Рим құқығының рөлі және мағынасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 06:58, лекция

Описание работы

Рим құқығы дүниеге келген кезінде Рим Италиядағы көбімен бірдей кіші қауым болған еді. Рим қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын өз ықпалын Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерорта теңізіне таратып, билік астына сол уақыттағы барлық мәдени орталықты жинап алды.
Сонымен қоса Рим іштей өзгерді. Көне патриархалдық құрылыс жойылып, ескі табиғи өнімге негізделген шаруашылық күрделі экономикалық қарым - қатынаспен алмасады.

Работа содержит 1 файл

Муниципал.docx

— 46.12 Кб (Скачать)

Рим құқығының  рөлі және мағынасы. 

    Рим құқығы дүниеге келген кезінде Рим Италиядағы көбімен бірдей кіші қауым болған еді. Рим қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын өз ықпалын Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерорта теңізіне таратып, билік астына сол уақыттағы барлық мәдени  орталықты жинап алды.

Сонымен қоса Рим іштей өзгерді. Көне патриархалдық құрылыс жойылып, ескі табиғи өнімге негізделген  шаруашылық  күрделі экономикалық  қарым - қатынаспен алмасады. Жаңа  өмір, күшті жұмылдыруды, әр бір жеке тұлғаның қабілетін  күшеитуін талап етті. Осының барлығына  сай  рим құқығы  өз сипатын  жеке тұлғаның бастамасына  қарай  ауыстырды: тұлғаның бостандығына, шарт және өсиет  бостандығы  рим  құқығы жүйесінің  бір қалауы болып табылды.

Осыған байланысты, пайда болатын  дауларды  шешу үшін  құқық  субъектілерінің  аумақтық  немесе  ұлттық  белгісінен тәуелді болмай  қолданып  реттейтін  құқықтық норма жасау қажеттілігі  туындады. Рим құқығы  объективті  қажеттіліктің ықпалынан, өзіне  дейін мың  жылдар бойы  қалыптасқан  халықаралық  қатынастың  және  халықаралық  айналымдағы әдет - ғұрыптардың  қасиеттерін бойына сіңдіріп  оған қол жетімділік  және  тұрақтылық  сипатын  береді.            

Құқықтық жүйенің қағидаларын  әзірлеген кезде рим юриспруденциясы  азаматтық  айналымдағы  субъектілерді  өзара құрметтеу қағидасына,  тұлғаның өз мүлкіне тікелей бақылау  жасауын болдырмау, тауар және қызмет көрсетудің   алмасуы  тең болу, қоғамда орнатылған тәртіптке  сай  еркін білдіру  бостандығы қағидаларынан  бағыт алып отырды.

Ғасырлар бойы заң ойы қалыптасып тұғыр болған рим құқығы  бүгінгі  күні де құқықтық жүйе және азаматтық  құқықтың теориясы  ретінде оқылып зерттеліп жатыр ондағы ұғым мен  құқықтық институттар  еш бір ұлттық көріністен тәуелсіз еркін көріністе  орын тапты.

Рим құқығын оқып зерттеу құқық  саласында  кең теоретикалық дайындық бергеннен басқа ұғымдық аппаратты  еркін қолдануға көмек. Рим құқығының  көп түсініктері  қазіргі заманғы  юриспруденцияда белсенді қолданылуда.  

 

Рим құқығының  жеке және жария түріне бөлінуі. Цивилдік, преторлық және халықтық құқық.  Рим жеке құқығының түсінігі.

          Жария және жеке құқықты классикалық түрде шекаралау рим заңгері Ульпианның  еңбегі, ол: «Жария құқық рим мемелекетінің жағдайына жататын; ал жеке құқық жеке тұлғалардың пайдасына қатысты» деген еді, бұл кейінгі ғасырларға дейін  сақталып келді. 

Осы ұғым тұрғысынан  қарағанда  жария құқық деп тікелей мемлекеттің  мүддесін қорғайтын және мемелекеттің  оның органдарының  құқықтық жағдайын анықтайтын нормаларды айтамыз.

Жеке құқық – жеке тұлғаның басқа тұлғалармен қарым – қатынастағы  мүддесін  қорғайтын  құқықтың нормасы. Бұл саладағы құқықта мүдделі адамдардың  өздеріне қалыптасқан жағдайды белгілеуге мүмкіндік беретін нормалар басымдыққа ие. Бұл нормаларды уәкілетберуші деп таныған.

Азаматтық (цивильді) құқық. Латын тілінде “азаматтық” деген  сөзге «civilis» түсінігі  сай келеді. Бірақ ius civilе  рим құқығының  термині  өзінің мазмұны бойынша бүгінгі күнгі азаматтық құқыққа сай келмейді. ius civile  терминімен тек рим азаматтарына - квириттерге қолданылған ежелгі ұлттық рим құқығын айтады, сондықтанда оны квириттік құқық дейді. ius civile сөзінің  басқа мағынасы халық жиналысынан кейінірек сенаттан шығатын норма деп танылды.

Рим жеке құқығының түсінігі. Ежелгі Рим мемлекетінде қалыптасқан және жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты реттейтін  құқықтық жүйе жеке құқық деп танылады. Рим жеке құқығының негізгі институты жеке меншік құқығы және басқа шектеулі құқықпен  заттар сондай ақ шарт міндеттеме, отбасылық пен мұрагерлік құқықтық қатынас болып табылады.

  

Рим құқығының  қайнар көзі. Рим құқығы қайнар көзінің  түсінігі. Әдет-ғұрып құқығы және заң. Магистрлар эдиктісі. Эдиктілер кодификациясы. Көрнекті рим  заңгерлері.

               Рим құқығының қайнар көзін құқық нормасының  көрсету нысаны ретінде  әдет-ғұрып құқығын, заңдарды, магистрлар эдиктілерін және заңгер қызметтерін қосамыз.

Әдет-ғұрып құқығы  рим құқығын танудың ең ежелгі нысаны болып табылады. Әдет-ғұрып құқығының нормасы әр-түрлі нысанда болды.  Ол ата-бабалардың  ғұрпы (mores maiorum),  әдеттегі іс-тәжірибе (usus). Мемлекет кеңіген және бекіген сайын әдет-ғұрып құқығы қанағаттандырмайтын нысан бола бастады дегенімен оның қалыптасуы бәсең болғандықтан өсіп келе жатқан сауда айналымын реттеуге қабілетсіз болса керек. Әдет-ғұрып құқығы заңдарға және басқа құқыққұрылым нысанына жол берді.

Республикалық кезеңде заңдар халық  жиналысынан туындады және ол leges аталды. Заңдар азаматтар арасындағы өзара ымыраластықтың  нәтижесі бола тұра құқықтың  өзіндігін қамтамасыз етіп басшылардың және жеке азаматтардың тарапынан озбырлыққа жол бергізбеді. Сондықтан XII  (таблица) кесте заңын қабылдау қоғам үшін маңызды деген ережелерді бір жүйеге келтіріп заң дәрежесіне жеткізу болып табылды.

Магистрат эдиктілері. «Эдикт» термині «dico» сөйлеймін деген сөзден шыққан. Сондықтан бастапқыда бұл сөз, магистраттың белгілі бір мәселелерге  ауызша жарияламасын білдірді. Кейін  эдикт республикалық магистраттар лауазымға тағайындалған кезде, дәстүрге сай бағдарламалық жолдау жасауының мағынасына ие болды, тек  жазбаша нысанда көрінді.

Заңгерлердің қызметі. Рим жеке құқығының нормасына терең ықпалын тигізген басқа нысанның бірі ол заңгерлердің қызметі. Цицеронның еңбегінде заңгерлердің қызметі оның сипатына қарай respondere, agere, cavere, сондай-ақ scribere деген терминмен белгіленді. Respondere термині, күдік тудырған мәселелер бойынша азаматтардың сауалдарына түсініктеме және жауап беру кеңестік қызметі. Agere – дегеніміз талап беру және сот істерін жүргізу тәртібі бойынша кеңес. Cavere – дегеніміз мәміле жасасқан кезде заңдық кеңес беру, формула және түрлі жеке-құқықтық актілер (өсиет, беру актісі және т.б.) жасап беру тұлғаның мүддесін қорғау үшін жасалатын қызмет.  

Әйгілі рим заңгерлері. Римде република кезеңіндегілердің арасынан Секста Элия Пэта Катаны айтсақ II ғ. б,э.д., уақытта өмір сүрген; Марка Порция Катонаны, айтсақ «de iure civile» түсініктемесін жазған, онда тек кеңестегі жауаптар ғана емес (responsa), жалпы сипаттағы ой пікірлер жазылды. Рим құқығының тарихшысы Пампонияның айтуынша  Манилий, Юний Брут және Публий Муций, сияқты заңгерлер цивильді құқықты жасаған. Өте кең танымалы болғандарды айтсақ олар:  Квинт Муций Сцевола,  Аквилий Галл  және  Цицерон. 

 

Заңгерлердің  сабиниандық және прокулиандықмектебі. Рим юриспруденциясының құлдырауы  Юстиниан  Кодификациясы.  Юстиниан кодексі. Дигестілер жүйесі және мазмұны. Институциялар. Новеллалар.

Республиканың соңғы кезеңіне Лабеон және Капитон  сияқты  екі әйгілі заңгерлердің қызметі жатады, олар еңбектерімен республикалық  юриспруденцияны  классикалық кезеңмен байланыстырды. Капитон дәстүрлі көз қарасқа  ұстанды және де понтификалдықпен  жария  құқық  шығармасын  жазды. Лабеон жеке құқық  проблемасын зерттеуге  өзінің шығармашылық жолымен келді, артынан жеке  сұрақтар  бойынша  көптеген әдебиет қалдырды. Олардан  рим юриспруденциясының екі мектебі  немесе бағыты басталады: прокулиандық  Прокулдың атымен байланысты, Лабеонның шәкірті және сабиниандықтар Сабанның атымен байланысты Капитонның шәкірті.

Рим юриспруденциясының құлдырауы. IV ғ. б.э. уақытта рим заңгерлерінің қызметтері төмендеп, шығарамашылық белсенділігі түсіп құлдырай бастады. Пікірлері заңды күшке ие болған заңгерлердің саны шектеулі бес адаммен аяқталды олар: Гай, Папиниан, Павел, Ульпиан және Модестин еді.

Рим құқығының кодификациясы. Нормативті материалдың көптілігі және әр-алуан сипатта болуы объективті жүзінде оның біріктіруін және жүйелендіруін талап етті. Алғашқы кодификациялау императорлар конституцияларын жинаған, жеке тұлғалардың әрекеттерімен  жасалды.

Юстиниан кодификациясы. Юстиниан императоры жасаған кодификациялық жұмыс маңызды болды. Дәл осы уақытта варварлардың қолында болған, шығыс және батысты біріктіру жоспары туады. Сонымен қоса мемелекеттің мүддесі құқықтың бірлігін, оның мазмұнын айқын болуын талап етті.

Осыған сәйкес Юстиниан, құқықтық жүйені уақыттың талабына сай келтіруге, ескірген материалдан тазартуға  міндет қойып 13 ақпан 528 жылы 10 адамнан  тұратын ерекше комиссияға жүктеді. Комиссияға, жаңа жинақ шығару міндеті  тапсырылды. Бір жылдан соң, яғни 529 жылы сәуір айында кодекс дайын болды, осы сәттен, бұрынғы конституциялар күші жойылды деп есептелді. Бұл  жинақ императордың есімімен – Codex Iustinianus деген атау алды.

Дигестілер, олардың жүйесі және мазмұны. Заңгерлердің шығармасын жүйелендіру, Трибониан басқарған комиссияға тапсырылды. Комиссия 3 миллион мәтіннен тұратын, 39 - автордың 2 мың кітабын өндеп 150 мың мәтінін қалдырды. Барлық жұмыс тез атқарылып – 3 жылдың ішінде аяқталды. Жинақ «Digesta sen Pandectae» 16 желтоқсан 533 жылы жарық көрді. Сол жылы, желтоқсанның 30 күні Дигестілер  заңды күшіне енді.

Институциілер. Дигестіні құрау жұмысы аяқталғаннан соң Юстиниан жаңа комиссия тағайындайды. Комиссияның алдына, алдынғы Институций тәріздес құқық оқулығын жасау міндеті қойылды. 533 жылы 21 қараша айында Юстиниан  Институциясы жарияланды. Олар заң күшіне ие болды.

Новеллалар. Осы жолмен Юстиниан, барлық рим құқығын кодификациялау ойын жүзеге асырды. Құқықтың саласын қамтыған және оң өзгеріс берген,  көптеген конституциялар кодификацияланды. Бұл конституциялар  Новелла (Novellae constitutiones) деген атаумен танымалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2-тарау. МӘСЛИХАТТАРДЫ  ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ  
ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ     

  5-бап. Мәслихаттарды құру тәртiбi      

1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық  бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде  жасырын дауыс беру арқылы  бес жыл мерзiмге сайлайды. 
      2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. 
      3. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта - отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi. 
      4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi. 
      5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi. 
      6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. 
      7. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.  
      Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады. 
      8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.  
       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

  6-бап. Мәслихаттардың құзыретi      

1. Мәслихаттардың құзыретiне: 
      1) тиiстi аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту, соның iшiнде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi iске асыратын (әрбiр қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттiк бағдарламаларды бекiту; 
      2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу; 
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымдары негiзiнде қалыптасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару схемасын әкiмнiң ұсынысы бойынша бекiту; 
      4) өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу; 
      5) әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмiмен тиiстi әкiмдiктiң дербес құрамын келiсу; 
      6) атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау және тиiстi органдарға мәслихат шешiмдерiн орындамағаны үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу; 
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асыру; 
      7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау; 
      8) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес, бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн ережелердi бекiту; 
      9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жасау; 
      10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу; 
      11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлiктi азайту бағдарламаларын бекiту; 
      12) әкiмнiң ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкiмдiк жанындағы консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын бекiту; 
      12-1) әкiмнiң ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру; 
      12-2) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру ережелерiн бекiту; 
      13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру; 
      14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу; 
      15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады. 
      2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау жатады. 
      3. Аудандық мәслихаттардың құзыретiне сонымен бiрге тиiстi ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) әкiмiнiң атқарылған жұмысы туралы есебiн қарау және аудан әкiмiне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу жатады. 
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмдiктердiң ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы. 
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн, орман пайдаланғаны үшiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн эмиссия үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекiтедi. 
      6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды. 
      7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары атынан өкiлдiк ететiн депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бiрлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгi таңдаушылардың шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.  
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.07.09 N 583, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.09 N 213, 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.24 N 111-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.     

  7-бап. Мәслихаттың актiлерi      

1. Мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады. 
      2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн. 
      3. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi. 
      4. Мәслихаттың жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiмдерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады. 
      5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.  
       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

  8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру      

1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады. 
      2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.  
      Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады. 
      3. Мәслихат: 
      1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды; 
      2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды; 
      3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актiлерiн бекiтедi; 
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бiр қызметкер қатынасында, бiрақ бес адамнан кем емес  болып белгiленедi; 
      5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi; 
      6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды; 
      7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.  
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.      

Информация о работе Рим құқығының рөлі және мағынасы