Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 18:28, реферат
Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес.
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дер-бестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтық
экономика және меншіктің әр түрлі
түрлеріне негізделген сан
Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға болуда экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік — бір процестің — ша-руашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі буыны — кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субьекті сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
1. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта — қаржы жоспарында (болжамында) қамтитын көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғалыми өндеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
2.
Кәсіпорындар мен ұйымдар менші
3.
Кәсіпорындардың қаржысын
Нарықтық
экономика жағдайында кәсіпорындардың
қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер
болуда. Әріптес кәсіпорындардың
арасында деңгейлес байланыстар күшейіп
келеді, олардың банк жүйесімен өзара
іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер
салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа
үлгідегі құрылымдарды — экономикалық
мүдделермен, бірыңғай акциялармен және
мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты
ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды
жасауда көрінеді.
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер
Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдың құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.
Қаржы резерві дегеніміз - уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған қаржы түрі.
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай және материалдың түсімдер жатады.
Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:
• кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
• өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
• шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
• өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;
• өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;
өндірістің техникалық жағдайы
және қажетті өндірістік
•
өндірістік шығындарды қалыптастыру,
өнімнің өзіндік құн
• өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;
• кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;
• кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.
Сонымен,
кәсіпорын экономикасы —
Косымша 1. Кәсіпорындарда қаржы ресурстарының құрылымы мен көздері