Фирманың шығыны, пайдасы және табысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 08:13, курсовая работа

Описание работы

Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макрозкономикасы аралас эономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде үйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………..….

І тарау. Фирма экономикасының теориялары.
1.1. Фирма стратегиясының теориясы және оның
шаруашылықты жүргізудегі негізгі ережесі……………………..………
1.2. Шығындар мәселесі, олардың құрылымы мен
фирма пайдасын көбейту…………………………………………………
1.3. Фирма ішкілік жоспарлау теориясы…………………………………...

ІІ тарау. Фирма шығыны мен кірісі.
2.1. Фирманың шығындары және олардың түрлері………………………
2.2. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары……….……….
2.3. Фирма табысы, оның мәні мен қызметі………………………..………
2.4. Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы………………………..

ІІІ тарау. Фирма қызметінің пайдалылығы…………………………

Қорытынды……………………………………………………………….

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………….

Работа содержит 1 файл

ОРЭК курсовой.doc

— 133.50 Кб (Скачать)

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының, салықтадың, әкімшіл басқару шығындары кіретінін білеіз. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді болмайды.

Қалдық шығындар - өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындарпдың бөлігі.

              Жоспарлау – белгілі бір болашақта фирманың мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетістіктерге жету әдістерін талдау процесі, ол стратегиялық (ұзақ мерзімді) және ағымдағы (қысқа мерзімдегі) жоспарлау болып бөлінеді.

Шығындар – бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Фирма шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

              -өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.

              -өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.

              -өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Табыс – төтенше таралған, кең түре қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немес материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

              Фирма табыстарын қалыптастыру:

Фирманың табысы - өнімді сатудан түскен табысы, басқадай өткізуден алынған табыс, өткізуден тыс операциялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы).

              Өнімді сатудан түскен табыс - өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім, қосылған құн салығы, акциздер, өнімнің өзіндік құны.

              Басқадай өткізуден алынған табыс – негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс.

              Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс – құнды қағаздар дивидендтері, жалға алғаны үшін төлем, өсімақы, тұрақсыздық ақы, айыппұл т.б.

              Фирманың табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), фирмада (жалпы табыс, таза табыс) ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Пайданы үлестіру объектісі фирманың баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салывқ және басқ да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.      Ө.Шеденов. Жалпы экономикалық теория. Алаты. 2002ж.

2.      Экономикалық теория негіздері. Алматы. 1998ж.

3.      А.Мейірбеков. Кәсіпорын экономикасы. Алаты. 2003ж.

4.      Б:Сәлімбаева. Еңбекті мөлшерлеу.  Алматы. 2001 ж.

5.      В.Крымова. Экономикалық теория. Алматы. 2003ж.

6.      Н.Мамыров. Макроэкономика. Алматы. 2003ж.

7.      А.Куликов. Экономикалық теория негіздері. Шымкент 1993ж.

8.      Б.Медешев. нарықтық экономика теориясына кіріспе. Алматы. 1995ж.

9.      О.Сәбден. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Алматы. 1997ж.

10. Малые предприятия в Казахстане. Алматы. 1999г.

11. Экономикалық теория. Алматы. 1999ж.

12. Экономикалық реформалар. Алматы. 1999ж.

 

 

20

 



Информация о работе Фирманың шығыны, пайдасы және табысы