Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 10:07, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------3
І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ------------------------------5
1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын орны---------------------------5
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару-----------------7
1.3. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер-12
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ----------------------------------------------------------------------------16
2.1Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау---------------------------16
2.2. Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты--------18
2.3 Кәсіпорын қаржылық жағдайындағы қаржы нарығы---------------21
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары -------------23
Қорытынды----------------------------------------------------------------------25
Қолданылған әдебиеттер ---------------------------------------------------26
Қосымшалар --------------------------------------------------------------27-28
Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отыруы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның қолдану бағасы рынок санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде белгіленеді. Қаржы рыногы жағдайында кәсіпорын ұғымдар, тұрғындар тұрақты ақшалай қорланған табысты қалыптастырып, оны алуға ұмтылыс жасайды. Ал халық шаруашылығы қосымша қаржы кезеңдеріне ие болады. Мұндай капитал нарықсыз кәсіпорындарды өзін-өзі қаржыландыру мүмкін емес. Олардың инвестициялық мүмкіндіктері тек өздерінің құрал-жабдықтарына шектеліп, басқадай толтыру көздері жоқтың қасы.
Біздің
шаруашылық өмірімізде ақша ресурстарын
пайдалануда бюджеттік әдіс кеңірек белең
алып, қаржы нарығы тіпті болғанда жоқ.
Ақшаның барлық коры мемлекеттің колында
болып, мемлекеттІк бюджет арқылы ұлттык
табыстын үштен екісі бөлінді. Несие жүйесінде
тек қана мемлекеттік банктер жұмыс жасады.
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен үкіметі қабылдаған ресми құжаттарға және олар атқарған нақты істерге қысқаша талдау жасаған соң, енді осы саланың бүгінгі қалыптасқан жағдайы жайлы біраз нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық тіркелім деректерінде республика бойынша 2009 жылы желтоқсан айының, 3-жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркелген кәсіпорындардың 72 пайызға жақыны жұмыс істейтін (экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 52,1 мыңнан астамы қараша айында белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды.
Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (40,8 пайызы) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,3%) тиесілі.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2009 жылғы 1 желтоқсанға есептелген дерек бойынша 523,2 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2009 жылдың 1 ақпанындағы деңгейден 11,1 пайызға артты.
Есептелген дерек бойынша 2009 жылғы қараша айында өткізілген өнімнен түскен табыс 5577,1 млн. теңге болды, бұл көрсеткіш 2009 жылғы қаңтар айындағы деңгейден 15,8 пайызға жоғары.
Шағын бизнес кәсіпорындарын экономикалық қызмет түрлері бойынша алып қарасақ, оны келесі деректерден көреміз. 2009 жылдың 1 желтоқсанына барлық тіркелген кәсіпорындар саны 143,6 мың, одан жұмыс істейтіндері 103,0 мың екен, соның ішінде тиісінше ауыл шаруашылығында, аң және орман шаруашылығында — 9,6 мың және 7,2 мың, өнеркәсіпте — 16,3 мың және 11,6 мың құрылыста — 18,0 мың және 14,5 мың саудада, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүлігін жөндеуде — 67.6 мың және 45.0 мың жылжымайтын мүліктермен операция жасауда, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсетуде — 15,9 мың және 32,6 мың шағын кәсіпорын бар.
Ал енді жеке өңірлер бойынша алып қарасак, онда Алматы қаласында тіркелген шағын кәсіпорындар саны 50,6 мың (барлык кәсіпорынның 35,2%), жұмыс істсйтіні 31,7 мың (30,8%), Оңтүстік Қазақстан облысында тиісінше — 13,1 мың (9,1,) және 9,0 мың (18,8%), Астана қаласында - 11,8 мың (8,2%), және 9,8 мың (9,5%), Шығыс Қазақстан облысында — 9,4 мың (6,6%) және 6,8 мың (6,6 %), Қарағанды облысында — 9,1 мың (6,4%) және 6,5 мың (6,3%) шағын кәсіпорын бар және жұмыс істейді.
Шағын бизнес, сондай-ақ республика жеке кәсіпкерліктің дамуымен сипатталады. Жеке кәсіпкерлерге заңды тұлғалықты құрмай-ақ жеке тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысатындар жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлердің 2009 жылғы 1 қазанға саны 303,8 мың адам, одан жұмыс істеп тұрғандары 230,8 мың адам, олардағы жалдамалы жұмыскерлер саны 219,8 мың адам.
Ауыл
шаруашылық саласында шағын бизнес шаруа
(фермер) қожалықтарының дамуымен сипатталады.
2010 жылдың 1 желтоқсанына республикада
174,6 мыңнан астам шаруашылық тіркеліпті,
олардың 83,6 пайызы жұмыс істеп тұрғандар.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қолында
малы бар немесе егістік жерді пайдаланушы
шаруашылықтар жатады. Тіркелген 174,6 мың
және жұмыс істеп тұрған 146,1 мың шаруа
қожалығының тиісінше 66,2 мың (37,9%) және
59,8 (41,0%) мыңы Онтүстік Қазақстан облысының
үлесіне тиесілі, 40,8 мың (23,4%) және 35,1 мыңы
(24,0%) Алматы облысына т.б.
Қорытынды
Жоғарыда
келтірілген деректерден
Сондықтан да бүгінде шағын кәсіпкерлікті одан әрі қарқындырақ та, мардымдырақ та дамыта түсу үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым экономистерді де, басқа қауымды да бейтарап қалдырмаса керек.
Бұл бағдарламада шағын кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан Республикасын Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына, оны жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға тығыз байланысты болуға тиіс. Өйткені көп елдерде, әсіресе Жапонияда шағын кәсіпорындар, шағын кәсіпкерлік өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарына, мәселен машина жасау зауыттарына жекелеме бөлшектерді әзірлеп, даярлап беру арқылы, солардың төңірегінде дамиды.
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдарды жасалуда.
Қолданылған
әдебиеттер
13. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория», Алматы – 2002 ж.
14. Финансовый менеджмент//Москва, 1999
15.
Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық
Информация о работе Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары