Тұрақты даму концепциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 19:41, реферат

Описание работы

«Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы.
«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыт мұқтаждығын қанағаттандыратын және келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын даму түрі (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987 ж). Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 34.74 Кб (Скачать)

Практикалық сабақ 8

 

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы.

 

1.«Тұрақты  даму» түсінігінің туындау тарихы.

 «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыт мұқтаждығын қанағаттандыратын және келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын даму түрі (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987 ж). Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жою.

Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі  міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:

Қоршаған  ортаның сапасын тұрақтандыру;

Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;

Табиғи қорларды теңестірілген  пайдалану негіздерін қалау .

«Тұрақты даму» термині алғашында  табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану  кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану  жүйесін білдіретін.

 

2.Рим клубы, Медоуздың (Өсу  шектері, 1972) және Форрестердің (Әлемдік  динамика, Әлемдік экономика 1972), Мессерович пен Пестельдің (Адамзат  бұрылыс шегінде) еңбектері. 

Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бас тама болған. Рим клубының мүшелері таяу болашақты болжауды және әлемдік қауымдастықты ғаламдық экологиялық-экономикалық қауіптің алдын алу қажеттігін мойындатуды өздеріне мақсат тұтты. Сонымен қатар әлеуметтік экологияның ғылым ретінде қалыптасуы орын алды. Әлеуметтік экология экотехника, экодаму, экологиялық тәрбие, экологиялық сана, экологиялық мәдениет, т.б. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік экология ғаламдық қауіптің алдын алатын ғылым саласы.

1971 ж Американдық ғалым Дж.Форрестер  Әлемдік динамика, Әлемдік экономика  еңбектерін ұсынды. Әлемдік экономика кітабында көпқұрамды ғаламдық процестердің болашағы дамушы ұқсатушы модельдермен берілген.

Әлемдік динамика кітабында  әлемдік дамудың мүмкін нұсқалары  туралы есптеу нәтижелері келтірілді.

1972 жылы Рим клубының алғашқы  баяндамасы "Өсу шегі" жарияланды. Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің Тұрақты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі, тоқырау мерзімінің жақын қалғандығы, апатты жағдайлардың орын алатындығы көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жа бу басталды.

Бірақ осы еңбектердің  ешқайсысында экологиялық – экономикалық компоненттер және биосферадағы көптеген факторлар, әлемнің ала-құлалығы жеткілікті ескерілмеді. Сондықтан Рим клубының М.Месерович пен Э.Пестельдің басшылығымен орындалған келесі еңбегі Адамзат бұрылыс шегінде экономикалық даму мен экологиялық жағдай болжамдарында әлемді экономикалық жағдайына байланысты аймақтарға бөлу арқылы ғаламдық мәселелерінің қарқындылығына қарай шара қолдануды ұсынды.

3.БҰҰ қоршаған  ортаға қатысты бірінші конференциясының  декларациясы. (Стокгольм 1972), Рио-де-Жанейро 1992

1992 ж. 3-14 маусым аралығында Рио-де-Женейрода БҰҰ қоршаған орта және даму туралы конференциясы (КОСР—92) өтті. Оған 179 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері және сарапшылар, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес үйымдардың өкілдері, ғалымдар және кәсіпкерлер қатысты. Конференцияда «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Тұрақты даму үшін адам қамын ойлау, адамның табиғатпен үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір сүруге құқықтылығын көрсету оның қарастыратын талап-мүдделерінің өзегі болып табылады.

КОСР-92 ашылғанға дейін әлемде үлкен  өзгерістер болды. 20 жыл бұрын Стокгольмде  аталған ғаламдық қауіпті құбылыстар бірнеше есе күшейді. Адамзат  Чернобыль оқиғасын басынан өткізді, Ұлы державалардың әскери текетіресі аяқталды, қарусыздану мен әскери бюджетті қысқартудың нақты мүмкіндігі пайда болды. Тағдырдың тәлкегімен тоталитарлық жүйенің ыдырап, қоғамда  сондай тез тарихи бетбұрыс болатынын  ешкім болжай алған жоқ.

Жаңа  тарихи жағдайда шекаралардың ашықтығы қалың буқараның ақпараттануы, әлемдік  демократияның өсуі адамдар мен  елдердің экономикалық теңсіздігінің, олардың планетамыздың ресурстарын  пайдалануға қатысуының өткір қайшылықтары айқын болды. Конференцияда «суық  соғыстың» аяқталуы одан ауыр бай  елдер мен кедей елдер арасындағы соғыстың бастамасы болса, аса ауыр қасіретке әкелу мүмкіндігі айтылды.

Сондықтан КОСР-92 ортақ идея ретінде төмендегі  айқын жорамалдарды ұсынды:

- тұрақты даму және әділетті  әлем жолында, әсіресе дамыған  елдер тарапынан ымыра мен  құрбандық сөзсіз болады;

- дамушы елдердің игілікке дамыған  елдердің бақуаттыққа жеткен  жолымен жүруі мұмкін емес;

- әлемдік қауымдастық ұзақ мерзімдік  тұрақты даму жолына түсуі  керек;

- осы жолға түсудің сөзсіз қажеттілігін  барлық елдерде қоғамның әрбір  топтарының түсінуі және оған  мейлінше жағдай туғызу талаптарын  орындауы қажет.

Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Оның ішінде:

- қоршаған орта және даму жөнінде Рио ресми мәлімдемесі;

- барлық түрдегі ормандарды қорғау  және ұдайы өсіруді басқару жөнінде әлемдік ауызбірлік принциптері туралы мәлімдеме;

- XXI ғасырдың Күн тәртібі — таяу болашақтың экология-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастықты әзірлеуге бағытталған құжат;

- климаттың өзгеруі және биологиялық  әртүрлілік туралы Рамалық конвенция  әзірленді. Конференцияның барлық  құжаттарының өзегі — тұрақты  даму тұжырымдамасы.

Соның ішінде әсіресе Рамалық конвенция  мен XXI ғасырдың Күн тәртібінің маңызы аса зор болды.

Конференция Климаттың өзгеру мәселесін көтерді  және оны шешу қажеттігін мойындады. Рамалық конвенция 1994 ж. күшіне енді және 150 астам елде бекітілді. Конвенцияның мақсаты — атмосферада парник газдарының шоғырлануын климаттық  жүйеге қауіпті антропогендік әсер болдырмайтын, табиғи экожүйелердің  климаттық өзгеруіне бейімделуін  жеткілікті мерзімде, халықты азықпен  қамтамасыз етуге қауіп төндірмейтін және тұрақты негізде экономикалық өсімді қамтамасыз ететін дәрежеде тұрақтандыру.

Климаттың өзгеруі ғаламдық мәселе екені даусыз, оның салдары барлық елдерге, әр адамға ортақ. Біздің әрқайсымыз және барлығымыз бұл мәселені тудыруға себепші болдық. Сондықтан мәселені барлығымыз бірігіп  шешуіміз керек. Ал ол өз кезегінде  ғаламдық күштердің және әлемдік  ынтымақтастықты талап етеді.

4.Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті.

XXI ғасыр күн  тәртібі баяндалған ұсыныстар  БҰҰ халықты орналастыру, әлеуметтік  даму, қалалар және азық-түлік  қауіпсіздігі бойынша бірнеше  ірі конференцияларында, атап айтқанда  2002 жылы Йоханесбургте өткен Әлемдік орнықты даму бойынша саммитте толықтырылды және жетілдірілді.

Орнықты  даму планетаның барлық тұрғындарының өмір сапасын арттыруды, табиғи ресурстарды пайдалану көлемін Жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіншіліктерінен аспайтын шектен арттырмауды болжайды. Орнықты даму өмір салтын қалыптастыру бойынша күш салу үш басты саладағы қызметке кещенді әдісті қоладануды болжайды:

Экономикалық  өсім және әділеттілік – ұзақ мерзімді экономиклық өсімді ынталандыруда  кешенді әдістерді қолдану.

Табиғи ресурстарды  сақтау және қоршаған ортаны қорғау –  ресурстарды тұтынудың азайту проблемаларын  экономикалық тұрғыда қабылданатын шешімдерін іздеу, қоршаған ортаны ластауды тоқтату және өмір сүру ортасын сақтау.

Әлеуметтік  даму  – адамдарды жұмыс орындары, азық-түлік, білім, энергия, медициналық көмек, су, және санитария қажеттіктерін қанағаттандыру; бай мәдени және әлеуметтік әрікелкілікке деген ұқыпты қарау және еңбеккерлер құқықтарын сақтау; қоғамның барлық мүшелерінің олардың одан арғы тағдырына әсер ететін шешімдердің қабылдануына қатысу мүмкіншілігімен қамтамасыз ету.

 

5.Еуропа қалаларының тұрақты  даму хартиясы (Ольборг, Дания  1994). Қала тұрғысында даму 

Орнықты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалардың орнықты дамуы бойынша Еуропалық конференцияда   атап өтілді, онда «Орнықты даму үшін Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы)» қабылданды. Бұл құжатта «әрбір қала басқа қалаға ұқсас емес болғандықтан, біз бәріміз орнықты дамуға апаратын өз  жолымызды табуымыз керек. Жергілікті саясаттың барлық бағыттарында орнықтылықтың принциптеріне негізделген жөн және әрбір нақты қаланың күшті жақтарына сүйене отырып жергілікті орнықты даму стратегияларын әзірлеу керек» делінген [3]. 1994 жылғы маусымда өткізілген  Екінші «Қалалар және орнықты даму» проблематикасы бойынша әлемдік самитте (Манчестер, Ұлыбритания) көлік, кедейшілікті жеңу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қаржы және ресурстарды бөлу міндеттерімен  байланысты қалалардың орнықты даму бағыттары талқыланды. Әлем қауымдастығының берілген проблематикаға назар аударуының нәтижесі  БҰҰ елді мекендер орталығы қолдайтын «Қалалардың орнықты дамуы» арнайы бағдарламасының пайда болуы болып табылады.  Бұл бағдарламада әлемнің  80 астам елдері қатысады.

БҰҰ анықтамасы бойынша «орнықты қала, онда қоғамдық, экономикалық және физикалық дамудағы жетістіктер тұрақты болып табылады. Орнықты қала, орнықты дамуы тәуелді болатын  табиғи қазбалармен тұрақты қамтамасыз етілген. Орнықты қала тұрғындарының қауіпсіздігін, соның ішінде табиғи аппаттардан да ұзақ мерзім бойында сақтайды.». Басқа сөздермен айтқанда, қаланың орнықты дамуы оның халқының қауіпсіздігін және жоғарғы өмір сапасын қамтамасыз етеді.

 Орнықты даму стратегиясы аясында қалалық деңгейде әртүрі қызмет салаларындағы, жекелеген аудандарғы проблемалар шешіледі.

Орнықты даму бағдарымен жүріп келе жатқан әлемнің барлық қалаларында онда миссия және/немесе қаланың көруі, орта немесе ұзақ мерзімді перспективаға анықталатын  қаланың тіршілігінің  барлық негізгі салаларын дамытудың жалпы тұжырымдамасы айқындалатын стратегияларды (стратегиялық жоспарларды) әзірлеу тәжірибесі қабылданған. Мұнымен бірге, қаланың жалпы жағдайының  ерекшелігі ескеріледі.

Орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың мысалдары:

  • «Оттава - 2020» Өсуді басқару стратегиясы
  • 2. Канберра – 30 жылға арналған қаланы дамыту жоспары, үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады   – Әлеуметтік жоспар, Аумақтық жоспар және Экономикалық даму жоспары
  • 3.2006 жылға дейінгі Праганы дамытудың стратегиялық жоспары
  • 4. Мельбурнды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары
  • 5. Софияның 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы.
  • Әлемнің  кейбір қалаларындағы онықты дамуды қамтамсыз ету бойынша жобаларды іске асыру мысалдары .

 

6.Тұрақты даму факторлары немесе аспектілері:

  • Халық және тұрақтылық;
  • Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту;
  • Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация);
  • Атмосфераны қорғау;
  • Ормандарды жоюмен күрес;
  • Шөлдену мен құрғақшылықпен күрес;
  • Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;
  • Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;
  • Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру;
  • Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою;
  • Радиоактивті қалдықтарды жою;
  • Балалар мен жасатардың тұрақты дамудағы ролі;
  • Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру
  1. Экологиялық (өркениет дамуының шекаралық ауқымы),
  1. Экономикалық (нарықтық жүйенің қалыптасуы),
  2. Әлеуметтік (ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография) Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

      Бұл мәселелерді кешенді ғылыми  тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін  экология, экономика және әлуметтік  дамудың барлық негізгі топтарын  біртұтас кешен түрінде қарастыру  қажет.

       БҰҰ-ның конференциясы барлық  елдердің үкіметтерін тұрақты  дамудың ұлттық концепцияларын  қабылдауға шақырады.

        Қазақстан Республикасының Үкіметі  ұсынған «Қазақстан Республикасының  тұрақты дамуға көшу концепциясы»  бекітілді. Республиканың экологиялық  саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге бағытталған.

Информация о работе Тұрақты даму концепциясы