Қазақстан металлургиясының кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 10:41, курсовая работа

Описание работы

Еліміздің экономикасында тау-кен саласының алатын орны ерекше. Өйткені, біздің республикамыз шикізаттар абсолюттік қорлары бойынша, оның әр адам басына шаққанда өндіруі бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Мұнда дүние жүзіндегі вольфрам қорларының 50 пайызы, уран мен хром кендерінің 25 пайызы, мырыштың 19 пайызы шоғырланған. Басқа металдардың да қоры өте жоғары.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………….3
І БӨЛІМ
Қазақстан металлургия өнеркәсібі…………………………….4
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тарихы………………….5
ІІ БӨЛІМ. Өндіріс технологиясы
2.1 Уран өндірісі…………………………………………………….8
2.2 Бериллий өндірісі………………………………………………10
2.3 Тантал өндірісі………………………………………………….11
ІІІ БӨЛІМ
3.1 Орталық ғылыми – зерттеу зертханасы (ОҒЗЗ)………………..12
3.2 MS Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді
өңдеу………………………………………………………………...14
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….. 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………..20

Работа содержит 1 файл

Курсовой.docx

— 799.49 Кб (Скачать)

Диаграмманы безендіру. Диаграма шеберінің  үшінші сатысы ( Ары қарай батырмасын шерту арқылы алынады ) диаграмманы  безендіруден тұрады. Диаграмма шебері терезесінің қыстырмларына төмендегі  параметрлер енгізіледі:

  • диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары қыстырмасында);
  • коордиаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);
  • координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар қыстырмасында);
  • тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама қыстырмасында);
  • графиктің элементердің жеке мәліметтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу ( Мәліметтер қолтаңбасы қыстырмасында );
  • графикті тұрғызуда пайдалынылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету ( Мәліметтер кестесі қыстырмасында);

Диаграмманы орналастыру.  Ары қарай (Далее) батырмасын басу арқылы Диаграмма  шеберінің соңғы сатысына көшеміз. Бұл терезеде диаграмманы жаңа параққа  немесе бұрынғы  жұмыс парақтарынң  біреуіне орналастыратынымыз жайлы  сәйкес өрістердің біреуіне жауап бреміз. Дайын (готово) батырмасын шертіп, өзіміз көрсеткен парақта орналасқан дайын диаграмманы аламыз.

Диаграмманы редакциялау. Дайын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесідей  элементердің жиынтығынан тұрады: тақырыбы, тақырыптық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу  аймағы, маркерлер, сандық мәліметер  және т.б. Диаграмманың кез-келген  элементін  тышқанның көмегімен ерекшелеп  алып,  параметрлерін өзгертуге  болады. Пішім (Формат) командасының көмегімен  ашылған терезеде диаграман пішімдеуге болады. Диаграманы өшіру үшін Delete пернесін басамыз немесе диаграмма орналасқан парағын алып тастау керек (Түзету (Правка) > Тазарту (Очистка)).

 

 

 

 

«Үлбі металлургиялық зауыт» орналасқан ауданның атмосфера  ауасыныңа ластануы туралы мәліметтер 

 

 

 

 

 

Уранның құрамындағы  қоспалардың максималды үлесі

 

 

Бериллийдің  салмақтық үлесі (Ве),  кемінде  99,5 %. Химиялық құрамы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанның  кен орындарының бір ерекшелігі – олардың құрамында сирек, асыл, өте құнды металдар көп. Сондықтан  минералды шикізатты толық әрі  кешенді пайдалану біздің кәсіпорындардың  бәсекеге қабілеттілігін жоғарғы деңгейге көтеретін анық жол. Осыған орай, кен  құрамындағы барлық пайдалы компоненттерді тауар ретінде толық бөліп  алуды қамтамасыз ететін жаңа техноло­гияларды, процестер мен техникалық құралдарды жасауға және енгізуге бағытталған ғылыми, қолданба жұмыстарды жеделдету өзекті мәселе.

Шикізатты белсенді өндірудің қармағынан шығу үшін тау-кен металлургия саласында  екі үлкен мәселені мемлекет деңгейінде шешу қажет. Алғашқысы – минералды  шикізатты толықтай және кешенді  пайдалану. Екінші мәселе – қосымша  құндылығы жоғары өнімді шығаруға тезірек  көшу.

Бірінші проблеманы шешу жолдары белгілі. Ол жанама пайдалы компоненттерді бөліп  алу жолын қажетті деңгейге көтеру. Сонда оларды сатудан түскен пайда  шикізат өнімінің үлкен көлемдегі  табысын қамтамасыз етеді. Еске сала кететін бір жәйт, соңғы 15-20 жылдың ішінде кен-металлургиялық кәсіпорындардың  көбінде жанама пайдалы компоненттер (платина, алтын, палладий, рений т.б.) шикізаттан ойдағыдай бөлініп алынбай  келеді. Олар байыту және металлургия  өндірісінің қал­дықтарымен бірге  үйіндіге кетіп жатыр. Ал сирек элементтердің  құны (1 кг, 1т) негізгі металдар (мыс, мырыш, қорғасын) құнынан 1000 еседен де жоғары. Сон­дықтан аталған жанама элементтерді бөліп алатын кәсіпорындарды қосымша ұлғайту, нығайту, олардың  технологиясын жаңғырту, өңдеу тиімділігін  арттыру ең қажетті мәселе.

Қорыта  келгенде, минералды шикізатты өңдеудің техникалық құралдары мен технологияларының  оның табиғи қасиеттері мен технологиялық  сипаттамаларына толық сәйкестендіріп таңдағанда аталған күрделі проблема шешуін табады. Ол үшін, ең алдымен, минералды  шикізатты өңдеудің әрбір кезеңінде  арнаулы ғылы­ми-зерттеу және өлшеу  жұмыстарын жүргізу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. "Қазақ энциклопедиясы",5 том
  2. Ulba.kz ресми сайты
  3. Общая металлургия. Воскобойников В.Г., Кудрин В.А., Якушев А.М.
  4. Обогащение урана. Виллани С.
  5. Тау-кен кәсiпорнының ауатанымы. Жайсаңбай Н. Алматы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан металлургиясының кешені