Тіршілік эволюциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 16:41, реферат

Описание работы

Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Вирустар инертті кристалдық нысанда немесе қозғалмалы жағдайда өмір сүреді. Белоктық молекуланың өзі болса, оларға қарағанда қарапайым бөліктерден – бір-бірімен түрлі химиялық байланыстар арқылы байланысып, амин қышқылдарын құрайтын көміртегінің, сутегінің, азоттың, оттегінің, қосылыстарынан тұрады.

Работа содержит 1 файл

Тіршілік эволюциясы реферат [www.topreferat.com].doc

— 656.00 Кб (Скачать)

                                                Ч.Дарвин         

Алғашқы қауымдық қоғам  эволюциясының көптеген проблемаларының  ішінде тіл эволюциясының құрылу үрдісі - ең негізгілердің бірі. Австралопитектер, питекантроптар мен неандерталдықтардың  қауымдастықтарындағы өзара қатынас құралдарын анықтайтын ешқандай құжаттар мен дәлелдемелер жоқ. Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Шын мәнінде барлық мәлімет қосымша сипатта, сондықтан біз бұл мәліметі тек шартты түрде ғана қабылдауымыз керек.

Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай ой да, ойлау  үрдісі де болмайды. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз  байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады.

Барлық маймылдар, олардың  ішінде адам тәріздестері де вокалданған  жануарлар, олар үшін дыбыс шығару табиғи құбылыс. Бұл вокалдануда  дыбыстардың  екі түрі немесе дыбыстардың екі  негізгі тобы болады. Осылардың ішіне  қорқыныш, ашулану, т.б. сезімдерді білдіретін дыбыстар (олар әртүрлі жануарларда 20-дан 30-ға дейін болады). Сондай – ақ тіршілік шулары деп аталатын, маймылдардың үнемі шығаратын дыбыстары және олардың эмоционалдық күйлерімен байланысты дыбыстар.

Бұл айтылған жағдайлардың барлығы негізгі емес қосымша дәлелдемелер болғанымен, ертедегі гоминидтердің дыбыс коммуникацияларының әлсіз де болса алғашқы бастамалары болып саналатын дыбыстар шығара білгендіктерін дәлелдейді. Ертедегі гоминидтер аң аулау кезінде дыбыс шығарып аңды үркіте алмаған.  

Сөз жүйесінің алғашқы  бастамасы қалыптасып келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының дамуына  қызмет етуі қажет еді. Сөз дамып  келе жатқан ойлау үрдісінің барлық  функцияларын жүзеге асырып оның сыртқы көрінісін бейнелеуі қажет болды. Көптеген лингвистердің пікірі бойынша, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекетті түйсіну, яғни тілдің дамуында бірінші етістіктіктің түбірлері пайда болды. Сол сияқты,  сөздер ғылымда ортақ еңбек үрдісінде атқарылған жұмыстар кезіндегі айтылған дыбыстардан құралған деген гипотеза пайда болды. Бұл гипотеза бойынша, алдымен етістіктердің іс-әрекеттің белгілі бір түріне сәйкес болатын түбірі пайда болған да, кейіннен сөз бен сөйлемдердің басқа мүшелері пайда болған. Неміс антропологы М.Мюллердің гипотезасының мәні осылай еді. Дәл осындай жолмен қоғамдық еңбек үрдісінде бірте-бірте ақыл-ой қалыптасқан болуы керек.

Сонымен қатар, іс-әрекетке қарағанда, объектіні айқындап белгілеу маңыздырақ. Олай болса, зат есімдік  түбір, аз мөлшерде болса да, етістіктік номинациямен қатар қалыптасуы қажет болды. Лексиканың құрамын анықтау қиындау – оның гоминидтерде қорек ретінде пайдаланған өсімдіктердің, аулаған аңдарының, еңбек құралдарының аттары, жақын туыстық қатынастарының аталуы сияқты немесе аз ғана қажетті етістіктер жиынтығы болуы мүмкін екендігін жорамалдауға болады. Осы лексиканы пайдалану нәтижесінде белгілі бір іс-әрекеттердің бағытын білдіретін сөздер пайда болуы мүмкін. Алғашқы қоғамдағы ойлаудың жүйелі болмауы, түсініктердің кең мағынасын білдіре алған жоқ. Дегенмен, бірте-бірте тілдің сөздік құрамы ұлғайып, оның операциялық аумағы, яғни тілдің белгілі түсініктер арасындағы қатынастарды неғұрлым дәлірек білдіретін бөлігі дамып, жетіле түскендігін сенімді айтуға болады. Мустьерлік кезеңнің өзінде-ақ идеологияның алғашқы белгілері пайда болып, тілдің одан әрі байи түсуіне жағдай жасалды. Ең соңында, жалпыға бірдей түсінік бойынша, қазіргі заманғы адам түрінің пайда болуына байланысты тілдің дамуы  ең жоғары деңгейіне жетіп, оның бүкіл әлем тілдерінің барлығына тән құрылымы түзіліп, қалыптасты.

Ертедегі аңшы, балықшылардың, т.б. бір кездері өте шектеулі болып есептелген лексиконының мұқият зерттеуден кейін өте кең ауқымды  екендігі анықталды (Австралиялық аборигендерінің  өздерінде ақ – 10 мыңнан аса сөз, яғни кез келген европалық тілдерден әлдеқайда көп). Грамматикаға байланысты да дәл осыны айтуға болады. Бір ғана етістіктің түрлерінің саны бірнеше жүзге дейін жететінін көптеп кездестіруге болады. Көптеген қарапайым тілдердің тағы бір ерекшелігі – олардың синтаксистерінің жеткіліксіз дамуы. Алайда, бұл мәдени даму деңгейінің төмендігін білдіреді деп тұжырымдау қиын. Өйткені, тіпті ең жоғары дамыған елдер халықтарының ауызша тілінде жеке сөз тіркестері жазба тілге қарағанда өте қысқа болып келеді. ХХ ғасырдың басында бір белгілі ғалым - лингвист Германиядағы бір кирханың сөздік қорын зерттеп, бір жыл ішіндегі олардың әртүрлі тіршілік жағдайларында пайдаланатын сөздерінің жалпы саны 400-ден аспайтынын анықтады.

Адамдарда түсінікті  сөз сөйлеудің қалыптасуы адамды жануарлардан ажыратудың негізгі де шешуші үрдіс болды. Өйткені, сөздің пайда болуының нәтижесінде  жануарларда жоқ түрлі функцияларды атқаратын адам миының үлкен жарты шарлары түбегейлі өзгерді. Бас миының әрбір жарты шарларының ерекшеленіп мамандануы жөнінде көптеген ғалымдар, америкалық нейрофизиологтар Р.У.Спери, Дж.Е.Боген, және М.С.Газзанигалар қыруар ғылыми жұмыстар жасады. Ең алдымен адамның сол көзі мидың оң жарты шарымен, ал оң көзі сол жарты шармен байланысты екендігі дәлелденді. Осыған қоса сол жақ жарты шар рационалдық қызметке де жауап беретіндігі анықталды. Ол есептеу, сөз сөйлеу, ережелер мен түрлі үрдістерді есте сақтаумен тікелей байланысты. Оң жақ жарты шар эмоцияларды басқарады. Ол дыбыстар, музыка, ерлер мен әйелдер дауыстарын ажырата білуге мүмкіндік береді. Осы екі жартышарлардың бірі зақымданған жағдайларда бұндай адамдардың екеуі бір-бірінен тіпті өзгеше екі түрлі болмыстағы индивид болып көрінеді.

Мидың үлкен жартышарларының  функционалдық ерекшеленуі тұқым  қуаламайды және адамның жаңа туылған  кезінде байқалмайды. Алайда кейбір ғалымдардың пікірінше, адамның тез сөйлеп үйрену қабілетін қамтамасыз ететін тұқым қуалайтын механизмдер болуы мүмкін. Жануарлар миының үлкен жарты шарларының қабығы функционалдық жағынан жіктелмеген. Кейбір ғалымдар, адам мен жануарлар арасында тек сандық ерекшеліктер ғана бар деп тұжырымдайды. Дегенмен, бұл пікірді жоққа шығаратын фактілердің бірі маймылдарды сөйлеуге үйретудің ешқандай оң нәтиже бермегендігі. Жануарлар шығаратын түрлі дыбыстар тек қана белгілі бір хабарды ғана білдіріп, мидың қабық асты бөлігі арқылы басқарылады. лкен жарты шарларының қабығы алынып тасталынуы бұл қасиетке ешқандай әсер етпейді.

Бірақ ғалымдардың көпшілігі  адамда сөйлеу қасиетіне жауап беретін  тұқым қуалаушылық механизмдердің бар екендігі жөніндегі пікірге қарсы. Бұл түсінікті де, себебі, тіл- эволюция нәтижесінде пайда болған және әлеуметтік қарым-қатынастар арқасында дамыған құбылыс. Оның үстіне, сөйлеу мен ойлау үрдістері  эволюциясының негізгі факторларының бірі адамның әлеуметтік-еліктеу қабілеті деп саналады. Еліктеу мен ойлау қабілетінің негіздері адамның  балалық шағында (5-6 жасында) қалыптасады. Бұдан кейінгі кезеңдерде қалыптасып біткен адам баласынан толыққанды қоғам мүшесін жасау өте қиын. Бұған аңдар арасында өскен балалар туралы мысалдар дәлел бола алады. Сәби кездерінде аңдар арасында өскен балалар (Мауглидің әдеби прототипі), кейіннен адамзат қоғамында ары қарай тәрбиеленгенмен, сөйлеуді де, тіпті дұрыс жүруді де үйрене алмады. Маугли қасқырлардың интеллектуалдық деңгейінде қалып қояды. Екінші бір адам баласы (Тарзан) маймылдар арасында өсіп кейін сөйлеуді де, адам сияқты жүруді де үйрене алмаған. Сондықтан, адам туралы қазіргі заманғы мәліметтерге сүйене отырып, тіл мен ойлаудың негізі адамның әлеуметтік-еліктеуші қызметі деуге болады.

Тіл қарым-қатынас түрі ретінде адамның биологиялық  эволюциясын жылдамдатқан шешуші фактор болды. Оның әсері денені тік ұстау  факторынан да маңызды болып саналады. Тілсіз эволюцияда аса маңызды жетістіктердің таралуы өте жай болған болар  еді. Барлық әлеуметтік жүйелер бір – бірімен хабарлау арқылы байланысады. Тіл жан-жақты байытылған ондаған ғасырлық тәжірибенің - дін, философия, ғылым, өнер және де басқа түйсік формаларының шынайы ағымы болып табылады. Бірақ бұл тәжірибе барлық тірі жүйелерге тән тұқым қуалаушылық механизмдер арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілмейді. Ол - алмасып отырған адам баласы ұрпақтарының жасаған капиталы мен өндіргіш күштерінің капиталы ретінде тұқым қуалау үрдісінде сақталады.

Қазіргі кезде, көпшілік мойындаған көзқарас бойынша, алғашқы қауымдық қоғамдағы тілдің жағдайы алғашқы қауымдық лингвистикалық үздіксіздік арқылы сипатталады. Бұндай жағдай алғашқы қауымдағы төменгі аң аулаушылар, балық аулаушылар, т.б. қоғамдарында байқалып, әсіресе Австралия аборигендерінде жақсы зерттелді. Оларда толып жатқан тілдер мен олардың варианттары – диалектілер көп болды. Егер бір-бірінен салыстырмалы түрде алыс тұрған тілдер бірқатар ерекшеліктері арқылы ажыратылса,  ал көршілес тілдер өзара түсінушілік жағынан бір-біріне жақын болды. Бұл жерде ерекше бір спектр бар сияқты: ондағы бояулар түрліше болғанымен, дискретті емес, бірі екіншісіне біртіндеп ауысып отырады. Бұндай жағдай бастапқы тілдердің жіктелуіне ғана емес, түйісу аймақтарындағы бір-бірімен өзара әсер етулеріне байланысты қалыптасты. Бұл өзара әсерлерде топ аралық байланыстардың  рөлі де ерекше болды.

Алғашқы тілдің негізгі  жиынтықтары төмендегідей болған деген  жорамалдар бар. Евразияның, сондай ақ Солтүстік және Шығыс Африканың  жекелеген аймақтарындағы тілдердің  көп бөлігінің Алдыңғы Азияның орталығының ностратикалық жиынтығы болды. Азияның қалған территориясында Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияның орталық бөлігімен сино - тибет және аустриялық жиынтықтарын құрайды деп жорамалдайды; екінші бір гипотеза бойынша, аустриялық жиынтық басқа бірнеше жиынтықтардан құралған. Тропикалық Африкада Ніл мен Нигер аралығындағы орталықтан құралған конго - сахара немесе зинджа жиынтығы қалыптасқан. Австралияда ортақ бағы тілдік жағдай болғаны анықталған, бірақ оның сыртқы неден көзі құралғаны ғылымға белгісіз. Америкада кейбір индей бағы тілдердің көне әлем тіл жиынтықтарымен байланысы жөнінде пікірлер бар.

Әдетте, тіл бойынша  жалпылық, этникалық жалпылықтармен, яғни ортақ мәдениеттегі (тілді де есептегенде) адамдар жиынтығымен  байланысты.

Тіл - ұлттың қасиеті, қарым-қатынас құралы. Бүгінгі таңда үш мыңнан аса тіл бар. Бірақ техника мен байланыс құралдарының дамуына байланысты тілдер арасындағы шектер жіңішкеріп бара жатыр деуге болады. Қазірдің өзінде әрбір ұлттың тілінде “бөтен” сөздер өте көп. Ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерімен бірге әлемде жаңа терминдер көптеп пайда болып, ұлттар арасындағы сөздік алмасулар көбейіп отыр. Келешектегі адамзат қоғамында әлемдік цивилизацияда негізгі болып саналатын ұлттардың тілі негізінде құралған бір немесе бірнеше тіл болуы мүмкін. Мүмкін олар ағылшын, испан, қытай, урду және хинди тілдері болуы мүмкін.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Горелов А.А. Концепции современного естествознания. Москва: Центр, 1997, 208 б.
  2. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов, Под ред. проф. В.Н.Лавриненко, проф. П.Ратникова. –М.: Культура и спорт, ЮНЙТИ, 1997, -271 б.
  3. Мукашев З.А. Концепции современного естествознания: курс лекций. Алматы: ВШП Әділет, 1998, 150 б.
  4. Потеев М.И. Концепции современного естествознания – СПб.: изд-во «Питер , 1999. –352 б.
  5. Рузавин Г.И. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1999, -288 б.
  6. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М.: Высш школа.: 1990
  7. Андреев И.Л. Происхождение человека и общества. – М.: Мысль, 1982.
  8. Будыко М.И., Голицын Г.С., Израэль Ю.А. Глобальные климатические катастрофы.-М.: Гидрометеоиздат, 1986.
  9. Вернадский В.И. Биосфера. Различные издания.
  10. ВладимирскийБ.М., Кисловский Л.Д. Космические воздействия и эволюция биосферы. – М.: Знание, 1986.
  11. Газенко О.Г., Пестов И.Д., Макаров В.И. Человечество и космос. – М.: Наука, 1987.
  12. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. Л.: Наука, 1990.
  13. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Различные издания.
  14. Дикерсон Е.Р. Химическая эволюция и происхождение жизни. 103 б.
  15. Ивахненко М.Ф., Корабельников В.А. Живое вещество Земли. М. 1987.
  16. Каратаев О.Г. Проблемы электромагнитной совместимости. –М.: Знание, 1988.
  17. Кендрью Дж. Нить жизни. М., 1968.
  18. Костицын В.А. Эволюция атмосферы, биосферы и климата. М. 1984.
  19. Крывелев И.А. История религий : Очерки в 2 т. М.: Мысль, 1988.
  20. Кун Т. Структура научных исследований. М., 1975.
  21. Майр Э. Эволюция. М., 1981.
  22. Матюшин Г.Н. У истоков человечества. –М.: Мысль, 1982.
  23. Монио А.С., Шишков Ю.А.. История климата. Л.: 1979.
  24. Неручев С.Г. Уран и жизнь в истории Земли. – Л.: Недра, 1982.
  25. Николов Т.Г. Долгий путь жихни. –М.: Мир, 1986.
  26. Новиков И.Д. Эволюция Вселенной.-М.: Наука, 1983.
  27. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории. М., 1974.
  28. Почтарев В.И. Земля- большой магнит.-Л.: Гидрометеоиздат, 1974.
  29. Пригожин И., СтенгерсИ. Время, хаос, квант. М., 1994.
  30. Реймерс Н:Ф: Пиродопользование. Словарь-справочник. М.: 1990.
  31. Семнов Ю.И. На заре человеческой истории. М.: Мысль, 1989.
  32. Сноу Ч. Две культуры. М., 1973.
  33. Станы и народы мира. Общий обзор. М.: 1978, т.1
  34. Тинберген Н. Социальное поведение животных. М., 1992.
  35. Ушаков С.А., Ясаманов Н.А. Дрейф материков и климаты Земли. М. 1984
  36. Чижевский А.Л. Эхо солнечных бурь.
  37. Филиппов Е.М. Вселенная, Земля, жизнь. –Киев: Наукова думка, 1983
  38. Филиппов Е.М. Ядра, излучение, геология. – Киев: Наукова думка. 1984
  39. Филиппов Е.М. О развитии Земли и биосферы. – М.: Знание, 1990. 48 б.(Новое в жизни, науке, технике. Сер. «Науки о Землең; б.5
  40. ФлинтР.Ф. История Земли. М. 1978.
  41. Эйнштейн А., Инфельд Л. Эволюция физики. М., 1965.

 

Р.А. Мирзадинов Жаратылыстану концепциялары шығармасынан


Информация о работе Тіршілік эволюциясы