Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 13:27, реферат
Мата дегеніміз көлденең (арқау) және тік (желіс) жіптерінің жүйесінің өзара айқасу нәтижесінде құралған материал. Айқаспа желіс және арқау жіптерінің өзара орналасу, байлынысу тәртібін анықтайды. Айқаспаның графикалық суреттемесі мата суреттемесі деп аталады. Матадағы тік қатар желіс жіптерінен ал көлденең қатар арқау арқау жіптерінен. Айқаспаның рапорты дегеніміз айқаспаның толық бетінен сурет құрайтын жіптердің саны болып табылады. Желіс бойынша рапорты R0 ал арқау бойынша рапорты Ry болып белгіленеді.
Мата дегеніміз көлденең (арқау) және тік (желіс) жіптерінің жүйесінің өзара айқасу нәтижесінде құралған материал. Айқаспа желіс және арқау жіптерінің өзара орналасу, байлынысу тәртібін анықтайды. Айқаспаның графикалық суреттемесі мата суреттемесі деп аталады. Матадағы тік қатар желіс жіптерінен ал көлденең қатар арқау арқау жіптерінен. Айқаспаның рапорты дегеніміз айқаспаның толық бетінен сурет құрайтын жіптердің саны болып табылады. Желіс бойынша рапорты R0 ал арқау бойынша рапорты Ry болып белгіленеді.
Жіптің оң бетінен сол жақ бетіне ауысу участігін немесе теріс бетінен оң жақ бетіне көшуін байланыстырушы деп атайды. Айқаспаның өрнегін график түрінде белгілейді, графикте әрбір горизонтальді қатарды, арқау жібі белгілейді. Желіс және арқау жіптердің қалыңдығын біркелкі деп қабылдайды.
Матаның құрылымының негізгі сипаттамасы желіс және арқау жіптерінің өзара орналасуын, байланысуын анықтайды. Сондықтан матаның түрі мен қасиетін анықтайтын өрімнің, байланысуын анықтайды. Сондықтан матаның түрі мен қасиетін анықтайтын өрімнің түрі болып табылады. Матадағы өрімнің тоқылып біткен өрнегін немесе суретін рапорт деп атайды.
Рапорт – сол өрнекті құрайтын жіптің санымен анықтайды. Матада желісі бойынша рапорты Rж немесе Rо деп және арқауы бойынша рапорты Rа немесеRу деп белгілейді. Матада өрімнің түріне байланысты желіс және арқау жіптері біріне бірі өзара жауап орналасады. Оң жақ бетінен теріс жақ бетіне немесе теріс жақ бетінен оң бетіне өтетін әрбір участок байланыстыруша алаң дейді.
Өрімнің түріне байланысты маталар келесідей кластарға бөлінеді:
Негізгі өрімдерден өндірілген маталар – жоғарғы беті тегіс, біртекті өрнек болып келеді.
Ұсақ өрнекті қрімдерден өндірілген маталар – тегіс өрімдерді өиыстыру, күрделендіру және тегіс өрімнің түрін өзгерту арқылы алынады. Бұл маталар ұсақ фигуралы өрнектерден тұрады.
Күрделі өрімді маталар – бұл маталар желіс және арқау жіптерінің жүйелерінен құралады.
Ірі өрнекті немесе жакардты өрімдерден өндірілген маталар – бұлар әртүрлі ірі өрнектермен сипатталынады.
Тоқыманың айқаспа түрлері
Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, бетінің жылтыры негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылығына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына және т.б. қасиеттеріне әсер етеді. Күрделілігіне қарай тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: жай (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.
Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазғасалғандатордың тік қатарын желінің жібі деп, көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (желі және арқау) қиылысы болады да жапқыш деп аталады, суретте ол көз боялады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса – арқау жапқыш деп аталады да, боялмай ақ болып қалады.
Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды.
Әрбір тоқыма айқасуында желі
бойынша және арқау бойынша раппорттар
болады. Желі бойынша раппорт –
айқаспаның өрнегін түзетін желі
жіптердің саны. Арқау бойынша
раппорт – айқаспаның өрнегін
түзетін арқау жіптердің саны.
Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт
әдетте қиылысқанда тік бұрыш
не квадрат жасайтын сызықтарының төменгі
сол жақ бұрышта белгіленеді.
Кездемелі айқаспада. Желіс және арқау жібінің рапорты R0=2, Rg =2
Саржалы айқаспада кездеменің бетінде диагональді жопақтар құралады. Саржалы айқаспада рапорты R>3. Сар жайқаспасы бөлшек арқылы белгіленеді.
Атпасты айқаспада рапорты R>5 атпосты айқаспаның оң жақ беті негізгі жіптерден құралады. Ап сатинды айқаспада матаның оң жақ беті арқау жіптерінен құралады. Бұл айқаспаның кемшілігі жіптердің төгілуі болып табылады.
Ұсақ өрнекті айқаспалар
– бұлар жай қарапайым
1. Қарапайым (тегіс) айқаспалар
Қарапайым айқасулар түрлері:
жаймалық, саржалық, атлас-сәтендік. Барлық
тегіс айқаспалардың
Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда желі мен арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына желі жіп (н) және арқау (жіптер бойынша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Желі және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең. Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді.
Саржалық айқаспа маталарының ерекшелігі – сызықтар матаның диагоналін бойлай кетеді (саржа, кашемир, шотландка және т.б.). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді.
Сәтенді және атласты айқаспаларда
маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы
болады, сондықтан да олардың оң
беті тегіс және жылтыр. Сәтеннің оң
бетінде арқау жіптері, ал атласта
желі жіптері басым. Сәтендік және атластық
айқаспалардың раппортында
Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр желі жіп н төрт арқау жіпті а жабады да бір арқау жіптің астына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы желі жіптерден тұрады.
2. Майда өрнекті айқаспалар
(Ұсақ өрнекті өрімдер)
Қарапайым өрнекті күрделендіру арқылы алынған туынды айқаспалары ұсақ өрнекті өрімдер деп аталады. Бұл өрімдер туынды және қиыстырылған болып 2-ге бөлінеді. Қарапайым өрімдермен салыстырғанда ұсақ өрнекті өрімдердің желісі және арқауы бойынша рапорты әр түрлі болып келеді. Кездемелі өрімдердің туындысына репс және рогожка өрімдері жатады.
3. Күрделі айқаспалар
Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлер.
Информация о работе Бейматаларды тоқып-тігіу әдісі арқылы өндіру