Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 15:35, реферат
Сыртқы сауда– елдер арасындағы сауда. Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы сауда
Сыртқы сауда– елдер арасындағы сауда. Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады.
Дүниежүзілік экономиканы құрайтын қлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халыкаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.
Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі — сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халыкаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халыкаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-каржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты камтиды.
Сыртқы тауар саудасы
Елдер арасындағы экономикалық, қарым-қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүниежүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған Еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері арасындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетін тауар түрлері әкелініп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жолы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахара арқылы өтетін сауда маршрутын жасады; бұл жол Арабияны Солтүстік Африкамен, одан әрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.
Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. XX ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50%-ға жетсе, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 20%-ды құрады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті.
Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.
XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы, жөнінен де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік керсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Қытайдың сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие.
Сыртқы сауданы халыкаралық
дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы Тарифтер
мен сауда жөніндегі Бас
Қазақстанның сыртқы саудасы
2008 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын кұрады. Оның 65%-ы экспортка тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие офф-шорлық зоналардыңүлесі артуда. Өйткені Қазақстаннан мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген.. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық қцрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байла- нысты едөуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім — мүнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртка сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше осы уакыт аралыгында кемірді сыртка сату көлемі екі еседей кысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік күралдарын сатып алуға жүмсалған каржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге кыскарды. Қазакстанның сырткы саудасының тауарлық құрылымы 50-сызбанүсқада көрсетілген. Сонымен, дцниежцзілік сыртқы сауда — халықаралың географиялық еңбек бөлінісі негізінде ірлттық шаруашылыцтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы курделі жуйенің қурамдас бөлігі болып табылады.
Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен принциптерi
1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары: 1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту; 2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу; 4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi: 1) сауда қызметiне қатысушылар құқықтарының теңдiгi;2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы; 3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау; 4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау; 5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету; 6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi; 7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi; 8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеудiң нысандары мен әдiстерi
1. Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеудiң нысандары:
1) сауда қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өту шарттарын айқындау;
3) сауда қызметiн дамытуға ынталандыру;
4) сауда қызметi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау;
5) сертификаттау болып табылады.
2. Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу әдiстерi:
1) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу;
2) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу;
3) тарифтiк квоталарды қолдану;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тауарлар сатуды тоқтата түру және (немесе) оларды сатуға тыйым салу;
5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шаралар қолдану;
6) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.
Сауданың өзге түрлерi
Аукциондық сауда
1. Тауарларды сату жөнiндегi аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Тауардың бастапқы бағасы
2. Аукциондық сауда жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
Комиссиялық сауда
Комиссиялық
сауда Қазақстан
Тапсырыс бойынша сауда
1. Тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн.
2. Тапсырыс бойынша сауда осы қызмет субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе почта тапсырысы бойынша тапсырыс беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
3. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөнiндегi қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртiбi, жеткiзу мерзiмi шартпен айқындалады.
4. Тауарды елдi мекен шегiнде жеткiзу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткiзу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады.
5. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.
Шекара маңындағы сауда
1. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен шектес мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттармен белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.
Көшпелi сауда
1. Көшпелi сауда тиiстi аумақта жоқ тауарларға қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Сауда қызметiнiң субъектiлерi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген арнайы бөлiнген орындарда жүзеге асырады.
3. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда жүзеге асырылады.
Көрме-жәрмеңкелiк сауда
1. Көрме-жәрмеңкелiк
сауда уәкiлеттi органның немесе
республикалық маңызы бар
2. Сауда қызметi субъектiлерiнiң қоғамдық орындарда көрме-жәрмеңкелiк сауда өткiзуi тиiстi аумақтың республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарымен сауданы өткiзу уақытын және өткiзiлетiн жерiн келiсу арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық сауда
1. Электрондық
сауда оған қатысушылардың
2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау сауда қызметiнiң субъектiлерi үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес айқындалады.