заттардың, ағын сулардың шектеулі көлемде лақтырылуы;
    • биологиялық расурстардың рационалды қолданылуы және оларды сақтау;
    • өсімдік пен жануар әлемінің геоқорын сақтау.

Қауіпсіздік  көрсеткіштер  (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану  кезіндегі  қауіпсіздікті  сақтау).

Осы  көрсеткіштердің  жиынтығы  өнімнің  сапасын  құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

Сапа көрсеткіштері келесі негізгі  талаптарға жауап беруі тиіс:

    • халық шаруашылығ мен халық қажеттіліктеріне өнім сапасының сәйкес келуін қамтамасыз ету;
    • тұрақты болуы керек;
    • өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне жағдай жасау керек;
    • халыұ шаруашылық салаларындағы техника, ғылым, техникалық прогрестің бағыттарының қазіргі замандағы жетістіктерін ескеруі қажет;
    • оның тағайындауымен байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің барлық қасиеттерін сипаттау [24].

Өнім сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау реті алдын- ала анықталады:

    • өнім топтарының түрі;
    • өнімнің сапа көрсеткішінің номенклатурасын қолдану мақсаттары;
    • сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатура топтары;
    • әрбір топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы;
    • сапа көрсеткішінің номенклатурасын таңдау әдісі.

Бәсеке қабілеттіліктің деңгейін бағалау үшін өнімнің параметрлерін  сандық анықтау маңызды мәселе болып  табылады. Сандық анықтау әдісі бойынша «қатты» және «жұмсақ» параметрлер ажыратылады.

«Қатты» параметрлердің белгілі бір бірлікте көрсетілген  табиғи физикалық өлшемі бар, конструктивті принциппен берілген өнімнің негізгі функцияларын көрсетеді. Мысалы, қуаттық, мөлшер, дәлдік,      т.б.

«Жұмсақ» параметрлердің әдетте табиғи физикалық өлшемі жоқ, сондықтан  оны сандық бағалау өте қиын. «Жұмсақ» параметрлерге өнімнің эстетикалық, эргономикалық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, ұйымдастырушылық-коммерциялық көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін сандық бағалау әдісін таңдау керек.                    Ол кезде адамның өнімнің белгілі бір қасиеттерін қабылдауына негізделген органолептикалық әдіс немесе балдық жүйе қолданылуы мүмкін. Одан басқа, «жұмсақ» параметрлерін бағалау кезінде экспер топтары өткізетін квалиметрикалық әдістер де пайдаланылады. Ол кезде          эксперттер тек өнімнің қасиеттерін қабылдауына ғана емес, сонымен қатар нарықтағы жұмыс тәжірибесіне, сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімнің қасиеттеріне бағытталады. Квалиметрикалық әдістер өнімнің әртүрлі қасиеттерінің өлшеміне мен эксперттік бағалар талдауына негізделеді [12].

Нарықтық экономика жағдайында сапаның дамуы бәсекелестікпен  анықталады. Қазіргі заманғы тенденциялар кәсіпорын қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін құруды қарастырады. Сапаны басқару жүйесі халықаралық стандарттарға сай және кәсіпорын қызметінің есебімен дайындалу керек, сол кезде ғана ол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылауын қамтамасыз ете алады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. «ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1  «ФудМастер» ЖШС-тің өндірістік-шаруашылық қызметін      талдау

 

«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерді «неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді?» деген ой мазалады. Дәл сол кезде «ФудМастер» Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған «Crystal Lake» йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі кезекте бүкіл «сүт саласын» игеруге батыл бел буды. «ФудМастер» компаниясы қазақстандық  нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды  көздеді.

Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт – тауарлық ферма кіреді. 6 зауытқа төмендегілер жатады:

“ФудМастер –  Алматы ” – Есік қаласындағы сүт зауыты

“ФудМастер – НС Астана ” – Астана қаласындағы сүт  зауыты

“ФудМастер - Қордай ” –  Жамбыл облысы, Ауқатты аулындағы  ірімшік зауыты.

“ФудМастер - Асептик ”  – Есік қаласындағы ұзақ сақтауға арналған шырын және сүт өндірісі бойынша зауыт.

“ФудМастер - Агро” –  Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск поселогындағы  сүт – тауарлық ферма.

“ФудМастер – АйсКрим  ” – Алматы қаласындағы балмұздақ  өндірісі бойынша зауыт.

«ФудМастер» Компаниясы Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында сүт қабылдау торабын ұйымдастырды. Мұндай жеке меншік орындар шведтік сүт қабылдаушы резервуарлар мен алынған сүттің экспресс – анализін өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай –ақ бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз сүтпен қайтарылды. Осылай сүт зауыттарына сүт ағуы басталды. Уақыт өте келе  шикізаттың тек сапалы болуына қол жеткізілді.

Әрбір зауыттың тарихын және қызметін атап өтейік.

“ФудМастер" Компаниясының алғашқы  зауыты Алматы облысының Есік қаласында  “ФудМастер –  Алматы” кәсіпорны 1995 жылы құрылған. Есік сүт зауытындағы  алғашқы жетістіктер Қазақстанда  сүт өнімімен айналысу пайдалы болатындығына көз жеткізді. Жыл сайын республиканың  әр түрлі аумақтарындағы Компания меншігіндегі зауыттар саны өсті. Білікті мамандар тобы кәсіпорынды нарықта алғашқы орынға шығарды. Тәулік сайын сүт зауыты 100 тоннаға дейін сүт өндіреді.

Информация о работе Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру