Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 12:32, курсовая работа
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағыттау қажет және қазіргі кездегі инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясын өз шеңберінде қалыптастырады.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ
ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.................................................5
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны.............................................5
1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері......................13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР....................................................................................................... 20
2.1 Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясының қалыптастыру ерекшеліктері.................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................34 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорының шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратан, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғатынан жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені
оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестиялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процессінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестиялық жоспардың қалаптасуы күрделі шығармашылық процессті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашан да экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалаптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізідің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштапты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім
қабылдауы бесекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау
проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азайады, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді[9].
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал, табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестицялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы және технологиялық шешім қабылдауменен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелдік дәрежесімен айрықшаланатын инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның
инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
кәсіпорынның да, потенциялды стратегиялық
инвестордың да ортақ мүдделерінің
қиылысуы кезінде жүзеге асады.
Ал инвестиция болса нарықта
айналысы бар тауарды білдіреді.
Сондықтан оны осы немесе
басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің түсінікшілігімен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық объектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.
жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің
нәтижесі-қаржы емес активтерге жұмсалған 1307,2 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001жылғымен салыстырғанда 10,6%-ға (2001ж.-44,7%-ға: 2000 ж.-48,5%-ға;1999ж.-33.0%-ға) өсті.
2001 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстың 10-ында және Алматы, Астана қалаларында байқалады. Көлемнің едәуөсуі Қызылорда(1,9есе), Ақмола(1,2есе) облыстарында және Алматы қаласында (1,2есе) байқалды. Негізгі капталға жұмсалған инвестициялардың 13-1% шегінде өсуі Батыс қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1%) республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы-22,2, Батыс Қазақстан – 18,0%, Ақтөбе – 7,5%, Маңғыстау-5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3%) қалаларының үлесі басым.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі – 47,0%, орташаларынікі – 27,9%, шағымдарынікі – 23,9%, халық үлесі – 1,2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрлымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8%құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунке төмендеді[10].
Негізгі
капиталға жұмсалған басқа шығындар
131млрд. теңгені
құрайды оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктің жеке нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2%) (2001-де-54,3%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2001 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктке төменделді. Мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің 0,6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салдары: көлік – коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік кешенді қолдау және ауыл инфрақұрылымын
дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салық құрлымы 2001 жылмен салдыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшыраған. Негізгң капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%) өңдеу өнеркәсібіне (9,4%) көлік және байланысқа (11,1%) келеді.
Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың бардық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларда қызмет көрсетуге келеді (93,8%).
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44,4%
тиеді.
Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3%), әуе көлігіне (15,4%) және электор байланысқа (19,8%) келеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен (12,6%) байланысты қызмет т үрлерінде елеулі, мұның 68% геологиялық
барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында меншікті және сырттан тартылған қаражаттың ара салмағы сақталды. Басым қаржыландыратын көз ретінде кәсіпорынның меншікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55,2% (2001ж. – 59,3%) құрады. Сонымен, меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде: темір кенін ашық әдіспен өндіруге; ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағашпен тоздан жасалған бұйымдар өндіруде; қағаз массасын, қағаз, картон және осылардан жасалған бұйымдар өндіруде негізгі кепиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды.
2002
жылғы инвестициялық
2,7 және 0,6% - ға өсті. Шетелдік банк кредиттері үлесінің 5,7% -ға төмендегені, басқа шетелдік қаражаттың 5,0% -ға өскені байқалады[11].
Жоғарыда
айтылғандардың барлығы кәсіпорынның
экономикасының өсуі мен капиталдың
қорлануының негізгі көрсеткіші
– негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар
көлемінің өсуімен сипатталатын экономикалық
өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік
инвестицияларды тиімді
пайдалануға ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей отандық және
шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру – болашақ инвестициялық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді.
2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясының қалыптасу ерекшеліктері
Макроэкономикалық деңгейдегі инвестициялық стратегия реттеу механизмдері.
Кең түсінікте, инвестициялық саланы мемлекеттік реттеуді – жеке және мемлекет ісінің қызметін реттеу және координациялау үрдісін қамтамасыз ететін басқару органдары, әдістері және құралдары біртұтастығы ретінде, экономикадағы тұтыну, жинау және инвестициялау арасындағы рационалды пропорцияларды қалыптастыру тәсілі ретінде анықтауға болады.
Жалпы
жүйелі аспектіде инвестициялық
стратегия келесідей түрде