Жүрекшеаралық перденің кемістігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:50, реферат

Описание работы

Жүрекшеаралық перденің кемістігі.
Жүрекше аралық перденің кемістігі - біріншілік немесе екіншілік жүрекше аралық қалқаның даму даму кемістігінен жүрекшелер аралығында тесіктің болуы. Бұл жүректің туа біткен ақауларының 10-20 % құрайды. Дамуына қарай екі түрі бар:біріншілік және екіншілік.Бұл ақауда тесіктің көлемі 2-3см-ге дейін болуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Жүрекшеаралық перденің кемістігі.doc

— 183.50 Кб (Скачать)


 

           Жүрекшеаралық перденің кемістігі.

    Жүрекше аралық перденің кемістігі - біріншілік немесе екіншілік жүрекше аралық қалқаның даму даму кемістігінен жүрекшелер аралығында тесіктің болуы. Бұл жүректің туа біткен ақауларының 10-20 % құрайды. Дамуына қарай екі түрі бар:біріншілік және екіншілік.Бұл ақауда тесіктің көлемі 2-3см-ге дейін болуы мүмкін.

    

    Гемодинамика бұзылыстары:Сол жүрекшелік қысым оң жүрекшеліктен 5-6см сын.бағ.биіктеу болғандықтан,қанның біршамасы тесіктен оң жүрекшеге өтіп тұрады. Шунт солдан оңға болғанда цианоз болмайды. Қалыптыдан артық түскен қан оң жүрекше мен оң қарыншаға және өкпе артериясына көлемдік күш түсіреді. Кіші шеңберде гиперволемия болады. Соның салдарынан оң қарынша гипертрофияланады,өкпе артериясы кеңейеді және оның сағасының салыстырмалы стенозы қалыптасады,жүре бара өкпе гипертензиясы пайда болады.

  Басында өкпе гипертензиясы өтпелі болса,біраздан кейін тамырлардың түйілуінен және склерозынан биіктеп,тұрақтыға айналады. Өкпе артериясында биіктеген қысым оң қарыншаға,содан кейін оң жүрекшеге еріксіз кері беріледі. Осыдан оң жүрекшедегі қысым сол жүрекшедегіден басым болып,қан керісінше оңнан солға ағады.Сондықтан сол жүрекшеге күш салынады. Шунт оңнан солға болған кезде цианоз пайда болады. Өкпе гипертензиясының одан әрі биіктеуі оң қарынша шамасыздығына,үш жармалы қақпақтың жетіспеушілігіне әкеледі.  Ақаудың табиғи барысындағы науқастардың өлімі осы себептен болады.

 

 

       Гемодинамикалық бұзылыстардың деңгейі келесі себептерге байланысты:

1)тесіктің аумағына;

2)тесіктен өтетін қанның көлеміне және шунттың бағытына;

3)кіші шеңбер тамырларының күйіне;

4)оң қарыншаның күйіне;

5)науқастың жасына.

 

 

 

       Клиникалық көрінісі:тесіктің көлеміне байланысты болады.

Шағымдары:ентігу,тез шаршау,жүрек қағуы,шалыс соғуы.

Қарап тексергенде: науқастардың дене бітімі әдетте нәзік,теріс боз келеді. Басында цианоз білінбейді. Акроцианоз шунт оңнан солға болғанда байқалады.

 

Пальпацияда: Жүрек ұшы түрткісінің әлсізденуі.

 

Перкуссияда:жүректің шекарасы оңға да,солға да ығысуы мүмкін.

 

 

Аускультациялық белгілері:

1.Сол жақ II,III қабырғааралықта ,өкпе артериясының салыстырмалы стенозынан болатын,систолалық шу.Шу жатқан қалыпта жақсы естіледі.

2.Оң қарыншаның гипертрофиялануынан үшжармалы қақпақтың үстінде I тонның күшеюі.

3.Өкпе артериясында II тонның акценті.

 

ФКГ-да өкпе артериясында систолдық шуыл және II тонның акценті мен жарықшақтануы немесе екіге айлылуы анықталады.

 

ЭКГ-да белгілер:

Электрлік остің оңға ауытқуы,α бұрыштың +90۫ шамасында болуы;

Оң қарыншаға күш түсу белгілері;

Гис будасы оң аяқшасының блокадасы,

4.Оң жүрекшенің гипертрофиялық белгілері.

 

Рентгендік тексеруде:өкпе өрнегінің күшеюі,тамырларының қанға аса толуы,түбірінің кеңеюі,пульсациясының күшеюі,оң жүрекше мен оң қарыншаның ұлғаюы.

ЭхоКГ арқылы оң қарынша қуысының кеңеюін және жүрекше аралық қалқаның тесігін,оның көлемін анықтайды.

 

 

   Жүрекше аралық перденің кемістігінің негізгі емі – ол операция.Операцияға көрсеткішті қанайналымның бұзылысының сатысына қарай жасайды.Операцияға қолайлы жас 2-4 жасаралығында асқынусыз кезеңі.Вишневсский атындағы институт бойынша осы жүрекшеаралық перденің ақауы бар науқастарды 4-топқа бөледі:

 

1-топ:науқаста ешқандай клиникалық шағымдары жоқ,ақауды кездейсоқ тексерілуде сол жақ төс маңы 2-3қабырға аралықта систоликалық шум арқылы анықталады,катетеризацияда гемодинамика бұзылыстары айқын емес.Бұндай науқастарға хирургиялық ем қатты қажет емес.

2-топ:ақаудың клиникалық белгілері айқын,операцияға абсалютті көрсеткіш.

3-топ:жоғарылаған өкпе гипертензиясына байланысты операцияға қауіпті.

4-топ:науқастың жағдайы ауыр,операция жасауға абсалютті қарсы көрсеткіш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қазіргі кезде ақауды жабудың хирургиялық екі жолы бар.

Эндоваскулярлық және жасанды қанайналым арқылы операция жасау.

Операцияны тесіктің көлеміне байланысты тігу арқылы және синтетикалық материалмен немесе ксеноперикардпен жабу арқылы жасайды.

 

 

     Жүрекшеаралық перденің ақауының эндоваскулярлық операциясы.

 

     Соңғы онжылдықта жасанды қанайналым аппаратынсыз-ақ жүрекшеаралық перденің ақауын жамаудың жаңа әдісі пайда болды.

Бұл манипуляция окклюдердің көмегімен жасалады.Ең алғаш бұл оклюдерді 1994ж американдық профессор-радиолог Амплац ойлап тапты,сондықтан окклюдерге соның аты берілген болатын.

 

 

Амплац окклюдері.

Этапы установки окклюдера Amplatzer:
A - доставляющий катетер с окклюдером внутри проведен в камеры сердца.
B - Первый диск окклюдера открыт в левом предсердии.
C, D - Второй диск окклюдера открыт в правом предсердии, контроль правильности установки.
E - доставляющий катетер отсоединен от окклюдера. Процедура установки завершена.

 

         Операцияны жасау тәсілі:

Құрылым екі  дискіден тұрады(титан мен никельдің қосындысы),іші синтетикалық полимерден тұратын жіңішке жіппен қапталған.

Окклюдер жіңішке ангиографикалық катетерде орналасқан .Операция ренгтген арқылы жасалады.Балаларда наркоз,ал ересектерге жергілікті жансыздандыру арқылы жасайды.Окклюдерді упаковкалы рентген және эхокардиография арқылысан венасымен  жүрек қуысына

апарады.Окклюдердің бір дискасы оң жүрекшеде ал екінші дискасы сол жүрекшеде тұру керек.Осылай жүрекше арасындағы перде жабылады.

Егер аппарат дұрыс орнатылса катетер арқылы сыртқа шығарылады,ал егер дұрыс қойылмаса,жоғарыдағы әрекеттерді қайтадан қайталайды.

Операция ұзақтығы – 1 сағат.1 тәуліктен кейін науқасқа бақылау зерттеуін жүргізеді,егер науқаста асқынулары болмаса,оны ауруханадан үйге шығарады.Науқасты шығарған соң кардиохирургтың  бақылауында болады,алғашқыда айына 1 рет,кейін 3 айда бір рет эхокардиографияға түсіріп,окклюдердің орналасуын тексеріп отырады.

   

 

 

 

 

 

 

Эхо-КГ после установки окклюдера.                                       Эхо-КГ через 6 месяцев после операции

Amplatzer (указан стрелкой).                 Окллюдер приобрел более компактные размеры                                                                                      размеры

              .       

                                                         

Эндоваскулярлық операцияға қарсы көрсеткіш-ол ақаудың бір қабырғасының болмауы,себебі ол окклюдер орналастырғанда сенімді фиксациялауға мүмкіндік бермейді.

 

 

Қорытынды.

 

    Жүрекше аралық перденің кемістігі туа біткен ақауларының 10-20 % құрайды.  Жүрекше аралық перденің кемістігінің көлеміне қарай гемодинамикалық бұзылыстардың клиникалық айқын белгілері пайда болады. Осы аурумен   ауырған науқас адамдардың өміріне қауіпті болуына байланысты керекті зерттеу әдістері қолданылып, жүрекше аралық перденің тесігін хирургиялық  әдіспен бітейді. Қазіргі кезде ақауды жабудың хирургиялық екі жолы бар.

      Эндоваскулярлық және жасанды қанайналым арқылы операция жасау.

     Операцияны тесіктің көлеміне байланысты тігу арқылы және синтетикалық материалмен немесе ксеноперикардпен жабу арқылы жасайды.

Осы оперативтік шарадан кейін науқастарда гемодинамикалық бұзылыстың тез қалыпқа келуі байқалады.

 

 

 

 

 

 

                               Жоспары:

 

     I.Кіріспе. 

     Жүрекшеаралық перденің ақауына түсініктеме.

     II.Негізгі бөлім:

    Гемодинамика бұзылыстары.

    Клиникасы.

     Диагностикасы.

     Емі.

    III.Қорытынды.

    Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Пайдаланылған әдебиеттер

 

     Б.Қалимұрзина «Ішкі аурулар»1-том.2005.244-247беттер.

     Ф.И.Комарова «Внутренние болезни» Москва «медицина»1990

    Окороков  А.Н.  Диагностика  внутренних  болезней.  Москва, Медицинская литература, 2007

     Мартинов А.И. Внутренние болезни.Москва,2004.

    Клинические разборы.внутренние болезни/под.ред.

     Н.А. Мухина. М-2005-648ст

     Ю.Н. Беленков, В.Ю. Мареев. Хроническая сердечная недостаточность . Избранные лекции по кардиологии. 2006-432ст

 

 



Информация о работе Жүрекшеаралық перденің кемістігі